Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.
      2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:
      1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған);
      2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Министр                                           Ж. Түймебав

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      __________ Г. Әбдіқалықова
      2009 жылғы 07 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 13 шілдедегі 
N 338 бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

1. Жалпы ережелер

      1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады:
      құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау;
      қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу;
      кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу;
      білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу.
      2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.
      3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: "Лауазымдық міндеттері", "Білуге міндетті" және "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімдерінен тұрады. "Лауазымдық міндеттері" бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды қамтиды.
      "Білуге міндетті" бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды.
      "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын талаптарын айқындайды.
      4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады.
      5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын білім беруді басқару органы белгілейді.
      6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы.
      Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді.

Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының
ғылыми-педагогикалық қызметкерлері лауазымдарының үлгілік
біліктілік сипаттамалары

Жоғары оқу орнының (ЖОО) басшысы (ректор)

       Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және бірлескен бастамалар мен әріптестік қағидаты бойынша жасалған ұжымдық шарттар негізінде жоғары оқу орнына тікелей басшылықты жүзеге асырады. Жоғары оқу орнының мақсаты мен даму стратегиясын айқындайды. Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық етеді, қабылдаған шешімдерге, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына жауап береді. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады, әлеуметтік басымдықтарды, ел экономикасындағы мамандықтарға деген сұранысты ескере отырып, олардың жұмысын оқу, ғылыми үдерістерді жетілдіруге бағыттайды. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында оқу, ғылым, тәрбие жұмыстарының, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, ұйымның материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. Ұйымның бюджет, мемлекеттік бюджеттік емес қорлардың, тасымалдаушылардың, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етеді.
      Жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізді нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.
      Мамандар даярлау тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы ғылыми ұйымдармен, аралас білім беру ұйымдарымен ғылыми байланысты ұйымдастырады. Ғылым және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және қолдау білдіреді.
      Мамандар даярлау сапасын арттыру мақсатында оқу жоспарлары мен қосымша білім беру бағдарламаларын бекітеді.
      Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз етуге, профессор-оқытушылар құрамы мен басқа да қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыруға жағдай жасайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір қызметкерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, белгіленген мерзімде еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етеді.
      Ұйым ұжымымен бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық келісім-шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталануды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
      Оған берілген құқықтар шеңберінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – проректорларға (орынбасарларына), құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, ЖОО филиалдарына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін бекітеді. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан шығаруды жүзеге асырады. Берілген өкілеттілік негізінде бұйрықтар мен өкімдер шығарады. Жоғары оқу орны қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, келісім-шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Сенімхатсыз жоғары оқу орнының атынан әрекет етеді және мемлекеттік билік пен басқару орындарының алдында ұйымның мүддесін қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына, ұсынылатын статистикалық есептері мәліметтерінің нақтылығына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын уәкілетті органға (құрылтайшыға) жоғары оқу орнының оқу, ғылыми және қаржылық қызметінің нәтижелері туралы есеп тапсырады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді ; білім беру және ғылыми қызметті дамытудың басым бағыттарын анықтайтын заңдық, құқықтық актілерді; жоғары кәсіби білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды; саланың және ұйымның техникалық және ғылыми дамуының болашағын; мекеменің кадрлық ресурстарын; салық, экономика және экология заңдарын; жоғары кәсіптік білім беру (қосымша кәсіптік білім беру) саласындағы отандық және шет елдік білім беру ұйымдарының ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін; ұжымдық шарттарға отырудың, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылым докторы ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдары мен/немесе білімді басқару органдарында басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс.

Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)

       Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңдар, нормативті құқықтық актілер, жарғы және ұжымдық келісім-шарттар негізінде жоғары кәсіби білім беру (қосымша кәсіби білім беру) қызметінің жекелеген бағыттары бойынша тікелей басшылықты жүзеге асырады. Ағымдағы және алдағы уақыттағы оқытушылар мен әдістемелік қызмет жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу бағдарламаларының жобалануы мен орындалуын, барлық оқу бағыттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді. Оқытушылардың, кабинет меңгерушілерінің, кітапханалардың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқытушылардың оқу жүктемелерін бақылайды және реттейді. Қабылдаған шешімдеріне, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына толық жауапты бола отырып, жоғары оқу орнының әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтерінің жекелеген бағыттарына басшылық етеді. Өзіне тапсырылған барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады. Жоғары білікті мамандар дайындау мақсатындағы оқу орны қызметінің, жоғары білім беру саласындағы соңғы жетістіктерді ескере отырып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы деңгейінің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
      Өзіне тапсырылған қызметтер шеңберінде жоғары оқу орнының бюджет, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, жеткізушілердің, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын; жаңа техникалар мен технологияларды қолдану саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың негізгі нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады.
      Сеніп тапсырылған құрылымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін ұдайы арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді қолдану және дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскерге оған тапсырылған іс пен оның нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, жалпы еңбек нәтижесін қамтамасыз етеді.
      Мекеме ұжымымен (жұмыскерлердің өкілдерімен) бірге әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталандыруды, бастаманы және жоғары оқу орны қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
      Сенімхаты болған жағдайда оған берілген құқықтар шегінде жоғары оқу орнының қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – құрылымдық бөлімшелердің басшыларына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін өзгертуге байланысты ұсыныстар береді. Өзіне тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің қызметінің заңдылығын бақылауды, оның шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық құралдарды пайдалануды, шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын нығайтуды қамтамасыз етеді.
      Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. Сенімхаты немесе желілік нормативтік актісі болған жағдайда жоғары оқу орнының мүліктік мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және сақталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, білім беру, ғылыми, өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді ; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау саласындағы әдістемелік және нормативтік материалдарды; саланың және ұйымның техникалық және ғылыми дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадр ресурстарын; экономика және экология заңдарын; жоғары кәсіптік білім беру (қосымша кәсіптік білім беру) саласындағы отандық және шет елдік білім беру ұйымдарының ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін; ұжымдық келісім-шарттарға отырудың, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің тәртібін; еңбек заңдарын; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарының басшылық қызметтегі еңбек өтілі болуы тиіс.

Факультет деканы

       Лауазымдық міндеттері: Факультеттің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс берушілермен, білімді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды дамытады. Факультеттегі мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. Факультеттегі оқу, тәрбие, ғылыми жұмыстарға басшылық жасайды. Кәсіптік білім беру бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің оқу бағдарламаларының жасалуына және практикада қолданылуына байланысты жұмыстарды басқарады. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-әдістемелік және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. Факультет ішінде мамандар дайындау сапасының жүйесін жасайды.
      Кафедра меңгерушілеріне, ұжымға, факультет студенттеріне әкімшілік басшылықты жүзеге асырады.
      Мыналарды:
      жұмыс оқу бағдарламаларын және пәндердің силлабустерін;
      элективтік пәндердің каталогін;
      студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді.
      Кәсіби бағдар беру, факультетке жұмысқа қабылдау жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізеді.
      Студенттерді кәсіби дайындауға басшылықты жүзеге асырады.
      Оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестелерін жасауды ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жасайды.
      Оқу процесінің, оқу практикумдары мен кәсіби практикалардың ұйымдастырылуын бақылайды және реттейді.
      Студенттердің өзіндік жұмыстарының, оның ішінде оқытушының басшылығымен өтетін студенттердің өзіндік жұмыстарының, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылауды ұйымдастырады.
      Студенттерді курстан курсқа көшіруге ұсыныс дайындайды. Емтихан сессияларына жіберуге рұқсат береді. Емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға, қайта тапсыруға рұқсат береді.
      Қажет жағдайда емтихандар мен сынақтарды қабылдау комиссиясын құрады.
      Студенттерге мемлекеттік емтихандар тапсыруға, диплом жұмысын (жобасын) қорғауға рұқсат береді.
      Бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізетін факультеттің мемлекеттік аттестаттау комиссиясының, сондай-ақ, факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына кіреді.
      Студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға, қайта қабылдауға ұсыныс береді.
      Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға ұсыныс дайындайды.
      Кафедраларда, зертханаларда, студенттердің ғылыми үйірмелерде, студенттердің ғылыми қоғамдарында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      Факультет бітірушілерімен байланысты, факультетте бітіретін мамандарды даярлау сапасын зерделеуді жүзеге асырады.
      Факультет бітірушілерін жұмысқа орналастыру жұмыстарына басшылық жасайды.
      Жаңа оқыту технологияларын енгізуді және студенттердің білімін бақылауды жүзеге асырады.
      Оқыту үрдісіне оқу ұзақтығы әртүрлі және белсенді оқу бағдарламаларына негізделген сараланған және жеке дайындық түрлерін енгізуді қамтамасыз етеді.
      Факультет құрамына кіретін оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.
      Факультеттің кадрлар саясатын айқындайды.
      Кафедра меңгерушілерімен бірлесіп, профессор-оқытушыларды, ғылыми және көмекші оқу мамандарын іріктеуді жүзеге асырады. Ректорға деканның орынбасарлығына кандидатураларды тағайындауға ұсыныс жасайды және олардың міндеттерін өзара бөлісуге жәрдемдеседі.
      Кафедрааралық оқу-әдістемелік жиындарды, семинарларды, ғылыми және ғылыми-әдістемелік жиналыстар мен конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.
      Жоғары оқу орнының халықаралық оқу және ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады, бақылау жасайды және қатысады.
      Факультет кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Факультет жұмысы жоспарының жобасын дайындайды, факультет кеңесі мәжілісіне дайындауға басшылық жасайды, оған төрағалық етеді. Факультет мамандықтары бойынша білім беру саласында жұмыс істеп жүрген жоғары білімді мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады. Факультет құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдарының дайындалуына жалпы басшылық жасайды.
      Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша өзінің жұмыстары туралы факультеттің Ғылыми кеңесінде, сонымен бірге ЖОО Ғылыми кеңесінде есеп береді.
      Кафедралардың ғылыми-әдістемелік бағытында басқа факультеттің құрылымдық бөлімшелерімен, оқу орындарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен байланыста жұмыс істеуін ұйымдастырады.
      Бір бағытта кәсіптенген білім беру ұйымдарымен, мекемелерімен студенттердің білім алу мазмұнын, технологиясын және оқыту түрлерін жетілдіру мақсатында байланыс орнатуын қамтамасыз етеді.
      Оқытудағы техникалық құралдарды пайдалана отырып, білім беруге инновациялық оқыту технологияларын енгізеді және оны ұйымдастырады. Факультеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және дамытуға байланысты жұмыстарды жүргізеді.
      Оқу үдерісін жетілдіруге және мамандар даярлау сапасын арттыруға байланысты мәселелерді факультет кеңесіне шығарады.
      Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет сұрақтарын реттеу басқа да нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Деканның орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Факультеттегі оқу-әдістемелік және басқа да құжаттарды әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ағымдағы оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарға, студенттердің өндірістік жұмыстары мен практикаларына жетекшілік жасайды. Оқу сабақтары мен сынақ, емтихан кестелерін жасауға бақылау жасайды. Студенттердің сабаққа қатысуы мен сабақ үлгерімдеріне бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, бақылау жасайды. Факультеттің оқытушы-профессор құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларын, дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және оқу практикаларының өткізілуін бақылап отырады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
      Алдағы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Кафедраларда, ғылыми үйірмелер мен ғылыми қоғамдарда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады. Топтардың тәлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі бойынша заңдар мен нормативті-құқықтық актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек жағдайын жасайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және б асқа да жоғары оқу орны жүйесінің қызметі мен дамуын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді ; білім беру жүйесінің негізгі бағыттары мен даму болашағын; оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты отандық және шет елдік жетістіктерді; оқу жұмыстарын жетілдірудің әдістемесін; педагогика мен психология негіздерін, оқу-тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесін; тиісті мамандықтар бойынша негізгі ғылыми мәселелерді; мамандарды қайта дайындауға және біліктіліктерін арттыруға байланысты қолданыстағы нормативтік құжаттарды; еңбек туралы заңдардың негіздерін, мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарттарын, экономика негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Кафедра меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша даму стратегиясын жасайды, жұмыс берушілермен, білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайтады және дамытады. Білім беру қызметінің және кафедраның мамандар даярлау бағыттары мен мамандықтарының нарығын зерделейді.
      Мамандар дайындау сапасының кафедра ішілік жүйесін жасайды. Оқу үдерісін жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындай алады. Оқытудың барлық түрлері бойынша барлық оқыту сабақтарының өткізілуін ұйымдастырады. Жоспарланған және ағымдағы қызметкерлердің оқу, ғылыми, әдістемелік мәселелерін талқылау бойынша кафедра отырысын өткізеді.
      Кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламаларын бекітеді. Факультеттің, жоғары оқу орнының басқа кафедраларындағы оқу бағдарламалары бойынша қорытындылар дайындайды.
      Кафедра жұмысының жоспары мен кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын бекітеді. Кафедра қызметкерлерінің арасында педагогикалық жүктеме мен лауазымдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына бақылау жасайды. Оқу сабақтарын өткізуде оқытудың қазіргі техникалық құралдарын таңдауды жүзеге асырып, оны пайдалану мүмкіндігін жасайды.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
      Студенттердің кәсіби практикаларын, курстық және диплом жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық жасайды.
      Жекелеген пәндер бойынша студенттерге курстық емтихандарды, сынақтарды, сондай-ақ аралық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді. Олардың нәтижелеріне талдау жасап, кафедра мәжілістерінде баяндайды. Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады, факультет басшылығының тапсырмасымен кафедра қызметкерлері мен ізденушілері дайындаған диссертацияларды қарастырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды. Аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен олардың ғылыми нәтижелерін ғылымға енгізу мүмкіндіктерін талқылайды. Қол жеткізген ғылыми нәтижелерді баспада жариялауды қамтамасыз етеді.
      Оқулықтарға, оқу құралдарына, әдістемелік құралдарға қорытындылар дайындауды қамтамасыз етеді. Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады.
      Кафедрадағы оқытушылар мен басқа да қызметкерлердің жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау жасайды.
      Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра оқытушыларының тәжірибесін зерттейді, жинақтайды және таратады. Жұмысты жаңа бастаған оқытушыларға оқыту және әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетеді. Ғылыми педагог мамандарды дайындауға басшылық жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруды жоспарлайды.
      Дайындық бағыттары бойынша және ЖООаралық деңгейде оқу-әдістемелік комиссияларының жұмысына қатысады.
      Ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында білім беру ұйымдарымен және басқа да ұйымдарымен байланыс орнатады.
      Кафедраның, факультеттің, жоғары оқу орнының халықаралық қызметіне қатысады және қамтамасыз етеді. Кафедраның барлық құжаттарының және есептерінің дайындалуын және сақталуын қамтамасыз етеді.
      Кафедра жұмысының қорытындысы бойынша есеп береді. Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативті-құқықтық актілерін; мамандықтар мен мамандану пәндері бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Профессор

       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Кәсіби білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттар мен PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және диссертацияларына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарларының жасалуына және дайындалуына басшылық етеді. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның, факультеттің, ғылыми-әдістемелік кеңестің, жоғары оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмыстарына қатысады.
      Жетекшілік ететін пәндерінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін бақылайды.
      Оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік құралдардың, дәріс конспектілерінің, жетекшілік жасайтын пәндері бойынша басқа да әдістемелік материалдардың дайындалуын ұйымдастырады және тікелей өзі қатысады, оларды баспаға дайындайды. Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар береді.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, халықаралық конференцияларға қатысады.
      Кафедрадағы студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, оларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Кафедрадағы ғылыми педагог мамандарды дайындауға жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына басшылық жасайды.
      Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе профессор ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент лауазымында кем дегенде бір жыл болуы.

Доцент

       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Жоғары білім мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады.
      Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына, магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Кафедраның ғылыми жұмыс бағыттары бойынша ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады және жетекшілік жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндердің сабақтарын кафедра оқытушыларының сапалы өткізілуіне бақылау жасайды.
      Жетекшілік жасайтын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын дайындайды. Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның (факультеттің) ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде, кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады.
      Кафедрадағы ғылыми-әдістемелік жұмыстарға қатысады және басшылық жасайды, студенттердің ғылыми қоғамдарында жүзеге асырылатын студенттердің, магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады және жетекшілік жасайды.
      Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыруға қатысады, жаңа жұмысқа қабылданған оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Студенттердің, магистранттардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және жоспарлайды.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастырады және өзі қатысады. Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Кафедраның материалдық-техникалық базасын дамытуға қатысады.
      Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы ғылыми-педагог мамандарды даярлауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру саласының нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңнамаларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, немесе ғылыми атағы, Ph.D (философия докторы) академиялық дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, медициналық білім беру ұйымынан басқа ұйымдарда аға оқытушы лауазымында кем дегенде бір жыл жұмыс істеуі тиіс.

Аға оқытушы

       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
      Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
      Барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Ассистенттер мен оқытушылар жүргізетін сабақтардың сапасына бақылау жасайды. Оқитын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын жасайды. Оқитын пәндері және жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді.
      Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды.
      Ассистенттер мен оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру үшін әдістемелік көмек береді.
      Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік кеңесінің жұмыстарына қатысады.
      Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.
      Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді насихаттауға қатысады.
      Сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады.
      Кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, жұмыс бағдарламалары және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі және магистр академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқытушы (ассистент)

       Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді.
      Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады.
      Профессордың, доценттің, аға оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу сабақтары және басқа да оқу түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды және оған қатысады. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасауға және ұйымдастыруға қатысады.
      Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады.
      Оқу үдерісінің, оқу құрылымдық бөлімшелері құралдарының, зертханалардың материалдық-техникалық базасының нығаюына, дамуына, қамтамасыз етілуіне, жетілдірілуіне байланысты шараларды дайындауға және жүзеге асыруға белсенді қатысады.
      Сабақтарды, зерханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды.
      Профессордың, доценттің, аға оқытушының (пән кураторы) жетекшілігімен оқу сабақтарының әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және жоспарлайды. Студенттердің оқулықтармен, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз бетінше эксперимент жүргізуге, алынған нәтижелерді жинақтауға үйретеді.
      Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, конференцияларға, оның ішінде кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық конференцияларға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады.
      Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіби білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы және педагогикалық еңбек өтілі кемінде 1 жыл болуы керек.

Оқу зертханасының меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшенің жылдық жобаларын дайындап, басшылыққа ұсынады. Жоғары оқу орнының тақырыптық жоспарында бөлімше үшін қаралған жұмыстарды ұйымдастырып, бақылау жасап отырады, сәйкес білім салалары бойынша олардың даму мүмкіндігін айқындайды, зерттеу жүргізу әдістері мен құралдарын, бөлімше алдына қойылған ғылыми-техникалық міндеттерді шешу жолдарын таңдайды. Бөлімшенің перспективті және жылдық жұмыс жоспарларын әзірлейді, оларды жоғары оқу орнының басшылығына ұсынады. Елдің әлеуметтік-экономикалық саласының тиісті ғылым және техника өрісін дамыту жөнінде техникалық тапсырмалар, әдістемелік және жұмыс бағдарламалары, техникалық-экономикалық негіздемелер, болжамдар мен ұсынымдар, басқа да жоспарлар мен әдістемелік материалдар әзірлеуге жетекшілік жасайды.
      Жоспарда көзделген тапсырмалардың орындалуына, бөлімше мамандары мен қоса атқарушылар орындаған жұмыстар сапасына бақылау жасайды. Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттар ресімдеудің кешенділігі мен сапалылығын, оны бекітілген тәртіпте келісімді қамтамасыз етеді. Бөлімше орындаған жұмыстар туралы есептерді бекітіп, оны қарауға ұсынады. Олардың нәтижелерін іс жүзінде қолдануды қамтамасыз етеді. Бөлімшенің жұмыс жүргізуіне қажетті жабдықтарға, материалдар мен басқа да ресурстарға сұранысын айқындайды, олардың сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасайды.
      Ғылыми-техникалық жетістіктерді патенттеу және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстарды тіркеуді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады.
      Бөлімше жұмысының тиімділігін арттыруды, мамандарды оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етеді, мамандардың шығармашылық белсенділігін арттыру шараларын қабылдайды. Мамандардың біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын ұйымдастырады. Қызметкерлердің бөлімше жұмысының жалпы нәтижесіне қосқан жеке еңбек үлесін ескере отырып, еңбекақы төлеу жөнінде кафедра меңгерушісіне ұсыныстар береді. Оқу зертханасының қызмет бағытын анықтайды, оның жұмысын ұйымдастырады, бақылау жасайды, олардың жұмыстарын үйлестіреді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім сұрақтарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерін; тиісті білім, ғылыми техника саласындағы мәселелерді; экономика даму бағыттарының түрлерін, осы мәселелерге қатысты отандық және шет елдік тәжірибелерді, ғылыми зерттеулер жүргізуді және енгізуді, ғылыми құрылғыларды, оның қолданылу ережелерін, ғылыми-техникалық құжаттарды ресімдеуді, құралдарға, материалдарға, басқа да ғылыми құрылғыларға тапсырма беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; экономика негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бес жылдан кем болмауы.

3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымының басшысы

       Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды.
      Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің кестесін, ішкі тәртіп ережесін бекітеді. Білім беру ұйымының басқару құрылымын, штаттық кестесін, қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
      Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қолда бар мүліктер мен құралдарға билік жүргізеді, оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының оқыту қызметінің саласын дұрыс ұстау және кеңейту мақсатында инновациялық білім технологияларын енгізуді және тартуды қамтамасыз етеді.
      Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
      Үздіксіз кәсіптік оқыту жөнінде білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
      Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Жоғары тұрған, қоғамдық және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының мүддесін білдіреді.
      Әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Уәкілетті органға (құрылтайшыға) оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындауды қамтамасыз етеді және қауіпсіз еңбек етуге жағдай жасайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық мәселелерін; құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, білім беру ұйымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы
жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын басқарады. Білім беру ұйымының ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды. Білім беру ұйымының әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу, пәндік (циклдік) әдістемелік комиссия, ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөнінде есептік құжатты дайындау жөніндегі кафедралардың жұмыстарын ұйымдастыру мәселесін үйлестіреді.
      Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.
      Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.
      Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды, эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.
      Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми және оқу-әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ғылым мен техника жетістіктерін; озық педагогтік тәжірибені меңгеру және шығармашылықта пайдалану; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
      Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді.
      Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын жүзеге асырады. Білім алушылардың ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады. Педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
      Оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді. Практикаға оқытудың инновациялық технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.
      Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; оқыту әдістерін және озық технологияларды; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, басшы педагог лауазымындағы немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.
      Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
      Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
      Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады.
      Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
      Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Тәрбие қызметінің нәтижелері туралы есеп береді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; тәрбиелеу процесінің тұжырымдамалық негізі және технологиясын, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдарда немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының педагогтік ұжымы қызметін кәсіптік оқыту бойынша ұйымдастырылуын және үйлестірілуін жүзеге асырады.
      Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
      Техникалық, қызмет көрсетуші және басқарушы еңбек мамандарының кәсіптік даярлауын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруын ұйымдастырады. Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Әлеуметтік серіктестіктермен жұмысты үйлестіреді.
      Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді.
      Кадрларды даярлауды жетілдіру бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірлесіп жүргізетін эксперименттік жұмысты ұйымдастырады, бақылайды және талдайды.
      Бітіруші курстардың білім алушыларының кәсіптік даярлығын бағалау бойынша біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      Кәсіптік оқыту және оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін тәжірибеге енгізу жөнінде педагогтік тәжірибені айқындайды, жалпылайды және таратады.
      Оқу-материалдық базаларды сақтау және толықтыру, есепті қамтамасыз ету бойынша жұмысты, шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады. Белгіленген есептілік құжаттарының уақытылы құрастырылуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, кәсіптік оқыту жөніндегі ғылым мен тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін, оның ресурстық қамтамасыз етілуін, оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды іске асыруды ұйымдастырады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және пайдаланады. Оқыту және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланысты орнатады.
      Жұмыстың тиісті бағыттарының кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады.
      Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагог және басқару кадрларын оқытуды ұйымдастырады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды.
      Оқу-материалдық базаларды сақтауды қамтамасыз ету және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оның есебі бойынша жұмысты ұйымдастырады. Санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерінің сақтауды қамтамасыз етеді. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, ақпараттық технологиялар бойынша қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және сәйкес мамандық бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Басшының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді. Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      Өндірістік оқыту кадрларын іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, басшыға ұсынады, біліктілік пен кәсіби шеберлікті арттыруды ұйымдастырады.
      Өндірістің қазіргі заманғы техникасы мен технологиясын зерделеуді, жаңа кабинеттерді құру және қолданыстағы оқу кабинеттерін, шеберханаларды, зертханаларды қайта жабдықтауды ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл сабақтары мен пәндері бойынша әдістемелік бірлестіктер мен әдістемелік комиссияның және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді.
      Өндірістік оқытудың аға шеберінің, өндірістік оқыту шеберінің, өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды.
      Білім беру ұйымдары түлектерінің қорытынды біліктілік емтихандарын ұйымдастыруын және өткізуін жүзеге асырады.
      Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді. Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, қазіргі заманғы ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқу-әдістемелік бірлестігі басшысының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес әдістемелік жұмысты тікелей басқаруды жүзеге асырады.
      Әдістемелік кеңестің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру бойынша конференциялар, семинарлар өткізуді ұйымдастырады.
      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдарды, оқытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу жөнінде ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша, қазіргі заманғы оқыту технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулықтарды, білімді бақылау және оқу процесін ақпараттандыруды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік жұмыстың қызметін ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуді ұйымдастырады.
      Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, үздік курстық және дипломдық жобалар, мамандықтар бойынша кәсіптік шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қорытындылайды.
      Білім беру ұйымдары оқытушыларының республикада және шет елдерде ұқсас кәсіптер мен мамандықтар бойынша халықаралық, республикалық конференцияларға қатысуы және тағылымдамадан өтуі үшін ұсыныстар енгізеді.
      Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы оқу-әдістемелік бірлестігінің оқу-әдістемелік жұмыстарын жүзеге асырады және талдайды. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен электронды оқулықтарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру жөнінде конференциялар, семинарлар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізеді. Озық педагогикалық тәжірибелерді айқындайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізеді, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі.
      Жастар мен жұмыспен қамтылмаған халықтың арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықтар әзірлейді. Оқу-әдістемелік әдебиетпен, оқытудың педагогикалық құралдарымен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқытудың қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен қамтылуын бағалау жағдайы туралы аналитикалық материалдарды әзірлеуге қатысады. Оқыту бағдарламалар мәліметтерінің ақпараттық банкін құруын, мамандарды даярлау сапасының мониторингісін ұйымдастырады. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының әдіскері лауазымда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Әдіскер

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жалпылау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссиясы, кафедрасының жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.
      Білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиясының, кафедраның жұмысына басшылық жасайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды, оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізуге, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Ашық сабақтар өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Шеберханаларда және өндірісте санитариялық-гигиена режимдері, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыс негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және білім беру ұйымдағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Бөлімше меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады. Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқу бөлімінің меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Педагогтік ұжым қызметінің ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын ұйымдастырады. Оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагог жұмыскерлердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау жөнінде жұмысын, сонымен қатар қажетті әдістемелік құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді. Білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының сабақ кестесін жасау үшін материалдардың дайындалуын және олардың орындалуының бақылауын жүзеге асырады. Оқыту процесінің сапасын бақылауды және білім алушылардың білім алу даярлығының нәтижесін бағалаудың ақиқаттығын жүзеге асырады. Педагог жұмыскерлерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды зерделеу және әзірлеуге көмек көрсетеді. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.
      Оқу-материалдық базаларды нығайту бойынша, оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтау бойынша шаралар қолданады. Шеберханаларда және кәсіптік зертханаларда санитариялық-гигиена режимдерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін ұйымдастырады.
      Жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
      Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; қазіргі заманғы педагогтік ғылым және тәжірибе жетістіктерін; социология, физиологоия, гигиена негіздерін; білім беру жүйесін басқарудың теориясы мен әдістерін, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және педагогикалық лауазымдағы өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Жалпы білім беретін пәндердің оқытушысы

       Лауазымдық міндеттері: Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және айқындайды. Оқытудың анағұрлым тиімді формаларын, әдістерін және құралдарын, жаңа педагогтік құралдарды қолданады. Білім алушылардың сапалы білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Оқу процесінің жоспары мен кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Жабдықтарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
       Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы -ұйымдастырушысы үшін қосымша:
       Лауазымдық міндеттері: Оқытушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып-жетекшілерімен бірлесе отырып, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын дамыту мен нығайту, жабдықтар мен мүліктердің сақталуы, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау бойынша шаралар қолданады. Әскери істің негіздерін оқып-үйрену жөніндегі үйірмелерді басқарады, төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге арналған практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді. Білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша іс-шараларды жасайды, қорғаныс ғимараттарының дайындығын төтенше жағдайларда азаматтық қорғаныстың жеке құралдарымен қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" , Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңдарын, Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери есеп мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару мәселелерін шешу үшін қажетті көлемде жалпы теориялық пәндер негіздерін; педагогика, психология жастық физиология, гигиена негіздерін; тәрбие жұмысы мен оқытылатын пәннің әдістемесін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; оқу кабинетін жарақтау мен жабдықтау талаптарын; оқу құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндігі; педагогтік ғылымның дамуының негізгі бағыттарын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары білімі.

Педагог-психолог

       Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады, психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды (психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді, педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын, белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі.

Аға шебері

       Лауазымдық міндеттері: Техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту сабақтарының кәсіби жоғары деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жұмыстарын үйлестіреді, нұсқау беру, жеке әдістемелік жұмыстар жүргізеді. Өндірістік оқытудың мазмұнын, нысанын және әдістемесін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық, дамытушылық элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктерін және озық әдістерін практикаға енгізеді және таратады, зерделейді. Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.
      Оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтау жөніндегі жұмыстарын, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау және жөндеуін ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының кәсіптік қызметін ұйымдастырады. Электрлік жабдықтарды уақытында сынақтан өткізуді, электр тартылымы мен жермен қосудың жай-күйін, шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларындағы, зертханалардағы, цехтардағы техника қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
      Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады. Өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, қажетті есептерді ұсынады. Білім алушылардың өндірістік жұмыстарының орындалу нәтижелерін талдайды. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша жүргізеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңынын және білім алушыларға білім және тәрбие беру мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерін, педагогика, психология, физиология, гигиена негіздерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен және ұйымдарында жетекші лауазымдағы білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқу өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Шеберхана қызметін басқарады, өндірістік оқыту бойынша оқу кестесінің сақталуын қамтамасыз етеді. Шеберхананы оқу процесі үшін қажетті жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, оқытудың техникалық құралдарымен, көрнекі құралдармен қамтамасыз етеді, сақтауға мүліктік материалдық құндылықтарды қабылдайды. Белгіленген тәртіппен олардың есебі мен есептілігін жүргізеді; жабдықтарды, аспаптар мен қарапайым құралдарды сабаққа дайындауды ұйымдастырады. Шеберхана мен қолда бар жабдықтарды, оқыту құралдарын дұрыс, әрі тиімді пайдалануды, арнайы киімдерді қолдану мен пайдалану ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, аспаптарды, қарапайым құралдарды баптау мен жөндеуді ұйымдастырады, өндірістік оқыту сабақтарында техника қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізуді оқу-өндірістік шеберлерімен бірлесіп бақылайды.
      Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңын , педагогика негіздерін, кәсіптік оқытудың әдістерін, жұмыстың технологиялық процестерін, жабдықтарда жұмыс істеудің әдістері мен тәсілдерін, жаңаша техникалық жетістіктерін; санитария мен гигиена негіздерін; экономика және қаржы-шаруашылық қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім еңбек өтіліне қойылатын талаптарды көрсетпей немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Арнайы пән оқытушысы

       Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.
      Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.
      Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.
      Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.
      Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес туралы" заңдарын, педагогика және психология негіздерін, пәннің мазмұны және оны тәжірибеде пайдалануды; жұмыстың технологиялық процестерін және мамандық бейіні бойынша жұмыстың тәсілдерін; экономика және өндірісті ұйымдастыру мен басқару негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандары, әдістері және алдыңғы қатарлы технологияларын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары білім.

Өндірістік оқыту шебері

       Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді.
      Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды білікті жұмыстарды орындауға және біліктілік емтиханын тапсыруға дайындайды. Өндірістік оқытуды және кәсіптік тәжірибені жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топта тәрбие жұмысын жоспарлау, есепке алу және есеп беру жөніндегі құжаттамаларды жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақытында қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады. Технологиялық құжаттамаларды, сызбаларды, нобайларды, эталондарды дайындайды.
      Оқу процесінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озат педагогикалық және өндірістік тәжірибелерді қолданады.
      Білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.

Жатақхана тәрбиешісі

       Лауазымдық міндеттері: Сыныптан тыс тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарын жатақхана өткізеді және ұйымдастырады. Жатақхананың жалпы тәрбиелеу процесінде педагогтік талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
      Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Дене тәрбиесі процесінің, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесі жұмысының дамуын үйлестіру жөнінде, білім алушыларға салауатты өмір салтының ережелерін енгізу жөнінде жұмысты жүзеге асырады.
      Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сыныптан тыс жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
      Ата-аналармен немесе қамқоршылармен қарым-қатынасты үзбей жалғастырады. Білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
      Білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
      Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" заңдарын, педагогика және психология негіздері, экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғау ережелерін.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім немесе техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) орта буын маманы біліктілігімен.

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта
және жалпы орта білім беру жүйесінің, интернаттық және қосымша
білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға
теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы

Біліктілікті арттыру институтының директоры

       Лауазымдық міндеттері: Институттың оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқарады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырып, қызметін дамытуға бағыттайды. Институт қызметін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру, алыс және жақын шет елдердегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен, ғалымдармен білім беру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Институтты басқару құрылымын белгілейді. Институттың жарғысын, ішкі әртіп ережесін, курстардың, семинарлардың оқу-тақырыптық жоспарларын, ш таттық кестесін, институт қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Басқа да оқу іс-шараларын әзірлейді және бекітеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес тыңдаушыларға арналған педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастыруға бақылау жүргізеді, ол үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде институттың мүлкі мен қаражатына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны толтыруды, оның есебі мен сақталуын, институттың ішкі тәртіп ережесі мен жұмыс тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби деңгейін арттыруға жағдайлар жасайды. Институттың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.
      Институтты мемлекеттік, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдарға таныстырады, қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беру саласының бағыттары мен келешегін дамытуды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерге және институттың жарғысына сәйкес институт құрылымының қызметіне басшылық жасайды. Институттың оқу, ғылыми, әдістемелік және шаруашылық қызметтерін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылау жасайды. Курстық және курсаралық іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік және ғылыми алып жүруге басшылық жасайды және бақылауға алады. Баспа жұмысын басқарады. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінің, білім беруді басқару органдарының және әдістемелік қызметтің басшылық, ғылыми-педагогикалық және әдістемелік кадрларының біліктілігін арттырудың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді. Институттың құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктейді және институт басшыларына ұсыныс жасайды. Әдістемелік кабинеттердің, кафедралар мен басқа да құрылымдардың қызметкерлеріне кеңес береді, олардың жұмыстарын үйлестіреді, әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , " Ғылым туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; менеджмент, андрогогика, синергетика негіздерін; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогика ғылымдарының докторы немесе кандидаты дәрежесінің және білім беру ұйымдарында немесе білімді басқару органдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Орталықтың (кешеннің) директоры

       Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) туралы жарғыға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орталық (кешен) қызметінің барлық бағыттарына басшылық жасайды. Орталықтың (кешеннің) басқару құрылымын, штаттық кестесін анықтайды және бекітеді.
      Орталықтың стратегиясын, даму мақсаты пен міндетін анықтайды, орталықтың (кешеннің) даму бағдарламасын, орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес балалармен жұмыс істеу жөніндегі білім беру бағдарламасын, жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, басқа да нормативтік актілер мен әдістемелік құжаттарды әзірлеуді, бекітуді және оның орындалуын ұйымдастырады. Бюджеттен бөлінген ақшаны және басқа да көздерден түсетін қаражаттарды орынды пайдалануды қамтамасыз етеді. Заңнамада белгіленген шекте орталықтың (кешеннің) мүліктері мен құралдарына өкім жүргізеді. Оқу-материалдық базаны есепке алуды, олардың сақталуы мен толығуын қамтамасыз етеді.
      Орталықтың (кешеннің) бейініне сәйкес республикадағы өңірлік ұйымдар желісінің дамуына ықпал етеді. Республикадағы және шетелдердегі қоғамдық ұйымдармен (қауымдастықтармен, кеңестермен т.б) өзара әрекетті ұйымдастырады.
      Ғылыми-педагогикалық және тәрбие процесін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын ынталандырады және көтермелейді.
      Орталықтың Ғылыми кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Қажетті есеп беруді әзірлеп, ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , " Ғылым туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Орталық (кешен) директорының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Орталық (кешен) жарғысына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес құрылымдық бөлімшелер қызметін басқарады. Орталықтағы оқу, ғылыми, әдістемелік қызметті жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды. Өткізілетін іс-шараларды оқу, бағдарламалық-әдістемелік, ғылыми алып жүру дайындығына басшылық жасайды және бақылайды. Баспа қызметін басқарады. Құрылымдық бөлімшелер үшін кадрлар іріктеуді жүзеге асырады және оларды басшыға ұсынады. Өңірлік құрылымдардағы қызметкерлерге кеңес беруді, орталық зертханасының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Әдістемелік құрамды аттестаттауды ұйымдастырады. Орталықтың (кешеннің) білім беру процесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, ақпараттық материалдарды жүйелейді және дайындайды, балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады, өңірлік орталықтар, эксперименттік алаңдар қызметінің нәтижелеріне талдау жасайды және хабарлайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек негіздері туралы заңамаларды; с анитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс, педагогика ғылымының докторы немесе кандидаты дәрежесінің болуы және орталық (кешен) бейініне сәйкес білім беру ұйымдарында басшы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымының директоры
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығы лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, баспаналық, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай отырып, оларға жағдай жасайды.
      Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап бағу үшін белгіленген мөлшерден кем емес жағдаймен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Оқушыларды қорғау және олардың денсаулығын нығайту мақсатында тамақтану және медициналық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастырады және оған бақылау жүргізеді. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына басшылық етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауды жүргізеді. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің аясында жаза белгілейді.
      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушылармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымын танытады, қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " , " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " , " Неке және отбасы туралы " , " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
      Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.
      Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында, пәндік әдістемелік бірлестіктер және эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
      Эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды және талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
      Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы " , " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " , " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " , " Неке және отбасы туралы " , " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы " , " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының бейінді оқыту жөніндегі
орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)

       Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингісін жасайды. Бейінді оқыту, әр түрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
      Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, "мектеп-жоо", "мектеп-колледж-жоо" үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
      Есеп құжаттамаларының белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

       Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруда қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
       Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Білім беру ұйымы директорының балаларды әлеуметтік қорғау ісі
жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында және тұрғылықты орындары бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, тұлғалық дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың тұлғалық әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, олардың өмір сүру жағдайын зерделейді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін, қиындықтары мен проблемаларын анықтап, оларға уақтылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілері мен тәрбиешілердің жұмыстарын үйлестіреді және жоспарлайды. Ата-аналар комитетімен, қамқоршылық кеңесімен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Оқушыларға уақытылы әлеуметтік көмек және қолдау көрсету мақсатында олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талдау жасайды. Өткізіліп жатқан жобалар мен бағдарламалардың салдарларын болжайды.
      Балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.
      Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды жәрдемақымен және зейнетақымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады.
      Мектеп бітірушілерінің жұмысқа тұру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. Жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін оқулықтар, тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді және үйлестіреді.
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы- шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарында басшы лауазымында 5 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Қосымша білім беру ұйымының директоры

       Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, ұйым жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қосымша білім беру ұйымына басшылық етеді. Мәдени-демалыс қызметі, дене тәрбиесі мен спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беру, коммуникативтік қызметтерді көрсету жұмыстары мен құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттестігін ұйымдастырады. Қазіргі заманғы басқару әдістері негізінде жұмысты болжамдайды және жоспарлайды. Шағын ауданды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру сапасына бақылауды жүзеге асырады, білім беру үрдісі кезінде ұйымдағы білім алушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық етеді.
      Білім беру және тәрбие мәселелері жөніндегі жақын және алыс шетелдердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту шараларын жүзеге асырады және қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Басқару құрылымын айқындайды, қосымша білім беру ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады. Педагог қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу материалдық базаның сақталуы мен толықтырылуына есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен қосымша қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды.
      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Қажетті есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы ", Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2475 болып тіркелген "Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының бейінін және оның ерекшеліктерін; жеткіншек және жасөспірім кезеңінің жас ерекшеліктерін; әртүрлі әлеуметтік ортадағы психологияны, әлеуметтануды және жұмыс ерекшеліктерін, жалпы және отбасылық педагогиканың негіздерін, экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін ақыл-кеңес өткізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмыстарды ұйымдастыруды, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогика ғылымының және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық лауазымдағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Қосымша білім беру ұйымы директорының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі педагогикалық қызметкерлердің жұмысын, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді үйлестіреді. Ұйымдағы білім беру және тәрбие үрдістерінің сапасына білім алушылардың оқу дайындығы нәтижелерін, үйірмелер, секциялар, клубтар мен факультативтер жұмыстарын бағалау объективтілігіне бақылауды жүзеге асырады. Инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруде және әзірлеуде педагогикалық қызметкерлерге көмек көрсетеді. Емтихандарды, конкурстарды, жарыстарды дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
      Білім алушылар мен қызметкерлерге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Ата-аналар арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастырады. Оқу сабақтарының кестесін жасайды. Белгіленген есеп құжаттамаларын уақытылы жасауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Оқу кабинеттерін, бөлмелерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқу құралдарымен жарақтандыру, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, мерзімді басылымдармен толықтыру бойынша шаралар қабылдайды.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуіне басшылық жасайды. Санитарлық-гигиеналық талаптарды, еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ",  "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі N 568 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2475 болып тіркелген "Балаларды сауықтыру ұйымдарының құрылымына, оларды ұстауға және жұмысын ұйымдастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; қосымша білім беру бағыттары мен перспективасын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, физиология мен гигиена негіздерін, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызметтер туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша жоғары педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық қызметте еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Оқу кабинетінің меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Біліктілікті арттыру (БА) курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және білім беру ұйымдары кадрларын курстық қайта даярлау мониторингісін жүзеге асырады. Курстар мен семинарларда білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басқа да қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша оқу жоспарлары мен басқа да қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды уақытылы әзірлеуді қамтамасыз етеді. Әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды, оның тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының тәжірибелерін, тәжірибелік- эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін зерделеуді, талдауды және таратуды ұйымдастырады.
      Қажетті құжаттарды дайындайды және педагогикалық оқу, конкурс, байқау, слет, олимпиада, көрме өткізуге қатысады. Авторларға оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге көмек көрсетеді. Мұғалімдер мен оқытушылардың курсаралық даярлығын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбиелік, әдістемелік және басқару қызметін ұйымдастыруға консультативтік, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді.
      Біліктілікті арттыру жүйесінде білім беру қызметін көрсету бойынша маркетингтік зерттеу жүргізеді. Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар :
       Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың республикалық (облыстық) институты кабинетінің меңгерушісі үшін:
      жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       аудандық (қалалық) әдістемелік кабинет меңгерушісі үшін:
      жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Бөлімше (зертхана) басшысы

       Лауазымдық міндеттері. Зертхананың және даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша мамандардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлімшедегі мамандардың лауазымдық міндеттерін бөледі. Жоспардағы тапсырмалардың жасалуы мен орындалуын үйлестіреді, мамандардың жұмыстарының нәтижелілігін талдайды, мамандардың уақытында есеп жасауын, құжаттамалардың қолданыстағы нормаға сай жүргізілуін қамтамасыз етеді. Жұмыстың белгіленген режимін орындауға бақылау жасайды. Кабинеттерді жабдықтау мен безендіруді ұйымдастырады, жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысын, білім беру ұйымының бейіні бойынша жұмысты ұйымдастырады. Олимпиада, конкурс, көрме, жарыстардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Зертхананың қызметі бойынша әдістемелік жинақтар әзірлеуді, нұсқаулар және басқа да жарияланымдарды дайындауды ұйымдастырады.
      Белгіленген есеп беру құжаттамаларын уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, психологияны, дидактика принциптерін, инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивтік әдістерін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім немесе ұйымның бейіндік қызметі бойынша жоғары білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Білім беру ұйымы бөлімшесінің басшысы

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы бөлімшесінің қызметін басқарады, ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік, әдістемелік бағыттардың бірінде оқыту процесін ұйымдастырады. Жалпыға міндетті білім беру стандартының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқыту процесі мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Әдістемелік материалдарды жүйелейді және ақпараттық анықтамаларды (бюллетеньдерді) құрастырады. Білім беру ұйымының эксперименттік жұмыстарының нәтижесін талдайды және қорытындылайды.
      Конкурс, көрме, слет, жарыс, фестиваль өткізу жөнінде қажетті құжаттамаларды әзірлейді және ұйымдастырады. Білім алушылар контингентін сақтау шараларын қабылдайды. Оқу-материалдық базаны дамытуды және нығайтуды, құрал-жабдықтар мен мүліктерді сақтауды, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өрттен сақтану ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды; педагогика, психология негіздерін; оқытудың инновациялық технологиялары мен интерактивтік әдістерін; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экстремальды жағдайларды анықтау әдістерін; жастар мен жасөспірімдер үшін консультациялар ұйымдастыру әдістерін; қиын жасөспірімдермен, жастармен жұмысты ұйымдастыруды; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі немесе білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       қосымша білім беру ұйымдары бөлімшелерінің басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және білім беру мекемесінің бейініне сәйкес педагогикалық қызметтегі немесе ұйымдағы басшылық қызметтегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       оқу-кеңес беру орындарының басшылары үшін: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының басшысы
(меңгерушісі)

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді; оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.
      Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және әдістемелік бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.
      Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді.
      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының (МдОТҰ) әдіскері
(аға тәрбиешісі)

       Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарды практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.
      Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды. Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке және топ бойынша кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді; шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді; есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы ресімдейді. Тәрбиешілердің, психологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшілердің, басқа да ұйым мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
      Балалардың білімдеріне, істерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды. Тәрбиеші лауазымына және олардың көмекшілеріне кадрларды іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдамалар енгізеді. Біліктілікті арттыру және педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпы міндетті мемлекеттік стандартын; педагогика мен жас ерекшелік психологиясын; тәрбие мен оқытудың жалпы жеке әдістемесін; оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін; педагогикалық жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін анықтау, қорытындылау және енгізу әдістемесін; балалардың медициналық-психологиялық-педагогикалық және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін және жүйкелік-психикалық қызметін; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін; оқытудың аудиовизуальды және интерактивті құралдарына қойылатын негізгі талаптарды, еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбек қорғаудың, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар :
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және МдОТҰ-да тәрбиеші лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман :
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жүмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МдОТҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік құжаттамаларды басылымға әзірлеуді және дайындауды ұйымдастыра білуі, педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыруға қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта), МдОТҰ-ның әдіскері (аға тәрбиешісі) лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар оқу-әдістемелік жұмысты талдау әдістемесін меңгеруі, шығармашылық семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара білуі, МдОТҰ-ның оқу-тәрбиелік және тақырыптық жоспарларын өз бетінше әзірлей білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және әдіскер (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге (аға тәрбиешіге) қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстың әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта), әдіскер (аға тәрбиеші) лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі ұйымдардың музыкалық жетекшісі

       Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; балалармен жеке жұмыстар жүргізеді, дарынды балаларды таңдайды. Таңертеңгілік гимнастикаға, дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады.
      Балалармен ойындық іс-әрекеттерді, саздық-дидактикалық ойындарды ұйымдастыруға қатысады. Педагогикалық кеңестерді, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын дайындауға қатысады. Балалармен жұмыс істеуге алдыңғы қатарлы озық тәжірибиелерді енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналармен тәрбиешілерге кеңестер береді. МДМ тәрбиеленушілерінің саздық даму деңгейін бақылап отырады.
       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " З аңдарды және басқа нормативтік құқықтық актілерді; мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын; жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасын; балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әр түрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктерін және моторикасын, жан дүниесін; балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білу; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнау, дәрігерге дейінгі медициналық көмек, еңбек заңнамаларының негізін; еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздікті, өртке қарсы қорғанысты.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санатсыз маман : жоғары кәсіптік білім (музыкалық, музыкалық-педагогикалық) білім.
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман : жоғары педагогикалық білім немесе жоғары кәсіптік (музыкалық-педагогикалық) мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбие жетекшісі лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғарғы педагогикалық білім немесе (музыкалық) жоғары білім, музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
       Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары (музыкалық) музыкалық жетекші лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім.
      Тиісті санатын алу үшін міндеттерді белгілей отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диогностикасының элементтерін меңгеру, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім, мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, одан басқа мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта, музыкалық) және мектепке дейінгі ұйымда музыкалық жетекші лауазымында еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісінің көмекшісі

       Лауазымдық міндеттері: Оқушылардың (тәрбиеленушілер) тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, білім беру мекемелеріне келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады). Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлеріндегі балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.
      Тәрбиелік білім беру және түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (мүгедек балаларға сабақ оқуда көмектесу, егер оның өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда). Балаларға санитарлық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды.
      Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитарлық-гигиеналық ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитарлық жағдайының сәйкестігін қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз етеді. Балалардың ұйықтау мезгілінде тәрбиешінің қатысуымен жүргізілетін іс-шаралар кезінде, балалармен болады.
      Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тәрбиелік білім беру және сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады. Педагогикалық кеңестердің жұмыстарына, ата-аналар жиналысына қатысады және олардың шешімін орындайды. Д әрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; санитарияның және гигиенаның негіздерін, жас ерекшелігі психологиясы мен педагогикасын, ғимаратты, құрал-жабдықтарды, жиһаздарды ұстау бойынша санитарлық-гигиеналық нормаларын; алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін; мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіби орта) білім немесе жалпы орта білім.

Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Интернаттың жұмыстарына басшылық етеді, тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің жұмысын бірыңғай оқу-тәрбие процесі шегінде бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттарды жасау жұмысын үйлестіреді. Сапалы білім мен тәрбие беру ісін бақылауға алады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек береді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, жұмыскерлердің және оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай тудырады.
      Оқу-тәрбие (әдістемелік, мәдени, сыныптан тыс) жұмыстарын ұйымдастырады. Интернатта тұратын балаларға медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі тәртіп ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігін, санитарлық және өртке қарсы ереженің сақталуын бақылайды, қажетті үй-тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етеді, балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастырады. Интернат, мектеп және ата-аналармен байланыста жұмыс жасауға бағыттайды. Интернат қызметі туралы қажетті есеп құжаттарын дайындауды және ұсынуды қамтамсыз етеді.
       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " заңдарын, педагогиканың және психологияның және басқа да қосымша білім берудің даму перспективаларын және бағыттарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым және тәжірибе, экономика жетістіктерін; қаржы-шаруашылық қызметті; еңбек туралы заңнаманың негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғануды, санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім және педагог қызметінде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы оқу-өндірістік (оқыту)
шеберханасының меңгерушісі

       Лауазымдық міндеттері: Шеберхананың жұмысына басшылық жасайды, еңбек (өндірістік) оқытудың сабақ кестесінің орындалуын қадағалайды. Шеберхананы оқу үрдісіне қажетті арнайы техникалық оқу құралдарымен, әдістемелік материалдармен, аспаптармен және көрнекі құралдармен жабдықтауды ұйымдастырады. Оларды пайдалану, есебі мен сақталуына жауапты, құралдардың электр және өрт қауіпсіздігіне уақтылы тексереді. Құралдарды және арнайы киімдерді пайдалану ережесін сақтауға үйретеді.
      Станок, машина, құралдар мен аспаптарды жөндеуден өткізуді ұйымдастырады, еңбек (өндіріс) сабақтарында қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылайды. Шеберханадағы жұмыс уақытында оқушылардың өмірі мен денсаулығына жағдай жасайды және толық жауап береді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Бала құқығы туралы " заңдарын және білім беру саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді; санитария және гигиенаның негізін; қондырғыларды жөндеу, монтаж, пайдалану ережесін; практикалық оқулар мен семинарлар өткізілетін базада стендтар мен қондырғылар жұмыс істеу тәртібі мен ережелерін; еңбек, экономика, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметі туралы заңнамаларды, еңбек қорғаудың нормасы мен ережесін, техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік білім (орта арнайы, орта кәсіби) және оқу-өндірістік шеберхана меңгерушісі лауазымында немесе тиісті бейініне сәйкес ұйымды басқару лауазымында еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.

Білім беру ұйымдарындағы барлық мамандық мұғалімдері

       Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
      Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
      Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.
      Ата-аналармен, немесе оларды алмастырушылармен байланыс жасайды. Сабаққа қатысу, оқыту тәртібін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту үрдісінде балалардың денсаулығы мен өмірлерін сақтау үшін қажетті жағдай жасайды. Іс-әрекетті есепке алуды және қажетті дайындықты қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасы Конституциясы , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы ", " Арнайы әлеуметтік қызмет туралы ", " Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медико-педагогикалық түзеуді қолдау ", " Кәмелетке толмағандардың арасында тәртіп бұзудың және қараусыз қалмауының алдын алу " заңдарын және басқа да б ілім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; пәннің жүргізу әдістемесін, тәрбие жұмыстарының; пән кабинеттері мен қосалқы орындарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын; оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі дамуының бағыттары мен болашағын; еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; басқа да білім берудің, педагогиканың, психологияны, педагогика ғылымы мен тәжірибелерін; еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық әрекеттерінің негіздерін; еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін; санитарлық нормалар мен ережелерін анықтайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді.
       Бастауыш әскери дайындықтың (БӘД) оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін ұйымдастырады. Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілермен бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыстардың жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымында бастауыш әскери дайындықтың материалдық базасын күшейтуге және дамытуға, жабдықтар мен керек-жарақтардың сақталуына, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы үшін шара қолданады. Жасөспірімдерді әскери оқу орындарына іріктеуге қатысады. Білім алушыларды алғашқы әскери есепке алу жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Сабақта және сабақтан тыс уақытта бастауыш әскери дайындық сабағын өткізеді, әскери істердің негіздерін оқып-үйрену бойынша үйірмеге жетекшілік жасайды, төтенше жағдайлардағы әрекеттер бойынша тәжірибелік сабақтар мен жаттығулар өткізеді. БӘД кабинетіне және арнайы мүліктерге арналған бөлмеге жауапты болады, азаматтық қорғаныс (АҚ) жоспарын жасайды, АҚ бойынша сабақтар дайындайды және өткізеді, шұғыл жағдайларға байланысты іс-шаралар дайындайды, қорғаныс жағдайларының дайындығын, АҚ бойынша шұғыл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді.
       Бастауыш әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы үшін қосымша: "Жалпы әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңы, Қазақстан Республикасы азаматын әскери есепке алудың мәселелері жөніндегі құқықтық нормативтік актілерді білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валеология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б. мұғалімдерінен басқа) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары педагогикалық білім болуы керек.
       біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман (информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінен, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінен, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері (валиология, өзінтану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайтын жоғары білім;
       Тиісті біліктілік санатын алу үшін міндеттерін анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәннің берілу әдістемесін жасауы, белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдануы, білім алушыларды диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; оқу-тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, мектептің шығармашылық топтың, әдістемелік бірлестіктердің, білім беру мекемесінің шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің жұмысына белсенді қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы;
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік талдау әдістерін білуі, оқытудың өзіндік жеке бағдарламаларын құра және іске асыра білуі, шығармашылық семинарларға, шығармашылық топтарға жетекшілік жасай алуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді қолдана білуі қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік лауазымда еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы, немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы, немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметте еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар жаңа оқу бағдарламаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жасай білуі, оларды сынақтан өткізе алуы; өз пәні бойынша жаңа тәжірибелік тапсырмалар құрастыруы, білім берудегі өзекті мәселелерді шешуде шығармашылық топқа жетекшілік ете білуі қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы керек.
       біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар белсенді оқытудың тәсілдері мен әдістерін қолдана білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы, оқу-тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелермен қамтамасыз етуі, шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысына, білім беру мекемесінде іс-тәжірибесінің таратылуына белсенді араласа білуі қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы;
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      екінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар өздігінен пәнді оқыту әдістемесін әзірлей білуі, білім алушылармен диагностикалау жұмыстарын ұйымдастыра алуы; шығармашылық топ, әдістемелік бірлестік жұмысын, озат тәжірибелер мектебін басқара алуы, білім беру мәселесі бойынша педагогикалық басылымдарда жарияланымдары болуы керек.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
       біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
      Бірінші санатты біліктілігі орта деңгейлі мұғалімге қойылатын талаптарға жауап берумен қатар пәнді оқытудың авторлық бағдарламасын құра білуі; жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту бағдарламаларын жасай білуі, оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізу, өз пәні бойынша тәжірибелік тапсырмалар құрастыру, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқара білуі керек.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы;
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      Информатика, музыка, сурет, БӘД, технология, дене шынықтыру, сызу мұғалімдерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, мамандандырылған оқу орындарының арнайы пән мұғалімдерінің, Базистік оқу жоспарының вариативті бөлімі пәндері мұғалімдерінің (валеология, өзін-өзі тану, қолданбалы экономика, экология және т.б.) біліктілігіне қойылатын талаптар.
       біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіби білім.
       біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы;
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы;
       жоғары санатты біліктілігі жоғары деңгейлі маман: жоғары педагогикалық білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы немесе ғылым кандидаты дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе ғылым докторы дәрежесінің болуы және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем болмауы.
       біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
       біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы керек.
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы.
       біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалімдік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
       Шағын жинақталған білім беру ұйымдарындағы мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары : бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар жоғары педагогикалық білім, бір-бірімен байланысты пәндерді оқытуға құқығы бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Білім беру ұйымдарындағы бастауыш сыныптар мұғалімдеріне қойылатын қосымша біліктілік талаптары : жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Ескерту: 1995 жылға дейін ХІ педагогикалық сыныбы бар орта мектепті бітіргендер орта педагогикалық білімді мамандар қатарына жатады.

Дефектолог-мұғалім, логопед-мұғалім, логопед

       Лауазымдық міндеттері: Оқушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады. Оқушылар мен тәрбиеленушілерді тексереді, сөйлеу кемшіліктерінің құрылымы мен деңгейін, оларды түзетудің әдістерін анықтайды, балалардың психофизикалық қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды.
      Дамудағы сөйлеу кемшілігін, сөйлеу қызметінің бұзылуын түзету үшін топтық және жеке сабақтар өткізеді. Мұғалімдермен және тәрбиеленушілермен тығыз байланыста жұмыс істейді, сабақтарға қатысады.
      Ата-аналармен, оларды алмастырушылармен байланыс жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолдану жөнінде кеңес береді. Қажетті құжаттамаларды жүргізеді.
      Мекеменің әлеуметтің саласын үйлестіруге ықпал етеді және әлеуметтік бейімсізденудің пайда болуының алдын алу шараларын жүзеге асырады.
      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуына кедергі келтіретін себептерді анықтайды, түрлі психологиялық көмек көрсету шараларын (психологиялық түзету, кеңес беру, үйренуге бейімдеу) жүргізеді. Білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, ата-аналарға (оларды алмастырушы тұлғаларға), педагогикалық ұжымға нақты проблемаларды шешуге көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі, бағыттағы психологиялық диогностиканы жүргізеді.
      Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму проблемаларына педагогикалық ұжымды, ата-аналарды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психо-педагогикалық қорытынды жасайды. Бекітілген нысан бойынша құжаттарды жүргізеді және бағыт бойынша пайдаланады.
      Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беруде дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, дарынды білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылығының дамуына психологиялық қолдау көрсетеді.
      Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дамуындағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылық деңгейін аңықтайды, психологиялық-педагогикалық түзетуді жүргізеді. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) педагогикалық мәдениетін қалыптастырады. Білім алушылардың тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлер мен ата-аналардың (оларды алмастырушы тұлғалардың) әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру мекемелеріне кеңес береді.
      Педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сондай-ақ ата-аналар жиналысын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларымен көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жұмыстарына қатысады. Өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етеді. Еңбек, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларды орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы " Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология, тұлғалық психология мен сараланған психология, бала психологиясы мен жас ерекшелігі психологиясының; әлеуметтік психология мен медициналық психологияның негіздерін; бала нейропсихологиясын, патопсихологияны, психосоматиканы; дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіби бағдарлау, еңбек психологиясының, психодиагностиканың, психологиялық кеңес беру мен психопрофилактиканың негіздерін; белсенді оқытудың, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингтің әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультацияның, диогностиканың және баланы дамытудың дұрыс және аномальдық түзетуінің қазіргі әдістерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: "Психология" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе "Тәжірибелік психология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім, "Психология" мамандығы бойынша еңбек өтіліне талап қойылмайтын қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар қазіргі психологиялық әдістерді білуі, оны қолдану мүмкіндігін беретін сертификаттарының болуы:; білім беру мекемесіндегі нақты психологиялық жұмыста қолдану артықшылықтарын айқындай білуі; балалармен және жас өспірімдермен жұмыс жүргізудің жаңа технологияларын дайындауға қатысуы; білім беру мекемесіндегі озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені меңгеруге арналған әдістемелік семинарға қатысуы қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Психология және педагогика" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе "Тәжірибелік психология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты (докторы) дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар әртүрлі топтағы балалармен және жас өспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыра алуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру; озық тәжірибені меңгеруде семинар жұмысына жетекшілік етуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Психология", "Психология және педагогика" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе "Тәжірибелік психология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 1 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-психологке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен және жас өспірімдермен психологиялық жұмыс түрлерін ұйымдастыруда өздігінен  психология-педогогикалық бағдарламаларды дайындай алуы қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Психология", "Психология және педагогика" мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім немесе "Тәжірибелік психология" мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен қосымша медициналық, педагогикалық жоғары білім және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес; немесе психология ғылымының кандидаты дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, немесе психология ғылымының докторы дәрежесінің болуы және педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.

Қосымша білім беру педагогі

       Лауазымдық міндеттері: Қосымша білім беру саласындағы білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады, қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, оның сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клубтық және басқа бірлестіктерге балаларды жинақтайды, оқу мерзімінің соңына дейін сол құрамды сақтауға жағдай туғызады. Психофизиологиялық мақсаттан туындайтын педагогикаға негізделген жұмыс формаларымен, құралдарымен және әдістерімен қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, оны дамытуға, кәсіби қызығушылығының тұрақты қалыптасуына, тәрбиеленушілердің тұлғалық рухани-адамгершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
      Дарынды және талантты білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуына қолдау көрсетеді. Оқушылардың мәдени-көпшілік шараларына қатысуын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкелерге қажетті кеңес береді. Әдістемелік бірлестік және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы " " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беруге байланысты басқа да құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін; тәрбие жұмысының әдістерін, бағдарламалар мен оқулықтарды; пән кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптарды; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогика ғылымының даму бағыттарын; тәрбиеленушілердің сұранысы мен қызығушылығының даму ерекшелігін, олардың шығармашылық әрекетінің негіздерін; талантарды іздеу және қолдау әдістерін; ойын-сауық және демалысты, спорттық-сауықтыру және бос уақытты ұйымдастырудың ғылыми-техникалық, эстетикалық әрекетінің мазмұны мен әдістерін меңгеру, үйірме, клуб, секция, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін, еңбек туралы заңнаманың негіздерін білу.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім.
       біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта).
       Тиісті санатты алу үшін міндеттілікті анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрмелер, олимпиадалар, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі керек.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, тәжірибелік, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі, педагогикалық басылымдарда жарияланымдарының болуы керек.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және қосымша білім беретін педагог қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім қосымша білім беретін мұғалім қызметінде еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың жарыстардың жеңімпаз-ұжымдарына жетекшілік ете білуі, авторлық әдістемелік әзірлемелерінің болуы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі санатсыз қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, оқытудың жаңа әдістерін апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы, өңірлік көрме, олимпиада, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымында еңбек өтілінің 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстарды білу дағдысының болуы, республикалық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті мамандығы бойынша (бейін бойынша) техникалық және кәсіби білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты қосымша білім беретін педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа республикалық, халықаралық көрме, олимпиада, конкурс, жарыстардың жеңімпаздар ұжымына жетекшілік жасай білуі қажет.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және қосымша білім беру педагогының лауазымындағы еңбек өтілінің 5 жылдан кем емес.

Педагог-ұйымдастырушы

       Лауазымдық міндеттері: Тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерімен, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына жағдай жасайды, олардың талантын дамытуға, ақыл-ой және физикалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Жасөспірімдер мен балалардың жұмыстарын, клуб, үйірме, секция, әуесқой бірлестіктерімен бірлескен әртүрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Қандай да бір бағытты: ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы басқа.
      Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бала құқығын қоғамдық ұйымдарда, қауымдастықтарда іске асыруға ықпал етеді. Ойын-сауық және бос уақытты өткізуді ұйымдастыруда білім алушылардың әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды, балалардың демалыс уақытын, экскурсия, саяхат, мерекелер, кештер ұйымдастырады. Балалардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайларды жасайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", заңдарын және басқа да білім беруге байланысты құқықтық нормативтік актілерді; педагогика, психология теориясын, жас физиологиясын, мектеп гигиенасын, тәрбие жұмысының әдістерін; оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; үйірме, секция, студия, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын; балалар ұжымы, ұйымдары және қауымдастығы әрекетінің негіздерін; еңбек туралы заңнама негіздерін; еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін білу.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
       біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалар мен жас өспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі; әдістемелік бірлестік, озық іс-тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіби білім және мұғалім-ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін білуі, сараланған тұрғыдан балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу әдістемесін өздігінен әзірлей білуі, жұмысында озық тәжірибені қолдана білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлей білуі, оны апробациядан өткізу бойынша жұмыстар жүргізе алуы; әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелері бойынша шығармашылық топқа жетекшілік жасай білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе бейін бойынша жоғары кәсіптік білім және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
      біліктілігі орта деңгейлі санатсыз маман: еңбек өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта).
       біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жасөспірімдермен және балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстардың ұйымдастыру нысандарын білуі; тәрбие үрдісінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз ету; әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мұғалім-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде сараланған тұрғыдан қарым-қатынас жасауды ескере отырып, өздігінен тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, жұмысында озық іс-тәжірибені қолдана білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік орта, арнаулы орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман :
      біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты педагог-ұйымдастырушыларға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар жаңа педагогигалық технологияларды, нысаналы бағдарламаларды әзірлей білуі, оларды апробациядан өткізу жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі шығармашылық топтарды басқаруы, озат педагогикалық тәжірибені және оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық техналогияларын өз жұмыстарында пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Дарынды балалармен жүмыс бойынша ғылыми-практикалық
орталықтардың (ҒПО) педагог-ұйымдастырушысы

       Лауазымдық міндеттері : Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, оқу-әдісітемелік құралдар, әдістемелік-нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Оқушылардың ғылыми қоғамдарының, мүдделері бойынша клубтардың, ғылыми мектептердің, олимпиадалық резервтегі кәсіптік мектептердің дарынды балаларға арналған сырттай мектептердің жұмысын ұйымдастырады. Дарынды, жеке, талантты, ақылды және физиологиялық қабілетті оқушылардың, жастардың дамуына көмектеседі, жеке жалпы мәдениетті қалыптастырады. Жаңа технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуді жүзеге асырады. Дарынды балаларды дамыту және іріктеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Әдістемелік және ғылыми конференцияларды, семинарларды ұйымдастыруға қатысады және өткізеді. Педагогикалық, ата-аналар қауымымен жұмысты ұйымдастырады. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер жұмыстарын ұйымдастырады, педагогикалық ұжымдарға әдістемелік көмек көрсетеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", заңдарды және басқа білім беру және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру-басқару талаптарын шешуге қажетті пәндердің жалпы теориялық негіздерін; педагогика теориясын, психологияны, жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын пәнді оқытудың әдістемесін; тәжірибелік жұмысты, тәрбие жұмысының әдістемесін, дарынды балалармен жұмыс жүргізуді; бағдарламалар мен оқулықтар, оқыту әдістері мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін; педагогикалық ғылымның негізгі даму бағыттары мен қазіргі жетістіктерін, еңбек заңының негіздерін, еңбекті қорғау нормалары және техника қауіпсіздігі; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
      жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      жоғары педагогикалық білімі және педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Әлеуметтік педагог

       Лауазымдық міндеттері : Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психолого-медико-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді және мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен-жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " заңдарды және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; әлеуметтік саясат негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы; педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және баланың психологиясын; валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін; әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді; тәрбие жұмысы әдістерін, педагогикалық ғылымның негізгі бағыттарын; әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдау; еңбек туралы заңнамалар негізін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілік талаптары:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман:
      жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      Жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық семинарларды басқара білуі; озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық топтың жұмысын басқаруы тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес бейіні бойынша жоғары білім және әлеуметтік педагог лауазымындағы еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.

Вожатый, аға вожатый

       Лауазымдық міндеттері : Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің бағдарламаларын жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдерді жұмыс істеп жатқан ұйымдар, бірлестіктер туралы кең көлемде ақпараттандыруға жағдай жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын арттырады, өздерінің қызығушылықтары мен қажеттілігін іске асыру үшін қажетті жағдай жасайды. Білім беру ұйымдарында жалпы мәдени-бұқаралық, патриоттық жұмыстар жүргізеді, сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын ұйымдастыру, балалардың танымдық демалысын олардың бос уақыттарын қызықты да пайдалы өткізуге ұйымдастыруға ықпал етеді. Өзіне сеніп тапсырылған білім алушылармен тәрбиеленушілер, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқоршылық жасайды. Демалыс кезінде олардың демалуын ұйымдастырады. Балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибені зерделейді және қолданады.
      Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері алғашқы ұжымдарының басшыларын (ұйымдастырушыны) дайындау және іріктеу бойынша жұмыстар жүргізеді.
      Білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушылардың ата-аналарымен немесе оларды ауыстырушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы " заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясын; жас ерекшелік физиологияны, мектеп гигиенасын, тәрбие беру жұмысының әдістемесін, педагогика ғылымының даму бағыттары; еңбек туралы заңнамаларының негізін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім және балалар мен жеткіншектермен жұмыс істеу қызметіндегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі санатсыз маман : техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) және балалармен, жасөспірімдермен еңбек тәжірибесінің 2 жылдан кем болмауы тиіс.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдамаларына әзірлей білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 2 жылдан кем емес немесе жоғары білімі, вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман :
      екінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу жұмысының проблемалары бойынша зерделеу дағдыларын білуі, тәрбие бойынша жүргізілетін іс-шараларды талдау әдістерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы озық іс-тәжірибесін қолданауы тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық білім, аға вожатый мамандығы бойынша қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінінің талдау әдістемесін білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аға маман:
      біліктіліктігі орта деңгейдегі санатсыз вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды өз алдына әзірлей білуі тиіс.
       Б іліктілікке қойылатын талаптар: мамандығына сәйкес техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем.
       Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аға маман:
      Вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар; балалармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру нысанын білуі, балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу ісіндегі проблемаларды зерттеу дағдыларының болуы, өткізілетін тәрбиелік іс-шараларды талдау әдістерін меңгеруі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) мамандығына сәйкес және вожатый қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты аға маман :
      Біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты вожатыйға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ұйымдастыру-әдістемелік қызметінің талдау әдістемелерін білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық озық өткізілетін іс-тәжірбие жұмыстарын пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және вожатый лауазымындағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Тәрбиеші, аға тәрбиеші

       Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды.
      Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) күн тәртібінің, үй тапсырмаларының орындалуын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын ұйымдастырады. Қосымша білім алуда және демалысты ұйымдастыруда, оқытуда көмек көрсетеді, оларды қызығушылықтары бойынша біріктіретін көркем және ғылыми-техникалық шығармашылыққа, спорт секцияларына, үйірмелерге тартады. Сабақтан тыс уақытта білім алушылармен (тәрбиеленушілермен) тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
      Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.
      Медицина қызметкерлермен оқушылардың (тәрбиеленушілердің) денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық жетілуін қалыптастыратын іс-шаралар ұйымдастырады, балалардың оқу беру ұйымында сабақтан тыс уақыттағы өмірі мен денсаулығына жауапкершілік артады. Дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Ата-аналарымен және тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.
      Топтарға бөлінген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктердің, оқу құрал-жабдықтары мен ойыншықтардың есебін жүргізеді. Тәрбиешінің көмекшісінің жұмысын басқарады.
       Білім беру ұйымының аға тәрбиешісінің лауазымдық міндеттері: Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді жалпылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға және олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді. Білім беру ұйымының кеңесімен және балалар ұйымдарымен тығыз байланыста бола отырып, тәрбиеленушілермен (білім алушылармен) жалпы-мәдени жұмыстар жүргізеді.
       Білуге міндетті : Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы " Заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін; еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар :
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман : жоғары педагогикалық білім, бейіні бойынша жоғары білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта) және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, тәрбие жұмысын талдаудың әдістерін және диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған формаларын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес;
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі, білім беру ұйымдары шеңберінде озық педагогикалық тәжірибені пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, алдыңғы қатарлы мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай және оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс;
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.

Білім беру ұйымының зертханашысы
(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)

       Лауазымдық міндеттері : Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін, мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді, өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды, өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді.
      Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады, аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады. Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.
       Білуге міндетті: " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен психология негіздерін; пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды; зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын; дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; еңбек туралы заңнамалар; қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім;
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалану арқылы әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес немесе жоғары білім және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, диагностикалық жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; шығармашылық семинарларды басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білімі және зертханашы лауазымында жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білімі және бейіні бойынша зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі; педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие саласының өзекті проблемалары жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және зертханашы лауазымы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ зертханашыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі; сонымен қатар, жеке оқыту мен тәрбие берудің технологияларын, балалардың тәрбиелі болуын қамтамасыз етуі; білім беру ұйымдары шеңберіндегі әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты зертханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі; сонымен қатар тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жас ерекшелігіне қарай тәрбие беру әдістемесін өз бетімен әзірлей білуі; шығармашылық семинарларды басқара білуі; диагностикалық жұмыстардың ұйымдастырылған нысандарын білуі, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес;
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты зертханашыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін, жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі, тәрбие әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі; әдістемелік нұсқаулар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы озық педагогикалық тәжірибелерді таратуы; білім беру саласындағы өзекті мәселелерді әзірлеу жөніндегі шығармашылық топты басқара білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және зертханашы лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес.
       Ескерту: Жалпы орта білімі бар зертханашы техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі бар санаты жоқ зертханашы лауазымынан бір санатқа төменге жатқызылады.

Біліктілікті арттыру институтының әдіскері (БАИ)

       Лауазымдық міндеттері: Курстарды, семинарларды, конференцияларды, педагогикалық оқуларды, конкурстарды, көрмелерді саралап жинақтауды және өткізуді ұйымдастырады. Курстарға оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді. Тиісті санаттағы біліктілікті арттырудың (БА) өзекті проблемалары бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, тренингтер, қызметтік ойындар дайындайды және жүргізеді. Жаңа тиімді технологияларды енгізу бойынша проблемалық мақсатты курстарды ұйымдастырады. БА курстары үшін жаңа оқу-тақырыптық жоспарлар, бағдарламалар әзірлейді. Білім беру ұйымы қызметкерлерінің үздіксіз БА-ның әртүрлі звенодағы курстық даярлығының тиімділігін анықтаудың педагогикалық диагностикасын, түзеуді, педагогикалық инструментарияларды жүзеге асырудың әдістерін жетілдіру жөніндегі әдістемелік жұмыстың нұсқасын әзірлеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді. Білім беру ұйымдарының аудиовизуалдық және интерактивтік оқу құралдарына қажеттіліктеріне және педагогикалық деректер банктерінің жай-күйіне талдау жасайды. БА курстарын әдістемелік және практикалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Біліктілікті арттыру жоспарын іске асыруды қамтамасыз етеді, кабинет бейіні бойынша педагогикалық кадрлардың сапалы құрамының мониторингін жүзеге асырады. Авторларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізуге, авторлық курстарды, семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсетеді.
      Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін талдайды және қорытындылайды. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, әдіскерлерінің, басшыларының нәтижелі жұмыс тәжірибелерін зерделейді, қорытындылайды және таратады. Білім беру қызметкерлеріне, аудандық әдістемелік кабинеттерге консультациялық, әдістемелік, практикалық көмек көрсетеді. Курсаралық жұмыстар және әртүрлі байқаулар, конкурстар, слеттер, олимпиадалар өткізеді. Педагогикалық және басқару инновациясын зерделейді және насихаттайды. Қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның жетістіктерін, педагогикалық әдебиеттердің жаңалықтарын назарда ұстап отырады және олар туралы білім беру ұйымдарын, әдістемелік кабинеттерді хабардар етеді. БА жүйесіндегі маркетингтік зерттеулерді және баспа қызметін жүзеге асырады.
      Өңірлік деңгейдегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру институттарының тиісті кабинеттерінің қызметін үйлестіреді. Педагогтердің, білім беру ұйымдарының және жеке (ізденіс) зерттеу қызметтерінің инновациялық, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін қорытындылау негізінде ғылым мен практиканы интеграциялау идеясын енгізу жөніндегі ұсынымдамаларды әзірлейді. Республикалық педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары бойынша материалдар жариялайды.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы " Заңдарын және басқа да білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін; педагогиканың және жас ерекшеліктер психологиясының негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін; әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендіру принциптерін; баспалармен жұмыс істеу негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптерін және тәртібін; пән бойынша жаңа түпнұсқа және балама оқулықтардың мазмұнын, озық білім беру технологиялары, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар жөніндегі жұмыс тәжірибені қорытындылаудың және таратудың әдістемесін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ақпараттарды компьютерлік өңдеу технологиясын, педагогикалық талдау әдістерін меңгеруі тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық, оның ішінде біліктілікті арттыру жүйесіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін қорытындылай және тарата білуі тиіс, жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білім және БА жүйесіндегі жұмыс өтілі 7 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік дағдыларды меңгеруі; білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 9 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы; алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, БА жүйесіндегі жұмыс өтілінің 10 жылдан кем болмауы және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

Әдістемелік кабинеттің (ӘК) әдіскері

       Лауазымдық міндеттері: Ауданның (қаланың) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңдегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді. Жетекшілік ететін мәселесі бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Мамандығы бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды. Педагогикалық қызметкерлердің оқу-әдістемелік құжаттамаларын (дидактикалық материалдарын, құралдардың типтік тізбелерін), семинарларды, озық тәжірибелі мектептердің жиналыстарын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Білім беру ұйымдары мен педагогтердің инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
      Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және тәрбие беру жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек береді. Педагогтерге библиографиялық анықтамалар, әзірлемелер, тестік және басқа да материалдар жасауға көмек береді, оны аудан (қала) педагогтерінің, білім беру ұйымдары әдістемелік кабинеттерінің назарына жеткізеді.
      Оқыту мен тәрбие жұмысының озық технологиялары бойынша ақпаратты қорытындылайды және таратады. Білім беру ұйымдары педагогтерінің, басшыларының анағұрлым нәтижелі тәжірибесін зерделейді, жүйелейді, қорытындылайды, мониторинг жүргізеді және таратады. Педагог қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмыстарын ұйымдастырады және үйлестіреді. Оқушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізуге қажетті құжаттарды әзірлейді.
      Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық, интерактивтік құралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жай-күйін талдайды. Қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік қүқықтық актілерді; мемлекеттік білім беру стандарттарын; педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін; дидактиканың принциптерін; оқытудың жеке және жалпы әдістерін; білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін ұйымдастырудың жүйесін; білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктері, педагогтері жұмыстарының тиімді нысандары мен әдістерін анықтаудың, жариялаудың және таратудың әдістемесін. Оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Еңбек туралы заңнаманың негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман:
      жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтауы және таратуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 8 жылдан кем болмауы тиіс немесе ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және 10 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 5 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық білімі және 15 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің немесе 7 жылдан кем емес ӘК әдіскері қызметіндегі жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман:
      техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар озық білім беру технологиялары бойынша жұмыс тәжірибелерін пысықтай және тарата білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 8 жылдан кем емес, оның ішінде 5 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 3 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман :
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың дағдыларын меңгеруі, білім беру процесінің өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шығармашылық топтардың жұмысына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 10 жылдан кем емес, оның ішінде 7 жыл мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 5 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты ӘК әдіскеріне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар семинарлар, озық тәжірибелі мектептер отырыстарын, конкурстар, олимпиадалар өткізуі, мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжауы және жоспарлауы, оқу-әдістемелік құжаттарды (дидактикалық материалдарды, құрал-жабдықтардың типтік тізбесін және т.б) әзірлеуі тиіс, педагогикалық басылымдарда білім беру проблемалары жөнінде жарияланымдарының болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және 15 жылдан кем емес, оның ішінде 10 жылдан кем емес мұғалім (тәрбиеші) қызметінде немесе 7 жылдан кем емес әдіскер қызметінде жұмыс өтілінің болуы, жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі
ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) аға әдіскері

       Лауазымдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу қызметі: Республикалық деңгейдегі іргелі және қолданбалы сипаттағы маңызды ғылыми проблемалар бойынша зерттеулердің жүргізілуіне ғылыми басшылықты жүзеге асырады және қатысады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады, оларды жүргізудің әдістері мен құралдарын анықтайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын қалыптастыруға қатысады, басқа ұйымдардағы бірігіп орындаушылардың қызметін үйлестіреді. Алынған нәтежелерді пысықтайды, аяқталған зерттеулер мен әзірлемелерге ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізеді және осы нәтижелерді практикалық іске асыруға республикалық деңгейде басшылық етеді.
      Ғылыми-әдістемелік қызметі: Интеллектуалды жарыстар өткізудің әдістемелері мен формаларына талдау жүргізеді, әзірлейді және оны ғылыми негіздеуді жүзеге асырады; дарынды балалар мен жастардың дамуын анықтау бойынша психикалық диагностикалық және түзету қызметінің технологияларын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Қосымша білім беретін мектептер жұмысының оң тәжірибелерін қорытындылайды және таратады, семинарларды, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Ғылыми-әдістемелік материалдардың жариялануын қамтамасыз етеді.
      Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Олимпиадаларды, республикалық және халықаралық деңгейдегі оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын; ғылыми конференциялар, ғылыми-әдістемелік семинарлар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын; қосымша білім беретін мектептердегі сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, дидактиканың принциптерін, педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттамаларды әзірлеудің принциптері мен тәртібін. Әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелендірудің принциптерін. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитарлық қызметтің және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, 8 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 10 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, оның ішінде әдіскер қызметінде 2 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі боуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, ғылым кандидатының бірінші дәрежесінің, білім беру жүйесінде 12 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің, оның ішінде әдіскер қызметінде 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ірі ғылыми еңбектері және ашқан жаңалығы, сондай-ақ практика жүзінде жүзеге асқан нәтижелері бойынша дипломы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің және 20 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің және 15 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі және жарияланған әдістемелік материалдары болуы тиіс.

Дарынды балалармен жұмыс жөніндегі
ғылыми-практикалық орталықтың (ҒПО) әдіскері

       Лауазымдық міндеттері: Ғылыми-зерттеу қызметі: Зертханалардың ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындауын ұйымдастырады, оның даму болашағын анықтайды, зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің әдістері мен құралдарын, алға қойылған ғылыми-зерттеу міндеттерін шешудің жолдарын қарастырады. Балалар мен жастар дарындылығын дамытудың ғылыми проблемаларын, осы мәселелер бойынша отандық және шетелдік жетістіктерді зерделейді және талдайды. Ғылыми-әдістемелік қызметі: Оқу-әдістемелік құжаттаманы , зерттеліп жатқан проблемалар шеңберіндегі құралдарды әзірлейді, рецензиялайды және бекітуге дайындайды. Ұлттық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу тәжірибесін, дарынды балаларға арналған қосымша білім беретін мектептердің жұмысын жүргізеді, пысықтайды және таратады. Семинарлар, конференциялар, дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізуге қатысады. Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің жай-күйіне талдау жасайды және білім беру процесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
      Ұйымдастыру-педагогикалық қызметі: Дарынды балалармен жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының есептері мен жоспарларына талдау жасайды. Республикалық, халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобаларының жарыстарын ұйымдастырады және өткізеді. Дарынды балаларға интеллектуалдық, эмоционалды-ерікті, тұлғалық психодиагностикалық зерттеу жүргізеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Заңдарын және басқа да білім беру мекемелерінің қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; дидактиканың принциптерін; педагогика және жасерекшелік психологиясының негіздерін; басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық материалдардың жүйелілік принциптерін; баспалармен жұмыс істеудің негіздерін; оқу-әдістемелік құжаттамалардың принциптері мен тәртібін білуі тиіс. Ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім, білім беру жүйесіндегі 2 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 1 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 3 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 5 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің болуы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары педагогикалық білім, 7 жылдан кем емес, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 4 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілінің және жарияланған әдістемелік материалдарының болуы тиіс.

Арнайы (түзеу) білім беру ұйымының директоры

       Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді, ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның мүліктері мен құралдарына иелік етеді.
      Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және әлеуметтік психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды; қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Әлеуметтік педагогика" мамандығы бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Арнайы (түзеу) білім беру ұйымы басшысының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды ұйымдастырады. Педагогтердің оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу қызметі түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді. Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды . Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды.
      Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Оқу з ертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады.
      Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу және орналастыру жұмыстарына қатысады.
      Жұртшылықпен және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: "Дефектология" мамандығы бойынша жоғары білім немесе арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілінің 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Арнайы (түзеу) интернаттық ұйымның
тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)

       Лауазымдық міндеттері: Әрбір баланы тұлғалық дамыту мақсатында балалардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және икемділіктерін зерделейді, осы негізде және психологтың ұсынымдамалары бойынша олармен түзеу-дамыту жұмыстарын (топпен немесе жеке) жоспарлайды және өткізеді. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін күнделікті жұмысты жүргізеді. Тәрбиеленушілердің күн режимін, олардың үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық еңбек жұмыстарына қатысуын ұйымдастырады. Оларға оқуда, бос уақыттарын ұйымдастыруда және қосымша білім алуға даярлауда көмек көрсетеді. Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбие жұмысын жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлестікте тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды және нығайтуды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал ететін іс-шаралар өткізеді, балалардың ұйымда болуы уақытында олардың өмірі мен денсаулығына дербес жауапты болады. Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Топқа бекітілген мүліктің, әдістемелік әдебиеттердің, құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді, мүліктің, оқу жабдықтарының, ойыншықтардың есебін жүргізеді және бағалайды, арнайы әлеуметтік қызметті ұсынуға қажеттіліктерді анықтайды, балалардың арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығына талдау жасайды.
       Интернаттық ұйымда аға тәрбиешінің міндеттерін орындау кезінде тәрбиешілердің жұмыстарын басқарады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибені қорытындылауға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, олардың бастамаларын дамытуға ықпал етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы " Заңдарын және басқа да білім берудің даму бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердің мемлекеттік стандарттарды; арнайы педагогиканы, психологияны, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша "арнаулы педагогикадан" қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогикадан" қосымша білімі бар техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс; сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар жеке бағытталған оқыту мен тәрбие берудің технологияларын меңгеруі; тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, білім беру ұйымы шеңберінде озық тәжірибелі мектептердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар білім алушыларға жас ерекшеліктеріне қарай және оларға ыңғайластырылған көзқараспен қарауды ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өзі құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды, тәрбие беру әдістемесін әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік ұсынымдамалар немесе ғылыми жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөніндегі шығармашылық топты басқаруы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша "Арнаулы педагогика" қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білімі (арнаулы орта, кәсіптік орта) және педагогикалық жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы

       Лауазымдық міндеттері : Қолданыстағы заңнамаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеудің психологиялық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту және тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде кеңестің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтерді даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да қызметкерлердің арасында дифектологиялық білімді тарату жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың аномальды дамуының алдын алу мәселелері бойынша сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтарына қауіпсіздігіне жағдайлар жасау, ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды.
      Қажетті есепті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызметті; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      "Дефектология" мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білім немесе "Арнаулы педагогика" немесе "Арнаулы психология" мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы (түзеу) білім немесе денсаулық сақтау ұйымдарында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы тиіс.

Интернат ұйымының басшысы

       Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметті басқарады. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен бірлестікте жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережелерін және басқа да нормативтік актілерді әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес интернаттық ұйымдардың қызметтерін ағымдағы және келешектегі жоспарлауды ұйымдастырады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуын қамтамасыз етеді. Бітірушілердің білім сапасына жауапкершілік алады. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің)  және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.
      Оқушылардың, тәрбиеленушілердің санын қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық ұйымдардың және әдістемелік, қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді.
      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және т.б.) қорғайды, туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдайлар жасау шараларын қабылдайды, арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаждықты бағалау және анықтау жұмыстарын ұйымдастырады. Белгіленген нормаларға сәйкес тәрбиеленушілер мен білім алушыларды асырап-бағу жағдайларын қамтамасыз етеді. Арнайы әлеуметтік қызметтерді бағалауды жүргізеді. Педагогикалық кеңесті басқарады.
      Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды. Басқарманың құрылымын, штаттық кестесін бекітеді.
      Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық қор жүйесінің есебін, сақталуын, толықтырылуын, ішкі еңбек тәртібінің сақталуын, санитарлық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғауды және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
      Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымдарындағы мүліктер мен қаражаттарды иеленеді.
      Қоғаммен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) жұмысты үйлестіреді. Білім беру ұйымын мемлекеттік және басқа ұйымдарға таныстырады, қажетті есептілік құжаттамаларды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын педагогиканы; педагогикалық психологияны; педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін; экономика негіздерін, қаржылық-шаруашылық қызметті; еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Интернат ұйымы басшысының орынбасары

       Лауазымдық міндеттері: Оқу процестерін ұйымдастыруды, оқу жоспарлары мен іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Оқу жоспары мен бағдарламаның орындалуын, қажетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейіндік құжаттарды, факультативтерді, үйірмелерді, секцияларды әзірлеуді ұйымдастырады. Білім алушыларға білім беру процесінің сапасына, білім беру дайындығының нәтижелерін оң бағалауға бақылауды жүзеге асырады. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады.
      Оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа түрлерінің кестесін жасайды. Білім беру процесін жетілдіруге ұсыныс енгізеді. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және оған талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелерін талдайды және қорытындылайды.
      Емтиханға дайындық және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Мемлекеттік аралық бақылау және ұлттық бірыңғай тестілеу жұмысын дайындауға және өткізуге қатысады. Тәжірибелі мұғалімдердің нәтижелі жұмыстарын таратуды қорытындылайды және шараларды қабылдайды.
      Инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізеді. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жекелеген жас, жыныс ерекшелігін ескере отырып, білім беру қызметін дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды.
      Педагог кадрларды іріктеуге және жұмысқа орналастыруға қатысады, олардың біліктілігін арттыру, кәсіби шеберліктерін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге дайындық және өткізу жұмыстарына қатысады.
      Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттерді, кітапхананы оқу-әдістемелік құралдармен, көркем әдебиеттермен толтыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді.
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жағдайына бақылау жасауды, белгіленген есеп құжаттамаларының сапалы және уақытылы жасалуын, дұрыстығын және уақытылы берілуін жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ағымдағы және алдағы жоспарды әзірлейді, тәрбие процесінің, басқа да тәрбие жұмысы түрлерінің сапасына жүйелі түрде бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
      Дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтерінің, аға вожатыйлардың, ұзартылған күн тобы тәрбиешілерінің жұмысын ұйымдастырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді, девиантты мінез-құлықты балалармен өткізілетін мәдени-тәрбие беру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді. Тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының нәтижелерін, тәрбие жұмысы саласындағы оқу орындарының жай-күйіне және алдағы мүмкіндіктеріне талдау жасайды. Тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      Бағалау жүргізеді және арнайы әлеуметтік қызметтерге сұранысты анықтайды. Педагог кадрларды іріктеуге және жұмысқа орналастыруға қатысады, тәрбие жұмысымен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылықпен және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен (олардың орнын басатын тұлғалармен) және ата-аналар комитетімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін оқу орны әкімшілігі, қызметі мен бөлімшелері өкілдерімен өзара іс-әрекетті үйлестіреді.
      Тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізеді. Тәрбиешілердің анағұрлым нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша шаралар қабылдайды. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы " , " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы " Заңдарын, педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және арнайы (түзеу) білімінің, әлеуметтік педагогиканың, әлеуметтік сихологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, ңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін; санитарлық ережелер мен нормаларды білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Интернаттық ұйымның тәрбиешісі (аға тәрбиешісі)

       Лауазымдық міндеттері: Әр баланы тұлғалық дамыту мақсатында оның жеке қабілеттілігін, қызығушылығы мен икемділігін зерделейді. Түзету-дамыту жұмыстарын жоспарлайды және жүргізеді (топпен немесе жекелей). Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және еңбекке бейімдеу үшін жағдай жасау жұмыстарын жүргізеді.
      Тәрбиеленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмаларын орындауын, қоғамдық–пайдалы жұмысқа араласуын, бос уақытын ұйымдастыруын және қосымша білім алуын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің өз-өзіне қызмет етуін, жеке гигиенасын сақтауын ұйымдастырады. Медицина қызметкерлерімен бірлесіп, тәрбиеленушілердің денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді, олардың психофизикалық дамуына ықпал етеді, балалардың интернаттық ұйымда болу кезеңіндегі өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
      Топтарға бекітілген мүліктердің, әдістемелік әдебиеттер мен оқу құралдарының сақталуын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілердің арнайы әлеуметтік қызметті қажет етуін анықтау жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Қажетті есеп беруді дайындап, ұсынуды қамтамасыз етеді.
       Аға тәрбиеші қызметін атқару кезінде интернаттық ұйымдағы тәрбиешілердің жұмысын басқарады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, озық педагогикалық тәжірибелерді таратуға және енгізуге, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Бала құқықтары туралы тұжырымдаманы, Қазақстан Республикасының " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы " Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика, психология негіздерін; арнайы әлеуметтік қызметтің мемлекеттік стандартын; тәрбие процесін ұйымдастыруда халықаралық тәжірибені қолдану; еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау мен техникалық, өртке қарсы қауіпсіздікті және санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғарғы педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс.
       Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман : техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар жеке бағдарлы оқыту мен тәрбие берудің технологиясын меңгеруі, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуы, өз жұмысында алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымында еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар тәрбиеленушілерді жас ерекшеліктерін ескере отырып, және оларға сараланған тұрғыдан тәрбие беру әдістемесін құрастыра білуі, тәрбие жұмысына талдау жасау әдістерін, шығармашылық семинарларды және басқа диагностикалық жұмыстарды басқара және ұйымдастыра білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және педагогикалық еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі тиіс, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдісін меңгеруі, жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеуі, тәрбие беру әдістемесін, оларды сынақтан өткізуді, педагогикалық озық тәжірибелерді әдістемелік және жарияланымдар шығару арқылы жалпылауы, тәрбие беру саласындағы өзекті проблемаларды шешуші шығармашылық топты басқаруы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі, педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс немесе жоғары білімі және тәрбиеші лауазымындағы жұмыс өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.

Тәрбиеші ана

       Лауазымдық міндеттері: баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде консультативтік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.
      Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын , Бала құқықтары туралы конвенцияны, " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибелі мектептердің жұмысына қатысуға, педагогикалық озық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман :
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысына талдау жасау әдісін меңгеруге, шығармашылық семинарларды басқара алуға және диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбие жұмысын талдау әдістерін білуге, тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы педагогикалық білім және тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман :
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, тәрбие процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу өтілі бір жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын білуге, тәрбие беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуға, озық педагогикалық тәжірибелерді өз жұмысында пайдалануға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші анаға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін және жеке тұрғыдан келуді ескере отырып, тәрбие беру әдістемесін өз бетінше әзірлей білуге, тәрбие жұмысын талдау әдістемелерін білуге, шығармашылық семинарларды басқара алуға, диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыру түрлерін білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман :
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін білуге, жаңа педагогикалық технологиялар әзірлеуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, тәрбиеші ана қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Патронаттық тәрбиеші (асырап алушы отбасы)

       Лауазымдық міндеттері: баланың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін жағдайлар және отбасылық жағдайларға жақындастырылған тұрмыстық жағдайлар жасайды, тәрбиеленушілердің күн тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарымен тығыз байланыста болып, балаларды тәрбиелеу мәселелерінде сынып жетекшілерімен, олардың даму ерекшеліктерін айқындау, диагноз қою және оқытудың, тәрбиелеудің, жұмысқа орналастырудың бара-бар жағдайларын айқындау мәселелерінде кеңестік көмек алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен өзара іс-қимыл жасайды.
      Балалардың адамгершілік-рухани, интеллектуалдық қабілеттерінің дамуын, дене денсаулығын қамтамасыз етеді. Бес-алты жастағы балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етеді. Тәрбиеленушілерді жалпы білім беретін мектепке анықтайды. Тәрбиеленушілердің уақытылы жалпы орта білім алуына ықпал етеді. Оқу орнына балалардың баруын, тәрбиленушілердің күн тәртібін, үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуын, қосымша білім алуын, бос уақытын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
      Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет етуін, жеке бас тазалығын сақтауын ұйымдастырады. Талдау жасайды, қажеттілікті анықтайды және арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Санитарлық ережелер мен нормалардың, еңбек қауіпсіздігі мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын , Бала құқықтары туралы конвенцияны, " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы ", " Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы ", " Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және қараусыз қалуының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын басқа да білім берудің дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; арнайы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педогогикалық білім немесе техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және балалармен жұмыс істеу тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Кітапханашы

       Лауазымдық міндеттері: Кітапхана қорын жинақтауға, өңдеуге каталогтарды және басқа да кітапханалық-анықтамалық аппараттардың элементтерін ұйымдастыру мен қолдануға сәйкес кітапхана үрдісін қамтамасыз ету жұмыстарын атқарады. Автоматтандырылған деректер базасын жүргізу мен пайдалануды, қорлардың есебін, ұйымдастыру мен сақталуын оқырмандар мен абоненттерге қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
      Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеу мен іске асыруға қатысады. Ғылыми әдістерді және кітапханалық қызметтің озық тәжірибесін қолданады.
      Кітапхананың материалдық, қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Перспективалық және ағымдағы жоспарды қалыптастырады. Басқа кітапханалармен, ғылыми-техникалық ақпараттық органдармен, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатады және қолдап отырады. Есепке алуды және белгіленген есеп беруді ұйымдастырады. Кітапхананың ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарына, кітапхананың даму бағдарламасын, халыққа кітапханалық қызмет көрсету жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Кітапхана қызметінде ғылыми әдістер мен озық тәжірибені қолданады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарын және білім беру ұйымдарының қызметі мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; жоғары тұрған органдардың кітапхана жұмысы туралы жетекші құжаттарын; кітапхана жұмысының негізін; библиографияны, негізі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және жалпы жұмыстың түрлерін, әдістерін; педагогика, психология, экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамаларды, еңбек және техника қауіпсіздігі ережелерін, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) немесе бейіні бойынша.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге міндетті.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
      жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес;
      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша жоғары білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім, мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты кітапханашыға қойылатын талаптарға жауап беруі, кітапхана жұмысының мәселелерін, кітапхана ісінің негіздерін, библиографияны, негізгі кітапханалық-технологиялық үрдістерді, оқырмандармен жеке және бұқаралық жұмыс нысандарын, түрлерін білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: бейіні бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта) білім және мектеп кітапханашысының қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Музыкалық жетекші

       Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті оқыту стандартына сәйкес тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта кәсіби шеберлікпен ойнайды. Музыкалық және басқа да мәдени іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.
      Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына алдыңғы қатарлы тәжірибиелерді енгізеді.
      Тәрбиеленуші балалардың ата-аналарына музыкалық кеңестер береді. Тәрбиеленушілерінің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындыларды, стиль мен жанр, дәрістер мен репитициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілеті, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, саз аспаптарын кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қорғанысты.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта және кәсіптік орта, музыкалық) білім.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      жоғары деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар музыкалық тәрбие беру мен балаларды оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы әдістерін, баланың музыкалық қабілетінің дамуын диагностикалау элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім немесе жоғары музыкалық білім және музыкалық жетекшісі қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға, өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуге тиіс.
      біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары педагогикалық немесе жоғары музыкалық білім, музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік орта (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, балалардың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруға, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдістерін білуі тиіс.
       біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және музыкалық жетекші қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мәдени ұйымдастырушы

       Лауазымдық міндеттері: көпшілікке арналған ойындарды, ұжымдық және ойын қарым-қатынасын өткізеді. Білім беру ұйымдарында көріністер, көңілді кештер, балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады. Сценарийлер, тақырыптық бағдарламалар әзірлеп, балалардың ұжымдық бос уақытының дұрыс өткізілуін ұйымдастырады. Өткізілетін іс-шаралардың көркемдік безендірілуін, музыкалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға қатысады.
      Еңбекті қорғау, өрттен сақтану мен қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді. Оқу үрдісінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Өзінің кәсіби біліктілігін жетілдіреді. Ата-аналарға, оларды алмастырушыларға, сол сияқты педагог қызметкерлерге кеңес береді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және әдістемелік жұмыстардың басқа да түрлеріне қатысады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негіздерін; білім беру және мәдени-ағарту жұмыстар туралы жоғары органдардың басқару құжаттарын; тарих пен өнер теориясының негіздерін; олардың әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметін; аудиторияны жандандырудың, ұжымдық ойынға көпшілікті тартудың; жалпы ойын-сауық іс-шаралардың драмалық құрылуының, дайындықтар мен сабақтарды жүргізудің әдістемесін; мәдени ұйымдастырушылардың озық тәжірибелерін; экономика негіздерін; еңбек туралы заңнамалар негіздерін, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы ережелерін; санитарлық ережелер мен нормалар.
       Біліктілікке қойылатын талаптар :
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (орта арнаулы және кәсіптік орта) білім.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шараларды ұйымдастыра білуі, әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени іс-шара ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбие жұмысына сараптама жасау әдістемесін білуі, балалар мен жасөспірімдердің даму деңгейін есепке ала отырып тәрбиелеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім және мәдени іс-шара ұйымдастырушысы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыстардың әдістемесін білуі, жаңа педагогикалық технологиялар, мақсатты бағдарламалар әзірлеуі, оларды апробациялау жұмыстарын жүргізуі, шығармашылық топқа басшылық жасауы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары білім және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шаралар ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде оң нәтижелерге жетуді қамтамасыз етуі, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектептерінің жұмыстарына қатысуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (орта арнаулы және кәсіптік орта) және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ мәдени ұйымдастырушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен бұқаралық мәдени іс-шаралар ұйымдастыру түрлерін білуі, тәрбие процесінде балалар мен жасөспірімдердің ерекшелігіне байланысты жеке тұрғыда келуді ескере отырып, олармен жұмыс істеу әдістемесін өз бетінше әзірлей білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелерін қолдануы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мәдени ұйымдастырушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мәдени ұйымдастырушыға қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар жаңа педагогикалық технологиялар мен мақсатты бағдарламалар құрастыра білуі, оларға апробация жұмыстарын жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша шығармашылық топтарды басқара білуі, өз жұмысында педагогиканың озық тәжірибелері мен оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана білуі тиіс.

Аккомпаниатор

       Лауазымдық міндеттері: Дайындықтар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг, балдық және спорттық билер бойынша спорттық жарыстарда, білім беру ұйымдарындағы әртүрлі мәдени іс-шараларда өнер көрсетуде музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың жеке қабілетіне қарай әр қимыл элементіне музыкалық шығарманы таңдайды, білім алушыларды ансамбльдік орындаушылыққа үйретеді.
      Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін; әртүрлі жанрдағы, стильдегі, дәуірдегі музыкалық шығармаларды, дайындықтар мен сабақтарды жүргізу әдістемесін; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздігін.
       Біліктілікке қойылатын талаптар :
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім;
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта).
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, үндестіре білуге, орындаушылар репертуарын білуге, музыкалық фрагменттерді біріктіре білуге, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдей алуға, музыкалық шығармаларды редакциялауға, партитурадан аударуға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер және аккомпаниатор мамандығы бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, оқыту пәндерінің курстарына тақырыптар әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуға тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар : жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ аккомпаниаторға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетіне қарап басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуге, музыкалық шығармаларды редакциялауға және партитурадан аударуға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіптік тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар : техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты аккомпаниаторға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары бойынша сабақтар жүргізуге; практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, оқыту пәндерінің курстарына тақырыптар әзірлеуге, әдістемелік жұмыстармен айналысуға, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Концертмейстер

       Лауазымдық міндеттері: Жалпы, арнайы және бейіндік пәндердің оқытушыларымен бірлесіп, тақырыптық жоспар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді. Оқушылардың орындаушылық дағдыларын, ансамбльде ойнау дағдыларын қалыптастырады, олардың көркем талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелік қабылдауын кеңейтуге және шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеуге ықпал етеді. Жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді. Сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді. Ноталарды парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды үндестіреді. Тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды (жалпы, арнайы, бейінді пәндер) әзірлеуге қатысады. Білім беру процесінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және басқа білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негіздерін; дидактиканың принциптерін, сабақ және дайындық жүргізу әдістемесін, жалпы және жеке оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдерін, барлық дәуірлердің түрлі стильдегі және жанрдағы музыкалық туындылардың үзінділерін біріктіруге, оларды редакциялауға және дәстүрлі түрде орындай білуге, оқушылардың жеке дене ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қимыл элементтеріне музыканы таңдауға; еңбек туралы заңнамалардың негіздерін, техника қауіпсіздігін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды білуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта және кәсіптік орта, музыкалық).
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерізімде музыкалық шығармаларды жаттауға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетінен оқып басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуге, музыкалық шығармаларды редакциялауға және партитурадан аударуға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғарғы музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер және аккомпаниатор мамандығы бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, оқыту пәндерінің курстарына тақырыптар әзірлеуге, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға, пәндерді оқыту курстарының тақырыптарын әзірлеуге тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білім және мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар ноталарды қағаз бетінен тез оқуға, дайындықсыз сүйемелдеуге, қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар қағаз бетінен оқып, басқа үндестілікке аударып сүйемелдеуге, музыкалық шығармаларды редакциялауға тиіс. Жұмыста жоғары кәсіби тәжірбиесі және тұрақты концерттік практикасы, концерттердегі, фестивальдардағы үздік концертмейстердің дипломдары болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, (музыкалық), және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты концертмейстерге қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар концертмейстер мен аккомпаниатор мамандықтары бойынша сабақтар жүргізуге, практикалық, әдістемелік тәжірибе жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, әдістемелік жұмыстармен айналысуға; оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және апробациялауға қатысуға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық), және концертмейстер қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Жүзу және дене тәрбиесі нұсқаушысы

       Лауазымдық міндеттері: Дене тәрбиесі нұсқаушысы: Дене тәрбиесі бағдарламасына және әдістемесіне сәйкес балаларды оқыту жұмысын жүргізеді. Балалардың жас ерекшегілігін, дайындығын, жеке және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың міндеттері мен мазмұнын анықтайды. Оқушыларға дене жаттығуларын орындау дағдыларын үйретеді, олардың рухани-жігер қасиеттерін қалыптастырады.
      Дене шынықтыру сабақтары мен спорттық іс-шаралар өткізу барысында оқушылардың толық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Дәрігер келгенге дейін алғашқы көмек көрсетеді. Үнемі санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын қадағалайды. Дәрігерлермен бірлесе отырып, оқушылардың денсаулығын бақылайды және физикалық жүктемесін реттейді. Оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Салауатты өмір салтын насихаттайды. Тәрбиешілермен, тәрбиеленушілердің ата-анасымен тығыз байланыста болады. Белгіленген тәртіп бойынша құжат және есеп беруді жүргізеді.
      Жүзу нұсқаушысы: Бағдарламаға сәйкес сабақ жүргізеді. Мектепке дейінгі жасы кішкентай балаларды көп мөлшерлі судан қорықпауға үйретеді (арнайы ойындар, сабақтар), ал орта мектепке дейінгі жастағы балаларға әр түрлі жүзу әдістерін үйрете бастайды (кроль, брасс, "дельфин"). Балалардың суда жүзу кезіндегі қауіпсіздігіне толық жауап береді. Медбикемен бірлесіп бассейіннің гигиеналық жағдайын бақылайды. Суға түсу кезінде және жүзудің алдында бассейнді тексеріп, білім алушылардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды алып тастайды. Балаларды шешіндіру және душ қабылдау кезінде көмектеседі және оларды гигиена талаптарын қатаң сақтауға үйретеді. Алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын үнемі қадағалайды. Қауіпсіздік техникасын бойынша нұсқаулық жүргізеді. Бекітілген құжаттаманы және есептілікті жүргізеді.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", және " Дене шынықтыру және спорт туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және білім беру мәселесі жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканың, психологияның негіздерін, жас ерекшеліктер физиологиясын, анатомияны, мектеп гигиенасын, спорттық ғимараттарда және снарядтарда сабақ өткізу әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, әр жастағы балаларды жүзуге үйрету әдістемесін, суда жүзу тәртібін, спорттық шаралар өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптарын; бағдарламалар мен оқулықтарды; оқу кабинетін жарақтандыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын.
       Біліктілікке қойылытын талаптар:
       біліктілігі жоғарғы деңгейлі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім.
       біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдары мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем емес немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғарғы деңгейлі бірінші санатты маман:
      жоғары деңгейлі екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, бала тәрбиесіне және балалармен спорттық шаралар өткізуге арналған өзінің әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 4 жылдан кем емес немесе жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
       біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
      жоғары деңгейлі бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәжірибелік жұмыс қабілеттерінің бар болуы, балалармен жұмыс істеудің жаңа бағдарламалары мен әдістерін жасауы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем емес немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы мамандығы бойынша еңбек өтілі 6 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын нығайтудың алдыңғы қатарлы әдістері мен тәсілдерін пайдалануы, білім беру ұйымдары мен ата-аналар үшін консультациялар өткізуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білім (арнаулы орта, кәсіптік орта) және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалардың дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсарту бойынша тұрақты нәтижелерді қамтамасыз етуі, балалармен жеке жұмыс жүргізуі, бала тәрбиесіне және балалармен спорттық шаралар өткізуге арналған өзінің әдістемелерін әзірлеуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем емес.
       біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар эксперименттік жұмыстарды өткізу дағдысы болуы, балалармен сабақ өткізудің жаңа бағдарламасы мен әдістемесін құрастыра білуі тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.

Еңбекке баулудан нұсқау беруші

       Лауазымдық міндеттері: еңбекке баулу және тәрбиелеудің әдістемесі мен бағдарламасына сәйкес балаларды оқыту жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың еңбекке икемділігі мен дағдысын, оларды практикада қолдануға дайындығын қалыптастырады. Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес еңбекке баулудың оқу жоспары мен басқа да оқу материалдарын құрастырады.
      Жазғы маусымда қоғамға пайдалы өнімді еңбекті және оқушылар бірлестігінің еңбек жұмыстарын ұйымдастырады. Оқушылардың техникалық шығармашылыққа, ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа ұмтылысын дамытады. Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізеді.
      Оқу шеберханаларын техникалық құрал-жабдықтармен, материалдармен, құралдармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады; олардың сақталуына және үнемді пайдаланылуына жауап береді. Станоктарды, машиналарды, құрал-жабдықтарды, құрылғыларды жөндеуді жүзеге асырады немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.
      Білім алушылардың қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін орындауын қамтамасыз етеді, оқу процесі кезінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауапты болады. Дәрігер келгенге дейінгі көмекті көрсетеді. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысады.
       Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , " Білім туралы ", " Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы ", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ", " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының заңдарын және білім және тәрбие беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның негізін; мектеп гигиенасын, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысының әдістемесін, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерін; бағдарламалар мен оқулықтарды, құрал-жабдықтар, техникалар және олардың техникалық пайдаланудың қолданыстағы ережесін; оқу кабинетін (шеберхананы) жарақтандыру мен жабдықтауға қойылатын талаптарды білуі тиіс.
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және педагогикалық еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің озық әдістері мен түрлерін қолдануы, эксперименттік жұмыс жүргізу дағдысы болуы керек.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар балаларды техникалық шығармашылыққа баулуға, оқытудың жаңа бағдарламаларын енгізуге, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің сапалы, пайдалы өнім шығару жұмысын ұйымдастыруға тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 4 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруге, сонымен қатар еңбекке баулудан сабақ және іс-шаралар өткізудің өз әдістемесін әзірлеп, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, балаларды ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа баулуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы немесе тиісті мамандық бойынша жоғары білім және нұсқаушы қызметіндегі еңбек өтілі 6 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
       біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар еңбекке баулуды оқытудың және тәрбие берудің озық түрлері мен әдістерін қолдануы, эксперименттік жұмыс жүргізу дағдысы болуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
      екінші санатты нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балаларды техникалық шығармашылыққа баулуы, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, оқушылар мен тәрбиеленушілердің сапалы, қажетті өнім шығару жұмысын ұйымдастыруы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
       біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
      бірінші санатты нұсқаушыға қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар еңбекке баулудан сабақ және іс-шаралар өткізудің өз әдістемесін әзірлеп, жаңа оқыту бағдарламаларын енгізуі, балаларды ұтымды еңбек етуге және өнертапқыштыққа баулуы тиіс.
       Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және нұсқаушы қызметіндегі жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.