Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 142 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 7 шілдедегі N 139 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 4 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5733 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 121 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) Қ АУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4300 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызмет пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 маусымдағы N 142 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 28 сәуірдегі N 60 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5234 тіркелген, 2008 жылғы 4 шілдеде "Заң газеті" газетінде N 101 (1501) санында жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      Номиналды ұстаушы ретінде клиенттің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және дилерлік қызметті және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
      1-қосымша:
      реттік нөмірі 1-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 1-1, 1-2-жолдармен толықтырылсын:

"         

1-1

Сатып алынған меншікті жай акцияларды шегеріп, жай акциялар бөлігіндегі төленген жарғылық капитал


1-2

Сатып алынған меншікті артықшылық берілген акцияларды шегеріп, артықшылық берілген акциялар бөлігіндегі төленген жарғылық капитал


                                                                 ";
       реттік нө мірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

10

Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде айналымға жіберілген және Standard & Poor's агенттігінің "ВВ+" төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар бағалы қағаздарға инвестицияларды қоспағанда, брокер және (немесе) дилердің инвестицияларының жиынтық сомасы брокер және (немесе) дилердің меншікті капиталының мөлшерінен аспауы тиіс


                                                                   ";
      реттік нөмірі 11-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 11-2, 11-3-жолдармен толықтырылсын:

"     

11-1

Бірінші деңгейдегі капитал


11-2

Екінші деңгейдегі капитал


11-3

Бірінші деңгейдегі капиталдың есебіне кіргізілмеген артықшылық берілген акциялар


                                                                  ";
      реттік нөмірі 18-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18-1, 18-2-жолдармен толықтырылсын:

"    

18-1

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k1-2


18-2

Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті k2


                                                                   ";
      реттік нөмірі 20-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21, 22, 23, 24, 25, 26-жолдармен толықтырылсын:

"     

21

Резиденттер емес алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер


22

Резиденттер емес алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғарғы лимитінің коэффициенті (k4)


23

k5 коэффициентін есептеуге қосылатын резиденттер емес алдындағы міндеттемелер


24

Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы міндеттемелерге ұйымды капиталдандыру коэффициенті (k5)


25

Резиденттер емес алдындағы міндеттемелер және k6 коэффициентін есептеуге қосылатын борыштық бағалы қағаздар


26

Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы міндеттемелерге ұйымды капиталдандыру коэффициенті (k6)


      7-қосымша реттік нөмірі 8094-жолдан кейін мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8095, 8096, 8097, 8098, 8099, 8100, 8101, 8102, 8103-жолдармен толықтырылсын:

"     

8095

Талап етілгенге дейін Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысудың жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер


8096

Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы бір жылға дейінгі бастапқы өтеу мерзімін қосқанда мерзімді міндеттемелер


8097

Кредитордың міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге сөзсіз құқығымен Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы мерзімді міндеттемелер


8098

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген) (бұдан әрі - N 388 қаулы) сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер


8099

N 388 қаулыға сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер


8100

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінiң Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы" 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резиденттері емесі, сондай-ақ "Еуразия даму банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 12 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – Келісімді ратификациялау туралы Заң) сәйкес Еуразиялық даму банкі алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер


8101

Заңға, сондай-ақ Келісімді ратификациялау туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резиденттері емесі алдындағы міндеттемелер


8102

Брокер және (немесе) дилер айналысқа шығарған Қазақстан Республикасының резиденттері емесіндегі борыштық бағалы қағаздар


8103

Брокер және (немесе) дилер кепілдік берген және брокер және (немесе) дилердің бухгалтерлік балансында ескерілетін сома бөлігінде брокер және (немесе) дилер арнаулы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар


      ";

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбел і к күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Банктік емес ұйымдар" модулін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төраға ның м індетін
      ат қ арушы                                    Қ . Қ ожахметов