Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір қаулыларына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің қызметін реттеу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5693 болып енгізілді

Жаңартылған

       Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының қосымшасының 5-тармағының бесінші, оныншы және он екінші абзацтарының қолданылуы осы қаулыны қолданысқа енгізгенге дейін жасалған қайта сақтандыру шарттарына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен екінші деңгейдегі банк арасындағы банктік салым шарттарына таралмайды, бірақ осы қаулыны қолданысқа енгізген күннен бастап бір жылдан астам емес. Бұл ретте, олардың қолданыс мерзімін ұзартуды қоса алғанда, осындай шарттар өзгертілуге жатпайды.
      Бұрын жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі төлем қабілеттілігі маржасын және қайта сақтандырушының үлесін есептеу оларды жасасу сәтінде қолданыста болған әдістеме бойынша жүзеге асырылады.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А.Түсіпов) 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде "Сақтандыру қадағалау" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                    Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
                 Басқармасының      
      2009 жылғы 29 сәуірдегі N 90 
қаулысына қосымша    

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген) Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 103 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4227 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
      Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) базалық сақтандыру сыйлықақысы – сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін есептелген комиссиялық сыйақының және/немесе қайта сақтанушыға (цедентке) комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша есептелген шығыстардың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының жиынтығында он пайызынан аспайтын мөлшерде сомасына азайтылған, сақтанушыдан (қайта сақтанушыдан) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға есептелген сақтандыру сыйлықақысы;";
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) қайта сақтандыру шарты бойынша базалық сақтандыру сыйлықақысы – қайта сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсеткені үшін есептелген комиссиялық сыйақының және қайта сақтандыру шарты бойынша есептелген комиссиялық сыйақының сомасына азайтылған, қайта сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтанушысы есептеген сақтандыру сыйақысы (қайта сақтанушысы қайта сақтандыру ұйымына нақты төлейтін сақтандыру сыйлықақысының сомасы);";
      9-1-тармақтағы "оныншы жұмыс күнінен" деген сөздер "бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      32-2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      32-5-тармақтың екінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес айқындалады және" деген сөздер алынып тасталсын;
      32-9-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
      32-12-тармақтың бірінші абзацындағы "осы Нұсқаулықтың 32-2-тармағының екінші абзацына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      2. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2715 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, N 15) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде" 2005 жылғы 19 ақпандағы N 37 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3503 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 82 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4200 тіркелген) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер:
      Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      1-тармақ:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "1-1) облигаторлық сақтандыру шарты - қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыда сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандырудың тиісті түрінің шарты бойынша (немесе басқа белгі бойынша біріктірілген (ұқсас мүліктік мүдде, сақтанушы мен сақтандыру тәуекелдері)) қайта сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме туындайды, оларға қайта сақтандыру өтеуі таралады, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға осындай сақтандыру шарттары бойынша оның пайдасына келетін қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге міндеттерді орындауға міндеттенеді;
      1-2) пропорционалдық емес қайта сақтандыру – егер қайта сақтанушы жасасқан сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің мөлшері осындай төлемдегі оның жеке өзінің ұстап қалуынан асып кеткенде, қайта сақтандырушының қайта сақтандыру шартында белгіленген сомасының шегінде қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндетін көздейтін қайта сақтандыру шартының талабы;
      1-3) пропорционалдық қайта сақтандыру – қайта сақтанушы жасасқан тікелей сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінің шартында белгіленген пайызында қайта сақтандырушының қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесін көздейтін қайта сақтандыру шартының талаптары;";
      3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) факультативтік қайта сақтандыру шарты – қайта сақтанушы (цедент) мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, оның талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыда сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру шарты бойынша қайта сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттеме туындайды, оларға қайта сақтандыру өтеуі таралады, ал қайта сақтанушы қайта сақтандырушыға қайта сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, сондай-ақ осы шартта көзделген өзге міндеттерді орындауға міндеттенеді.";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру брокері тиісті құжаттарды ресімдейді, оның ішінде:
      1) сақтандыру слипін;
      2) қайта сақтандыру ковернотасын;
      Сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының резидент емесі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қайта сақтандыруға берген кезде, қайта сақтандыру ковернотасында мына мәліметтер болуы тиіс:
      қайта сақтандыру шартының түрі мен талаптары (факультативтік/ облигаторлық қайта сақтандыру; пропорционалдық/пропорционалдық емес)
      сақтандырудың түрі;
      сақтанушының атауы және орналасқан орны (факультативтік қайта сақтандыру бойынша);
      қайта сақтанушының (цеденттің) атауы және орналасқан орны;
      Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің атауы және орналасқан орны;
      Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру брокерінің толық атауы (қысқарту мен аббревиатураны қолданусыз) және орналасқан орны (егер қайта сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының резиденті емес-сақтандыру брокері арқылы жасалған жағдайда);
      қайта сақтандырушының толық атауы және орналасқан орны (қысқарту мен аббревиатураны қолданусыз);
      қайта сақтандыру шартын жасасқан күніндегі қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингі және рейтингтік агенттіктің атауы (егер қайта сақтандырушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылса);
      қайта сақтандыру шартының қолданыс кезеңі;
      қайта сақтандырушының жауапкершілігінің лимиті;
      қайта сақтандырушының жауапкершілігінің үлесі (әр бір қайта сақтандырушының – егер қайта сақтандыру шарты бойынша тәуекел бірнеше қайта сақтандырушылар арасында бөлінсе).
      Егер қайта сақтандырушыда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген) қаулысына сәйкес таныған рейтингтік агенттіктерінің бірінің қаржылық сенімділік рейтингі бар болған жағдайда, онда осы агенттіктердің қаржылық сенімділік рейтингін көрсету қажет.
      Сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының резиденттері емес-сақтандыру брокерлері арқылы қайта сақтандыруға бергенде, қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыру ковернотында сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға алғаны жөніндегі белгісі (уәкілетті тұлғаның қолы және/немесе мөр) міндетті емес.".
      19-тармақта "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 128 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап 14 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4218 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және сақтандыру брокерлерін реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4724 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 25 маусымдағы N 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4862 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесінде:
      4-тармақтағы "оныншы жұмыс күнінен" деген сөз "бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақытымен 18.00 сағаттан" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5331 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 15 қарашада, N 11 жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5536 тіркелген) енгізілген толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      30-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "30. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшері осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингіне байланысты қайта сақтандырудың қолданыстағы шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілетін (берілген) сақтандыру сыйақылары сомасына өсіріледі. Оларды есептегенде осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағалардың барынша төмен рейтингі қолданылады.";
      2) тармақшадағы:
      "2005 жылғы 25 маусымдағы N 230" деген сөздер "2008 жылғы 2 қазандағы  N 145" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "3755" деген цифрлар "5371" деген цифрларға ауыстырылсын;
      33-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Осы Нұсқаулықтың 24-тармағына сәйкес активтерді сапасы мен өтімділігі бойынша жіктеуді ескеріп, жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі мен төлем қабілеттілігінің нақты маржасын есептегенде, сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесінің сомасына "Standard & Poor's" агенттігінің "В-"-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі кіргізілмейді.";
      36-тармақ:
      3) тармақшаның төртінші абзацындағы "бірінші санатына" деген сөздерден кейін "жай акциялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      40-тармақ алынып тасталсын;
      41-тармақта:
      6) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі "," деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) бір инвестициялық қордың пайларына инвестициялардың жиынтық мөлшері – қайта сақтандыру активтерін шегергенде, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерінің он пайызынан астам емес;
      8) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған борыштық бағалы қағаздарын жиынтық орналастыру - қайта сақтандыру активтерін шегергендегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің он пайызынан аспайды.";
      9-тараудың атауындағы " есептер беру " деген сөздер "есептердің есебі және оларды беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "45. Сақтандыру ұйымы уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің есебін мына кезеңділікпен береді:
      2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
      есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, ай сайын - осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтердің есебін, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша пруденциалдық нормативтердің есебі үшін қосымша мәліметтерді (бұдан әрі - қосымша мәліметтер);
      айдың есепті он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, он күндік сайын - осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жоғары өтімді активтер жеткіліктілігінің есебін;
      2010 жылғы 31 желтоқсаннан бастап: айдың есепті он күндігінен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей, он күндік сайын - 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша пруденциалдық нормативтердің есебін, сондай-ақ қосымша мәліметтерді.
      Пруденциалдық нормативтердің е себі қағаз тасымалдағышта беріледі. Қосымша мәліметтер қағаз және әлектронды тасымалдағышта беріледі. Электронды тасымалдағыштағы қосымша мәліметтер беріліп отырған деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдары арқылы ақпаратты жеткізуге кепілдік беретін көлік жүйесін пайдалану арқылы беріледі.
      Электронды және қағаз тасымалдағышпен берілген деректердің дәлме-дәлдігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етеді. ";
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "46. С ақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пруденциалдық нормативтердің есебін осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4 және 6-қосымшаларында көрсетілген нысандар бойынша алдыңғы жұмыс күнінің соңындағы жағдай бойынша әр бір жұмыс күні жүргізеді.   Пруденциалдық нормативтердің қағаз жеткізушідегі есебіне бірінші басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен расталады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталады.
      Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру ұйымы сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, пруденциалдық нормативтердің есебін ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
      "47-1. Сақтандыру ұйымы күн сайын әр бір бағалы қағаз, эмитент, қайта сақтандыру ұйымы бойынша рейтингтік бағаларына, сондай-ақ "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – қор биржасы) бағалы қағаздар санаттарына мониторингті жүзеге асырады. Есепті жүргізгенде және есептерді бергенде есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қор биржасының рейтингтік бағасы мен бағалы қағаздардың санаты қолданылады.";
      1-қосымша осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
      4-қосымша:
      реттік нөмірі 2.3-жолдағы " бірінші санатына" деген сөздерден кейін "жай акциялары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-қосымша:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8085-1 және 8085-2-жолдармен толықтырылсын:

"    

8085-1

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 5-топқа жататын қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға (қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша) берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы


8085-2

Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес 6-топқа жататын қаржылық сенімділік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес – қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға (қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша) берілген сақтандыру сыйлықақыларының сомасы


                                                                   ";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8108 -жолмен толықтырылсын:

"  

8108

"Standard & Poor's" агенттігінің "В-"-тен төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе осы рейтингтік агенттіктердің рейтингтік бағасы жоқ Қазақстан Республикасының резиденттері емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтеріндегі қайта сақтандырушының үлесі


                                                                   ";

       6-қосымша осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен  
толықтырулардың тізбесіне 1-қосымша 

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесіне
4-2-қосымша

Ұлттық және шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелердің
мерзімін салыстыру кестесі
      200___ жылғы 01 ________ жағдай бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы____________________________

                                                      (мың теңгемен)   

N

Баптар

Ұлттық валютадағы активтер

Ұлттық валютадағы міндеттемелер

Ұлттық валютадағы міндеттемелерді шегергендегі активтер (3-баған-4-баған)

Шетел валютасындағы активтер

Шетел валютасындағы міндеттемелер

Шетел валютасындағы міндеттемелерді шегергендегі активтер (6-баған-7-баған)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Талап еткенге дейінгі







2

30 күнге дейінгі







3

3 айға дейінгі







4

6 айға дейінгі







5

1 жылға дейінгі







6

1 жылдан астам







7

Жиынтығы:







Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Орындаушы ___________________ күні ____________
Телефон:_________________________
Мөр орны"

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері
бойынша енгізілетін өзгерістер мен  
толықтырулардың тізбесіне 2-қосымша 

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесіне
13-2-қосымша             

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген
тұлғаларымен жасалған сақтандыру және қайта сақтандыру
шарттары бойынша ақпарат
__200___ жылғы 01 ________ жағдай бойынша сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымы________________________

                                                      (мың теңгемен)



Сақтандыру сыныбының атауы

Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары

Жасалған шарттардың саны (бірлігі)

Сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері

барлығы

оның ішінде мыналармен жасалған шарттар бойынша:

Барлығы

оның ішінде мыналармен жасалған шарттар бойынша:

екінші деңгейдегі банктермен

басқа да заңды және жеке тұлғалармен

екінші деңгейдегі банктермен

басқа да заңды және жеке тұлғалармен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Міндетті сақтандыру








1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі








1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық
жауапкершілігі








1.3

өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру








1.4

жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру








1.5

экологиялық сақтандыру








1.6

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-
құқықтық жауапкершілігі








1.7

туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі








1.8

қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіруге байланысты болатын объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі








1.9

қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі








1.10

өзге де сақтандыру түрлері (сыныптары)








2

Ерікті жеке сақтандыру








2.1

өмірді сақтандыру








2.2

аннуиттік сақтандыру








2.3

өмірде тиісті жағдай басталуынан сақтандыру








2.4

сақтандырушының инвестициялық кірісінде сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру








2.5

жазатайым жағдайлардан сақтандыру








2.6

аурулардан сақтандыру








2.7

өзге де сақтандыру түрлері
(сыныптары)








3

Ерікті мүліктік сақтандыру








3.1

автомобиль көлігін сақтандыру








3.2

теміржол көлігін сақтандыру








3.3

әуе көлігін сақтандыру








3.4

су көлігін сақтандыру








3.5

жүктерді сақтандыру








3.6

3.1-3.5-тармақтарды қоспағанда
мүлікті сақтандыру








3.7

автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру








3.8

әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру








3.9

су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру








3.10

3.7-3.9 тармақтарды қоспағандағы, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру








3.11

заемдарды сақтандыру








3.12

ипотекалық сақтандыру








3.13

кепілдікті және кепілдемелерді
сақтандыру








3.14

өзге қаржылық шығыстардан
сақтандыру








3.15

сот шығыстарын сақтандыру








3.16

өзге де сақтандыру түрлері
(сыныптары)








4

Барлығы








кестенің жалғасы

Сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің ауқымы

Аффилиирленген сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары

Аффилиирленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен жасалған қайта сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері

Қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша міндеттемелердің (жауапкершілік лимиті) ауқымы

Аффилиирленген қайта сақтандыру  ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша берілген сақтандыру сыйлықақылары

Аффилиирленген  қайта сақтандыру ұйымдарынан қайта сақтандыру шарттары бойынша алынған өтем

Аффилиирленген қайта сақтандыру  ұйымдарына қайта сақтандыруға берілген міндеттемелердің ауқымы

10

11

12

13

14

15

16

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Орындаушы ___________________ күні ____________
Телефон:_________________________
Мөр орны"

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне қаржы      
нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау мәселелері бойынша енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулардың тізбесіне
3-қосымша               

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
және сақтандыру брокерлерінің есеп беру
ережесіне 13-3-қосымша        

Екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен (банктік сақтандыру)
жасалған сақтандыру шарттары бойынша ақпарат ____200___жылғы
01_____ жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымы _______________       

N

Сақтандыру сыныптарының атауы

Заем операцияларымен байланысты тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары

Заем операцияларымен байланысты тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері

Заем операцияларымен байланысты тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің ауқымы

Заем операцияларымен байланысты емес, екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары

Заем операцияларымен байланысты емес, екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері

Заем операцияларымен байланысты емес, екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерін сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелердің ауқымы

барлығы

оның ішінде:

барлығы

оның ішінде:

олар бойынша пайда алушы болып екінші деңгейдегі банк табылатын

олар бойынша пайда алушы болып заемшы табылатын

екінші деңгейдегі банкке

заемшыға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.












2.

























Барлығы











Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілеттігі бар тұлға _________ күні ____________
Орындаушы ___________________ күні ____________
Телефон:_________________________
Мөр орны"

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне қаржы нарығын және 
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  
мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер
мен толықтырулардың тізбесіне     
4-қосымша               

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
және сақтандыру брокерлерінің есеп беру
ережесіне 27-қосымша        

Қазақстан Республикасының сақтандыру брокерлерінің қатысуымен
жасалған қайта сақтандыру шарттары туралы ақпарат
_______________________________________________________
Сақтандыру брокері
20__ жылғы 01_________ жағдай бойынша       

N

Қайта сақтанушының атауы (цеденттің)

Қайта сақтанушының (цеденттің) орналасқан орны (елі)

Қайта сақтандыру шартының деректемелері (коверноттар)

Қайта сақтандырушының атауы

Қайта сақтандырушының орналасқан орны (елі)

Қайта сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингі

Рейтингтік агенттіктің атауы

1


2

3

4

5

6

7

1.








1.1.








1.2.








...








3

Барлығы







кестенің жалғасы

Сақтандырудың сыныбы (түрі)

Қайта сақтандырудың түрі/нысаны

Сақтанушының атауы (бар болса)

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйақыларының сомасы (мың теңге)

Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы

Қайта сақтандырушы жауапкершілігінің лимиті (мың теңге)

Сақтандыру брокерінің комиссиясы (пайызбен)

8

9

10

11

12

13

14




































Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға
уәкілеттілігі бар тұлға _____күні____
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға
уәкілеттілігі бар тұлға _____күні____
Орындаушы ___________________ күні ____________
Телефон:_________________________
Мөр орны"

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың тізбесіне       
5-қосымша               

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының  
пруденциалдық нормативтер есебінің    
нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті
беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша                 

      ______________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)       20___ жылғы "___" ___________ жағдай бойынша
Қазақстан Республикасының резидент емес - қайта
сақтандырушысының қаржылық сенімділік рейтингін ескере отырып
сараланған Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта
сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға берілетін сақтандыру
сыйлықақыларының сомасы

(мың теңгемен)

Қайта сақтандыру ұйымының атауы

Қазақстан Республикасының резиденті емес - қайта сақтандырушысының Standard and Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша немесе басқа рейтингтік агенттіктің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі қаржылық сенімділік рейтингі

Қолданыстағы қайта сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандыруға берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақыларының сомасы, барлығы (мың теңге)

Төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу пайызы (қайта сақтандыруға берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақылары сомасы бойынша)

Төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу сомасы (мың теңге) (3*баған 4 баған)

1

2

3

4

5

1-топ

"АА"- немесе жоғары


0%







2-топ

"А+"-тен "А-" бойынша


10%







3-топ

"ВВВ+"-тен "ВВВ-" бойынша


20%







4-топ

"ВВ+"-тен "ВВ-" бойынша


50%







5-топ

"В+"-тен "В-" бойынша


100%







6-топ

"В-"-тен төмен не рейтингі жоқ


200%







Жиынтығы:

ххх


ххх


Берілген (беріліп отырған) сақтандыру сыйлықақылары сомасына төлем қабілеттілігі маржасының немесе кепілдік беру қорының барынша төмен мөлшерінің өсу сомасын есептегенде, осы Нұсқаулықтың 35-тармағында көрсетілген рейтингтік агенттіктердің халықаралық шәкілі бойынша бар болған рейтингтік бағаның барынша төмен рейтингі қолданылады. "

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен
толықтырулардың тізбесіне        
6-қосымша                 

"Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының   
пруденциалдық нормативтер есебінің    
нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық
нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті
беру нысандары мен мерзімі туралы нұсқаулыққа
6-қосымша               

____________________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
20__жылғы "___"_____ бастап 20__жылғы "__"______дейінгі
жоғары өтімді активтер жеткіліктілігі нормативінің есебі

(мың теңгемен)    

N

Көрсеткіштің атауы/айдың күні

Ескерілетін мөлшер

1/11/21

2/12/22

3/13/23

4/14/24

5/15/25

6/16/26

7/17/27

8/18/28

9/19/29

10/20/30

31

1

Кассадағы ақша (айдың соңындағы активтердің 1 %-нан артық емес)

100%












2.

Салымдар – барлығы, оның ішінде:

х












2.1.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар - баланстық құнның 100 % көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












2.2.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар, мынадай талаптардың біріне сәйкес келгенде: " Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар болғанда ;

100%












күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, резидент емес бас банктері "Standard & Poor's" агенттігінің "А-"-тен төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-еншілес банктер болып табылады - баланстық құнның 100 % көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












2.3.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатына жай акциялары енгізілген эмитент банктеріне жататын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар - баланстық құнның 80% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

80%












3.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес айналысқа шығарылған), сондай-ақ баланстық құнның 100% көлеміндегі мемлекеттің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












4.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген баланстық құнның 100% көлеміндегі (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып) борыштық бағалы қағаздар

100%












5.

Қазақстан Республикасының және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген басқа мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар – барлығы, оның ішінде:

х












5.1.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар - баланстық құнның 100% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












5.2.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатына енгізілген эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар - баланстық құнның 70% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

70%












5.3.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы екінші санатына енгізілген эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар - баланстық құнның 50% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

50%












5.4.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар, баланстық құнның 100% көлемінде "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" деген санатқа жатқызылған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












5.5.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "В-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар, "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздар; "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздар - баланстық құнның 80% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

80%












5.6.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына жатқызылған борыштық бағалы қағаздар - баланстық құнның 70% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

70%












6.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергенде, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" -тен төмен емес тәуелсіз рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар - баланстық құнның 100% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












7.

Шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар:

100%












"ВВВ-" -тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы ("Standard & Poor's" агенттігі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі) бар борыштық бағалы қағаздары

100%












күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-"-тен төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар эмитенттердің акциялары және осы акциялар базалық активтері болып табылатын депозитарлық қолхаттар - баланстық құнның 100% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












8.

күмәнді борыштар бойынша резервті шегергендегі, тізбесі осы Нұсқаулықтың 37-тармағында белгіленген халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары - баланстық құнның 100% көлемінде (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомасын ескере отырып)

100%












9.

халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін, Лондондық қымбат металдар рыногының қауымдастығы ( London billion market association) қабылдаған және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар және металды депозиттер, оның ішінде "Standard & Poor's" агенттігінің "А"-дан төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес - банктеріндегілер - баланстық құнның 100% көлемінде

100%












10.

Жоғары өтімді активтер жиынтығы – ЖӨА













11.

Соңғы есепті айдың соңындағы қайта сақтандырушының үлесін шегергендегі сақтандыру резервтері - СР













12.

Жоғары өтімді активтердің жеткіліктілігі нормативі