ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4718 тіркелген, 2007 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 121 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 30 маусымдағы N 99 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5273 тіркелген, 2008 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының N 9 санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 182 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5478 тіркелген, 2009 жылғы 17 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 24 (1447) санында жарияланған) қаулыларымен енгізілген өзгерістер мен және толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банкті ашуға рұқсат беру, сондай-ақ банктер бағалы қағаздар рыногында жүзеге асыратын қызметті, банктік және өзге операцияларды лицензиялау ережесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Осы ереже сондай-ақ ислам банктеріне қолданылады.";
7-тармақтың бірінші абзацында "құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының)" деген сөздер "жарғысының" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1 және 13-1-тармақтармен толықтырылсын:
"12-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 5-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша, ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.";
"13-1. Уәкілетті орган ислам банкіне осы Ереженің 6-1-қосымшасымен белгіленген нысан бойынша бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға және ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны береді.";
18-тармақта:
"7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша" деген сөздер мен цифр "7, 7-1-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен және цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Жаңадан құрылған ислам банкі ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішіне қосымша исламдық қаржыландыру принциптері бойынша кеңесті тағайындау туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімін қоса береді.";
24-тармақтың 1) тармақшасында "8-қосымшасына" деген сөз бен цифр "8, 8-1-қосымшаларына" деген сөз бен цифрлармен ауыстырылсын;
5-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;
6-қосымшаның 1-тармағы "өзге операцияларды" деген сөздерден кейін "(ұлттық және (немесе) шетел валютада)" деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулының 3 , 4 , 5-қосымшаларына сәйкес 6-1, 7-1, 8-1-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы ол бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Лицензиялау департаменті (Н.Қ. Қасқаманова):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.
Төрайым | Е. Бахмутова |
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Банктік және өзге операцияларды жүргізуге
Лицензия
Лицензияның нөмірі________ Берілген күні____жылғы "___"________
_____________________________________________________________________
банктің толық атауы
Осы лицензия операциялардың мынадай түрлерін (ұлттық және (немесе) шетел валютада) жүргізуге құқық береді:
1) банктік операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) өзге операцияларды:

Банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы"
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды
жүргізуге Лицензия
Лицензияның нөмірі________Берілген күні_____жылғы "___"________
_____________________________________________________________________
ислам банкінің толық атауы
Осы лицензия операциялардың мынадай түрлерін (ұлттық және (немесе) шетел валютада) жүргізуге құқық береді:
1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банкінің банктік операцияларды:
2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес банктік және өзге операцияларды:
1) банктік операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) өзге операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензиясы туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы"
Қазақстан Республикасының
елтаңбасы
Уәкілетті органның толық атауы
Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды және
бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге
Лицензия
Лицензияның нөмірі________Берілген күні____жылғы "___"_________
_____________________________________________________________________
ислам банкінің толық атауы
Осы лицензия мыналарды жүзеге асыруға құқық береді:
1. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-5-бабының 1-тармағына сәйкес ислам банкінің банктік операцияларды (ұлттық және (немесе) шетел валютада):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес банктік және өзге операцияларды (ұлттық және (немесе) шетел валютада):
1) банктік операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) өзге операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
ислам банкінің банктік және өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
Төраға (Төрағаның орынбасары)
Мөрдің орны
Алматы қаласы"
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)

(ислам банкінің толық атауы)
Өтініш
Банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және (немесе) шетел):
1) ислам банкінің банктік операцияларын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2) банктік және өзге операцияларды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс)
2. Ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге бірінші рет алынған лицензиясы туралы деректер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберген құжаттардың даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ислам банкі және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауапты болады.
Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы)
20__ жылғы "___"___________
Мөрдің орны"
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(ислам банкінің толық атауы)
Өтініш
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Банк туралы мәліметтер:
1. Атауы, орналасқан жері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)
_____________________________________________________________________
(телефон, факс).
2. Бірінші рет алынған лицензия туралы деректер:
ислам банкінің банктік және өзге операцияларды жүргізуге
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
ислам банкінің банктік және өзге операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметтерді жүргізуге:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)
3. Жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны мен әрқайсысы бойынша парақтар саны:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ислам банкі және акционерлер өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) шынайылығына толық жауапты болады.
Өтініш беруге өкілетті тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы _______________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы)
__ жылғы "___"____________
Мөрдің орны"