Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 161/306 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5653 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына және 41-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4779) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 90/171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Қ. Тұрғанқұлов
      Хатшы

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 3 сәуірдегі
№ 161/306 қаулысымен бекітілген

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары өңірлердегі сайлаушылардың қажеттілігіне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) әрбір түрінің қажетті санын белгілейді және оларды Қазақстан Республикасының сайлаушы - азаматтарының бірыңғай электрондық тізіліміне сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы бойынша сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы есебінен дайындауды қамтамасыз етеді, бұл туралы шешім қабылданған кезден бастап бір күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына хабарлайды.

      Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне дейін жиырма күннен кешіктірмей, тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына бөледі және береді.

      Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне дейін он алты күннен кешіктірмей есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына береді бөледі және.

      Өңірлерде қосымша есептен шығару куәліктерінің қажеттігі туындаған жағдайда облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша себептерін жазбаша түрде көрсете отырып, дауыс беру күніне дейін үш күннен кешіктірмей, есептен шығару куәліктерін қосымша дайындау туралы шешім қабылдайды.

      Бір мезгілде бірнеше сайлау өткізілген жағдайда Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың әрбір түрі бойынша есептен шығару куәлігінің әр түрлі түсін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.12.2020 № 49/378 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Есептен шығару куәліктерін жоғары тұрған сайлау комиссиясынан төмен тұрған сайлау комиссиясына беру жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағасы мен хатшысы қол қоятын, одан кейін олардың мөрлерімен расталатын, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру актісімен ресімделеді.

      Есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру актісі екі данада жасалады, олардың біреуі жоғары тұрған сайлау комиссиясында қалады, ал екіншісі төмен тұрған комиссияға беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сайлаушылардың тізімдерін жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға (не оның өкіліне сенімхат бойынша) оның осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші негізінде беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы "ескертпе" деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Учаскелік сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.

      Есептен шығару куәлігінде бес таңбалы сериялық нөмірі болады және мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:

      1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);

      2) сайлаушының туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);

      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі және оны берген органның атауы;

      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекенжайы;

      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі және оның орналасқан жері;

      6) сайлаудың атауы. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округі көрсетіледі. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерін сайлау кезінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін сайлау жөніндегі тиісті сайлау округі көрсетіледі;

      7) есептен шығару куәлігінің берілген күні;

      8) учаскелік сайлау комиссиясының мөрі;

      9) есептен шығару куәлігін берген учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.

      7. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.

      10. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.

      11. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.

      Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлаушы тек қағаз бюллетеньдермен ғана дауыс беруге қатысады.

      12. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны сайлаушылардың тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:

      1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

      2) сайлаушының туған күнін, ЖСН;

      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, нөмірін және оны берген органның атауын;

      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;

      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірін;

      6) есептен шығару куәлігінің сериялық нөмірін, оның берілген күнін көрсетіп енгізеді.

      Сайлаушы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде, егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса, сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.

      Сайлаушы, егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылардың тізіміне енгізілмейді.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Есептен шығару куәлігі сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі.

      14. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.

      15. Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы дауыс берілетін күннің алдындағы күні сағат 18-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді.

      16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Дауыс беру құқығын
беретін есептен шығару
куәліктерін беру және
есепке алу қағидаларына
1-қосымша

Дауыс беру құқығын беретін ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ № _____

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _________________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, ЖСН)

      ___________________________________________________ № _______________

      (сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)

      жылы _____ ___________ _______________________________________ берген,

      (берілген күні) (оны берген органның атауы)

      _____________________________________________________________ тұрады,

      (тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы)

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беретін күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі және

      _____ жылғы _______________________

      (сайлау күні)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (сайлаудың атауы)

      дауыс беруге құқылы.

      Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін № _____

      _____________________________________________________________________

      (сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, аудан, қала, қаладағы аудан, облыс)

      _____________________________________________________________________

      (облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі округ/ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі округ)

      Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы ______ _________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      МО

      _____ жылғы _______________________

      (есептен шығару куәлігі берілген күн)

      Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты қөрсеткен кезде жарамды

      ________________________________

      (есептен шығару куәлігінің бес

      таңбалы сериялық нөмірі)

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
беру және есепке
алу қағидаларына
2-қосымша

      ______ жылғы _____ ________________

      (сайлау күні)

Қазақстан Республикасы ______________________________ сайлауы жөніндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін қабылдау-беру АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ___ жылғы ____ __________________

      (акт жасалған күн)

      _____________________________________________________________________

                        (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)

      _____________________________________________________________________

                        (төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)

      _____________________________________________________________________

      (сериялық нөмірлері көрсетілген дауыс беру құқығын беретін есептен

      шығару куәліктерінің саны цифрмен және жазумен)

      Төраға __________________________________________ _________________

      (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Комиссия мүшелері:

      ______________________________________________ _____________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Төраға _____________________________________________ ______________________

      (төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Комиссия мүшелері:

      _______________________________ ___________ _________________________

            (қолы) (қолдың толық жазылуы)            (қолы)             (қолдың толық жазылуы)

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
3-қосымша
  Кімге
_____________________
(учаскелік сайлау
комиссиясының
атауы және орналасқан жері,
сайлау учаскесінің нөмірі)

Қазақстан Республикасы _________________________________________________________________ сайлауы жөніндегі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 14.05.2019 № 33/267 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ______ жылғы _____ ________________

      (сайлау күні)

      Мен,_____________________________________________________________________,

      (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні, ЖСН)

      ________________________________________________________ № _______________

      (сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)

      _____ жылғы ___________________ ________________________

                  (берілген күні)             (оны берген органның атауы)

      ___________________________________________________________________ берген,

      __________________________________________________________________ тұратын,

      (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)

      ________________________________________________________________байланысты

      сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру себебін көрсетеді)

      және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы

      Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беру құқығын

      беретін есептен шығару куәлігін беруді сұраймын.

                                    ________________________ _________________________

                                          (сайлаушының қолы) (қолдың толық жазылуы)

                                          _____ жылғы ______________________

                                                      (өтініш жасалған күн)

      Ескертпе: Сайлаушы өтінішті анық жазып, жеке өзі толтырады.

      Егер дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі сайлаушының өкіліне сенімхат бойынша беріледі, онда өтінішке сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.

  Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      № ________ сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы

      _______________________________________________________________

      (сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс)

      ____ жылғы ______________ ________

      (сайлау өткізілген күн)

      _________________________________

      (сайлаудың атауы)

      сайлауы бойынша пайдаланылмаған

      дауыс беру құқығын беретін есептен

      шығару куәліктерін жою туралы

      ____ жылғы ________ ______________

      (акт қабылданған күн)

      _________ сағ. ______________мин.

      (акт қабылданған уақыт)

АКТ

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы

      8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын

      беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларының

      15-тармағына сәйкес № ___ сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы санау

      нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару

      куәліктерінің мынадай санын анықтады:

      _____________________________________________________________________

      (cаны) (жазумен)

      _____________________________________________________________________

      (сериялық нөмірлері)

      және оларды _________________________________________________________

      (мөртабан басу, бұрыштарын кесу, тесу және т.б.)

      жолымен жойды

      Учаскелік сайлау комиссиясының

      төрағасы МО _______________ __________________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Учаскелік сайлау комиссиясы

      төрағасының орынбасары ____________ _________________________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Учаскелік сайлау комиссиясының ___________ __________________________

      хатшысы (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері:

      ____________ __________________________________ _____________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)

      ____________ __________________________________ _____________________

      (қолы) (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)