"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы
12-бабының
6), 6-1) тармақшаларына және
41-бабының
6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы
ереже
бекітілсін.
2. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4779) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы
N 90/171
қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Қ. Тұрғанқұлов
Хатшы Б. Мелдешов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 3 сәуірдегі
N 161/306 қаулысымен бекітілген
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берудің және есепке алудың тәртібі туралы ереже
1. Облыстық, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары тиісті облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы сайлаушылардың тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 1 % (бір проценті) есебінен баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі – есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (
1-қосымша
).
Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне кемінде он алты күн қалғанда, есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді және акт бойынша беруді қамтамасыз етеді.
2. Есептен шығару куәліктерін жоғары тұрған сайлау комиссиясынан төмен тұрған сайлау комиссиясына беру жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағасы (ол болмағанда – орынбасары немесе хатшысы) мен екі мүшесі қолдарын қойып, жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының мөрлерімен расталатын, есептен шығару куәліктерін беру актісімен (
2-қосымша
) ресімделеді. Акт екі данада жасалады, олардың біреуі жоғары тұрған сайлау комиссиясында қалдырылады, ал екіншісі төмен тұрған комиссияға беріледі.
3. Сайлаушылардың тізiмдерiн жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (
3-қосымша
) негізінде беріледі.
4. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсына "ескертпелер" деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазба енгізеді, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін көрсетеді және өзінің қолын қояды.
5. Учаскелiк сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
Есептен шығару куәлігінде мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:
1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты;
2) сайлаушының туған күні;
3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі және оны берген органның атауы;
4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы;
5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі мен оның орналасқан жері. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің нөмірі көрсетіледі;
6) есептен шығару куәлігінің берілген күні;
7) учаскелiк сайлау комиссиясының мөрі;
8) есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.
6. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.
7. Облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі есептен шығару куәлігі облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі есептен шығару куәлігі аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі басқа сайлау округінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
8. Бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді.
9. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.
10. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.
11. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлаушы тек қағаз бюллетеньдермен ғана дауыс беруге қатысады.
12. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны сайлаушылардың тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:
1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын;
2) сайлаушының туған күнін;
3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, нөмірін және оны берген органның атауын;
4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;
5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларының тізіміне енгізілген сайлау округінің нөмірі мен сайлау учаскесінің нөмірін;
6) есептен шығару куәлігінің сериялық нөмірін, оның берілген күнін көрсетіп енгізеді, соңынан өзінің қолын қояды.
Сайлаушы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде, егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса, сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.
Сайлаушы, егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылардың тізіміне енгізілмейді.
13. Есептен шығару куәлігі сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі.
14. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.
15. Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы дауыс берілетін күннің алдындағы күні сағат 18-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді.
16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді
(4-қосымша)
.
Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
берудің және есепке алудың
тәртібі туралы ережеге
1-қосымша
Қазақстан Республикасы _______________________________ сайлауы
______ жылғы "___"_________________
(сайлау күні)
Дауыс беру құқығын беретін
ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ N ___
____________________________________________________________________,
(сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
__________________________________________ N ______________________,
(жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (нөмірі)
______ жылы "____"_________________ ________________________________
(берілген күні) (оны берген органның атауы) _____________________________________________________________ берген,
_____________________________________________________________ тұрады,
(тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның
41-бабы
6–1-тармағының негізінде дауыс беретін күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі және
____________________________________________________________________
(аудандық мәслихаттың (округі көрсетілсін), облыстық
мәслихаттың
(округі көрсетілсін) депутатын,
____________________________________________________________________
Парламент Мәжілісінің депутатын, Президентті)
сайлауда дауыс беруге құқылы.
________________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері – ауыл (село), кент,
____________________________________________________________________
аудан, қала, қаладағы аудан, облыс)
N ____ сайлау округінің N_____ учаскелік сайлау комиссиясы берген.
Учаскелік сайлау комиссиясының М.О.
Төрағасы/
Мүшесі
________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
______ жылғы "_____"__________________
(куәлік берілген күн)
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.
Бес таңбалы сериялық нөмірі
Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
берудің және есепке алудың
тәртібі туралы ережеге
2-қосымша
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру
АКТІСІ
___________________________________________________________________
(жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
___________________________________________________________________
(төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)
____________________________________________________________________
(сериялық нөмірлері көрсетілген есептен шығару куәліктерінің саны
цифрмен және жазбаша)
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін берді.
200 __ жылғы "___"____________
_________________________________________
(жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Төрағасы (төрағасының
орынбасары, хатшысы)
___________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
МО
Комиссия мүшелері:
__________ _____________________ _________ ______________________
(қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы) (аты-жөні, тегі)
_________________________________________
(төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)
Төрағасы (төрағасының
орынбасары, хатшысы)
___________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
МО
Комиссия мүшелері:
__________ _____________________ __________ ____________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
берудің және есепке алудың
тәртібі туралы ережеге
3-қосымша
Кімге _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(учаскелік сайлау комиссиясының атауы)
Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәлігін алуға
ӨТІНІШ
Мен, ______________________________________________________________,
(сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_________________________________________ N _______________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (нөмірі)
______ жылы "____"_________ _______________________________________
(берілген күні) (оны берген органның атауы)
_____________________________________________________________ берген,
_____________________________________________________________________
(тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)
_____________________________________________________________ тұрушы,
____________________________________________________________________
(сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру себебін көрсетеді және
________________________________________________________ байланысты
оны растайтын құжаттарды танысу үшін ұсынады)
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның
41-бабы
6–1-тармағының негізінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беруді
СҰРАЙМЫН
.
Сайлаушы __________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
______ жылғы "_____"______________________
(өтініш жасалған күн)
Ескертпе: сайлаушы өтінішті анық жазып, жеке өзі толтырады.
Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
берудің және есепке алудың
тәртібі туралы ережеге
4-қосымша
____________________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері)
N
____ ________________________________________
сайлау учаскесінде
(атауы)
пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәліктерін жою туралы учаскелік сайлау комиссиясының
АКТІСІ
200 __ жылғы "___"____________
(сайлау күні)
Учаскелік сайлау комиссиясы санаудың нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерінің мынадай санын анықтады:
______________ ___________________________ ____________________ және
(санмен) (жазбаша) (сериялық нөмірі)
оларды ______________________________________________ жолымен жойды.
(мөртабан басу, бұрышын кесу, тесу және т.б.)
Комиссия төрағасы:
_________ ________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
М.О.
Комиссия
төрағасының орынбасары:
_________ ________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Комиссия хатшысы:
_________ ________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
Комиссия мүшелері:
_________ ______________________ ________ ___________________
(қолы) (аты-жөні, тегі) (қолы) (аты-жөні, тегі)
_________ ______________________ ________ ____________________
_________ ______________________ ________ ____________________
"_____" ____________________
(акт жасалған күн)