Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 161/306 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5653 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына және 41-бабы 6-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін дайындау мен табыс етудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, тіркеу N 4779) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 90/171 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға                                      Қ. Тұрғанқұлов

       Хатшы                                          Б. Мелдешов

Қазақстан Республикасы   
Орталық сайлау комиссиясының
2009 жылғы 3 сәуірдегі   
N 161/306 қаулысымен бекітілген

Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидалары

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Облыстың, Астана және Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары баспаханалық тәсілмен дайындалған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін (бұдан әрі - есептен шығару куәліктері) дауыс беру күніне кемінде отыз күн қалғанда аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жеткізуді және беруді қамтамасыз етеді (1-қосымша).
      Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары дауыс беру күніне кемінде он алты күн қалғанда, есептен шығару куәліктерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізуді және акт бойынша беруді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Орталық сайлау  комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2015 № 28/54 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Есептен шығару куәліктерін жоғары тұрған сайлау комиссиясынан төмен тұрған сайлау комиссиясына беру жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының төрағасы (ол болмағанда – орынбасары немесе хатшысы) мен екі мүшесі қолдарын қойып, жоғары тұрған және төмен тұрған сайлау комиссияларының мөрлерімен расталатын, есептен шығару куәліктерін беру актісімен (2-қосымша) ресімделеді. Акт екі данада жасалады, олардың біреуі жоғары тұрған сайлау комиссиясында қалдырылады, ал екіншісі төмен тұрған комиссияға беріледі.
      3. Сайлаушылардың тізімдерін жалпы жұрттың танысуы үшін ұсыну мен сайлау күні арасындағы кезеңде сайлаушы өзінің болатын орнын ауыстырған кезде есептен шығару куәлігі сайлаушыға оның есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші (3-қосымша) негізінде (не оның өкіліне сенімхат бойынша) беріледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау  комиссиясының 17.04.2015 № 28/54 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы «ескертпе» деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау  комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Учаскелiк сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
      Есептен шығару куәлігінде мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:
      1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты;
      2) сайлаушының туған күні;
      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі және оны берген органның атауы;
      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы;
      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі мен оның орналасқан жері. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округінің нөмірі көрсетіледі;
      6) есептен шығару куәлігінің берілген күні;
      7) учаскелiк сайлау комиссиясының мөрі;
      8) есептен шығару куәлігін берген учаскелiк сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.
      6. Сайлаушының есептен шығару куәлігін алу жөніндегі өтініші сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі және оны тиісті сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың тізімінен шығаруға негіз болып табылады.
      7. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау округінде немесе басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 04.02.2016 № 10/96 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді.
      10. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.
      11. Есептен шығару куәлігін көрсеткен кезде учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру күні сайлаушыны оның келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізеді.
      Есептен шығару куәлігінің негізінде сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлаушы тек қағаз бюллетеньдермен ғана дауыс беруге қатысады.
      12. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны сайлаушылардың тізіміне соңғыдан кейін келетін реттік нөмірмен:
      1) сайлаушының тегін, атын, әкесінің атын;
      2) сайлаушының туған күнін;
      3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күнін, нөмірін және оны берген органның атауын;
      4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайын;
      5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушыларының тізіміне енгізілген сайлау округінің нөмірі мен сайлау учаскесінің нөмірін;
      6) есептен шығару куәлігінің сериялық нөмірін, оның берілген күнін көрсетіп енгізеді.
      Сайлаушы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау кезінде, егер есептен шығару куәлігін басқа сайлау округінің учаскелік сайлау комиссиясы берген болса, сайлаушылар тізіміне енгізілмейді.
      Сайлаушы, егер есептен шығару куәлігі бір елді мекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде берілген болса, сайлаушылардың тізіміне енгізілмейді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Есептен шығару куәлігі сайлаушылардың тізіміне қоса тіркеледі.
      14. Есептен шығару куәліктерін беру дауыс берілетін күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.
      15. Учаскелік сайлау комиссияларында пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік сайлау комиссиясы дауыс берілетін күннің алдындағы күні сағат 18-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған сайлау комиссиясына береді.
      16. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары тиісті облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін жою туралы актілерді қоса тіркей отырып, есептен шығару куәліктерінің пайдаланылғаны туралы есеп береді (4-қосымша) .

Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін
беру және есепке алу   
қағидаларына       
1-қосымша         

Дауыс беру құқығын беретін
ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ № ___

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____________________________________________________________________
       (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
_____________________________________________________________________
№ ___________________________________________________________________
      (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі)
жылы ________ _______________________________________________________
               (берілген күні)        (оны берген органның атауы)
______________________________________________________________берген,
______________________________________________________________тұрады,
      (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы
Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беретін
күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне
енгізіледі және
______ жылғы ______ _________________________________________________
                               (cайлаудың атауы мен күні)
сайлауында дауыс беруге құқылы.
_____________________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, аудан, қала,
қаладағы аудан, облыс)____________________________ мәслихат депутатын
сайлау жөніндегі №_______________________ сайлау округінің
                     (мәслихат атауы)
№_____________сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы берген.

Учаскелік сайлау комиссиясының
Төрағасы       _______________________ ___________________________
                  МО    (қолы)            (қолдың толық жазылуы)
_______жылғы ______ ______________________
(есептен шығару куәлігі берілген күн)

      Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды
                                 ________________________________
                                   (есептен шығару куәлігінің
                                    бес таңбалы сериялық нөмірі)

Дауыс беру құқығын беретін
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша         

______ жылғы _____ ________________
            (сайлау күні)

Қазақстан Республикасы ______________________сайлауы жөніндегі
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру
АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___ жылғы ____ __________________
           (акт жасалған күн)

_____________________________________________________________________
         (жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
             (төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы)
_____________________________________________________________________
(сериялық нөмірлері көрсетілген дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәліктерінің саны цифрмен және жазумен)

Төраға __________________________________________ _________________
(жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО (қолы) (қолдың толық жазылуы)
Комиссия мүшелері:
______________________________________________ _____________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)          (қолы) (қолдың толық жазылуы)

Төраға
______________________________________________ ______________________
(төмен тұрған сайлау комиссиясының атауы) МО    (қолы) (қолдың толық жазылуы)

Комиссия мүшелері:
_______________________________ ___________ _________________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)      (қолы)     (қолдың толық жазылуы)

Дауыс беру құқығын беретін  
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына 
3-қосымша         

Кімге ________________________________________________
(учаскелік сайлау комиссиясының атауы және
орналасқан жері, сайлау учаскесінің нөмірі)

______ жылғы _____ ________________
       (сайлау күні) Қазақстан Республикасы _______________________сайлауы жөніндегі
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алуға
ӨТІНІШ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Мен,_________________________________________________________________
            (сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні)
______________________________________________________ № ____________
(сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)
_____жылғы ___________________ ___________ __________________________
           (берілген күні)          (оны берген органның атауы)
_____________________________________________________________________
берген, _____________________________________________________тұратын,
               (тұрғылықты жері тіркелген мекен-жайы)
___________________________________________________________байланысты
(сайлаушы өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру себебін көрсетеді және
           оны растайтын құжаттарды танысу үшін ұсынады)

      және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан
Республикасы Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде
дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін беруді сұраймын.

_____________________ _________________________
(сайлаушының қолы) (қолдың толық жазылуы)

_____ жылғы ______________________
            (өтініш жасалған күн)

Ескертпе: Сайлаушы өтінішті анық жазып, жеке өзі толтырады.

Дауыс беру құқығын беретін 
есептен шығару куәліктерін беру
және есепке алу қағидаларына
4-қосымша         

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 13.02.2015 № 2/255 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ ________ сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы
_______________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс)

____ жылғы ______________ ________
          (сайлау өткізілген күн)
_________________________________
      (сайлаудың атауы)

сайлауы бойынша пайдаланылмаған
дауыс беру құқығын беретін есептен
шығару куәліктерін жою туралы

____ жылғы ________ ______________
           (акт қабылданған күн)
_________ сағ. ______________мин.
       (акт қабылданған уақыт)

АКТ

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы
8 сәуірдегі № 161/306 қаулысымен бекітілген Дауыс беру құқығын
беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларының
15-тармағына сәйкес № ___ сайлау учаскесінің сайлау комиссиясы санау
нәтижесінде пайдаланылмаған дауыс беру құқығын беретін есептен шығару
куәліктерінің мынадай санын анықтады:
_____________________________________________________________________
      (cаны)              (жазумен)
_____________________________________________________________________
                          (сериялық нөмірлері)
және оларды _________________________________________________________
            (мөртабан басу, бұрыштарын кесу, тесу және т.б.)
жолымен жойды

Учаскелік сайлау комиссиясының
төрағасы        МО _______________ __________________________________
                      (қолы)           (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясы
төрағасының орынбасары ____________ _________________________________
                           (қолы)           (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясының ___________ __________________________
хатшысы                           (қолы)     (қолдың толық жазылуы)
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері:
____________ __________________________________ _____________________
   (қолы)       (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)
____________ __________________________________ _____________________
   (қолы)        (қолдың толық жазылуы) (қолы) (қолдың толық жазылуы)