Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 10 ақпандағы N 79, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 28, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 28-0 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5560 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 133 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 178 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 19.02.2016 № 133 және ҚР Білім және ғылым министрінің 26.02.2016 № 178 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бірлескен бұйрығымен.

      "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г.А. Ділімбетоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
       Денсаулық сақтау министрі                       Ж. Досқалиев

      Қазақстан Республикасының
       Білім және ғылым министрі                       Ж. Түймебаев

      Қазақстан Республикасының
       Еңбек және халықты әлеуметтік
       қорғау министрі                                Б. Сапарбаев

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 ақпандағы N 79
Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2
Қазақстан Республикасы  
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің    
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 28-0
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындау ережесі

      1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен айқындаудың тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.
      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – ағза функцияларының тұрақты бұзылуы салдарынан туындаған тыныс-тіршілігінің      шектелулерін бағалау негізінде, куәландырылушы адамның әлеуметтік қорғау және оңалту шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;
      2) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - орын алып отырған кемістіктерін анықтау және емдеудің, оқыту мен
тәрбиелеудің барабар жағдайларын айқындау үшін балалардың психофизикалық дамуын дисциплинаралық кешенді бағалау;
      3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация(ПМПК)– мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасау және консультация беру үшін құрылған арнаулы білім беру ұйымы;
      4) әлеуметтік бейімсіздену - жеке адамның қоршаған ортамен
өзара іс-әрекетінің бұзылуы;
      5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі және (немесе) олардан айрылуы;
      6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган -
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің      аумақтық органдары.
      3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметті
қызметкер айқындайды.
      4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
      5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарда (бұдан әрі - МӘҰ) қызмет көрсетілетін өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік
жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.
      6. Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау үшін білім беру, денсаулық сақтау және өзге де бейін мамандарының қорытындысы
қажет болған жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
уәкілетті орган тиісті комиссияны құрады.
      7. Мыналар:
      1) ағза функцияларының бұзылушылықтарына қарай
айқындалатын тыныс-тіршілігінің шектелуі:
      2) әлеуметтік бейімсіздену;
      3) әлеуметтік депривация;
      4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және
қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен. 
      8. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың (отбасылардың) арнаулы
әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
      1) ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау (1-қосымша);
      2) әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оқуға, еңбек қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын бақылауға жеке қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (2-қосымша);
      3) әлеуметтік депривациясы кезінде, өзіне өзі қызмет етудің және осы проблеманы отбасымен шешудің жеке қабілетіне қарай,  дербестік қабілетін айқындау негізінде (3-қосымша);
      4) әлеуметтік ортаны бағалау, өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде (4-қосымша) айқындалады
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.
      9. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес белгілейді.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.
      10. Балалардың психофизикалық және сөйлеу психикалық даму деңгейін ПМПК медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу негізінде айқындайды.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен. 
      11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам, не оның заңды өкілі немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі:
      1) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ-да қызмет көрсетілген жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға:
      2) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар МӘҰ тұрақты  немесе уақытша болған жағдайда - стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.     
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен. 
      12. Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,
МӘҰ және ПМПК ұсынған нәтижелердің, басқа да органдардан келген
ақпараттың негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары әлеуметтік бейімсіздену және
әлеуметтік депривация деңгейіне қарай, тыныс-тіршілігінің шектелуі негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін белгілейді.     
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және  
айқындаудың ережесіне    
1-қосымша           

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.

Баланың ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі
қызмет көрсетуге қабілетін айқындау

Т. А. Ә. __________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы___________________________________

N Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері Дәрежесі өзіне өзі қызмет
көрсетуді бағалау
Белгі
(+ немесе -)

1

Өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті

Бірінші

Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті


Екінші

Біреудің көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті


Үшінші

Өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу


2

Өздігінен жүріп-тұру қабілеті

Бірінші

Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті


Екінші

Көмекші құралдардың және жеке көмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті


Үшінші

Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу


3

Оқу қабілеті

Бірінші

Көмекші құралдарды пайдаланумен оқу қабілеті


Екінші

Арнаулы оқу орындарында немесе үй жағдайында көмекші құралдарды пайдаланумен оқу қабілеті


Үшінші

Оқуға қабілетсіздігі



Еңбек қызметіне қабілеті

Бірінші

Талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті




Екінші

Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті




Үшінші

Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу


Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және  
айқындаудың ережесіне    
2-қосымша           

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.

      Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне өзі қызмет
                 көрсетуге қабілетін айқындау

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________

N Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері Дәрежесі Қабілетінің  шектелуі Белгі
(+ немесе -)

1

Оқу қабілеті

Бірінші

Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе қосымша  құралдарды пайдалана отырып, және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі оқу орындарында оқу қабілеті


Екінші

Тек арнайы оқу орындарында немесе үй жағдайында арнайы бағдарламалар бойынша оқу қабілеті


Үшінші

Оқуға қабілетсіздігі


2

Еңбек қызметіне қабілеті

Бірінші

Біліктілігінің төмендеуі немесе өндірістік қызметі көлемінің азаюы жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін орындау қабілеті


Екінші

Қосымша құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалана отырып, және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындау қабілеті


Үшінші

Еңбек қызметін орындау қабілетінің болмауы


3

Бағдарлау қабілеті

Бірінші

Қосалқы құралдарды пайдалану жағдайында бағдарлау қабілеттілігі


Екінші

Басқа адамдардың көмегін талап ететін бағдарлау қабілеті


Үшінші

Бағдарлауға қабілетсіздік


4

Қарым-қатынас жасау қабілеті

Бірінші

Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру  жылдамдығын төмендетуді, көлемін азайтуды сипаттайтын қарым-қатынас жасау қабілеті





Екінші

Қосалқы құралдарды пайдалана отырып және/немесе басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасау қабілеті





Үшінші

Қарым-қатынас жасауға қабілетсіздік


5

Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті



Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі


Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ғана ішінара немесе толықтай бақылау қабілеті


Өз мінез-құлқын бақылау қабілетсіздігі


Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және  
айқындаудың ережесіне    
3-қосымша           

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.

           Әлеуметтік депривация кезінде өзіне өзі
             қызмет көрсетуге қабілетін айқындау

Т.А.Ә. ____________________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні_______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________

N Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері Дәрежесі Қабілетінің  шектелуі Белгі
(+ немесе -)

1

Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті

Бірінші

Өзіне-өзі қызмет  көрсетуге ішінара қабілеті


Екінші

Басқа адамдардың көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті


Үшінші

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу


2

өздігінен еңбек қызметіне қабілеті

Бірінші

Дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті


Екінші

Басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметіне ішінара қабілеті


Үшінші

Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толықтай тәуелді болу


Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және  
айқындаудың ережесіне    
4-қосымша           

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.03.18 N 186, ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.03.18 N 125 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 N 89-ө бірлескен бұйрығымен.

       Әлеуметтік ортаны бағалау

Т.А.Ә. _____________________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бағалау күні________________________________________________________
Негізі _____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________

N

Әлеуметтік ортаның қолайсыздығы

          Белгі        

1

Жетімдік


2

Ата-ана қамқорлығының болмауы


3

Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетінің шектелуі


4

Белгілі тұратын жерінің болмауы


5

Отбасының аз қамтамасыз етілуі


6

Қатігездік көруі


7

Созылмалы аурулар және бірге тұратын отбасы мүшелері денсаулығының ерекшелігі


8

Бірге тұратын отбасы мүшелерінің зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні және т.б. тұтынуы


9

Дінге көзқарасы


10

Отбасының өзара қарым-қатынасы, келіспеушілік мінез-құлықтар


11

Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, көтеріңкі бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.)


12

Бірге тұратын отбасы мүшелерінің тәрбиелеу, дамыту процесінде қатысуға дайындығы


13

Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсібі, білімі)


14

Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында өмірлік қиын жағдайда жүрген адам қандай көмек көрсетеді, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның үйдегі міндеттері)


15

Отбасындағы бос уақыт (өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы)


16

Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы)