"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3) тармақшасына сәйкес Б Ұ ЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Г.А. Ділімбетоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиев
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Б. Сапарбаев
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 10 ақпандағы N 79
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 2
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 қаңтардағы N 28-0
бірлескен бұйрығымен бекітілген
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындау ережесі
1. Осы Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және психоневрологиялық патологиясы бар балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге деген қажеттілігін бағалау мен айқындаудың тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) – ағза функцияларының тұрақты бұзылуы салдарынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелулерін бағалау негізінде, куәландырылушы адамның әлеуметтік қорғау және оңалту шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;
2) медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика - орын алып отырған кемістіктерін анықтау және емдеудің, оқыту мен
тәрбиелеудің барабар жағдайларын айқындау үшін балалардың психофизикалық дамуын дисциплинаралық кешенді бағалау;
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация(ПМПК)– мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностика жасау және консультация беру үшін құрылған арнаулы білім беру ұйымы;
4) әлеуметтік бейімсіздену - жеке адамның қоршаған ортамен
өзара іс-әрекетінің бұзылуы;
5) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өздігінен қанағаттандыру мүмкіндігінің шектелуі және (немесе) олардан айрылуы;
6) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган -
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық органдары.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемі шеңберіндегі арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметті
қызметкер айқындайды.
4. Жергілікті атқарушы органдар арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкердің қорытындысының негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.
5. Стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардағы (бұдан әрі – МӘҰ) психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған арнаулы
әлеуметтік қызметтердің түрлері мен көлемін осы МӘҰ-ның әлеуметтік
жұмыс жөніндегі маманы айқындайды.
6. Әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті айқындау үшін білім беру, денсаулық сақтау және өзге де бейін мамандарының қорытындысы
қажет болған жағдайда, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
уәкілетті орган тиісті комиссияны құрады.
7. Мыналар:
1) ағза функцияларының бұзылушылықтарына қарай
айқындалатын тыныс-тіршілігінің шектелуі:
2) әлеуметтік бейімсіздену;
3) әлеуметтік депривация;
4) адамның (отбасының) өмір сүруінің, қалыптасуының және
қызметінің материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларының жеткіліксіздігімен немесе болмауымен сипатталатын қолайсыз әлеуметтік орта – психоневрлогиялық патологиясы бар балалардың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін айқындау критерийлері болып табылады.
8. Психоневрлогиялық патологиясы бар балалардың арнаулы
әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті айқындау критерийлеріне сәйкес және мыналардың:
1) баланың ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетін айқындау (1-қосымша);
2) баланың әлеуметтік бейімсізденуі кезінде, оның оқуға, еңбек
қызметіне, бағдарлануға, қарым-қатынасқа және өзінің мінез-құлқын
бақылау қабілеттеріне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (2-қосымша);
3) баланың әлеуметтік депривациясы кезінде, оның өзіне өзі
қызмет ету және осы проблеманы отбасымен шешу қабілетіне қарай, дербестік қабілетін айқындау негізінде (3-қосымша);
4) әлеуметтік ортаны бағалау, баланың өмір сүруі үшін материалдық, экономикалық, әлеуметтік және рухани жағдайлардың жеткіліксіздігімен немесе болмауы негізінде (4-қосымша) айқындалады.
9. Психоневрлогиялық патологиясы бар балалардың тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесін халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі N 750 қаулысымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне сәйкес белгілейді.
10. Психоневрлогиялық патологиясы бар балалардың психофизикалық даму деңгейін ПМПК медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу негізінде айқындайды.
11. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен медициналық және психологиялық-педагогикалық диагностика нәтижелерін психоневрлогиялық патологиясы бар балалардың заңды өкілдері:
1) психоневрлогиялық патологиясы бар балалар үйде немесе жартылай стационарлық үлгідегі МӘҰ болған жағдайда – жергілікті атқарушы органдарға:
2) психоневрлогиялық патологиясы бар балалар МӘҰ тұрақты және уақытша болған жағдайда - стационарлық үлгідегі МӘҰ-ға ұсынады.
12. Мүгедек-баланы оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып,
МӘҰ және ПМПК ұсынған нәтижелердің, басқа да органдардан келген
ақпараттың негізінде жергілікті атқарушы органдар мен МӘҰ әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандары баланың әлеуметтік бейімсіздену және
әлеуметтік депривация деңгейіне қарай, тыныс-тіршілігінің шектелуі негізінде және әлеуметтік ортаның жай-күйіне байланысты әлеуметтік-
тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық,
әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтердің көлемін белгілейді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
қажеттілікті бағалау және
айқындаудың ережесіне
1-қосымша
Баланың ағза функцияларының бұзылу кезінде өзіне өзі
қызмет көрсетуге қабілетін айқындау
Баланың Т. А. Ә.___________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы___________________________________
N |
Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері |
Дәрежесі |
өзіне өзі қызмет |
Белгі |
1 |
Өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті |
Бірінші |
Қажетті жағдайлар жасалған кезде өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті |
|
Екінші |
Біреудің көмегімен өзіне өзі қызмет көрсету қабілеті |
|||
Үшінші |
Өзіне өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу |
|||
2 |
Өздігінен жүріп-тұру қабілеті |
Бірінші |
Көмекші құралдардың көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті |
|
Екінші |
Көмекші құралдардың және жеке көмекшінің көмегімен өздігінен жүріп-тұру қабілеті |
|||
Үшінші |
Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу |
|||
3 |
Оқу қабілеті |
Бірінші |
Көмекші құралдарды пайдаланумен оқу қабілеті |
|
Екінші |
Арнаулы оқу орындарында немесе үй жағдайында көмекші құралдарды пайдаланумен оқу қабілеті |
|||
Үшінші |
Оқуға қабілетсіздігі |
|||
Еңбек қызметіне қабілеті |
Бірінші |
Талаптарға сәйкес еңбек қызметіне қабілеті |
||
Екінші |
Басқа адамдардың көмегімен өздігінен еңбек қызметіне ішінара қабілеті |
|||
Үшінші |
Еңбек қызметіне қабілетсіздігі немесе басқа адамдарға толық тәуелді болу |
Арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындаудың
ережесіне 2-қосымша
Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне өзі қызмет
көрсетуге қабілетін айқындау
Баланың Т.А.Ә. ___________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні ______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________
N |
Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері |
Дәрежесі |
Қабілетінің шектелуі |
Белгі |
1 |
Оқу қабілеті |
Бірінші |
Оқу процесінің арнайы режимін сақтай отырып және/немесе қосымша құралдарды пайдалана отырып, және/немесе басқа адамдардың көмегімен жалпы үлгідегі оқу орындарында оқу қабілеті |
|
Екінші |
Тек арнайы оқу орындарында немесе үй жағдайында арнайы бағдарламалар бойынша оқу қабілеті |
|||
Үшінші |
Оқуға қабілетсіздігі |
|||
2 |
Еңбек қызметіне қабілеті |
Бірінші |
Біліктілігінің төмендеуі немесе өндірістік қызметі көлемінің азаюы жағдайларында, өз кәсібі бойынша жұмысты орындау мүмкін болмаған кезде еңбек қызметін орындау қабілеті |
|
Екінші |
Қосымша құралдарды және/немесе арнайы жабдықталған жұмыс орнын пайдалана отырып, және/немесе басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметін орындау қабілеті |
|||
Үшінші |
Еңбек қызметін орындау қабілетінің болмауы |
|||
3 |
Бағдарлау қабілеті |
Бірінші |
Қосалқы құралдарды пайдалану жағдайында бағдарлау қабілеттілігі |
|
Екінші |
Басқа адамдардың көмегін талап ететін бағдарлау қабілеті |
|||
Үшінші |
Бағдарлауға қабілетсіздік |
|||
4 |
Қарым-қатынас жасау қабілеті |
Бірінші |
Ақпаратты түсіну, қабылдау, беру жылдамдығын төмендетуді, көлемін азайтуды сипаттайтын қарым-қатынас жасау қабілеті |
|
|
Екінші |
Қосалқы құралдарды пайдалана отырып және/немесе басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасау қабілеті |
||
|
Үшінші |
Қарым-қатынас жасауға қабілетсіздік |
||
5 |
Өз мінез-құлқын бақылау қабілеті |
|
Өз мінез-құлқын дербес бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі |
|
Өз мінез-құлқын тек бөгде адамдардың көмегімен ғана ішінара немесе толықтай бақылау қабілеті |
||||
Өз мінез-құлқын бақылау қабілетсіздігі |
Арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындаудың
ережесіне 3-қосымша
Әлеуметтік депривация кезінде өзіне өзі
қызмет көрсетуге қабілетін айқындау
Баланың Т.А.Ә. ___________________________________________________
Туған күні ________________________________________________________
Бағалау күні_______________________________________________________
Негізі ____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы __________________________________
N |
Өзіне өзі қызмет көрсету критерийлері |
Дәрежесі |
Қабілетінің шектелуі |
Белгі |
1 |
Өзіне-өзі қызмет көрсету қабілеті |
Бірінші |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті |
|
Екінші |
Басқа адамдардың көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетуге ішінара қабілеті |
|||
Үшінші |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелді болу |
|||
2 |
өздігінен еңбек қызметіне қабілеті |
Бірінші |
Дербес еңбек қызметіне ішінара қабілеті |
|
Екінші |
Басқа адамдардың көмегімен еңбек қызметіне ішінара қабілеті |
|||
Үшінші |
Өздігінен жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толықтай тәуелді болу |
Арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қажеттілікті
бағалау және айқындаудың
ережесіне 4-қосымша
Баланың Т.А.Ә.______________________________________________________
Туған күні _________________________________________________________
Бағалау күні________________________________________________________
Негізі _____________________________________________________________
Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________
N |
Әлеуметтік ортаның қолайсыздығы |
Белгі |
1 |
Жетімдік |
|
2 |
Ата-ана қамқорлығының болмауы |
|
3 |
Тіршілік әрекетінің шектелуі |
|
4 |
Белгілі тұратын жерінің болмауы |
|
5 |
Отбасының аз қамтамасыз етілуі |
|
6 |
Қатігездік көруі |
|
7 |
Созылмалы аурулар және ата-ана денсаулығының ерекшелігі |
|
8 |
Ата-ананың зиянды әдеттері: алкогольді, есірткіні және темекіні және т.б. тұтынуы |
|
9 |
Дінге көзқарасы |
|
10 |
Ата-ананың өзара қарым-қатынасы, келіспеушілік мінез-құлықтар |
|
11 |
Тәрбиелеу стилі (гипер қамқорлық, көтеріңкі бақылау, қараусыздық, көңіл бөлмеу және т.б.) |
|
12 |
Ата-ананың тәрбиелеу, дамыту процесінде қатысуға дайындығы |
|
13 |
Әлеуметтік-еңбек ерекшеліктері (ата-ананың кәсібі, білімі) |
|
14 |
Әлеуметтік-тұрмыстық ерекшеліктері (отбасындағы тұрмыстық міндеттерді бөлу, отбасында бала қандай көмек көрсетеді, баланың үйдегі міндеттері) |
|
15 |
Отбасындағы бос уақыт (баланың бос уақытта/демалыс кезінде отбасының басқа мүшелерімен бірге қатысуы) |
|
16 |
Отбасының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері және проблемалары (бұрынғы және қазіргі құқықтық жағдайы, қамқорлықтағы адамның отбасында әлеуметтік-құқықтық қорғалуы) |