Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағының 1)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (Л.С. Ермакалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Алдабергенов |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы N 30-НҚ бұйрығына қосымша |
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
тізбесі
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.06.2015 № 430 бұйрығымен.
3. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды қорғау агенттігі төрағасының 28.03.2014 № 64-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 20 нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3517 нөмірмен тіркелген "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2005 жылғы 28 ақпандағы № 62-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 170 нөмірінде жарияланған "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2006 жылғы 8 тамыздағы № 196-НҚ бұйрығымен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4827 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 9 тамыздағы № 121 нөмірінде жарияланған "Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту Ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2007 жылғы 26 маусымдағы № 175-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) 2003 жылғы 19 наурыздағы № 80-НҚ бұйрығына:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) және тарифтік сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекiту ережесiнде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын.
5. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ бұйрығымен.
6. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.09.14 № 235-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
7. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 24.07.2013 № 219-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. "Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы тізілімінде № 3300 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2008 жылғы № 9 нөмірінде жарияланған) 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 472-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
4 тармақтың сегізінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы" деген сөздерден кейін "табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын.
9. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 26.07.2013 № 232-НҚ (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
10. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 08.05.2013 N 142-НҚ бұйрығымен.
11. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 19.07.2013 № 216-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. "Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3515 нөмірмен тіркелген), "Ресми газеттің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 нөмірінде жарияланған, "Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 71-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 18 маусымдағы 167-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4786 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2007 жылғы 27 шілдедегі № 114 нөмірінде жарияланған) 2005 жылғы 4 наурыздағы № 71-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"11-тармағының 15) тармақшасы мен 18-тармағының 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен" деген сөздер тиісінше "21-тармағының 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің мәмілелер жасау жөнінде өтініштер беру және оны қарау ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
5-тармақтың 5) тармақшадағы "иеліктен айыруға," деген сөздерден кейін "сондай-ақ" деген сөзбен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Уәкілетті органға берілетін құжаттар, ақпарат (мәліметтер) өтінішпен бірге тігілуге, нөмірленуге және өтініш беретін Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не растау құжаты болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталуға тиіс.";
10-тармақтағы "сот тәртібімен" деген сөздер "жоғары тұрған органға немесе сотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақтағы "жазбаша хабарламасын" деген сөздерден кейін "не Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын ақпаратты" деген сөздермен толықтырылсын;
20-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер Субъект бір мезгілде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық та, жергілікті де бөлімдеріне енгізілген жағдайда, онда өтініш Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген орны бойынша беріледі.";
23-тармақта:
4) тармақшадағы "мүлікті" деген сөзден кейін "өтінішті беру күніне алты айдан кешіктірілмей бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы "атауы" деген сөздің алдынан "өтінішті беру күніне алты айдан кешіктірілмей бекітілген" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Субъект жаңадан шығарылған және орналастырылмаған акцияларды сатып алған жағдайда соңғысы аталған бағалы қағаздардың шығарылуын растайтын құжат ұсынуға тиіс.".
13. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.01.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 24.07.2013 № 221-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. "Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетінің" 2005 жылғы 19 қарашада № 48 жарияланған) 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 286-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі:
"монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
"18-тармағының 1) тармақшасына", "2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен" деген сөздер тиісінше "21-тармағының 6) тармақшасына", "2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газды магистральдық таратушы құбырлары арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілерінің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
16. "Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4021 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің 2006 жылғы 2 ақпандағы № 17 нөмірінде жарияланған") 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 373-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептеу құралы істен шыққан жағдайда есептеу құралдарының орташа айлық көрсеткіштері бойынша ұсынылып отырған реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы өндіріп алу ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың:
1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
17. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. "Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4358 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 15 қыркүйектегі № 166 нөмірінде жарияланған) 2006 жылғы 7 тамыздағы № 192-НҚ бұйрығына:
кіріспедегі "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есептеу құралдарын сатып алу және орнату үшін ақыны өндіріп алу мөлшері мен тетігін келісу ережесінде:
1-тармақтағы "монополиялар" деген сөзден кейін "және реттелетін нарықтар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;";
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
19. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.12.28 № 417-НҚ бұйрығымен.
20. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 550 (бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.