Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Бұйрықтың кіріспесіне өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Темір жол көлігі мен порттар саласындағы реттеу мен бақылау жөніндегі департамент (Е.С.Жусанбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А. Токарева) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының, "Көліктік сервис орталығы" акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға |
"Магистральдық темір жол желісімен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 472-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар
қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің
іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда
ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің іске қосылған активтерінің реттелетін базасына пайда ставкасын есептеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Нұсқаулық магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілері (бұдан әрі - Субъект) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) құрамына кіретін және оларды есептеу мен бекіту, оның ішінде орташа мерзімді кезеңге есептеу мен бекіту кезінде пайданың ұйғарынды деңгейін есептеу тетігін нақтылайды.
3. Нұсқаулық магистральдық темір жол желісі мен кірме жолдар қызметтерін көрсетуші табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы негізді есептеу және алу мүмкіндігі мақсатында енгізіледі.
4. Осы нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
пайданың ұйғарынды деңгейі - тиімді жұмыс істеу және тұтынушыларға арналған қызметтерді (жұмыстарды, тауарларды) ұсыну сапасын жақсарту үшін Субъектінің алуға құқығы бар және уәкілетті орган бекітуге (келісуіне) жататын тариф құрамына кіретін пайда (салық салынғаннан кейінгі таза табыс);
іске қосылған активтердің коэффициенті - олардың технологиялық қуаттылығынан (магистральдық темір жол желісінің тасымалдау, өткізу қабілеттілігі) табиғи монополия субъектісіне жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және ұсынған кезде Субъектінің негізгі құралдарын нақты пайдалануын (іске қосылғанын) сипаттайтын проценттік көрінісіндегі көрсеткіш;
есепті кезең - Субъектілердің қызметтеріне тарифтерді белгілеуге немесе өзгертуге өтінім беру күні алдындағы қаржы жылы;
іске қосылған активтердің реттелетін базасы - Субъектінің жеке меншігіндегі және (немесе) Субъект табыс алуға құқығы бар қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және ұсынған кезде пайдаланатын активтердің реттелетін құны;
меншікті капитал - қатысушылардың немесе Субъекті акционерлерінің меншігіне жататын және қатысушыларға немесе Субъектінің акционерлеріне белгілі бір табыс алуға құқық беретін үлестердің немесе акциялардың белгілі бір санынан тұратын, сондай-ақ жинақталған бөлінбеген пайда капиталын және резервтік капиталды, есепті кезеңге Субъектінің баланстық деректері бойынша анықталатын қосымша төленген және қосымша төленбеген капиталды қамтитын капитал;
капиталдың құны - табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыруымен байланысты инвестициялық тәуекелдерді бейнелейтін қарыз және меншікті капиталдың табыстылығы ставкасын сипаттаушы шама;
Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.02.05 N 30-НҚ (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Пайданың ұйғарынды деңгейін айқындау тәртібі
5. Реттелетін қызметтердің (операциялардың) і түрі бойынша пайданың ұйғарынды деңгейі і қызметті (операцияны) көрсетуге іске қосылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда ставкасының көбейтіндісі ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
ПҰД і = АРБ і х ПС
мұндағы:
ПҰД і - реттелетін қызметтердің (операциялардың) і түрі бойынша пайданың ұйғарынды деңгейі, (теңге);
АРБ і - і қызметті (операцияны) көрсетуге іске қосылған активтердің реттелетін базасы, (теңге);
ПС - пайда ставкасы (%).
3. Субъектілердің іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасын айқындау тәртібі
6. Акциялардың бақылау пакеті мемлекеттің, сондай-ақ олармен қосылма заңды тұлғалардың иелігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың реттелетін қызметтер (операциялар) і түрі бойынша іске қосылған активтердің базасы активтердің іске қосылғандық коэффициентіне і қызметті (операцияны) көрсетуге іске қосылған активтердің нақты құны ретінде мынадай формула бойынша айқындалады:
АРБ і = АҚ і х Каі,
мұндағы:
АҚ і - і қызметті (операцияны) көрсетуге іске қосылған активтердің нақты құны, (теңге);
Каі - активтердің іске қосылғандық коэффициенті.
7. Реттелетін қызметтердің (операциялардың) і түрі бойынша Субъектінің активтерін бөлу:
магистральдық темір жол желісінің қызметтерін көрсетуші табиғи монополия субъектілері үшін Магистральдық темір жол желісінің қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес;
кірме жолдардың қызметтерін көрсетуші табиғи монополия субъектілері үшін Кірме жолдардың қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес бөлінеді.
8. Активтердің іске қосылғандық коэффициенті олардың технологиялық қуаттылығына (магистральдық темір жол желісінің тасымалдау, өткізу қабілеттілігі) Субъектінің негізгі құралдарымен өндірген және (немесе) ұсынған қызметтердің нақты көлемінің (алдыңғы төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін) ара қатынасы ретінде айқындалады.
9. Активтердің іске қосылғандық коэффициентін Субъект уәкілетті органның келісімімен айқындайды.
10. Активтердің нақты құны негізгі құралдардың және бәсекелестік негізінде таңдалған тәуелсіз бағалаушылармен оларды қайта бағалау нәтижесінде алынған табиғи монополия субъектісіне жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және ұсынған кезде пайдаланылатын Субъектінің материалдық емес активтерінің қалдық құнының негізінде айқындалады.
11. Осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілмеген Субъектілер үшін, сондай-ақ негізгі құралдары сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға, лизинг бойынша немесе басқа мәмілелер нәтижесінде алынған Субъектілер үшін:
реттелетін қызметтердің (операциялардың) і түрі бойынша іске қосылған активтердің реттелетін базасы иелігінде болған және (немесе) пайдаланған кезеңдегі (жыл сайынғы) нақты есептелген амортизациялық аударымдарды қоспағанда, нақты өндірілген (жыл сайынғы) инвестицияларды, негізгі құралдардың бастапқы құнының өсіруіне әкелген иелігінде болған және (немесе) пайдаланған кезеңдегі жөндеу және жұмыстардың басқа түрлерін ескере отырып, Субъектілердің негізгі құралдардың сатып алу (сатып алудың басқа тәсілдері) құның негізінде айқындалады;
акциялардың бақылау пакеті мемлекеттің, сондай-ақ олармен қосылма заңды тұлғалардың иелігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың реттелетін қызметтердің (операциялардың) і түрі бойынша реттелетін базасы осы Нұсқаулықтың 6, 7, 8, 9, 10-тармақтарына сәйкес айқындалады.
4. Іске қосылған активтердің реттелетін
базасына пайда ставкасын есептеу тәртібі
12. Іске қосылған активтердің реттелетін базасына пайда ставкасы пайданың ұйғарынды деңгейін есептеу үшін пайдаланылады (салық салынғаннан кейінгі таза табыс).
13. Магистральдық темір жол желісінің және кірме жолдардың қызметтерін көрсетуші табиғи монополия субъектілері үшін пайда ставкасы капиталдың орташа өлшенген құнының әдісі арқылы есептеледі (бұдан әрі - КОӨҚ) және мынадай формула бойынша айқындалады:
ПС (КОӨҚ) = ((1 - g) х r е ) - (g х r d )
мұндағы:
g - леверидж, қаржыландырудың жалпы құрылымында Субъектінің қарыз және меншікті капиталының ара қатынасын сипаттайтын шама болып табылады, яғни негізгі құралдарға соңғы жүргізген қайта бағалауды ескере отырып барлық капиталдың құрылымындағы нақты қарызға алған қаражаттардың үлесімі (меншікті және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі нөлден кем емес шама болып табылады. Субъектінің меншікті капититалының теріс мәні болған кезде леверидждің деңгейі 1-ге тең шаманы алады.
r е - меншікті капиталға сыйақы ставкасы (%);
r d - қарыз қаражатына сыйақы ставкасы (%);
Қарыз қаражатына сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:
r d = r f + БС,
мұндағы:
rf - тәуекелсіз ставка Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының деңгейіне тең қабылданады.
БС - борыштық міндеттемелерге сыйлықақының негізінде айқындалатын, Субъекті шығарған және айналыстың сол мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздарына қатысты айналыстағы, егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, Субъект бойынша тәуекел үшін борыштық сыйлықақы. Басқа жағдайда ол қызметтің ұқсас түрімен айналыстан және Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтінгісіне ие басқа Субъектілердің тәуекелі үшін борыштық сыйлықақыларды ескере отырып айқындалады.
Меншікті капиталға сыйақы ставкасы мынадай формула бойынша айқындалады:
r е = r f + r а ,
мұндағы:
r а - меншікті капиталға тәуекел үшін сыйлықақы. Меншікті капиталға тәуекел үшін сыйлықақыны белгілеген тәртіппен уәкілетті орган белгілейді.
Акционерлік капиталға сыйақының құны қарыз қаражатына сыйақы құнынан кем емес шама болып табылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010.11.29 N 331-НҚ (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.