Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес анықталсын.
2.
Тізбе келісуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсынылсын.
3.
Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі |
Шығыс Қазақстан облысы |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі
1.
Мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындары басшысы мен басшысының орынбасары;
2.
Бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі), филиал) басшысы мен басшысының орынбасары;
3.
Дәріхана меңгерушісі;
4.
Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
Шығыс Қазақстан облысы |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2012.04.02 № 67 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1.
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.
2.
Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, кітапханашы, емдәм бикесі, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, мәдени ұйымдастырушы, логопед, медициналық бике, психолог, шаштараз, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, фармацевт, фельдшер.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2012.07.02 № 152 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3.
Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген адамдар, оның ішінде барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші.
Шығыс Қазақстан облысының |
О. Кузовлева |
Шығыс Қазақстан облысы |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім мамандары лауазымдарының тізбесі
1.
Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, филиал директоры (меңгерушісі), кеңес, кәсіптік тәжірибе басшысы, (филиал, бөлім) бөлімше басшысының орынбасары, лагерь бастығы, кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, кабинет, оқу-өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
2.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог- психолог, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, режим бойынша аға кезекші, режим бойынша кезекші.
3.
Мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореогроф.
Білім департаментінің
директоры
Шығыс Қазақстан облысы |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2011.12.06 № 285 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы», «Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі
1.
Мемлекеттік мекеменің және мәдениет және мұрағат ісі қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшының орынбасары.
2.
Мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, сектор, бөлімшенің (бөлімнің) бөлімше басшысы.
3.
Мамандар (бас, аға), соның ішінде: мұрағатшы, археограф, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, мұрағат қорының сақтаушысы, сақтаушы, экскурсия жетекшісі.
4.
Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, мұражай бақылаушы.
Мәдениет басқармасының
бастығы
Шығыс Қазақстан облысы |
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген спорт мамандары лауазымдарының тізбесі
1.
Спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
2.
Мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
Дене шынықтыру және спорт
басқармасының бастығы