Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 421 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 ақпанда N 2477 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 118 қаулысымен

Күшін жойған
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.04.2016 № 118 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 1, 2, 3, 4, 5 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тізбе келісуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.
      Облыс әкімі

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2008 жылғы
  18 қаңтардағы N 421
  қаулысына 1 қосымша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындары басшысы мен басшысының орынбасары;
      2. Бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі), филиал) басшысы мен басшысының орынбасары;
      3. Дәріхана меңгерушісі;
      4. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).
      Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2008 жылғы
  18 қаңтардағы N 421
  қаулысына 2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі.
      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтар дәрігерлері, кітапханашы, емдәм бикесі, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, иппотерапия бойынша нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, мәдени ұйымдастырушы, логопед, медициналық бике, психолог, шаштараз, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, фармацевт, фельдшер.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2012.07.02 № 152 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген адамдар, оның ішінде барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші.
      Шығыс Қазақстан облысының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламаларды үйлестіру
      басқармасының бастығы О. Кузовлева

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2008 жылғы
  18 қаңтардағы N 421
  қаулысына 3 қосымша

      

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, филиал директоры (меңгерушісі), кеңес, кәсіптік тәжірибе басшысы, (филиал, бөлім) бөлімше басшысының орынбасары, лагерь бастығы, кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, кабинет, оқу-өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог- психолог, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, режим бойынша аға кезекші, режим бойынша кезекші.
      3. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореогроф.
      Білім департаментінің
      директоры

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2008 жылғы
  18 қаңтардағы N 421
  қаулысына 4 қосымша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік мекеменің және мәдениет және мұрағат ісі қазыналық кәсіпорнының басшысы мен басшының орынбасары.
      2. Мұрағат, мұрағат қоймасының меңгерушісі, сектор, бөлімшенің (бөлімнің) бөлімше басшысы.
      3. Мамандар (бас, аға), соның ішінде: мұрағатшы, археограф, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, мұрағат қорының сақтаушысы, сақтаушы, экскурсия жетекшісі.
      4. Техникалық орындаушылар: мұрағатшы, мұражай бақылаушы.
      Мәдениет басқармасының
      бастығы

  Шығыс Қазақстан облысы
  әкімдігінің 2008 жылғы
  18 қаңтардағы N 421
  қаулысына 5 қосымша

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 15.10.2014 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
      Дене шынықтыру және спорт
      басқармасының бастығы