Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы N 421 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 ақпанда N 2477 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) 1, 2, 3, 4, 5   қосымшаларға сәйкес анықталсын.
      2. Тізбе келісуге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қаңтардан туындаған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 қаңтардағы N 421
қаулысына 1 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан
облысының денсаулық сақтау департаменті"
мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Мемлекеттік мекемелері мен қазыналық кәсіпорындары басшысы мен басшысының орынбасары;
      2. Бөлімше (сектор, бөлімше бөлігі (бөлімі), филиал) басшысы мен басшысының орынбасары;
      3. Дәріхана меңгерушісі;
      4. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрігері, тіс технигі, зертханашы, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджері, психолог, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, фармацевт, фельдшер (зертханашы).

      Денсаулық сақтау
      департаментінің директоры

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 қаңтардағы N 421
қаулысына 2 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан
облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік
қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;
      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде барлық мамандықтағы дәрігерлер, медициналық бике, фельдшер, фармацевт, мәдени ұйымдастырушы.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламаларды үйлестіру
      департаментінің директоры

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 қаңтардағы N 421
қаулысына 3 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан
облысының білім департаменті" мемлекеттік мекемесінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген білім мамандары
лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын, орталық, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары, филиал директоры (меңгерушісі), кеңес, кәсіптік тәжірибе басшысы, (филиал, бөлім) бөлімше басшысының орынбасары, лагерь бастығы, кітапхана, интернат, шеберхана, өндіріс, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес, кабинет, оқу-өндірістік пункт, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдары: барлық мамандықтар мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, аға шебер, шебер, аға тәлімгер, оқытушы, концертмейстер, әдістемеші, көркем жетекші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім педагогы, педагог- психолог, тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім, режим бойынша аға кезекші, режим бойынша кезекші.
      3. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, тәлімгер, хореогроф.

      Білім департаментінің
      директоры

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 қаңтардағы N 421
қаулысына 4 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан
облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық
айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары
лауазымдарының тізбесі

      1. Мәдениет мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы.
      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: инспектор, мәдени ұйымдастырушы, мұражайлардағы қорларды сақтаушы, экскурсовод.
      3. Техникалық орындаушылар, соның ішінде: мұражай қараушысы.

      Мәдениет басқармасының
      бастығы

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2008 жылғы
18 қаңтардағы N 421
қаулысына 5 қосымша

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі "Шығыс Қазақстан
облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің ауылдық (селолық) жердегі
жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру
белгіленген спорт мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Спорт мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.

      Дене шынықтыру және спорт
      басқармасының бастығы