Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 6/86-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 сәуірде № 1983 тіркелді

Жаңартылған
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.09.21 N 44/432-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

  Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N 6/86-IV шешіміне
қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар тізілімі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 28.03.2013 № 12/96-V (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен; өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 15.04.2014 № 26/211-V; 09.12.2015 № 44/370-V; 25.02.2016 № 47/390-V шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қосымша дәрі-дәрмектердің аталуы
Азаматтар санаты
Гемагглютинин - "А" типті ботулиниялық токсин кешені 500 ЕД (Диспорт)
Барлық санаттар
Бозентан (Траклир) 125 мг
Пульмикорт 500 мкг
Селлсепт (микофенолата мофетил) 150 мг
Силденафил 50 мг
Трентал 400 мг
Урсофальк 250 мл
Флуимуцил 600 мг
Циклоспорин А 35 мг
Сандостатин 0,1мг/мл
Руксолитиниб 15 мг, 5 мг
Алглюкозидаза альфа 50 мг
Экулизумаб 300 мг
Тобрамицин 300 мг