Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 6/86-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 сәуірде N 1983 тіркелді

Қолданыстағы

      "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 ақпандағы Заңының 8-бабы 1 тармағы 1) тармақшасы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N 6/86-IV шешіміне
қосымша    

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
тізімі

Қосымша дәрі-дәрмектердің аталуы

Азаматтар санаты

имиглюцераза
(церезим, цередаза)

18-ге толмаған тұлғалар