Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 6/86-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 29 сәуірде N 1983 тіркелді

Жаңартылған

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.09.21 N 44/432-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен. 

      1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін дәрілік заттар қосымша берілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Оңтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2008 жылғы 11 сәуірдегі
N 6/86-IV шешіміне
қосымша    

Облыстық бюджет қаражаты есебінен Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша тегін қосымша берілетін дәрілік заттар
тізімі

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011.09.21 N 44/432-IV (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

Қосымша дәрі-дәрмектердің аталуы Азаматтар санаты

имиглюцераза
(церезим, цередаза)

18-ге толмаған тұлғалар

Гемагглютинин-«А» типті ботулиниялық токсин кешені 500 ЕД (Диспорт)

Барлық санаттар