2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы

Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 15/140 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 24 желтоқсанда N 11-1-100 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және облыстық мәслихаттың «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 10/116 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 2034 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
     1) кірістер – 10 066 482 мың теңге, соның ішінде:
      салықтық түсімдер – 7 154 349 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер – 262 938 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 630 691 мың теңге;
      трансферттер түсімі – 2 018 504 мың теңге;
      2) шығындар – 10 714 374 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, соның ішінде:
      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
      4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 80 223 мың теңге, соның ішінде:
      қаржы активтерiн сатып алу – 80 223 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдері – 0 теңге;
      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 728 115 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 728 115 мың теңге, соның ішінде:
      қарыздар түсімі – 48 975 мың теңге;
      қарыздарды өтеу – 178 377 мың теңге;
      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 857 517 мың теңге.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтау қалалық мәслихатының 2009.06.24 № 20/182 Шешімімен.

      2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістер бөлу нормативтері мыналар бойынша төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:
      төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы –  18,3 пайыз;
      төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталмайтын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      әлеуметтік салық – 16,6 пайыз.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009.02.12 N 17/157, 2009.04.17 N 18/165, 2009.06.24 № 20/182 Шешімдерімен.

      3. Қалалық бюджеттен бөлінетін, азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер мынадай көлемде бекітілсін:
      1)1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері;
      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға);
      2)1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері;
      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      жалғызілікті зейнеткерлерге;
      3) ай сайынғы қосымша үстемақы:
      облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      қаланың құрметті азаматтарының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің үй ішіндегі электр қондырғыларының қызмет етуіне 58 теңге;
      4) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер құрметіне бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Жеңіс күніне (9 мамыр):
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 30 000 теңге мөлшерінде;
      Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге 25 000 теңге мөлшерінде;
      Ауғанстанда әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге 20 000 теңге мөлшерінде;
      Чернобыль АЭС-дағы апаттың салдарын жоюға қатысқан және Чернобыль АЭС- дағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 20 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 000 теңге мөлшерінде;
      Қарттар күніне (1 қазан):
      70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі):
      барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек-балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қазақстан Республикасы күніне (25 қазан):
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қала күніне:
      қаланың құрметті азаматтарына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) бір жолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС мүгедектеріне тіс протездерін дайындауға 10 000 теңгеге дейін;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне–таңдауы бойынша облыстық қоғамдық-саяси газеттің бір түріне жазылу үшін мерзімді баспасөзге жылдық жазылу құны;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне амбулаториялық ем алу кезінде дәрі-дәрмек сатып алуға 5000 теңге көлемінде;
      аз қамтылған азаматтар мен аса мүжәлсіз азаматтардың басына қиын жағдай туғанда, қалалық бюджеттің қаражатынан берілетін біржолғы материалдық көмек;
      7) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқуды төлеу мақсатымен жалпы орта білім беру мектептерінің түлектеріне әлеуметтік көмек.

      4. Ауылдық елді мекендерде жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына осы қызмет түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын мамандармен салыстырғанда, 25 пайызға көтеріңкі жалақы және тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      5. Ақтау қалалық Мәслихатының шешімі анықтайтын тәртіп бойынша, қала білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге құқық берілсін.

      6. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен білім беру мемлекеттік ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге 27 409 мың теңге сомасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін.
      6-1. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін, оның ішінде:
      мемлекеттік негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерін физика, химия және биология оқу кабинеттерімен қамтамасыз етуге – 12 291 мың теңге;
      мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мекемелеріне лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасақтауға – 16 623 мың теңге;
      білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізуге – 38 145 мың теңге;
      6-2. *
      6-3. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы шараларға нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 8 160 мың теңге;
      аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 3 025 мың теңге;
      медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормасын өсіруге – 2 000 мың теңге;
      6-4. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке ауыл мекендерінің әлеуметтік сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге 802 мың теңге көлемінде нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін;
      6-5. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру шеңберінде нөлдік сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі бойынша 1 179 310 мың теңге көлемінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелер қаралғаны ескерілсін, соның ішінде:
      мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының үйін салуға – 594 000 мың теңге;
      құрылысы "100 мектеп және 100 аурухана" жобасы аясында іске асырылып отырған, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне арналған үй құрылысын аяқтау мақсатында қала бюджетін несиелендіруге – 48 975 мың теңге;
      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға – 544 000 мың теңге;
      Ескерту: 6-5 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2009.04.17 N 18/165 Шешімімен.
      6-6. *
      6-7. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында сыйақының (мүдденің) «нөлдік» ставкасы арқылы тұрғын-үй құрылысына бұрын алынған қарыз бойынша тұрғындарға пәтер сатудан 252 507 мың теңге көлемінде түсімдер қаралғаны ескерілсін.
      Қайтқан қаражат мыналарға:
      178 377 мың теңге – қалалық бюджеттен облыстық бюджетке қарызын өтеуге;
      74 130 мың теңге – 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын-үй Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында сыйақының (мүдденің) «нөлдік» ставкасы арқылы тұрғын-үй салуының аяқталуына бағытталсын.
      6-8. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру аясындағы шараларды қаржыландыруға 700 961 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы және даму трансферттері қаралғаны ескерілсін.
      6-9. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейтуге 71 088 мың теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін, соның ішінде:
      жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейтуге – 17 088 мың теңге;
      әлеуметтік жұмыс орындарын құруға – 54 000 мың теңге.
      Ескерту. 6 тармаққа толықтырулар енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009.02.12 N 17/157, 2009.05.07 N 19/177 Шешімімен.

      7. Қала әкімдігінің резерві 45 822 мың теңге сомасында бекітілсін.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009.02.12 N 17/157 Шешімімен.

      8. 2 - қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған қалалық бюджеттің 2009 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      9. 3 - қосымшаға сәйкес 2009 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

      10. 4 - қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы бойынша 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

      11. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             Ы. Көшербай

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                   Ж. Матаев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі» ММ-нің бастығы
      _________________А.Н.Ким
      2008 жылы 23 желтоқсан

2009 жылғы 24 маусымдағы № 20/182
қалалық мәслихаттың шешіміне
1 қосымша

2009 жылға арналған Ақтау қаласының бюджеті

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтау қалалық мәслихатының 2009.06.24 № 20/182 Шешімімен.

Сыныбы

Iшкi сыныбы

Атауы

Сомасы, мың теңге



1. КІРІСТЕР

10 066 482



Салықтық түсiмдер

7 154 349

01


Табыс салығы

2 793 332


2

Жеке табыс салығы

2 793 332

03


Әлеуметтік салық

1 856 934


1

Әлеуметтік салық

1 856 934

04


Меншiкке салынатын салықтар

1 903 282


1

Мүлiкке салынатын салықтар

1 315 996


3

Жер салығы

291 522


4

Көлiк құралдарына салынатын салық

295 738


5

Бірыңғай жер салығы

26

05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

377 561


2

Акциздер

54 049


3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

191 116


4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметті жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

132 396

08


Заңдық мәндi iс-әрекеттердi жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін   алынатын міндетті төлемдер

223 240


1

Мемлекеттiк баж

223 240



Салықтық емес түсімдер

262 938

01


Мемлекет меншігінен түсетін кірістер

33 734


1

Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсі бөлiгiндегі түсiмдер

11 550


5

Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

22 184

02


Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер

2 766


1

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер

2 766

03


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

42


1

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткізуден түсетiн ақша түсімдері

42

04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын  және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

213 052


1

Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын  және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

213 052

06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

13 344


1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

13 344



Негізгі капиталды сатудан түсетiн түсімдер

630 691

01


Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату

257 356


1

Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату

257 356

03


Жерді және материалдық емес активтерді сату

373 335


1

Жерді сату

300 000


2

Материалдық емес активтерді сату

73 335



Трансферттер түсімі

2 018 504

02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

2 018 504


2

Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер

2 018 504

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы, мың тенге




2. ШЫҒЫНДАР

10  714  374

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету

152 731


112


Қалалық мәслихаттың аппараты

10 026



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету

10 026


122


Қала әкімінің аппараты

94 353



001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

94 353


123


Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

7 391



001

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

7 391


452


Қаржы бөлімі

29 330



001

Қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

13 846



004

Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру

11 984



011

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату

3 500


453


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

11 631



001

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

11 631

2



Қорғаныс

8 413


122


Қала әкімінің аппараты

8 413



005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

8 413

3



Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

70 033


458


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

70 033



021

Елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

70 033

4



Білім беру

4 434 027


464


Білім беру бөлімі

4 328 150



001

Білім беру бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

17 840



003

Жалпы білім беру

2 573 195



004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

10 500



005

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу

27 409



006

Балалар үшін қосымша білім беру

175 082



007

Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу

11 647



009

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

1 199 858



010

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу

38 145



011

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін күрделі, ағымды жөндеу

274 474


467


Құрылыс бөлімі

105 877



037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

105 877

6



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

526 352


123


Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

373



003

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

373


451


Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

490 466



001

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

39 893



002

Еңбекпен қамту бағдарламасы

117 770



005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

20 130



006

Тұрғын үй көмегі

9 415



007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

201 722



010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

4 500



011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

1 424



013

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

22 269



014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

51 236



016

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

7 296



017

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету

14 811


464


Білім беру бөлімі

35 513



008

Білім беру ұйымдарының күндiзгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерiн әлеуметтік қолдау

35 513

7



Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық

3 977 611

 

123

 

Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

18 924



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

2 377



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

9 327



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

7 220


467


Құрылыс бөлімі

2 776 278



003

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы

729 423



004

Инженерлік коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

688 478



005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

140 673



006

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

906 046



007

Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту

11 658



031

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және елді-мекендерді көркейту

300 000


458


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1 182 409



002

Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, соның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру

12 000



003

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру

600



012

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі

25 829



015

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

115 935



016

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

304 150



017

Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу

9 750



018

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

543 058



030

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеу және  елді-мекендерді көркейту

171 087

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

219 978


455


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

191 035



001

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

6 050



003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

161 412



006

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

23 573


456


Ішкі саясат бөлімі

13 352



001

Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

7 622



002

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат caяcaтын жүргізу

3 870



003

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру

1 860


465


Дене шынықтыру және спорт бөлімі

15 591



001

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

4 017



006

Аудандық (облыс маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

7 078



007

Әртүрлері спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

4 496

9



Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

328 941


467


Құрылыс бөлімі

328 941



009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

328 941

10



Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

14 488


453


Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

802



099

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

802


462


Ауыл шаруашылық бөлімі

256



001

Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

256


463


Жер қатынастар бөлімі

13 430



001

Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

12 800



006

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру

630

11



Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

32 281


467


Құрылыс бөлімі

9 240



001

Құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

9 240


468


Сәулет және қала құрылысы бөлімі

23 041



001

Қала құрылысы және сәулет  бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

15 941



003

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

7 100

12



Көлік және коммуникация

824 179


458


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

824 179



008

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қала және елді-мекендер көшелерін жөндеу және ұстау

500 000



022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

34 800



023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

289 379

13



Басқалар

122 871


454


Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі

61 067



001

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметін қамтамасыз ету

7 305



006

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

53 762


452


Қаржы бөлімі

45 822



012

Жергілікті атқарушы органның резерві

45 822


458


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

15 982



001

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

15 982

15



Трансфертер

2 469


452


Қаржы бөлімі

2 469



006

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару

2 469




3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ

0




Бюджеттік кредиттер

0




Бюджеттік кредиттерді өтеу

0




4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

80 223




Қаржы активтерін сатып алу

80 223

13



Басқалар

80 223


452


Қаржы бөлімі

80 223



014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

80 223




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-728 115




6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ)

728 115




Қарыздар түсімі

48 975




Қарыздарды өтеу

178 377




Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

857 517

2009 жылғы маусымдағы № 20/182
қалалық мәслихаттың шешіміне
2-қосымша

БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ (БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ) ІСКЕ АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА БӨЛІНГЕН, 2009 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтау қалалық мәслихатының 2009.06.24 № 20/182 Шешімімен.

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі

Бағдарлама

Атауы

Инвестициялық жобалар

4



Білім беру


467


Қала құрылысы бөлімі



037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

7



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


467


Қала құрылысы бөлімі



003

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу



004

Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу



005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту



006

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту



007

Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту



031

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және елді-мекендерді көркейту

9



Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану


467


Қала құрылысы бөлімі



009

Жылу - энергетикалық жүйені дамыту

12



Көлік және коммуникациялар


458


Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі



022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Инвестициялық бағдарламалар

13



Басқалар


452


Қаржы бөлімі



014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 15/140 қалалық мәслихаттың шешіміне
3 қосымша

2009 ЖЫЛЫ ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНДА СЕКВЕСТОРҒА ЖАТПАЙТЫН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

4



Бiлiм беру


464


Білім беру бөлімі



003

Жалпы бiлiм беру

2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 15/140 қалалық мәслихаттың шешіміне
4 қосымша

2009 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӨМІРЗАҚ СЕЛОСІ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА ТІЗБЕСІ

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі

Бағдарлама

Атауы

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



001

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

6



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



003

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

7



Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру