2009 жылға арналған қалалық бюджет туралы

Ақтау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 15/140 шешімі. Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылдың 24 желтоқсанда N 11-1-100 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және облыстық мәслихаттың «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 10/116 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 2034 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 2009 жылға арналған қалалық бюджет 1 - қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
     1) кірістер – 9 260 641 мың теңге, соның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша – 6 579 168 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша – 162 938 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 630 691 мың теңге;
      трансферттердің түсімдері бойынша – 1 887 844 мың теңге;
      2) шығындар – 9 929 598 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредит беру – 0 теңге соның ішінде:
      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
      4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 51 493 мың теңге, соның ішінде:
      қаржы активтерiн сатып алуға – 51 493 мың теңге;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдері – 0 теңге;
      5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 720 450 мың теңге;
      6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 720 450 мың теңге, соның ішінде:
      қарыздар түсімі – 115 440 мың теңге;
      қарыздарды өтеу – 252 507 мың теңге;
      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 857 517 мың теңге.
       Ескерту. 1 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

      2. Салықтық түсімдер бойынша қалалық бюджетке кірістер бөлу нормативтері мыналар бойынша төмендегідей көлемде белгіленгені ескерілсін:
      төлем көзінен ұсталатын кірістен алынатын жеке табыс салығы –  12,6 пайыз;
      төлем көзінен ұсталмайтын кірістен алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      қызметін біржолғы талондар бойынша жүзеге асыратын жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      төлем көзінен салық салынатын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталмайтын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
      әлеуметтік салық – 14,9 пайыз.
       Ескерту. 2 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

      3. Қалалық бюджеттен бөлінетін, азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдер мынадай көлемде бекітілсін:
      1)1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері;
      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға);
      2)1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлері;
      мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
      жалғызілікті зейнеткерлерге;
      3) ай сайынғы қосымша үстемақы:
      облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      қаланың құрметті азаматтарының, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің үй ішіндегі электр қондырғыларының қызмет етуіне 58 теңге;
      4) 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер құрметіне бір жолғы әлеуметтік көмек:
      Ұлы Жеңіс күніне (9 мамыр):
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 30 000 теңге мөлшерінде;
      Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге 25 000 теңге мөлшерінде;
      Ауғанстанда әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілерге 20 000 теңге мөлшерінде;
      Чернобыль АЭС-дағы апаттың салдарын жоюға қатысқан және Чернобыль АЭС- дағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 20 000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысы жылдары жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдармен марапатталған адамдарға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендер (қызмет еткендер) және тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін орден, медальдарымен марапатталмаған адамдарға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 000 теңге мөлшерінде;
      Қарттар күніне (1 қазан):
      70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлерге 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Мүгедектер күніне (қазанның екінші жексенбісі):
      барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек-балаларға 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қазақстан Республикасы күніне (25 қазан):
      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қала күніне:
      қаланың құрметті азаматтарына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      6) бір жолғы материалдық көмек:
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, Чернобыль АЭС мүгедектеріне тіс протездерін дайындауға 10 000 теңгеге дейін;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне–таңдауы бойынша облыстық қоғамдық-саяси газеттің бір түріне жазылу үшін мерзімді баспасөзге жылдық жазылу құны;
      Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне амбулаториялық ем алу кезінде дәрі-дәрмек сатып алуға 5000 теңге көлемінде;
      аз қамтылған азаматтар мен аса мүжәлсіз азаматтардың басына қиын жағдай туғанда, қалалық бюджеттің қаражатынан берілетін біржолғы материалдық көмек;
      7) Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқуды төлеу мақсатымен жалпы орта білім беру мектептерінің түлектеріне әлеуметтік көмек.

      4. Ауылдық елді мекендерде жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына осы қызмет түрлерімен қалалық жағдайларда айналысатын мамандармен салыстырғанда, 25 пайызға көтеріңкі жалақы және тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.

      5. Ақтау қалалық Мәслихатының шешімі анықтайтын тәртіп бойынша, қала білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге құқық берілсін.

      6. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен білім беру мемлекеттік ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуге 27 409 мың теңге сомасындағы нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін.
      6-1. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке Қазақстан Республикасындағы білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін, оның ішінде:
      мемлекеттік негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерін физика, химия және биология оқу кабинеттерімен қамтамасыз етуге – 12 291 мың теңге;
      мемлекеттік бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім мекемелеріне лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасақтауға – 16 623 мың теңге;
      білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізуге – 38 145 мың теңге;
      6-2. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке білім беру объектілерін салуға және қайта салуға 641 574 мың теңге нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін;
      6-3. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке әлеуметтік қамсыздандыру аясындағы шараларға нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін:
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 8 000 мың теңге;
      аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге – 3 000 мың теңге;
      медициналық-әлеуметтік мекемелерде тамақтану нормасын өсіруге – 2 000 мың теңге;
      6-4. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен қалалық бюджетке ауыл мекендерінің әлеуметтік сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетуге 802 мың теңге көлемінде нысаналы ағымдағы трансферттер қаралғаны ескерілсін;
      6-5. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте республикалық бюджеттен 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру шеңберінде нөлдік сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі бойынша 1 179 310 мың теңге көлемінде нысаналы трансферттер мен бюджеттік несиелер қаралғаны ескерілсін, соның ішінде:
      мемлекеттік коммуналдық тұрғын-үй қорының үйін салуға – 594 000 мың теңге;
      құрылысы "100 мектеп және 100 аурухана" жобасы аясында іске асырылып отырған, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне арналған үй құрылысын аяқтау мақсатында қала бюджетін несиелендіруге – 41 310 мың теңге;
      инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға – 544 000 мың теңге;
      6-6. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын icкe асыру шеңберінде нөлдік сыйақы (мүдде) мөлшерлемесі бойынша үй құрылысын аяқтауға 74 130 мың теңге көлемінде бюджеттік жоспарлау несиелер қаралғаны ескерілсін;
      6-7. 2009 жылға арналған қалалық бюджетте Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында сыйақының (мүдденің) "нөлдік" ставкасы арқылы тұрғын-үй құрылысына бұрын алынған қарыз бойынша тұрғындарға пәтер сатудан 252 507 мың теңге көлемінде түсімдер қаралғаны ескерілсін.
      Қайтарым қаражаттары қалалық бюджеттен облыстық бюджетке қарызын өтеуге жұмсалсын.
       Ескерту. 6 тармаққа толықтырулар енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

      7. Қала әкімдігінің резерві 45 822 мың теңге сомасында бекітілсін.
       Ескерту. 7 тармаққа өзгертулер енгізілді - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

      8. 2 - қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған қалалық бюджеттің 2009 жылға арналған бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.

      9. 3 - қосымшаға сәйкес 2009 жылы қалалық бюджеттің орындалу барысында секвесторға жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі бекітілсін.

      10. 4 - қосымшаға сәйкес Өмірзақ селосы бойынша 2009 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар тізбесі бекітілсін.

      11. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                             Ы. Көшербай

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                    Ж. Матаев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      «Экономика және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі» ММ-нің бастығы
      _________________А.Н.Ким
      2008 жылы 23 желтоқсан

  2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157
қалалық мәслихаттың  шешіміне
1-қосымша

       Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

2009 жылға арналған қалалық бюджет

Санаты

Сыныбы

Iшкi сыныбы

Атауы

сомасы,
мың теңге

 

 

 

1. КІРІСТЕР

9 260 641

1

 

 

Салықтық түсiмдер

6 579 168

 

01

 

Табыс салығы

2 146 358

 

 

2

Жеке табыс салығы

2 146 358

 

03

 

Әлеуметтік салық

1 928 727

 

 

1

Әлеуметтік салық

1 928 727

 

04

 

Меншiкке салынатын салықтар

1 903 282

 

 

1

Мүлiкке салынатын салықтар

1 315 996

 

 

3

Жер салығы

244 636

 

 

4

Көлiк құралдарына салынатын салық

342 624

 

 

5

Бірыңғай жер салығы

26

 

05

 

Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

377 561

 

 

2

Акциздер

54 049

 

 

3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

191 116

 

 

4

Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметті жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

132 396

 

08

 

Заңдық мәндi iс-әрекеттердi жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

223 240

 

 

1

Мемлекеттiк баж

223 240

2

 

 

Салықтық емес түсімдер

162 938

 

01

 

Мемлекет меншігінен түсетін кірістер

35 275

 

 

1

Мемлекеттiк кәсiпорындардың таза кiрiсі бөлiгiндегі түсiмдер

13 091

 

 

5

Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

22 184

 

02

 

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер

2 766

 

 

1

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткiзуiнен түсетін түсiмдер

2 766

 

03

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері

42

 

 

1

Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткізуден түсетiн ақша түсімдері

42

 

04

 

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын  және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

113 052

 

 

1

Мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын  және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

113 052

 

06

 

Басқа да салықтық емес түсiмдер

11 803

 

 

1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

11 803

3

 

 

Негізгі капиталды сатудан түсетiн түсімдер

630 691

 

01

 

Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату

257 356

 

 

1

Мемлекеттiк мекемелерге бекітілген мемлекеттiк мүлiктi сату

257 356

 

03

 

Жерді және материалдық емес активтерді сату

373 335

 

 

1

Жерді сату

300 000

 

 

2

Материалдық емес активтерді сату

73 335

4

 

 

Трансферттердің түсімдері

1 887 844

 

02

 

Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

1 887 844

 

 

2

Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер

1 887 844

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі

Бағдарлама

Атауы

Сомасы,
мың тенге

 

 

 

2. ШЫҒЫНДАР

9 929 598

1

 

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету

154 584

 

112

 

Қалалық мәслихаттың аппараты

11 635

 

 

001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету

11 635

 

122

 

Қала әкімінің аппараты

93 647

 

 

001

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

93 647

 

123

 

Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

7 563

 

 

001

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

7 563

 

452

 

Қаржы бөлімі

29 477

 

 

001

Қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

13 916

 

 

003

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

1 000

 

 

004

Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру

12 561

 

 

011

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату

2 000

 

453

 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

12 262

 

 

001

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

12 262

2

 

 

Қорғаныс

8 413

 

122

 

Қала әкімінің аппараты

8 413

 

 

005

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

8 413

3

 

 

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

70 121

 

458

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

70 121

 

 

021

Елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету

70 121

4

 

 

Білім беру

4 803 497

 

464

 

Білім беру бөлімі

4 069 016

 

 

001

Білім беру бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

17 358

 

 

003

Жалпы білім беру

2 583 081

 

 

004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

10 500

 

 

005

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу

27 409

 

 

006

Балалар үшін қосымша білім беру

175 082

 

 

007

Аудандық (қалалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу

11 647

 

 

009

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

1 204 992

 

 

010

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен білім берудің мемлекеттік жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу

38 145

 

 

099

Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

802

 

467

 

Құрылыс бөлімі

734 481

 

 

037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

734 481

6

 

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

482 409

 

123

 

Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

373

 

 

003

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

373

 

451

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

415 948

 

 

001

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

40 248

 

 

002

Еңбекпен қамту бағдарламасы

46 682

 

 

005

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

19 970

 

 

006

Тұрғын үй көмегі

9 415

 

 

007

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

198 122

 

 

010

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

4 500

 

 

011

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

1 424

 

 

013

Белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу

22 269

 

 

014

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

51 236

 

 

016

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

7 271

 

 

017

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету

14 811

 

464

 

Білім беру бөлімі

66 088

 

 

008

Білім беру ұйымдарының күндiзгі оқу нысанының оқушылары мен тәрбиеленушілерiн әлеуметтік қолдау

66 088

7

 

 

Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық

3 454 532

 

123

 

Өмірзақ селосы әкімінің  аппараты

18 924

 

 

008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

2 377

 

 

009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

9 327

 

 

011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

7 220

 

467

 

Құрылыс бөлімі

2 470 033

 

 

003

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы

725 197

 

 

004

Инженерлік коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

561 857

 

 

005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

133 973

 

 

006

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

1 047 046

 

 

007

Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту

1 960

 

458

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

965 575

 

 

003

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру

600

 

 

012

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі

25 929

 

 

015

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

115 935

 

 

016

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

301 857

 

 

017

Жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу

9 831

 

 

018

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

511 423

8

 

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

222 771

 

455

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

191 462

 

 

001

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

6 477

 

 

003

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

161 412

 

 

006

Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі

23 573

 

456

 

Ішкі саясат бөлімі

13 352

 

 

001

Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

7 622

 

 

002

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат caяcaтын жүргізу

3 870

 

 

003

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру

1 860

 

465

 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі

17 957

 

 

001

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

4 383

 

 

006

Аудандық (облыс маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу

9 078

 

 

007

Әртүрлері спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

4 496

9

 

 

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

133 600

 

467

 

Құрылыс бөлімі

133 600

 

 

009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

133 600

10

 

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

13 373

 

462

 

Ауыл шаруашылық бөлімі

256

 

 

001

Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

256

 

463

 

Жер қатынастар бөлімі

13 117

 

 

001

Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

13 117

11

 

 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

26 415

 

467

 

Құрылыс бөлімі

9 422

 

 

001

Құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

9 422

 

468

 

Сәулет және қала құрылысы бөлімі

16 993

 

 

001

Қала құрылысы және сәулет  бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

9 893

 

 

003

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

7 100

12

 

 

Көлік және коммуникация

426 718

 

458

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

426 718

 

 

022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

37 202

 

 

023

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

389 516

13

 

 

Басқалар

130 696

 

469

 

Кәсіпкерлік бөлімі

68 641

 

 

001

Кәсіпкерлік бөлімі қызметін қамтамасыз ету

7 305

 

 

003

Кәсіпкерлік қызметті қолдау

61 336

 

452

 

Қаржы бөлімі

45 822

 

 

012

Жергілікті атқарушы органның резерві

45 822

 

458

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

16 233

 

 

001

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

16 233

15

 

 

Трансфертер

2 469

 

452

 

Қаржы бөлімі

2 469

 

 

006

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару

2 469

 

 

 

3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК НЕСИЕЛЕНДІРУ

0

 

 

 

Бюджеттік кредиттер

0

 

 

 

Бюджеттік кредиттерді өтеу

0

 

 

 

4. ҚАРЖЫЛЫҚ АКТИВТЕРМЕН БОЛАТЫН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО

51 493

 

 

 

Қаржылық активтерді сатып алу

51 493

13

 

 

Басқалар

51 493

 

452

 

Қаржы бөлімі

51 493

 

 

014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

51 493

 

 

 

5. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ)

-720 450

 

 

 

6. БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ)

720 450

 

 

 

Қарыздар түсімі

115 440

 

 

 

Қарыздарды өтеу

252 507

 

 

 

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

857 517

                                    2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/156
                                      қалалық мәслихаттың шешіміне
                                                2-қосымша

       Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтау қаласы мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы N 17/157 шешімімен.

БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ (БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ) ІСКЕ
  АСЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА БӨЛІНГЕН, 2009
          ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ БЮДЖЕТТІК ДАМУ
                    БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

Инвестициялық жобалар

4

 

 

Білім беру

 

467

 

Қала құрылысы бөлімі

 

 

037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

7

 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

 

467

 

Қала құрылысы бөлімі

 

 

003

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы

 

 

004

Инженерлік коммуниациялық  инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

 

 

005

Коммуналдық шаруашылығын дамыту

 

 

006

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

 

 

007

Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту

9

 

 

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

 

467

 

Қала құрылысы бөлімі

 

 

009

Жылу-энергетикалық жүйені дамыту

12

 

 

Көлік және коммуникациялар

 

458

 

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

 

022

Көлік инфрақұрылымын дамыту

Инвестициялық бағдарламалар

6

 

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

 

464

 

Білім беру бөлімі

 

 

004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

13

 

 

Басқалар

 

452

 

Қаржы бөлімі

 

 

014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 15/140 қалалық мәслихаттың шешіміне
3 қосымша

2009 ЖЫЛЫ ҚАЛАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫНДА СЕКВЕСТОРҒА ЖАТПАЙТЫН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІ

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

Бағдарлама

Атауы

4



Бiлiм беру


464


Білім беру бөлімі



003

Жалпы бiлiм беру

2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 15/140 қалалық мәслихаттың шешіміне
4 қосымша

2009 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ӨМІРЗАҚ СЕЛОСІ БОЙЫНША БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА ТІЗБЕСІ

Функционалдық топ

Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі

Бағдарлама

Атауы

1



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



001

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

6



Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



003

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

7



Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық


123


Өмірзақ селосы әкімінің аппараты



008

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету



011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру