Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 шілдедегі N 10/99 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 23 шілдеде N 11-1-88 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 116-бабының 5-тармағына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 8-ІV "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 (N 11-1-72 тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" және 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 217-218 "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 18 ақпандағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 6/49 шешіміне (N 11-1-78 тіркелген 2008 жылы 15 наурыздағы N 43 (7270) "Маңғыстау" және 2008 жылы 15 наурыздағы N 43-44 (9972-9973) "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған), 2008 жылғы 22 мамырдағы "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" N 5/34 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 9/88 шешіміне (N 11-1-83 тіркелген, 2008 жылы 7 маусымдағы N 88 "Маңғыстау" және 2008 жылы 7 маусымдағы N 91-92 "Огни Мангистау" газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
      1) кірістер - 9 884 584 мың теңге, соның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша - 7 392 144 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша - 265 564 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 987 950 мың теңге;
      трансферттердің түсімдері - 1 238 926 мың теңге;
      2) шығындар - 10 332 947 мың теңге;
      3) операциялық сальдо - 448 363 мың теңге;
      4) таза бюджеттік несиелендіру - 0 теңге;
      5) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо -
109 900 мың теңге, соның ішінде қаржылық активтерді сатып алуға - 109 900 мың теңге;
      6) бюджеттің тапшылығы (профициті) - 558 263 мың теңге;
      7) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитін қолдану) -
558 263 мың теңге".

      2 тармақтағы:
      1 абзацтағы "20,8" саны "18,5" санымен ауыстырылсын;
      келесі мазмұндағы 5 абзацпен толықтырылсын:
      "Шетел азаматтардың табысынан, төлем көзінен ұсталмайтын жеке табыс салығы - 95,8%".
      4-4 тармақтағы "3 646" саны "4 006" санымен ауыстырылсын;
      2 абзацтағы "3 183" саны "3 543" санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Сессия төрағасы                             Т. Көбегенов

      Қалалық мәслихат хатшысы                    Ж. Матаев

      "КЕЛІСІЛДІ":
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің бастығы
      __________________А.Н.Ким
      16 шілде 2008 жыл