Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 03 маусымда 1686 нөмірімен тіркелді

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 116 бабының 2 тармағына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жер үсті су көздерінің ластанып бүлінуіне, бітелуіне және тартылуына жол бермеу, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай ұстау мақсатында, бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде, Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыстың су айдындарына іргелес жатқан су қорғау аймақтары мен белдеулері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 385 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғанынан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
      Облыс Әкімі Б. Жексембин

  Облыс әкімиятының
2008 жылғы 25 сәуірдегі
№ 113 қаулысына № 1 қосымша

Жамбыл облысындағы Шу, Талас, Аса өзендерінің, Билікөл көлінің және Тасөткел су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

      1. Әрбір жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар ені көп жылдық межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдық деңгейі кезеңіндегі су жиегіне дейінгі өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкі жағалауындағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда. Облыс әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті бекіткен жобалық-сметалық құжаттарының дайындығына байланысты Шу, Талас, Аса өзендеріне, Билікөл көліне және Тасөткел су қоймасына мынандай қосымша қашықтықтар белгіленеді:

Түрі

Атауы

Ені (метр)

Өзендер

Шу

Талас

Аса

500

500

500

Көл

Билікөл

500

Су қойма

Тасөткел

500

      2. Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін, жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуі болжамын есепке ала отырып айқындалады, бекітілген жобалық-сметалық құжаттары бойынша Шу, Талас, Аса өзендеріне төмендегідей алынады:

Су объектілері жағалауына іргелес алқаптар түрлері

Дөңдердің тік-еңістігіне қарай су қорғау белдеулерінің ең тар ені (метр)

Жағалаудан еңістігі (нолдік еңіс)

Жағалауға қарай еңістігі

3 градусқа дейін

3 градустан астам

Шабындық

35

55

100

Көгал, пішендеме

35

50

75

Орман, бұта

35

35

55

Өзгелері (қолайсыз алқап)

35

55

100

      Билікөл көлінің балық шаруашылығындағы маңыздылығына қарамай су қорғау белдеуінің ені жағалауына іргелес алқаптардың еңістіктеріне қарамай 100 метрге тең болып орналастырылады.
      Тасөткел су қоймасының су қорғау белдеуінің ені су қойманың периметрі бойынша 100 метрге тең болып орналастырылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Жамбыл облыстық әкімдігінің 27.03.2014 № 79 қаулысымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

  Облыс әкімиятының
2008 жылы 25 сәуірдегі
№ 113 қаулысына № 2 қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жерлерді шаруашылық пайдалану режимі

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды – Жамбыл облыстық әкімдігінің 25.11.2009 № 385 қаулысымен.