Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 113 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 03 маусымда 1686 нөмірімен тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 116 бабының 2 тармағына және "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жер үсті су көздерінің ластанып бүлінуіне, бітелуіне және тартылуына жол бермеу, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай ұстау мақсатында, бекiтiлген жобалау құжаттамасының негiзiнде, Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстың су айдындарына іргелес жатқан су қорғау аймақтары мен белдеулері N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.11.25 № 385 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғанынан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.

      Облыс Әкімі                                Б. Жексембин

Облыс әкімиятының
2008 жылғы 25 сәуірдегі
N 113 қаулысына N 1 қосымша

Жамбыл облысындағы Шу, Талас, Аса өзендерінің, Билікөл көлінің және Тасөткел су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері

       1. Әрбір жағалау бойынша су қорғау аймағының ең тар ені көп жылдық межелік деңгейі кезіндегі су жиегінен су тасқыны кезеңіндегі көп жылдық деңгейі кезеңіндегі су жиегіне дейінгі өзен жайылымын, жайылым жылғаларын, түпкі жағалауындағы тік жарларды, шұңқырлар мен сайларды қоса алғанда. Облыс әкімиятының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті бекіткен жобалық-сметалық құжаттарының дайындығына байланысты Шу, Талас, Аса өзендеріне, Билікөл көліне және Тасөткел су қоймасына мынандай қосымша қашықтықтар белгіленеді:

Түрі

Атауы

Ені (метр)

Өзендер

Шу
Талас
Аса

500
500
500

Көл

Билікөл

500

Су қойма

Тасөткел

500

      2. Су қорғау белдеулерінің ең тар ені өзен бойы алаптарының нысаны мен түрі, іргелес дөңдердің тік-еңістігін, жағалаулар мен ауыл шаруашылығы алқаптары құрамының қайта өңделуі болжамын есепке ала отырып айқындалады, бекітілген жобалық-сметалық құжаттары бойынша Шу, Талас, Аса өзендеріне төмендегідей алынады:

Су объектілері  жағалауына іргелес алқаптар түрлері

Дөңдердің тік-еңістігіне қарай су қорғау белдеулерінің ең тар ені (метр)

Жағалаудан еңістігі (нолдік еңіс)

Жағалауға қарай еңістігі

3 градусқа дейін

3 градустан астам

Шабындық

Көгал, пішендеме

Орман, бұта

Өзгелері (қолайсыз алқап)

35

30
 

25

35

55

50
 

35

55

100

75
 

55

100

      Билікөл көлінің балық шаруашылығындағы маңыздылығына қарамай су қорғау белдеуінің ені жағалауына іргелес алқаптардың еңістіктеріне қарамай 100 метрге тең болып орналастырылады.
      Тасөткел су қоймасының су қорғау белдеуінің ені су қойманың периметрі бойынша 100 метрге тең болып орналастырылады.

Облыс әкімиятының
2008 жылы 25 сәуірдегі
N 113 қаулысына N 2 қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі жерлерді шаруашылық пайдалану режимі

       Су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде мыналарға тыйым салынады:
      1) су объектілерінің және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланатын объектілерді жобалауға, салуға және пайдалануға беруге;
      2) мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, арнаулы техникаларға техникалық қызмет көрсету пункттерін, механикалық шеберханаларды, жуу орындарын, қалдықтарды орналастыру орындарын елді мекендер шегінен тысқары жерге орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      3) осы жұмыстар қоршаған ортаны қорғау және су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органдармен келісілген жағдайларды қоспағанда, құрылыс, тәбін тереңдететін және жару жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кабельдер, құбырлар мен басқа да коммуникациялар тартуға, бұрғылау, ауылшаруашылық және өзге де жұмыстар жүргізуге;
      4) су қорғау аймақтары мен белдеулері аумағында жер жыртуға, мал тоғыту мен санитарлық дауалауға, құрылыстар салуға және су объектілерінің сарқылуына әкеп соғатын басқа да шаруашылық қызмет түрлерін жүргізуге;
      5) өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптермен күресте авиация арқылы пестицидтерді (улы химикаттарды) тозаңдату тәсілін қолдануға;
      6) пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды салуға, авиахимиялық жұмыстар жүргізу үшін ұшу-қону жолақтарын, сондай-ақ жер бетіндегі аппаратураларды пестицидтермен (улы химикаттармен) толтыру алаңдарын және мал тоғытуға арналған әуіттер орнатуға.