Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 "Жер кодексінің" 108 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Ақтөбежер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны дайындаған жобасы негізінде Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер – шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін, осы шешімге, N 2 қосымша жалғансын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009.12.25 № 244 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.12.25 № 111 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)
2.Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы:
М.Дуанбеков И.М.Сәрсенбаев
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 1 қосымша
Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009.12.25 № 244 қаулысымен және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009.12.25 № 111 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 2 қосымша
Жайсаңбай селолық округінің елді мекендерінің
қарамағына қосымша берілген жер көлемдері
р/с |
Округ, елді мекен атауы |
Бұрын берілген жер, га |
Босалқы жерден |
1 |
Жайсаңбай |
8474 |
4920 |
Барлығы |
8474 |
4920 |
кестенің жалғасы
р/с |
Округ, елді мекен атауы |
Оның ішінде |
Барлық жер көлемі, га |
|
Жайылым, га |
Басқалары, га |
|||
1 |
Жайсаңбай |
4487,9 |
432,1 |
13394 |
Барлығы |
4487 |
432,1 |
13394 |
|
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 3 қосымша
ЖОБА
Ығыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының
N 62 шешімімен қаралып белгіленді
РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын қараңыз