"Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы" 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 256/62 бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 244 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 111 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 05 қаңтарда № 3-5-110 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2011.05.24 N 151 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2546 санымен тіркелген, 2009 жылғы 19 мамырдағы "Атырау" газетінің 58 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысы Білім беру басқармасының "Білім беру қызметін лицензиялау" мемлекеттік қызмет көрсету стандартында:
      8 тармақтағы:
      "12 730 (он екі мың) теңге" деген сөздер "10 (он) айлық есептік көрсеткіш" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Облыс әкімдігінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 190 "Облыс әкімиятының 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 70 "Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Аманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2010 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Облыс әкімі                                       Б. Рысқалиев