Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер-шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өгертулер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің және мәслихатының бірлескен 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 256/62 қаулысы мен шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 23 қаңтарда N 3-5-88 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 "Жер кодексінің" 108 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 31 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Ақтөбежер ғылыми өндірістік орталығы" еншілес мемлекеттік кәсіпорны дайындаған жобасы негізінде Жайсаңбай селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер – шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер N 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін, осы шешімге N 1, 2 қосымша жалғансын.

      2.Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:        Аудандық мәслихаттың
                            сессия төрағасы:

      М.Дуанбеков             И.М.Сәрсенбаев

Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 1 қосымша

Түсіндірме хат

      Жайсаңбай селолық округінің аумағы Ырғыз ауданының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан.Жайсаңбай селолық округі Жайсаңбай селосы аудан орталығы Ырғыз селосынан -150 км, Ақтөбе қаласынан-650 км қашықтықта орналасқан. Елді мекен Ақтөбе қаласымен "Жайсаңбай-Ырғыз-Қарабұтақ" асфальт жамылғылы мемлекеттік жолмен байланыстырылған. Жайсаңбай елді мекені электрлендірілген, телефон жүргізілген, сумен ашық су қоймасы арқылы қамтамасыз етіледі. Селолық округі елді мекенде мектеп, фельдшерлік пункт, дүкендер, Шалқар обаға қарсы күрес бекетінің ғимараты бар.

Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 2 қосымша

Жайсаңбай селолық округінің елді мекендерінің
қарамағына қосымша берілген жер көлемдері

р/с

Округ, елді мекен атауы

Бұрын  берілген  жер, га

Босалқы  жерден
қосымша  берілген жер, га

1

Жайсаңбай

8474

4920


Барлығы

8474

4920

кестенің жалғасы

р/с

Округ, елді мекен атауы

Оның ішінде

Барлық жер көлемі, га

Жайылым, га

Басқалары, га

1

Жайсаңбай

4487,9

432,1

13394


Барлығы

4487

432,1

13394

Ырғыз ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен
Ырғыз аудандық мәслихатының
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 62 шешіміне
N 3 қосымша

ЖОБА
Ығыз ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 256 қаулысы мен Ырғыз аудандық мәслихатының
N 62 шешімімен қаралып белгіленді

      РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын қараңыз