Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 88 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 сәуірде N 3248 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Су  Кодексінің 39116 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына, "Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің ластануына, бітелуіне және сарқылуына үшін облыс әкімдігі Қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
      1. Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері көрсетілген сызбаға (1 қосымша) сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
      2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ (Ж.Иманқұлов) жер есебі құжаттарына өзгерістер енгізу және Елек өзенінің ластануына, сарқылуына жол бермеу жөнінде іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жобалық құжаттарын Ақтөбе қаласының әкімдігіне тапсырсын.
      Ескерту. 2 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
       3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтардың басшылары меншік түрлеріне қарамастан, сондай-ақ Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер үлестері бар азаматтарға:
      суды қорғау аймақтары мен белдеулерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
      Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде сақталсын.
      Ескерту. 3 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.
       4. Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды Елек өзенінің ластануы және сарқылу мүмкіндігін болдырмай шаруашылық пайдаланудың шектеу тәртібін сақтаған жағдайда белгіленген тәртіппен су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті ұйымдармен және басқа уәкілетті ұйымдардың келісімі бойынша жүргізілсін.
       5. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.

       Облыс әкімі                         Е. Сағындықов

Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 88 қаулысына 1 қосымша

      РҚАО-ның ескертпесі: сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз.

Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 88 қаулысына 2 қосымша

      Ескерту. Қаулы 2 қосымшамен толықтырылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2011.09.13 № 291 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілді) Қаулысымен.

Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі

      1. Су қорғау аймағы шегiнде мыналарға:
      су объектiлерiн және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерiн бiтелу мен ластанудан сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, жобалау, салу, жаңа және жаңғыртылмаған объектiлердi iске қосуға;
      тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнiмдерiн сақтайтын қоймаларды, автокөлiк және ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу пункттерiн, механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсiп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетiн құрылғыларды, өлген малдар көмiлетiн ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргiзуге арналған ұшу-қону алаңқайларын орналастыру мен құрылысын салуға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
      құрылыс, су түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын атқару, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткiзу, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орган су қорын пайдалану және қорғау саласындағы қоршаған ортаны қорғау, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге де жобасы жоқ жұмыстар жүргiзуге;
      халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органдары, су ресурстары басқармасы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарының аумақтық құрылымдарымен, жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмiнсiз су көздерiндегi су жиегiнен 2000 метрге дейiнгi орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егiлген ағаштарды химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендiру тәсiлдерiн органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
      малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметiн жүргiзуге жол берілмейді.
      2. Су қорғау белдеулерiнің 1 тармағын толықтыру шегiнде мыналарға:
      жер жыртуға, мал бағуға, тал-теректердi кесуге;
      палаталы қалашықтар, автотұрақтар, малдың жазғы лагерлерiн жасауға;
      су ұстайтын, су реттейтiн, қорғаныс және басқа да арнайы мақсаттарға арналған құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
      жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскесiн бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшiн жер беруге;
      жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде суаттардың ластануына жол бермейтiн құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға жол бермейдi.