Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінде суды қорау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Ақтөбе облыстық әкімиятының 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 88 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 23 сәуірде N 3248 тіркелді

Қолданыстағы

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481 Су  Кодексінің 39, 116 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына, "Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің ластануына, бітелуіне және сарқылуына үшін облыс әкімдігі Қаулы етеді:
       1. Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық шегінде Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері көрсетілген сызбаға сәйкес белгіленсін.
       2. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті" ММ (Ж.Иманқұлов) жер есебі құжаттарына өзгерістер енгізу және Елек өзенінің ластануына, сарқылуына жол бермеу жөнінде іс-шараларын әзірлеу жөніндегі жобалық құжаттарын Ақтөбе қаласының әкімдігіне тапсырсын.
       3. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, шаруашылықтардың басшылары меншік түрлеріне қарамастан, сондай-ақ Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан жер үлестері бар азаматтарға:
      суды қорғау аймақтары мен белдеулерді тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету;
      суды қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа шектеулі түрде пайдалану режимін "Суды қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Ақтөбе облыс әкімдігінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі N 330 қаулысы, 2005 жылғы 10 қазанда Әділет департаментінде N 3161 тіркелуіне сәйкес сақтау ұсынылсын.
       4. Елек өзенінің суды қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі аумақты бөлу мен пайдалануды Елек өзенінің ластануы және сарқылу мүмкіндігін болдырмай шаруашылық пайдаланудың шектеу тәртібін сақтаған жағдайда белгіленген тәртіппен су қорларын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті ұйымдармен және басқа уәкілетті ұйымдардың келісімі бойынша жүргізілсін.
       5. Осы қаулы ол ресми түрде бірінші жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң әрекет етеді.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.

       Облыс әкімі                         Е. Сағындықов

Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 1 сәуірдегі
N 88 қаулысына қосымшасы

      РҚАО-ның ескертпесі: сызбаны қағаз мәтінінен қараңыз.