Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 625 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 22 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5502 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту.
      2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      3. "Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында N 239(973) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға жатады.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                                      Б. Жәмішев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен қадағалау
      агентігінің Төрайымы
      Е.Л. Бахмутова ______________
      2008 жылғы 29 желтоқсан

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің  
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен  
бекітілген     

Нысан

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы,
осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы
20__ жылғы «__»_____ - «__»_____ 20__ жылғы аралығындағы
кезең үшін мәліметтер

Салық төлеуші

Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Банк шотының түрі

Шот валютасы

Шот нөмірі

Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы

Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Банк шотына ақшаның түсуі

Банк шотынан ақшаның аударылуы

Күні

Төлем сомасы

Ақшаны жөнелтушi

Жөнелтуші банк деректемелері

Төлемнің мақсаты

Күні

Төлем сомасы

Ақшаны алушы

Алушы банк деректемелері

Төлемнің мақсаты

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27