РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 581-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 433 Бұйрығының күші жойылды деп тану (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3900 болып тіркелген, 2005 жылдың 22 желтоқсанында N 239(973) "Юридическая газета" газетінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа еңгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі Б. Жәмішев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агентігінің Төрайымы
Е.Л. Бахмутова ______________
2008 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
РҚАО-ның ескертпесі!
Нысан жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 31.03.2015 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы,
осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы
20__ жылғы «__»_____ - «__»_____ 20__ жылғы аралығындағы
кезең үшін мәліметтер
№ |
Салық төлеуші |
Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері |
Банк шотының түрі |
Шот валютасы |
Шот нөмірі |
Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы |
|||
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
атауы |
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
БЖК |
атауы |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
кестенің жалғасы
Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы |
Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы |
|||||||||||||||
Банк шотына ақшаның түсуі |
Банк шотынан ақшаның аударылуы |
|||||||||||||||
Күні |
Төлем сомасы |
Ақшаны жөнелтушi |
Жөнелтуші банк деректемелері |
Төлемнің мақсаты |
Күні |
Төлем сомасы |
Ақшаны алушы |
Алушы банк деректемелері |
Төлемнің мақсаты |
|||||||
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
атауы |
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
БЖК |
атауы |
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
атауы |
(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда) |
БЖК |
атауы |
|||||||
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
23 |
24 |
25 |
26 |
27 |
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықты 2, 3-қосымшалармен толықтыру көзделген - ҚР Қаржы министрінің м.а. 08.07.2016 № 360 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.