Әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтердi беру үшiн банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға сұрау салуды жiберу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегі N 433 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 18 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3900. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 625 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.12 N 696 бұйрығымен.

      "Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексерiс жүргiзу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2511 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесінде:
      13-тармақ алынып тасталсын.

      2. Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр