Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 08.01.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Түймебаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
________________ М. Тәжин
26 желтоқсан 2008 жыл
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 бұйрығымен бекітілген |
Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 04.01.2019 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар "Болашақ" халықаралық стипендиясын беру конкурсына қатысушы үміткерлерге қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) академиялық оралымдылық - білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген міндетті оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
2) әкімші - құжаттарды қабылдау және үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастыруды жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстағы заңды тұлға;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) қоғамдық комиссия – Қазақстан Республикасының әр жоғары оқу орнына елдер қимасында орындарды бөлу және академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға немесе зерттеулер жүргізуге үміткерлерді конкурстық іріктеу функцияларын жүзеге асыру мақсатында білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген кеңестік орган.
2-тарау. Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу тәртібі Параграф 1. Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдердің шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде оқытуға жіберу тәртібі
4. Шетелде білім алу бағытын Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган үйлестіреді.
5. Білім беру саласындағы уәкілетті орган және Әкімші дипломатиялық нотаны алған күннен бастап Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу туралы құжаттарды қабылдау басталғаны туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың ресми сайттарында хабарландыруды орналастырады.
6. Хабарламада оқыту саласындағы шарттар/келісімдердің талаптары, талапкерлерді іріктеуге қойылатын талаптар мен осы қағидаларға сәйкес құжаттардың тізбесі және Білім беру саласындағы уәкілетті органның, шетелдік әріптестің қалауы бойынша өзге де ақпарат болуы тиіс.
7. Жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға үміткерлердің конкурсқа қатысу шарты:
білім туралы құжаттың орташа балы:
бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін – аттестаттың немесе негізгі орта білімі туралы куәліктің, табельдің/орта арнайы білім бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің немесе арнайы орта білімі туралы дипломның орташа баллы кем дегенде 4,0 (5.0- ден) балына сәйкес болуы;
магистратура дәрежесін алуға және резидентурада оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа балы кем дегенде Грейд Пойнт Авередждің (барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;
философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін алуға үміткерлер үшін – магистр дипломының немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипттің орташа баллы кем дегенде Грейд Пойнт Авередждің (барлық өткен курс үшін орташа арифметикалық бағасы) 3,0 (4.0/4.33-ден) балына немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11258 болып тіркелген) "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін бағалар баламалылығы кестесіне сәйкес оның баламасына сәйкес болуы;
ағымдағы үлгерім туралы анықтамаларды ұсынатын үміткерлер үшін - ағымдағы үлгерімнің орташа балы тиісінше жоғарыда көрсетілген балдарға сәйкес болуы;
қабылдаушы тарап білім туралы орташа балды төмен белгілеген жағдайда бұл шарт ескрілмейді. Бұл ретте білім туралы орташа балы жоғары үміткерлер басымдыққа ие болады.
8. Шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу конкурсына қатысу үшін Әкімші келесі құжаттарды қабылдайды:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелге шығатын Қазақстан Республикасы азаматының толтырылған сауалнамасы;
2) жеке куәлігі және/немесе төлқұжатының түпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі (түпнұсқалар салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады);
3) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі, түпнұсқасы болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі (түпнұсқасы салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге аттестат немесе қосымшасымен бірге негізгі орта білімі туралы куәлік, табель немесе орта арнайы білім беру бағдарламасы бойынша ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама немесе қосымшасымен арнайы орта білімі туралы диплом;
"Магистратура"/"Резидентура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге бакалавр/маман дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін:
қосымшасымен бірге магистр дипломы немесе ағымдағы оқу жылындағы үлгерімі туралы транскриптімен бірге оқу орнынан анықтама.
Шетелдік білім беру ұйымдарында оқыған жағдайда, білім туралы құжаттың нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
4) нүпнұсқасын сәйкестендіру үшін ұсына отырып оқу тіліне сәйкес келетін шет тілін білетінін растайтын құжат (қабылдаушы тараптың талабы бойынша) бар болған жағдайда.
Қабылдаушы тарап тілдік оқудан өтуді ұсынған жағдайда шет тілін білетіндігін растайтын құжат талап етілмейді;
5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, өтінім беру кезінде ағымдағы жылы берілген № 082/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін), (түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
6) таңдаған оқу бағыты бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алған грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмесі (болған жағдайда);
7) "Докторантура" бағдарламасы бойынша оқу үшін ғылыми жарияланымдардың немесе оқу-әдістемелік (ғылыми) әзірлемелердің тізбесі (болған жағдайда);
8) құжаттарды өкіл арқылы ұсынған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат;
9) заңды өкiлдің (ата-аналар, бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана, патронат тәрбиешi) шетелге оқуға жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
10) осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген тұлғалар санатына жататындығы туралы фактіні растайтын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (салыстырылғаннан кейін үміткерге қайтарылады):
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқ екенін растайтын құжаттың көшірмесі;
бала жасынан мүгедек және мүгедек балалар – "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 31 наурызда № 10589 тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
көп балалы отбасынан шыққан балалар – төрт және одан көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің немесе асырап алу туралы сот шешімінің көшірмелері, барлық бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалардың мекенжай анықтамалары;
11) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыру бар болған жағдайда.
9. Жеке әңгімелесу өткізу арқылы, оның ішінде онлайн әңгімелесу, білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шет елде оқуға үміткерледі іріктеуді Конкурстық комиссия жүзеге асырады.
10. Конкурстық комиссия алқалы орган болып табылады және Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шет елде оқу үшін ұсынылатын үміткерлерді және резервтік тізімге енгізілетін үміткерлерді іріктейді.
11. Конкурстық комиссия құрамы тақ сан мүшелерден тұрады және Білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Конкурстық комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, қоғамдық, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар ғалымдар және мамандар санынан құралады.
Конкурстық комиссия мүшелерінен дауыстардың көпшілігімен төраға сайланады.
Конкурстық комиссия хатшысында дауыс құқығы жоқ.
12. Үміткерлермен жеке әңгімелесу білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде білім алу конкурсына қатысуға құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі. Жеке әңгімелесу Конкурстық комиссия мүшелерімен мамандық бағыты бойынша жүргізіледі.
13. Жеке әңгімелесу нәтижесі бойынша Конкурстық комиссия дауыстардың көпшілігімен ұсынылатын үміткерлер тізімі мен резервті тізімін бекітеді. Резервті тізімдегі үміткерлер саны берілетін орындар санынан 30 (отыз) пайыздан аспау қажет.
14. Халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу кезінде:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 082/у нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін) ұсынған, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқуға тыйым салынбаған бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылар балалары;
4) шетелдік жоғары оқу орындарынан шақыруы бар үміткерлер басымдыққа ие.
15. Үміткерлерді іріктеу кезінде мамандық бағыттарының басымдығы келесі кезекпен ескеріледі:
1) медицина ғылымдары;
2) техника ғылымдары;
3) гуманитарлық және басқа ғылымдар.
16. Әкімші білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде оқуға жіберілген тұлғалармен шарт жасайды.
17. Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде оқуға жіберілген адамдар жыл сайынғы негізде білім беру саласындағы уәкілетті органға оқуының академиялық кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды.
18. Әкімші үміткерлерді іріктеу өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылатын үміткерлер тізімін және резервтік тізімді өдан әрі дипломатиялық арналар арқылы қабылдаушы тарапқа жолдау үшін Білім саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
19. Шетелге оқуға ұсынылатын үміткерлер тізімі және резервтік тізім Конкурстық комиссия отырысы өткеннен кейін екі күнтізбелік күн ішінде Білім беру саласындағы уәкілетті органның және Әкімшінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
20. Ұсынылатын тізімдегі үміткер оқудан немесе зерттеу жүргізуден бас тартқан жағдайда оның орны резервті тізімдегі кезектікке сәйкес толтырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.
Параграф 2. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға жүргізуге жіберу тәртібі
21. Білім алушыларды академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу:
1) республикалық бюджет қаражаты;
2) жоғары оқу орындарының ақылы қызметтерді іске асыру нәтижесінде алатын табыстары;
3) жұмыс берушілердің, әлеуметтік, академиялық және ғылыми серіктестер, халықаралық және отандық қорлар және стипендиялар гранттары;
4) білім алушылардың жеке қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.
22. 21-тармақтың 2), 3) және 4-тармақшаларында көрсетілген қаражат есебінен білім алушыларды жіберуді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары (бұдан әрі – жоо) іріктеу тәртібін дербес анықтайды.
23. Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық оралымдылық шеңберінде шетелде оқуға жіберуді білім беру саласындағы уәкілетті орган және білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
24. Республикалық бюджет қаражаты есебінен жіберілетін үміткерлерді іріктеу үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын және үкіметтік емес ұйымдардың тәуелсіз сарапшыларын, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлерін тарту арқылы құрамы 15 адамнан кем емес Қоғамдық комиссия құрылады. Комиссия құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
25. Комиссия төрағасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне жетекшілік жасайтын вице-министр. Шешім қабылдау кезінде Комиссияның барлық мүшелері Төрағаны қоса алғанда тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Комиссияның негізгі міндеті – әрбір жоо-ларға орын санын анықтау, сондай-ақ білім алушыларды іріктеуден өткізу болып табылады. Комиссия жұмысын Әкімші ұйымдастырады.
27. Жоо-лар білім беру саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша Әкімшіге ынтымақтастық туралы жасалған халықаралық келісімдерге сәйкес елдер және орындар бөлінісінде осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу үшін өтінім жібереді.
28. Әкімші осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес Өтінім берген жоғары оқу орындардың жалпы тізімін жасайды.
29. Алып тасталды - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.30. Бос орындар болған жағдайда Комиссия өтінімдер берген жоо-лар арасында бөледі.
31. Әкімші білім беру саласындағы уәкілетті органға Комиссия отырысының еркін нысанда жасалған хаттамасын жібереді.
32. Білім беру саласындағы уәкілетті орган Комиссия ұсынған хаттамаға сәйкес бұйрық шығарады.
33. Білім беру саласындағы уәкілетті орган оқу жылының басында шетелге оқуға жіберу үшін конкурс жариялайды.
34.Үміткерлер құжаттарын тапсыру электрондық үкімет порталы және (немесе) ЖОО-ның кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13754 болып тіркелген) сәйкес конкурс жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Республикалық бюджет қаражаты есебінен конкурсқа қатысу үшін өтініштерді және осы Қағиданың 36-тармағында көрсетілген растайтын құжаттарды ұсыну қазақстандық жоо-лар мен шетелдік серіктес жоо-лар арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Білім алушы конкурсқа жоо-лар арасында халықаралық келісімдер болған жағдайда қатыса алады.
36. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
2) білім туралы құжаттары:
"Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
бакалавр/маман дипломы қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
бакалавр/маман дипломы қосымшасымен, интернатураны бітіру туралы куәлік қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;
"Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:
магистр дипломы қосымшасымен немесе резидентураны бітіргені туралы куәлігі және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;
3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде ұсынылған құжаттардың бірін ұсынады):
шет тілін меңгеруді халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған сертификат, болған жағдайда;
студенттің шет тілді меңгеру деңгейімен келісетіндігі туралы шетел ЖОО-ның хаты;
қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейден төмен емес);
4) он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге баруға қарсы еместігі туралы жазбаша келісімі;
5) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
6) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);
7) студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда).
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.37. Үміткерлерді іріктеу осы Қағидалардың 4-қосымшасында көрсетілген Үміткерлерді іріктеу критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
38. Академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл болған жағдайда:
1) жоғары GPA балы бар үміткер (Grade Point Average - грейд пойнт аверейдж - дипломның орташа балы);
2) шет тілі бойынша жоғары балы бар үміткер;
3) жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
4) бала кезінен мүгедек немесе мүгедектер басымдыққа ие;
5) көпбалалы отбасынан шыққан студенттер.
Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Әкімші ұсынылған құжаттарды осы Қағиданың 36 және 37-тармақтарында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексереді және әр жоо бойынша жеке-жеке Комиссия қарауына үміткерлердің іріктеу критерийлеріне сәйкес үміткерлер тізімін жасайды.
40. Комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарын қарастырады және ашық дауыс беру арқылы осы Қағиданың 4-қосымшасында көрсетілген үміткерлерді іріктеу критерийлерінің балдарына сәйкес академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберу үшін әрбір жоо бойынша жеке-жеке білім алушылардың негізгі және резервтік тізімін дайындайды.
41. Егер үміткер академиялық оралымдылық аясында оқуға барудан бас тартса, оны ауыстыру резервтік тізімнің кезектігіне сәйкес жүзеге асырылады. Бас тарту туралы өтініш еркін нысанда жазылады.
42. Әкімші білім беру саласындағы уәкілетті органға академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберуге Комиссия отырысының хаттамасын, осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Академиялық ұтқырлық аясында білім алуға үміткерлердің негізгі және резервтік тізімін жібереді.
43. Білім беру саласындағы уәкілетті орган Комиссия ұсынған тізімдерге сәйкес академиялық ұтқырлық аясында шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық шығарады.
44. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық уәкілетті органның сайтына орналастырылады және уәкілетті орган бұйрықпен бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖОО-ларға жіберіледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Академиялық ұтқырлық аясында оқуға жіберілетін конкурстан өткен үміткерлерді жіберу мерзімі білім алатын елінде академиялық кезеңнің басталуына сәйкес әр жағдайда бөлек анықталады.
46. ЖОО-лар іріктелген үміткерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, шетел ЖОО-ларынан ресми шақыру алуға ықпал етеді, шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық дайындайды, оларды жіберуді жүзеге асырады, шетелде тұру және оқу үлгеріміне мониторинг жасайды, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және оларды студенттің оқу жоспарында тіркейді, сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының сәйкестігі үшін жауап береді.
Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚРБілім және ғылым министрінің 03.06.2019 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына | |
1-қосымша | |
Нысан 1 |
Шетелге оқуға баратын Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы
Фото 3*4 | ||
1 |
Тегі | |
2 | Туған күні | |
3 | Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, ел) | |
4 | Тұрақты тұратын жерінің мекен-жайы, телефон нөмірі | |
5 | Қазіргі тұратын мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық поштасы | |
6 | Жалпы орта білім беру ұйымының атауы | |
7 | Жалпы орта білімі туралы құжаттың орташа балы, бітірген жылы | |
8 | Сіз аяқтаған басқа оқу орындарының атауы, оқу жылдары, орташа балы, мамандығы | |
9 |
Сіз шетелде оқыдыңыз ба? | |
10 | Шетелде білім алу (алмасу бойынша, қабылдаушы тарап, шетел мемлекетінің немесе ұйымының білім алу бағдарламалары, демеушілер,өзіңіздің жеке қаражатыңыз және т.б.) | |
11 | Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар (мақалалардың, оқу-әдістемелік әзірлемелердің, авторлық куәлiктердің, рефераттардың, мақтау қағаздарының және т.б. көшірмелерін қоса беріңіз) |
12. Жақын туыстар туралы ақпарат (ата-анасы, аға-інілері, апа-сіңлілері, жұбайы, балалары, қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері):
Туыстық дәрежесі | Аты-жөні, туған күні, айы, жылы | Жұмыс (оқу) орны, лауазымы, жұмыс телефоны | Үйінің мекен-жайы, индекс, телефон, қала коды |
Әкесі | |||
Анасы | |||
Аға-інілері | |||
Апа-сіңлілері | |||
Жұбайы | |||
Балалары | |||
Қамқоршылары және/немесе заңды өкілдері |
13. Еңбек қызметi (техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарындағы оқуды қосқанда, әскери қызмет, қоса атқарған жұмыс және т.б.)
Мерзімі | Ұйым және ондағы лауазымы | Мекен-жайы | |
Бастау | Аяқтау | ||
14 | Сіз білетін шет тілдерін атаңыз (білім деңгейіңізді көрсетіңіз, мысалы, еркін меңгердім, жақсы меңгердім, оқып түсіндіре аламын, оқимын және сөздікпен аударамын) | ||
15 | Бұған дейін шет тілін білу деңгейін тексеретін тест тапсырдыңыз ба? Егер тапсырсаңыз, балыңыз қандай? | ||
16 |
Тұлғаны куәләндыратын құжат деректері: | ||
17 | Оқуға баратын ел атауы | ||
18 | Сіздің шетелде меңгергіңіз келетін мамандық |
Ескертпе:
Сауалнама баспа әріптерімен толтырылады. Сауалнама және қоса берілетін құжаттардың барлығы тезтікпеге тігіледі. Тезтікпенің тысында келесі мәліметтер көрсетілуі қажет: аты-жөні, үйінің мекен-жайы, телефоны, білім беру ұйымының атауы, мамандығы, курсы, педагогикалық және ғылыми қызметкерлер үшін – ғылыми зерттеулер бағыты және диссертация тақырыбы.
Қолы_____________________ Күні __________________
Мен______________________________________________________________________, (Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда) толық)
Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің үкіметтері мен ведомстволары арасында жасалған шарттар мен келісімдер шеңберінде шетелде оқуға конкурсқа қатысуға үміткер, сауалнамада көрсетілген барлық ақпарат толық және анық екенін растаймын.
___________________ (үміткердің қолы)
Мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығымен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларының талаптарымен таныспын.
Мен менің сауалнамалық деректерімді Конкурстық комиссия мүшелеріне, шетелдік үкімет, ведостволардың ресми өкілдеріне, мемлекеттік органдарға және өзге де мүдделі ұйымдарға, "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін.
Мен жеке әңгімелесуге қатысуға жеке жауапкершілік тартам, конкурсты өз бетімен, ата-анамның немесе өзге делдалсыз, өтуге міндеттенемін.
Мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ әкімшілік ететін өзге мемлекеттердің грантын тағайындау конкурстық іріктеуіне қатыспауға мынадай жағдайларда міндеттенемін:
- осы грантқа құжаттарды қабылдау және конкурс қабылдау кезінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ интернет-ресурсында осы грант бойынша нәтижелер жарияланғанға дейін;
- грант тағайындалған жағдайда.
Төменде өзіңіздің қолыңызбен мынадай мәтінді жазыңыз:
Осы қосымшаны мен өз қолыммен толтырдым, әрбір парағы дәйектелді. Жоғарыда жазылған шарттармен және талаптармен таныстым және келісемін (жеке қолыммен нақтылаймын)
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Қолы _____________________ Күні __________________
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісемін.
Қолы _____________________ Күні __________________
Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 2-қосымша Нысан 2 Өтінім ____________________________ ______________________ Жоғары оқу орынның атауы |
Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға немесе зерттеулер жүргізуге жіберу үшін
Жоғары оқу орынның атауы | Сұрау бойынша орын саны | Келісімдер мен шарттар саны | Бірлескен білім беру бағдарламалары | Қос дипломды білім беру бағдарламалары | Сұраудағы мамандықтар бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламалардың саны | Қолданыстағы білім беру лицензияның нөмері | Халықаралық рейтнгтерде қатысуы | Контингент (күндізгі бөлім) | ||
| Оңтүстік Шығыс Азия | АҚШ | ||||||||
Мамандық | ||||||||||
Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 3-қосымша Нысан 3 |
Жоғары оқу орындардың тізімі
Жоғары оқу орынның атауы | Сұрау бойынша орын саны Сұрау бойынша орын саны | Келісімдер мен шарттар саны | Бірлескен білім беру бағдарламалары | Қос дипломды білім беру бағдарламалары | Сұраудағы мамандықтар бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламалардың саны | Қолданыстағы білім беру лицензияның нөмері | Халықаралық рейтнгтерде қатысуы | Контингент (күндізгі бөлім) | Орын саны (формула бойынша) | Бекітілген сан | ||
Еуропа | Оңтүстік Шығыс Азия | АҚШ | ||||||||||
Шетелге, оның ішінде кадемиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 4-қосымша Нысан 4 |
Үміктерлерді таңдау критерилері Ағылшын тілін меңгеру деңгейі
IELTS балдарының баламасы | TOEFL балдарының баламасы | Берілетін балл |
IELTS - 9,0 | TOEFL – 118-120 | 9 |
IELTS - 8,5 | TOEFL – 115-117 | 8 |
IELTS - 8,0 | TOEFL – 110-114 | 7 |
IELTS – 7,5 | TOEFL – 103-109 | 6 |
IELTS – 7,0 | TOEFL – 95-102 | 5 |
IELTS – 6,5 | TOEFL – 80-94 | 4 |
IELTS – 6,0 | TOEFL – 60-79 | 3 |
IELTS – 5,5 | TOEFL – 45-59 | 2 |
IELTS – 5,0 | TOEFL – 35-44 | 1 |
Оқу үлгерімі "Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін
Ағымды үлгерім туралы транскрипт | 4,0 | 5 |
3,67 | 4 | |
3,33 | 3 | |
3,0 | 2 | |
2,67 | 1 |
"Магистратура", "Резидентура", "Докторантура" бағдарламалары бойынша жіберу үшін
Құжат | Орташа бал | Берілетін балл |
Бакалавр/магистр дипломы/интернатура бітіру туралы куәлік | 4,0 | 5 |
3,67 | 4 | |
3,33 | 3 | |
3,0 | 2 | |
Маман дипломы | 5,0 | 5 |
4,5 | 4 | |
4,0 | 3 | |
Ағымды үлгерім туралы транскрипт | 4,0 | 5 |
3,67 | 4 | |
3,33 | 3 | |
3,0 | 2 | |
2,67 | 1 |
Ынталандыру марапаттарының болуы (республикалық және халықаралық деңгейдегі)
Диплом | 5 | |
Грамота | 4 | |
Алғыс хат | 3 | |
Сертификат | 2 |
Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына 5-қосымша Нысан 5 |
Академиялық ұтқырлық аясында оқушылар мен оқыту-зерттеушілердің негізігі тізімі
№ | Жоғары оқу орынның атауы | Оқушы/оқытушы-зерттеушінің аты-жөні | Паспорт нөмері оның жарамдылық мерзімі | Ел | Мамандық | Балл саны |
Академиялық ұтқырлық аясында оқушылар мен оқыту-зерттеушілердің резервтік тізімі
№ | Жоғары оқу орынның атауы | Оқушы/оқытушы-зерттеушінің аты-жөні | Паспорт нөмері оның жарамдылық мерзімі | Ел | Мамандық | Балл саны |