"Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 251 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 4 маусымда № 18790 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 20 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комиссия төрағасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мәселелеріне жетекшілік жасайтын вице-министр. Шешім қабылдау кезінде Комиссияның барлық мүшелері Төрағаны қоса алғанда тең дауыс беру құқығына ие. Комиссия отырысы егер оған Комиссия құрамының кемінде жартысы қатысса заңды деп есептеледі.";

      29-тармақ алынып тасталсын;

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34.Үміткерлер құжаттарын тапсыру электрондық үкімет порталы және (немесе) ЖОО-ның кеңсесі арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13754 болып тіркелген) сәйкес конкурс жарияланған күннен бастап 60 (алпыс) жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Республикалық бюджет қаражаты есебінен шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

      2) білім туралы құжаттары:

      "Бакалавриат" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

      ЖОО мөрімен куәландырылған ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

      "Магистратура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

      бакалавр/маман дипломы қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

      "Резидентура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

      бакалавр/маман дипломы қосымшасымен, интернатураны бітіру туралы куәлік қосымшасымен және ағымдағы оқу үлгерімі туралы транскрипт;

      "Докторантура" бағдарламасы бойынша жіберу үшін:

      магистр дипломы қосымшасымен немесе резидентураны бітіргені туралы куәлігі және ғылыми диссертацияның өзектілігі мен оқытуға жіберу керектігі туралы кафедра отырысы хаттамасының үзіндісі;

      3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төменде ұсынылған құжаттардың бірін ұсынады):

      шет тілін меңгеруді халықаралық бағалау жүйесі арқылы алынған сертификат, болған жағдайда;

      студенттің шет тілді меңгеру деңгейімен келісетіндігі туралы шетел ЖОО-ның хаты;

      қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (В2 деңгейден төмен емес);

      4) он сегіз жасқа толмаған үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелге баруға қарсы еместігі туралы жазбаша келісімі;

      5) студент отбасының көп балалы екенін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

      6) студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған санаттағы студенттер үшін) (болған жағдайда);

      7) студенттің мүгедектігі туралы анықтама (болған жағдайда).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38.Академиялық оралымдылық шеңберінде оқуға жіберу үшін үміткерлерді іріктеу кезінде бірдей балл болған жағдайда:

      1) жоғары GPA балы бар үміткер (Grade Point Average - грейд пойнт аверейдж - дипломның орташа балы);

      2) шет тілі бойынша жоғары балы бар үміткер;

      3) жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

      4) бала кезінен мүгедек немесе мүгедектер басымдыққа ие;

      5) көпбалалы отбасынан шыққан студенттер.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Академиялық оралымдылық шеңберінде шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық уәкілетті органның сайтына орналастырылады және уәкілетті орган бұйрықпен бекіткеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖОО-ларға жіберіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. ЖОО-лар іріктелген үміткерлерге ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді, шетел ЖОО-ларынан ресми шақыру алуға ықпал етеді, шетелге оқуға жіберу туралы бұйрық дайындайды, оларды жіберуді жүзеге асырады, шетелде тұру және оқу үлгеріміне мониторинг жасайды, алынған оқу кредиттеріне талдау жүргізеді және оларды студенттің оқу жоспарында тіркейді, сондай-ақ, білім беру бағдарламаларының сәйкестігі үшін жауап береді.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.