Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 639 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5496 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру ережесі бекітілсін .
      2. "Мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін бақылауды, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті беруді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2007 жылғы 10 қаңтардағы N 17 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4539 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылғы 27 ақпандағы N 30 (1233) жарияланған) .
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы     
Қаржы министрінің       
2008 жылғы 30 желтоқсандағы  
N 639 бұйрығымен бекітілген  

Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті беру тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 655-бабына сәйкес әзірленген, мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті (бұдан әрі - Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ Мүлікті беруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына бақылауды жүргізу тәртібін, мерзімін айқындайды.
      2. Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін сақтауға және ол сатылған жағдайда ақшаның бюджетке толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ Мүлікті беру тәртібін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында салық органдары мыналарда:
      атқарушылық іс жүргізу органдарда;
      коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органдарда;
      мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік органдарда, иесі жоқ немесе иесі белгісіз, не иесі белгіленген тәртіпте мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) болуы, толық және уақытылы беру мәселесі бойынша;
      Мүлікті сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарда тексеру жүргізеді.
      3. Салық органдарының қызметкерлері осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген тексерулерді тексерілетін органның лауазымды тұлға өкілінің міндетті түрде қатысуымен жарты жылда бір реттен жиі емес мерзімде жүзеге асырады. Тексеру жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауы тиіс, ал тексерілетін кезең бес жылдан аспауы тиіс. Тексеруді тағайындау туралы бұйрықтарды тіркеу Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы желтоқсандағы N 46 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5016 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Қараныз V090005995

2. Атқарушылық іс жүргізу органдарында тексеру

      4. Атқарушылық іс жүргізу органдарында Мүліктің толық және уақытылы есепке қойылуын, сақталуын, бағалануын және өткізілуін тексеру кезінде мыналар тексеріледі:
      Мүліктің есепке толық алынуы және оның сақталуы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
      түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
      Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
      Мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке толық және уақытылы аударылуы;
      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес берілген мәліметтердің уақытылы және дұрыстығы;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Мүлікті жою тәртібі.
      5. Бақылауды жүзеге асыру үшін тексеруге мынадай құжаттар беріледі:
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
      аукционды ұйымдастырушыны таңдау туралы шарттар және Мүлік туралы шартпен қоса берілетін ақпарат;
      өткізілген аукциондардың нәтижелері туралы актілер мен қаулылар;
      Мүлік бойынша салық органдарына берілген мәліметтер;
      Мүлікті өткізуден түскен ақшаның бюджетке енгізілгенін растайтын құжаттар.

3. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік
берілген органды тексеру

      6. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органда бақылау жүргізу кезінде мынадай мәселелер қамтылады:
      Мүлікті есепке алудын толықтығы және оның сақталуы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің жасаудың толықтығы мен дұрыстығы;
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабын жүргізу тәртібі;
      түгендеу карточкаларын ашу тәртібі, сондай-ақ түгендеу карточкалары деректерінің толықтығы мен дұрыстығы;
      Мүлікті өткізу бойынша аукциондар ұйымдастыру тәртібінің сақталуы;
      Мүлікті одан әрі пайдалану тәртібі;
      Мүлікті өткізуден алынған ақшаның бюджетке аударылуының толықтығы және уақытылығы;
      Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес берілген мәліметтердің уақытылы және дұрыстығы.
      7. Бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай құжаттар тексерілуі тиіс:
      есепке алынған Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актілері;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі бойынша есепке алынған Мүліктің түгендеу карточкалары;
      аукционды ұйымдастырушыны таңдау туралы шарттар және Мүлік туралы шартпен қоса берілетін ақпарат;
      Мүлік бойынша салық органдарына берілген мәліметтер.

4. Мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде мемлекеттік
органдарда иесі жоқ немесе иесі белгісіз, не иесі
белгіленген тәртіпте мемлекеттік кіріске айналдырылған
деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан Мүліктің (заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) болуы, толық және
уақытылы беру мәселесі бойынша тексеру

      8. Мемлекеттік мекемелерінде, оның ішінде мемлекеттік органдарында иесі жоқ немесе иесі белгісіз, не иесі белгіленген тәртіпте мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан Мүліктің ( заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) болуы, толық және уақытылы берілуі мәселесі бойынша бақылау жүргізу кезінде тексерумен мынадай мәселелер қамтылады:
      Мүліктің нақты болуы;
      Мүліктің коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органның есебіне толық және уақытылы берілуі;
      Мүлікті қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;
      9. Бақылауды жүзеге асыру кезінде тексеруге мынадай құжаттар жатады:
      заттай дәлелдемелерді есепке алу кітабы;
      заттай дәлелдемелердің, соттағы құжаттардың түсуін және берілуін есепке алу кітабы;
      Мүлікті қабылдау-беру актісі;
      арнайы шоттардың, шетел валютасындағы шоттардың және есеп айырысулардың кітабы немесе карточкалары;
      иесі жоқ немесе иесі белгісіз, не иесі белгіленген тәртіпте мемлекеттік кіріске айналдырылған деп танылғанға дейін меншік құқығынан бас тартқан Мүлікке ( заттай дәлелдемелерді қоса алғанда) байланысты өзге құжаттар.

5. Мемлекет меншігіне айналдырылған Мүлікті сақтау
мен өткізуді жүзеге асыратын ұйымдарды тексеру

      10. Мүлікті сақтауға және өткізуге шарт жасасқан субъектілер Мүлікті сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын ұйымдар болып табылады.
      11. Тексерумен мынадай мәселелер қамтылады:
      Мүліктің толық есепке алынуы және оның сақталуы;
      Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісінің толық және дұрыс жасалуы;
      Мүлікті сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібінің сақталуы;
      Мүлікті одан әрі пайдалану тәртібі;
      Мүлікті сатудан түскен ақшаның бюджетке аударылуының толықтығы мен уақытылығы.
      12. Тексеруге мынадай құжаттар ұсынылады:
      Мүлікті сақтауға және өткізуге уәкілетті органмен жасасқан құжаттар;
      Мүлікті өткізуді жүргізу бойынша хаттамалар;
      Мүлікке байланысты өзге де құжаттар.

6. Тексеру нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар

      13. Тексеру аяқталған соң салық органының лауазымды тұлғасы анықталған кемшіліктерді, оларды жою және жұмысты жақсарту бойынша нақты ұсыныстар көрсетілетін тексерілген субъектіге берілетін, бақылау актісі жасалады.
      14. Уәкілетті орган жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша бұзушылықтардың жойылғаны туралы отыз күнтізбелік күннің ішінде салық органына жазбаша хабарлауға міндетті.