Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2011.11.25 № 125 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы статистикалық есептілікті одан әрі жетілдіру және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді мемлекеттік тіркеу, статистикалық есепке алу және оларға бақылау жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 46 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5016 тіркелген) күші жойды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына орындалуы үшін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры Қ. Мәми
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулық 1. Кіріспе.
1. Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық), Қазақстан Республикасының юрисдикциясындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, мемлекеттік мекемелеріне, шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарына қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын тексерулерді есепке алу және бақылау, бірыңғай мемлекеттік тіркеу жүргізу бөлігінде Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңын (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңын орындау үшін әзірленді.
2. Бірыңғай мемлекеттік тіркеу, тексерулерді есепке алу және бақылау:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүргізілетін тексерулер нәтижелері бойынша қалыптасатын құқықтық статистикалық ақпаратты жинақтау, есепке алу, талдау және шынайылы, сондай-ақ дәйекті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға ұсыну;
жеке кәсіпкерлік субъектілер, мемлекеттік мекемелер, шаруашылық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар қызметтерінің тексерулерін жоспарлау және оңтайландыру барысында елдегі құқық қорғау қызметінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсаттарында жүзеге асырылады.
3. Осы Нұсқаулықта:
тексерулерді бірыңғай мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін, мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдарды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын жеке тұлғаларды тексеруге уәкілетті мемлекеттік органдар;
уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеру объектілері – жеке кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайтын коммерциялық емес ұйымдар және жеке тұлғалар;
тексеру тағайындау туралы акті – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптардың сақталуымен рәсімделген мемлекеттік органның құқықтық актісі;
тексерулерді жоспарлау – уәкілетті мемлекеттік органдармен тексерулерді жыл сайынғы жүйелеу, оңтайландыру және тәртіпке келтіру процедурасы;
ақпараттық есепке алу құжаттары - оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистикалық және арнайы есепке алу деректері қалыптасатын белгіленген үлгідегі материалды (қағаз, магниттік, оптикалық) құқықтық статистика ақпарат жеткізгіші түсініктері қолданылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
2. Тексерулер тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу
4. Мемлекеттік тіркеу процедурасы өзіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуді, тексеру жүргізу мерзімінің ұзартылуы, тоқтатылуы, қайта жаңғыртылуы туралы, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тартуды, тексеру туралы мәліметтерді есепке алу және оның нәтижелері, сонымен қатар өткізілмеген тексерісті құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында есептен шығаруды енгізеді.
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты жүргізуге жол беріледі.
Тексеру тағайындау туралы актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасы және тиісінше, осы Нұсқаулық талаптары:
мемлекеттік мекемелермен өздерінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерін, ішкі ведомстволық мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар, сонымен қатар осы мемлекеттік органдар меншік иесі немесе құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғаларды;
уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және қабылдау-бөлу орындарында тұлғаларды ұстау заңдылығын, қылмыстық қуғындау органдарымен жедел-іздестіру қызметін жүргізуді;
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының орындалуын;
Заңның 33-бабының 4 және 5 тармақтармен көзделген қатынастар саласында тексеру жүргізумен байланысты құқықтық қатынастарға таратылмайды.
Аймақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының әскери немесе көліктік бөлімшесі болмаған жағдайда, есепке алуды жүргізу және бақылау үшін тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының аумақтық бөлімшесімен мәлімет үшін ақпараттық есепке алу құжаттарын кейіннен келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тиісті әскери немесе көліктік бөлімшесіне ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
5. Тексеру тағайындау туралы актінің тіркелуі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен тексеру объектісінің тіркеу орны бойынша немесе өз қызметін жүзеге асыру орны бойынша тексерудің басталуына дейін жүзеге асырылады.
Тіркелу үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актінің екі данасы (түпнұсқа және куәландырылған көшірме), Нұсқаулыққа қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органымен жүзеге асырылатын тексеру туралы мәліметтер толтырылған есепке алу карточкасы (бұдан әрі – № 1-П нысанды есепке алу карточка) ұсынылады.
Тексерулерді есепке алудың ведомстволық автоматтандырылған жүйелерін жүргізу барысында, тексеруді мемлекеттік тіркеу үшін көрсетілген электронды цифрлі қол қойылған құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен анықталатын электронды форматта жолданады.
Тексерулерді есепке алудың автоматтандырылған ведомстволық жүйесінің болмаған жағдайында, тексеру тағайындау туралы акті және № 1-П нысанды есепке алу карточкасы электронды форматта рәсімделуі мүмкін, содан соң, электронды цифрлі қол қойылғаннан кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурс құралының көмегімен тіркелуі үшін ұсынылады.
Бақылаушы және тіркеуші органдардың орналасқан жерінен елеулі қашықтықта орналасқан объектілерде жоспардан тыс тексеру жүргізу жағдайында, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу тексеру басталғаннан соң, келесі бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
6. Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеу барысында мемлекеттік орган қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру тағайындау үшін негіз болған құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесін ұсынады.
Тексеру тағайындаудың негізі болып табылған құжаттың түпнұсқасы мемлекеттік орган қызметкеріне қайтарылады, ал көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
7. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері ақпараттық есепке алу құжаттарын ала отырып, тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуге ұсыну сәтінен үш сағаттан кешіктірмей:
Нұсқаулыққа қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес ресімделген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу Журналына (бұдан әрі – Журнал), № 1-П нысанды есепке алу карточкасына және оған қоса берілетін талон-қосымшаға жазба енгізеді;
тексеру тағайындау туралы актінің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және тексеру тағайындау туралы актінің толтырылуының толықтығын тексереді.
Сонымен қатар, құжаттардың тіркелуі үшін уақытылы ұсынылуын, мемлекеттік органмен тексеру тағайындау барысындағы аумақтылық принциптілігін сақтауды тексереді.
Актіні тіркеуден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерімен Нұсқаулыққа қоса берілген 3-қосымшаға сәйкес тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу туралы мөр басылады.
Тіркегеннен соң, актінің түпнұсқасы мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына қайтарылады. Актінің көшірмесі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу орган қызметкері электронды тіркеудің аяқтағаны туралы, мемлекеттік тіркеу субъектісіне электронды цифрлі қол қойылған тексеру тағайындау туралы актінің тіркелгендігі туралы хабарлама жолдайды.
7-1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкері ақпараттық құжаттар келіп түскен сәттен бастап 24 сағаттан кешіктірмей деректер базасына ақпараттық есепке алу құжаттарының мәліметтерін енгізеді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
8. Тексеру қоғамдық тәртіпке, халықтың денсаулығына және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қауіп-қатерді тез арада жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты туындаған ерекше жағдайларда, сондай-ақ заңнаманың бұзылуын олардың тікелей жасалуы сәті кезінде алдын алу мақсатында және дәлелдемелерді бекіту үшін шұғыл әрекет жүргізу үшін жұмыс уақытынан тыс мерзімде (түнде, демалыс немесе мереке күндерінде) тексеру жүргізу кезінде, тексеру жүргізудің өзге де шарттарын реттейтін Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келісімдерге сәйкес тексеру жүргізу барысында тексеру тағайындау туралы актіні тіркеу, тексеру басталғаннан соң келесі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
9. Тексеру мерзімдерін тоқтату немесе жаңғырту туралы, сонымен қатар тексеруге қатысатын тұлғалардың құрамы өзгерген кезінде мемлекеттік тіркеу субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексерудің тоқтатуына немесе қайта жаңғыруына дейін бір күн бұрын енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ескертпені жолдайды.
Сонымен қатар, ескертпеде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының журналы бойынша тексеру тағайындау туралы актінің нөмірі және тіркеу күні, тексерілуші объектінің толық атауы және орналасқан жері, тексерудің тоқтатылған, жаңартылған күні немесе тексеруге қатысушы тұлғалар құрамының өзгеруі көрсетіледі.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тексеру тағайындау туралы акті нөмірімен, тіркелген күнімен, құжаттардың келіп түскен күніне сәйкес келетін тексеруді ұзарту туралы актіні тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірмей рәсімдейді.
Тіркеу тексеруді ұзарту туралы актіде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының мөртабанмен тексеруді жүзеге асырған қызметкердің тегі, аты-жөні көрсетіліп, қолы қойылып нақтыланады.
Журналда тексеруді ұзарту туралы актіні ұсыну күні көрсетілген белгі қойылады.
10. Мемлекеттік тіркеу субъектісі тексеру аяқталуы бойынша үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына № 1-П нысанды есепке алу карточкасына талон-қосымшаны, егер электронды тіркелген жағдайда, оның электронды форматын ұсынады.
Мемлекеттік тіркеу субъектісімен тағайындалған тексеруді жүргізуден бас тартқан, прокурордың немесе соттың шешімі бойынша тексеруді оның аяқталуына дейін тоқтатқан жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісімен ол туралы шешім қабылданғаннан соң үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ескертпе жолданады.
11. Тексеру тағайындау барысында мемлекеттік тіркеу субъектісімен жіберілген Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкері (қолма қол, факс арқылы, электронды пошта арқылы) ақпараттық есепке алу құжаттарды құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының басшысына, немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ұсынады.
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) Нұсқаулыққа қоса берілген 4-қосымшаға сәйкес, ақпараттық есепке алу құжаттар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен 24 сағаттан аспайтын мерзімде жазбаша түрде екі данада жасалады.
Көрсетілген мерзімінің аяқталуы мерекелік немесе демалыс күндеріне сәйкес келген жағдайда, бас тарту құқығын қолдану мерзімі келесі жұмыс күні болып табылады.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту Қазақстан Республикасы заңнамалары мен осы Нұсқаулық талаптарының нақты бұзушылықтарын көрсете отырып дәлелді болуы тиіс.
12. Мемлекеттік тіркеу субъектісімен тексеру тағайындау барысында Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы туралы мәселені анықтау үшін ұсынылған құжаттарды қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, шешім ақпараттық есепке алу құжаттары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына келіп түскен сәттен екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдануы тиіс.
Тіркеусіз қайтарылып, бас тартылған жағдайда, тексеру тағайындау туралы актіде Нұсқаулыққа қоса берілген 5-қосымшаға сәйкес «бас тартылған» мөртабан қойылады, № 1-П есепке алу карточкасының 19-тармағы толтырылады және Журналға тиісті белгі енгізіледі.
13. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту үшін, егер өзгесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасымен ратифицирленген халықаралық келісімдермен және осы Нұсқаулықпен белгіленбеген болса, келесі негіздердің бірінің болуы жеткілікті:
1) тексерулер жоспарында көрсетілмеген жоспарлық тексеруді тағайындау;
2) жоспарлы тексеру тағайындау кезінде алдыңғы тексеруге қатысты уақыттық ара-қашықтықтың сақталмауы;
3) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне енбейтін мәселелер бойынша тексерулер тағайындау;
4) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мерзімдерге қатысты, тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексеру жүргізу мерзімінің асып кетуі немесе өтіп кетуі;
5) жасырын түрдегі өтініш бойынша объектіні тексеруді тағайындау;
6) егер осы мәселе және кезең бойынша бұрын осы, немесе оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органмен, немесе басқа да мемлекеттік органмен тексеру өткізілген болса, мемлекеттік органмен объекті қызметін тексеруді тағайындау;
7) егер алдыңғы тексерумен бұзушылықтар анықталмаса, жоспардан тыс бақылаулық тексеруді тағайындау;
8) жоспардан тыс тексеру тағайындау негізінің жазбаша нақтылауының болмауы (сұрау, тапсырма, өтініш, шағым, жолдау, сенім телефондары бойынша өтініштерді тіркеу кітабына тіркеу туралы белгі, қарсы тексеру тағайындау барысындағы акті көшірмесі және заңнамамен көзделген өзге де негіздер);
9) өтініште немесе хабарламаларда, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы өзге де жүгінулерде көрсетілген уақыт аралығының шегінен шығатын кезеңге тексеру тағайындау;
10) тексеру жүргізуді оған тиісті өкілеттігі жоқ тұлғаларға тапсыру;
11) бір тексеру тағайындау туралы актіде, салық органында тіркеу есебіне қою, бақылау-кассалық машиналардың болуы, этил спиртін босатуға лицензияның, рұқсаттың, патенттің, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 574-бабында көрсетілген тіркеу карточкасының болуы мәселелері бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, тексеруге ұшырайтын бірнеше объектілерді көрсету;
12) заңмен белгіленген мерзімде ол бойынша тексеру тоқтатылған және қайта жаңғыртылмаған объектіні тексеруді қайта тағайындау;
13) Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген шекті мерзімдерінен асатын мерзімге тексеруді тағайындау немесе оны ұзарту;
14) алда тұрған тексеру туралы жеке кәсіпкерлік субъектісін ескерту жөнінде мәліметтердің немесе ескертудің мерзімін сақтамау болмауы;
15) тексерулердің жүргізу тәртібі мен жағдайларын реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
14. Мемлекеттік тіркеу субъектісіне тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден негізсіз бас тартуы жоғарыда тұрған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына немесе сотқа шағымдалуы мүмкін.
15. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген тексеруді өткізбеу жағдайында, мемлекеттік тіркеу субъектісімен тексерудің өткізілмеуінің себебін көрсету арқылы ескертпе жасалады.
Ескертпе құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің нақты аяқталған сәтінен үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады. Осы мәліметтер негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мәліметтерді Журналға енгізеді.
16. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы тұрақты түрде тексерулер мерзімдерінің ұзартылуына, тоқтатылуына және жаңғыртылуларына есепке алуды және бақылауды жүргізеді.
17. Мемлекеттік тіркеу субъектілері құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында тіркелген актілер және жүргізілген тексерістер бойынша салыстыруды тоқсанда бір реттен кем емес жүргізеді.
Орталық мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулер бойынша салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу орталық органында жүргізіледі.
Салыстыру құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы басшысымен бекітілген кестесі бойынша жүргізіледі.
Салыстырулардың уақытылы өткізуін бақылау мемлекеттік тіркеу субъектісі басшысына жүктеледі.
Салыстырудың аяқталуы бойынша акті жасалады.
Салыстыру актісінде бейнеленуге келесі мәселелер жатады:
1) салыстыру жүргізудің уақытылығы;
2) тіркелуінен бас тартылған тексерулерді тағайындау туралы актілердің саны;
3) тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны;
4) тексерулердің түрлері бойынша бөлумен, тіркелген актілер бойынша жүргізілген тексерулердің саны;
5) ұзарту туралы актілерді, тексерулер мерзімдерінің тоқтатылуы мен жаңғыртылуы туралы ескертпелердің уақытылы ұсынылуы;
6) есепке алу үшін талон-қосымшалардың уақытылы ұсынылуы;
7) жүргізілмеген тексерулерді есептен алу туралы ескертпенің уақытылы ұсынылуы;
8) көрсетілген деректемелерге сәйкес Журналға енгізілген мәліметтердің есепке алуының толықтығы.
Салыстыру актісіне салыстыруды жүргізген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы және мемлекеттік тіркеу субъектісі қызметкерлерімен қол қойылады және көрсетілген органдардың басшыларымен бекітіледі.
Салыстыру актісі екі данада жасалады, оның бір данасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында қалады, екінші данасы салыстыру жүргізген мемлекеттік тіркеу субъектісінің лауазымды тұлғасына беріледі.
18. Егер салыстыру немесе мемлекеттік тіркеу субъектілерінде тексеру жүргізу барысында тіркеуден өтпеген тексеру тағайындау туралы актіні, немесе тексеру тағайындау туралы актіні шығармай жүргізілген тексерулер анықталған жағдайда, мемлекеттік тіркеу субъектісі алдын ала өзінің тіркеу журналында тиісті жазу жазып, олардың анықтаған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына тіркелмеген тексерулерге толтырылған № 1-П нысанды есепке алу каточкаларын және талон-қосымшаларды ұсынады.
3. Тексерулерді есепке алудың Бірыңғай жүйесін енгізу
19. Мемлекеттік тіркеу субъектілері тексерулерді есепке алудың Бірыңғай жүйесінің қалыптасуына қатысады.
Осы мақсатта олармен тұрақты және үзіліссіз түрде ведомстволық тексерулердің, сонымен қатар тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтар және олар бойынша қабылданған әкімшілік әрекеттегі қабылданған шараларды есепке алу жүйесі құрылады.
Тексерулерді есепке алу ведомстволық автоматтандырылған жүйе болмаған жағдайда, мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру барысындағы қарым-қатынасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы жүргізілуі мүмкін.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының тексерулерді есепке алу жүйесі мен тексерулерді есепке алу ведомстволық жүйесінің біріктірілуі, сондай ақ тұтастық және бірыңғайлық принципін сақтау негізінде мемлекеттік органдардың тексерулерді мемлекеттік тіркеу барысында құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Интернет-ресурсы арқылы қарым-қатынасты ұйымдастыру тексерулерді есепке алудың Бірыңғай жүйесін құрайды.
Тексеру тағайындау туралы актілер, № 1-П нысанды есепке алу каточкалары, талон-қосымшалар мәліметтері негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен мемлекеттік органдармен жүргізілетін тексерулер туралы Бірыңғай мемлекеттік деректер банкі жүргізіледі.
20. Тексерулерді есепке алудың Бірыңғай жүйесінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы мен мемлекеттік органның толық электронды өзара қарым-қатынасқан жағдайда, тексеру тағайындау туралы акті, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша қағаз жеткізгіште құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынылмайды.
Тексерулерді есепке алудың Бірыңғай жүйесінде электронды өзара қарым-қатынастың жетілдірілуіне қарай, тексеру тағайындау туралы акті, № 1-П нысанды есепке алу каточка, талон-қосымша, тексерулердің жүргізудің жыл сайынғы жоспары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен келісу арқылы қағаз жеткізгіштерде ұсынылмауы мүмкін.
Тексеру тағайындау туралы актіні, № 1-П нысанды есепке алу каточкасын, талон-қосымшаны ұсынудың электрондық форматы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен айқындалады.
21. Заңға сәйкес бекітілетін тексерулердің жүргізудің жыл сайынғы жоспары осы Нұсқаулыққа қоса берілген 8-қосымшаға сәйкес кесте түрінде рәсімделеді, сондай-ақ қағаз және электронды форматта ұсынылады.
Жоспарда мемлекеттік органның атауы, жоспарлау мерзімі, реттік нөмірі, тексеру объектісінің атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН), жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – БСН), оның орналасқан жері немесе қызметін жүзеге асыру орыны көрсетіледі.
СТН, ЖСН, БСН көрсетілуі шаруашылық жүргізуші субъектілердің тексерулері үшін көзделген.
Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
4. № 1-П нысанды есепке алу карточкасының, талон-қосымшаның және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу Журналын толтыру тәртібі
22. № 1-П нысанды есепке алу карточкасының және талон-қосымшаның деректемелері тексеруді жүзеге асырушы тұлғамен, баспа әріптермен, қысқартуларсыз толтырылуы тиіс.
№ 1-П нысанды есепке алу карточкасының оң жағында орналасқан цифрлі ақпараттық көрсеткіштерде құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен берілген кодтық белгі нөмірлері қойылады.
1) 1-тармақта тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы бейнеленеді;
2) 2-тармақта тексеруді жүргізген органның деңгейлік мәртебесі: республикалық - 1; облыстық - 2; қалалық - 3; аудандық - 4; ауылдық - 5 кодтау арқылы көрсетіледі;
3) 3-тармақта тексерілуші объектінің атауы, оның орналасқан жері көрсетіледі;
4) 3.1. тармақта тексеру объектісінің тәуекел тобының коды: жоғары тәуекел тобы - 1, орташа тәуекел тобы - 2, төмен тәуекел тобы - 3 көрсетіледі;
5) 4-тармақта тексеру объектісі: 1-жеке тұлға, 2-заңды тұлға, 3-жеке кәсіпкерлік субъектісі, сонымен қатар: 4-кіші кәсіпкерлік, 5-орта кәсіпкерлік, 6-ірі кәсіпкерлік, 7-мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар: 8-мемлекеттік орган, 9-мемлекеттік кәсіпорындар, 10-коммерциялық емес ұйымдар көрсетіледі;
6) 5-тармақта тексеру түрі кодтау жолымен (ХХХ): 1ХХ-жоспарлық, 2ХХ-жоспардан тыс: (оның ішінде: 01 - кешенді, 02 - тақырыптық, 03 - хронометражды зерттеу) көрсетіледі;
6-1) 5.1 тармақта Заңның 37-1 бабы 7-тармағымен көзделген жоспардан тыс тексерудің негізі көрсетіледі: 01 - тексеру нәтижесінде және мемлекеттік бақылаудың басқа да нысандары нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдардың (қаулылар, ұсыныстар, ескертулер) орындалуын бақылау (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 1-тармақшасы); 02 - жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарынан және жергілікті өкілетті органдардан адамдардың өміріне, денсаулықтарына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекетке елеулі зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін төндіру туралы жеке және заңды тұлғалардан ақпараттар мен өтініштерді алу (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 2-тармақшасы); 03 - тексеруді жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында азаматтық-құқықтық қатынастарда тұрған жеке кәсіпкерліктің тексеруші субъектісінің үшінші тұлғаларға қатысты қарсы тексеруі (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 3-тармақшасы); 04 - жеке кәсіпкерлік субъектісінің оның қызметіне тексеру жүргізу туралы бастамалы өтініші (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 4-тармақшасы); 05 - егер жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру өткізу көзделсе, оның жойылуы (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 5-тармақшасы); 06 - жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастапқы тексерумен келіспеуі туралы арызына байланысты қайталанған тексеру (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 6-тармақшасы); 07 - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген негіздер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 7-тармақшасы); 08 - салық төлеушілердің өтініштері, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 627-бабында көрсетілген мәліметтер мен мәселелер (Заңның 37-1 бабы 7-тармағы 8-тармақшасы);
7) 6-тармақта тексеру мәселесі, яғни, нормативтік құқықтық акті нормаларының сақталуы, тексерілуге тиісті талаптары көрсетіледі;
8) 7-тармақта тексеру объектісінің қызмет түрі көрсетіледі;
9) 8-тармақта тексеру объектісінің СТН көрсетіледі (шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін);
10) 9-тармақта тексеру объектісінің ЖСН/БСН-і көрсетіледі (шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін);
11) 10-тармақта тексеру тағайындау туралы актінің нөмірі көрсетіледі;
12) 11-тармақта тексеру тағайындау туралы актінің шыққан күні көрсетіледі;
13) 12-тармақта тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (Т.А.Ә.), лауазымы, қолы қойылады;
14) 13-тармақта тексеру жүргізу мерзімі көрсетіледі;
15) 14-тармақта тексерілетін кезең көрсетіледі;
16) 15-тармақта тексеру қанша мерзімге ұзартылатын күндер саны көрсетіледі;
17) 16-тармақта тексерудің тоқтатылған күні көрсетіледі;
18) 17-тармақта тексерудің жаңартылған күні көрсетіледі;
19) 18-тармақта жүргізілмеген тексерістің есептен алынған күні көрсетіледі;
20) 19-тармақта, тексеру тағайындау туралы актінің тіркеуден бас тартылғанда, Нұсқаулықтың 13-тармағының тиісті тармақшасы көрсетіледі;
21) 20-тармақта 1 (2)-есептік кезеңде тіркелусіз жүргізілген, 3 (4) есептік кезеңде жүргізілгендер қатарынан тексеріс тағайындау туралы актінің шығарылуысыз (өткен кезеңдер) жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер бейнеленеді;
22) 21-тармақ 1-прокуратурамен, 2-ҚСжАЕК органдарымен, 3-мемлекеттік орган бастамасымен анықталған заңсыз тексерулер саны көрсетіледі;
23) 22, 23, 24, 25 және 26 тармақтар құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының кодын, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының келіп түскен күнін, реттік нөмірді, № 1-П нысанды есепке алу карточкасын қабылдаған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы көрсетіледі және қолы қойылады.
Салықтық тексерулерді тіркеуі барысында тексерулердің тіркеу нөмірлері тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер нөмірі бойынша дробь арқылы тәртіп бойынша қойылады (мысалға: 41/1, 41/2, 41/3, және т.б.).
Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
23. № 1-П нысанды есепке алу карточкасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының Журналында тіркелген сәтінен бастап есепке алынған болып саналады.
24. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына тексеру аяқталғаннан соң үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатын Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес талон-қосымша толтырылады.
1) талонда тексеру тағайындаған мемлекеттік орган атауы көрсетіледі;
2) 1-тармақта мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі, оның шығарылған күні көрсетіледі;
3) 1.1-тармақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органында мемлекеттік тіркелген күні және нөмірі көрсетіледі;
4) 2-тармақта тексеру объектісінің атауы, оның орналасқан жері көрсетіледі;
5) 3 және 4-тармақтарда тексерудің басталу және аяқталу күндері көрсетіледі;
6) 5-тармақта тексеру нәтижелері көрсетіледі: 1-бұзушылықтар анықталған жоқ; 2-бұзушылықтар анықталды;
7) 6-тармақта кімнің құқықтары қорғалғаны көрсетіледі: 1-жеке тұлғаның, 2-жеке кәсіпкерлік субъектінің, сонымен қатар: 3-кіші кәсіпкерлік, 4-орта кәсіпкерлік, 5-ірі кәсіпкерлік, 6-мемлекеттік мекеме, 7-мемлекеттік кәсіпорын, 8-коммерциялық емес ұйым;
8) 7-тармақта тексеру материалдарын шешім қабылдау үшін жолдау туралы мәліметтер көрсетіледі: 1-мемлекеттік органға, 2-прокуратураға, 3-сотқа;
9) 7.1-тармақта материалдарды жолдаған күн белгіленеді;
10) 8-тармақта талаптары бұзылған нормативтік құқықтық актілер нормалары белгіленеді;
11) 9-тармақта объектіні тексерудің нәтижелері көрсетіледі: тоқтатылған-1, тыйым салынған-2;
12) 10-тармақта, тексеріс, оның аяқталуына дейін тоқтатылғандығы көрсетіледі: 1-мемлекеттік органмен, 2-сотпен, 3-прокурормен;
13) 11-тармақта тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы, қолы, қызметтік телефоны көрсетіледі;
14) 12-тармақта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-қосымшаның келіп түскен күні көрсетіледі;
15) 13-тармақта талон-қосымшаны қабылдаған құқықтық статистика және арнайы есепке алу органы қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы көрсетіледі.
25. Талон-қосымшаны ұсыну тексеруді аяқталған ретінде есептеуге негізі болып табылады.
26. Енгізілген мәліметтердің шынайлығын, толықтығын, объективтілігін және дәйектігін қамтамасыз ету мемлекеттік органның басшысына және осы құжаттарды толтырған тұлғаға жүктеледі.
27. Тексеруді тағайындау туралы актіні, № 1-П нысанды есепке алу карточканы және талон-қосымшаны тіркеу олар туралы мәліметтерді Журналға енгізу жолымен жүзеге асырылады.
28. Журнал бірыңғай үлгідегі құжат болып табылады, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен және мемлекеттік тіркеу субъектілерімен жүргізіледі.
29. Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен куәландырылған болуы тиіс. Жазбалар толық, нақты, ұқыпты енгізіледі, түзетулерге және тазартуларға жол берілмейді. Қателескен жазбалар ескертіледі және жауапты тұлғаның қолымен куәландырылады.
1) Журналдың 1-бағанда ақпараттық есепке алу құжатының реттік нөмірі көрсетіледі;
2) 2-бағанда тексеру тағайындау туралы актінің, № 1-П нысанды есепке алу карточкасының тіркелу күні мен уақыты көрсетіледі, сонымен қатар құжаттарды тапсырған мемлекеттік тіркеу субъектісінің лауазымды тұлғасының қолы қойылады.
Журналда салықтық тексеруді есепке алу барысында, тексеру аяқталуы бойынша № 1-П нысанды есепке алу карточкасын және талон-қосымшаны ұсынғаннан кейін, тексерулердің тіркеу нөмірлері тексеру тағайындау туралы тіркелген актілер нөмірі бойынша дробь арқылы тәртіп бойынша қойылады (мысалға: 41/1, 41/2, 41/3, және т.б.);
3) 3-бағанда мемлекеттік тіркеу субъектісінің тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оның шығару күні көрсетілуге жатады;
4) 4-бағанда мемлекеттік тіркеу субъектісінің атауы, тексеруді тағайындаған тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. бейнеленуге жатады;
5) 5-бағанда тексеруді жүзеге асырған тұлғаның (тұлғалардың) Т.А.Ә. және лауазымы көрсетіледі;
6) 6-бағанда тексеру объектісінің атауы, оның орналасқан жері, шаруашылық жүргізуші субъектінің СТН, (ЖСН, БСН) бейнеленуге жатады;
7) 7-бағанда тексеру объектісімен жүзеге асырылатын қызмет түрі бейнеленеді;
8) 8-бағанда тексеру түрі бейнеленеді;
9) 9-бағанда тексеру негізі көрсетіледі;
10) 10-бағанда тексеру өткізу мерзімі бейнеленеді;
11) 11-бағанда тексеру мерзімнің ұзартылуы немесе тексерудің тоқтатылуы және жаңартылуы туралы белгі қойылады, сонымен қатар тексеру мерзімін ұзарту туралы актінің немесе ескертпенің келіп түскен күні көрсетіледі.
12) 12-бағанда құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына талон-қосымшаның ұсынылған күні көрсетіледі, сонымен қатар талон-қосымшаны тапсырған мемлекеттік тіркеу субъектісінің лауазымды тұлғасының қолы қойылады;
13) 13-бағанда тағайындалған тексерулердің өткізілмеу негіздері және шешім қабылданған күні көрсетіледі: 1-кіші бағанда есептен алынған өткізілмеген тексерулер, 2-кіші бағанда тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілер бейнеленеді.
30. Есепке алуды тиісті жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік тіркеу субъектісінде Журналды жүргізу жауапты лауазымды тұлғаға жүктеледі.
Журналдың жүргізілуі және сақталуы туралы талаптардың қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу мемлекеттік тіркеу субъектісінің басшысына жүктеледі.
31. Ақпараттық есепке алу құжаттыры бланктерімен және журналдармен қамтамасыз ету мемлекеттік тіркеу субъектілеріне жүктеледі.
5. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы» № 1-П нысанды есептердің ұсынылу тәртібі мен мерзімдері
32. № 1-П нысанды есепке алу карточканың және талон-қосымшаның негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарымен Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы» № 1-П нысанды есеп (бұдан әрі – № 1-П нысанды есеп) жасалады.
Аймақ бойынша және әр мемлекеттік орган бойынша № 1-П нысанды жинақталған есеп құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен қол қойылады.
Аймақ бойынша және әр мемлекеттік орган бойынша № 1-П нысанды жинақталған есеп ұлғаю нәтижесiмен тоқсан сайын жасалады, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітіледі және орталық құқықтық статистика және арнайы есепке алу органына ұсынылады.
33. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органының орталық аппараты аумақтық органдарының № 1-П нысанды есептің деректері негізінде мемлекеттік органдар және аймақтар бөлінісінде жинақталған есепті қалыптастырады.
34. Жолдар мен бағандардың деректері барлық мемлекеттік органдар бойынша бірдей болып келетін № 1-П нысанды есеп ұлғаю нәтижесімен бірыңғай нысан бойынша құрылады.
1) 1-жолда талон-қосымшалары есептік кезеңнің соңына келіп түспеген, аяқталмаған тексерулердің қалдығы көрсетіледі;
2) 2-жолда тексерулерді тағайындау туралы тіркелген актілердің саны көрсетіледі;
3) 3-жолда (№ 1-П нысанды қойылған есепке алу карточкалары бойынша) объектілердің тағайындалған тексерулерінің саны көрсетіледі;
4) 4-ші жол (талон-қосымшаның бар болғанда) аяқталған тексерулердің санын көрсетеді;
5) 5-ші жол түрлі себептер бойынша есептік кезеңде өткізілмеген, тағайындалған тексерулердің санын көрсетеді;
6) 6-шы жол тексеру тағайындау туралы актіні тіркемей жүргізген анықталған тексерулердің жалпы санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратурамен анықталғандар 7-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен 8-жолда, мемлекеттік органмен 9-жолда көрсетіледі;
7) 10-шы жол есептік кезеңде тағайындалғандардың қатарынан, тексеруді тағайындау туралы актіні шығармай жүргізген, анықталған тексерулердің жалпы санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратурамен анықталғандар 11-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 12-жолда, мемлекеттік органмен 13-жолда көрсетіледі;
8) 14-ші жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары тіркемей жүргізгендігін ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратурамен анықталғандар 15-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 16-жолда, мемлекеттік органмен 17-жолда көрсетіледі;
9) 18-ші жол тексеру тағайындау туралы актіні өткен жылдары шығармай жүргізгендігін ағымдағы жылда анықталған тексерулердің санын көрсетеді, олардың ішінде прокуратурамен анықталғандар 19-жолда, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен 20-жолда, мемлекеттік органмен 21-жолда көрсетіледі;
10) 22-ші жол тексеру нәтижелерінде бұзушылықтар айқындалған тексерулердің санын көрсетеді;
11) 23-ші жол тіркеуден бас тартылған тексерулерді тағайындау туралы актілердің жалпы санын көрсетеді;
12) 24-38 жолдар тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеуден бас тарту негіздерін көрсетеді;
13) 1-15 бағандарының көрсеткіштері № 1-П нысанды есепке алу карточкасының деректерінен алынып қалыптасады.
35. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдары тоқсан сайын аумақтық басқарманың қолы қойылып, құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша уәкілетті органға келесі есептік кезеңдегі айдың 5-санына қағаз жүзінде және электронды түрде ұсынылатын 1-П нысанды есепті қалыптастырады және бекітеді.
Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
36. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың аумақтық органдарының бекіткен есептері негізінде құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органдары республика бойынша жинақталған есепті қалыптастырады.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
37. Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың уәкілетті органымен республика бойынша жинақталған № 1-П нысанды есеп Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына келесі есептік кезеңдегі айдың 10-санына ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен.
ҚР мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулер туралы мәліметтерді есепке алу карточкасы
1 .Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган атауы ____________________________________________________ |
1._/_/_/_/_/_/_/ |
3. Тексерілетін объектінің атауы және мекенжайы |
|
құқықтық статистика және арнайы есепке алу 15. Тексеру ___________ күнге ұзартылды |
|
Ескерту: толтырылғаннан кейін карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді тағайындау туралы актілерді, тіркеу Журналы
т.т. |
Тексеру тағайындау туралы актіні № 1-П нысанды есепке алу карточкасын тіркеу күні және құжаттарды өткізген тұлғаның қойған қолы |
Мемлекеттік органның тексеру тағайындау туралы актісінің нөмірі және оны шығарылу күні |
Мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындалған тұлғаның (тұлғалардың аты-жөні мен лауазымы) |
Тексеруді жүзеге асыратын тұлғаның (тұлғалардың) аты-жөні (дері) мен лауазымы (дары) |
Тексерудегі тексеру объектісінің атауы, оның тұрған жері мен СТН-і, ЖИН-і, БИН-і |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қызметтің түрі |
Тексеру түрі |
Тексеру негіздері |
Тексеру жүргізу мерзімдері |
Мерзімді ұзарту не тоқтату және қайта жаңарту Құжаттардың келіп түскен күні |
Есепке алу карточкасына қоса берілген талон-қосымшаның уәкілетті органға тапсырылған күні, талон-қосымшаны өткізген тұлғаның қойған қолы |
Тексеру жүргізілмеді |
|
жүргізілмеген тексеру есептен шығарылған |
тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы акт |
||||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 3-қосымша
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ___________________________________________________________ облысы __________________________________________________ ауданы (қаласы) бойынша басқармасы Тексеру тағайындау туралы акт ТІРКЕЛГЕН 200__жылдың "___" ______________ № _________________ Уәкілетті орган қызметкерінің қойған қолы __________ |
---|
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 4-қосымша
Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден бас тарту туралы тұжырымдама
__________________________________________________________________
(тексерілетін объектінің атауы)
тексеру объектісіне
__________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
ұсынылған тексеру тағайындау туралы 200___жылғы "___" № _____ актісін (бұйрық, ұйғарым, қаулы, тапсырма, жолдама және т.б.) қарап, жоғарыда көрсетілген тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден төмендегідей негіздер бойынша Нұсқаулықтың 13-тармағы ____ тармақшаларының негізінде бас тартылсын:
_____________________________________________________________
(бас тарту негізі, заңға сілтеме)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы,
________________________________
аты-жөні, қойған колы)
________________________________
(күні, айы, жылы)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 5-қосымша
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің ___________________________________________________________ облысы __________________________________________________ ауданы (қаласы) бойынша басқармасы Тексеру тағайындау туралы актіні тіркеуден БАС ТАРТЫЛҒАН негіз: Нұсқаулықтың 13-тармағының _________ тармақшалары 200__жылдың "___" ______________ Уәкілетті орган қызметкерінің қойған қолы __________ |
---|
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 6-қосымша
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы жүзеге асыратын тексерулер туралы мәліметтерді есепке алу талон-қосымшасы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік органның атауы |
1./_/_/_/ |
2. Тексерілген объекті атауы __________________________ |
|
8. Нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы |
|
12 және 13 деректемелер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органымен толтырылады. |
Ескерту: толтырылғаннан кейін карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол қойған тұлғалар жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен белгіленген тәртіпте жауапқа тартылады. Карточканың сақталу мерзімі 2 жыл.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 7-қосымша
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүзеге асыратын тексерулерді тағайындау туралы актілерді тіркеу туралы" 1-П нысанды есеп
Тіркелген тексерулердің барлығы |
Жеке кәсіпкерлік субъектілерін |
2-бағаннан |
жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалар |
2 бағаннан тәуекел топтарының бөлінгіште жүргізілген тексерулер |
|||||||
Соның ішінде, кіші кәсіпкерлік объектілері |
Соның ішінде, орта кәсіпкерлік объектілері |
Соның ішінде, ірі кәсіпкерлік объектілері |
Жоғары |
орташа |
Төмен |
||||||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Есептік кезеңнің аяғындағы аяқталмаған тексерулердің қалдығы |
1 |
||||||||||
Тексеру тағайындау туралы тіркелген актілердің саны |
2 |
||||||||||
Тексеруге жататын объектілердің саны (қойылған есепке алу карточкалары) |
3 |
||||||||||
Аяқталған тексерулердің саны (талон-қосымша бар болғанда) |
4 |
||||||||||
Тағайындалып, әр түрлі себептермен жүргізілмеген тексерулердің саны |
5 |
||||||||||
Тіркеусіз жүргізілген анықталған заңсыз тексерулердің саны |
6 |
||||||||||
солардың ішінен анықталғаны |
прокуратурамен |
7 |
|||||||||
құқықтық статистика органымен |
8 |
||||||||||
мемлекеттік органмен |
9 |
||||||||||
Есептік кезеңде тағайындалғандар қатарынан тексерулерді тағайындау туралы актіні шығарусыз жүргізген тексерулер саны |
10 |
||||||||||
солардың ішінен анықталғаны |
прокуратурамен |
11 |
|||||||||
құқықтық статистика органымен |
12 |
||||||||||
мемлекеттік органмен |
13 |
||||||||||
Тексеру тағайындау туралы актілерді өткен жылдары тіркемей жүргізгендігін ағымдағы жылы анықтаған тексерулердің саны |
14 |
||||||||||
солардың ішінен анықталғаны |
прокуратурамен |
15 |
|||||||||
құқықтық статистика органымен |
16 |
||||||||||
мемлекеттік органмен |
17 |
||||||||||
Тексеру тағайындау туралы актілерді өткен жылдары шығармай жүргізгендігін ағымдағы жылы анықтаған тексерулердің саны |
18 |
||||||||||
солардың ішінен анықталғаны |
прокуратурамен |
19 |
|||||||||
құқықтық статистика органымен |
20 |
||||||||||
мемлекеттік органмен |
21 |
||||||||||
Нәтижелері бойынша бұзушылықтары анықталған тексерулердің саны |
22 |
||||||||||
Тіркеуден бас тартылған тексеру тағайындау туралы актілердің саны |
23 |
||||||||||
солардың ішінде |
Нұсқаулықтың 13 т. 1 т. бойынша |
24 |
|||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 2 т. бойынша |
25 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 3 т. бойынша |
26 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 4 т. бойынша |
27 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 5 т. бойынша |
28 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 6 т. бойынша |
29 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 7 т. бойынша |
30 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 8 т. бойынша |
31 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 9 т. бойынша |
32 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 10 т. бойынша |
33 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 11 т. бойынша |
34 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 12 т. бойынша |
35 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 13 т. бойынша |
36 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 14 т. бойынша |
37 |
||||||||||
Нұсқаулықтың 13 т. 15 т. бойынша |
38 |
Кестенің жалғасы
мемлекеттік кәсіпорындар |
мемлекеттік мекемелер |
Соның ішінде, 11-бағаннан мемлекеттік органдар |
коммерциялық емес ұйым |
Жоспарлы |
Жоспардан тыс |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2009 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 71 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік органдарымен жүзеге
асырылатын тексерулерді есепке алу
және бақылау, бірыңғай мемлекеттік
тіркеу жүргізу туралы
Нұсқаулыққа 8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2010.12.14 № 85 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді) бұйрығымен
Мемлекеттік органның тексерулерді жүргізу жоспары _________________ __________________ облысы бойынша 20 __ жылға
р/р |
Тексеру объектісінің атауы |
СТН (ЖСН, БСН) |
Тексеру объектісі қызметінің орналасқан жері немесе қызметті жүзеге асырған орны |
1 |
2 |
3 |
4 |