Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен Ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 603 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5428 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 21 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.01.13 № 21 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 63-бабына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 1-тармағына және "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен Ережелері (201.00-нысан) бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4086 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2006 жылы 31 наурызда  N 56-57 (1036-1037) жарияланған);
      2) "Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысанымен ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4526 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2007 жылы 6 наурызда N 34 (1237) жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                                  Б. Жәмішев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      Б.М. Сапарбаев
      2008 жылы 26 желтоқсанда

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министріні ң     
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 603 бұйрығымен      
бекітілген         

Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған
(қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік
аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша
Есепті тапсыру Ережелері
(201.00-нысан)

      Ескерту. Бөлімнің атауы алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2009.12.31 № 589 бұйрығымен.

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң), "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" (бұдан әрі – Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
      Ережелер Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда, Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңда белгіленген мөлшерлерде жеке кәсіпкерлердің (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда), жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, сондай-ақ біржолғы талон негізіндегі салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың өз пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналары) есептеуіне, ұсталған (қоса есептеуіне) және аударуына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар) сомаларын есептеуіне және аударуына арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (қоса есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) тапсыру тәртібін көздейді.
      Есеп Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның 24-бабына және Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңның 18-бабына сәйкес жасалады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 442 Бұйрығымен.
      2. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.
      4. Есепті жасаған кезде:
      1) қағаз тасығышта – шарикті немесе қаламұшты қаламмен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
      2) электрондық тасығышта – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.
      5. Есепке салымшы (төлеуші) немесе оның өкілі қол қояды және салымшының (төлеушінің) не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес өз атауы бар мөрі бар оның өкілінің мөрімен ку ә ландырылады .
      6. Есепті тапсырған кезде:
      1) келу тәртібінде қағаз тасығышта - екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салымшыға (төлеушіге) қайтарылады;
      2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы қағаз тасығышта - салымшы (төлеуші) хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
      3) салық төлеуші - салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны электронды түрде алады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.12.31 № 589 бұйрығымен.
      7. Қызметiн "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер Есептiң тиiстi жолдарын толтырған кезде бiрлескен кәсiпкерлiкке барлық қатысушылар бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін мәлімделген кіріс сомасы, әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн мәлiмделетін кіріс сомасы, сондай-ақ аударуға жататын мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомасы көрсетіледi.
      Ескерту. Бөлімнің атауы алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің 2009.12.31 № 589 бұйрығымен.
      8. "Салымшы (төлеуші) туралы жалпы ақпарат" бөлімінде салымшы (төлеуші) мынадай деректерді көрсетеді:
      1) СТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;
      2) ЖСН - салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі. Сенімді басқарушымен салық міндеттілігінің орындалуы кезіндегі жолда сенімді басқарушының - салық төлеушісінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Есепті табыс ету кезінде міндетті толтырылуы тиіс;
      3) салық кезеңі – Есеп тапсырылатын есепті тоқсан (араб цифрларымен көрсетіледі);
      4) салымшының (төлеушінің) аты-жөні.
      Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
      5) Есептің түрі.
      Тиісті торкөздер Есепті Салық кодексінің 63-бабында көсетілген салық есептілігі түріне жатқызу ескеріле отырып, белгіленеді;
      6) хабарламаның нөмірі мен күні.
      Торкөздер Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген Есеп түрін табыс еткен жағдайда толтырылады;
      7) салымшының (төлеушінің) санаты.
      Торкөздер егер салымшы (төлеуші) A, В, C, D, E, F, G, H жолдарында көрсетілген санаттардың біріне жататын жағдайда белгіленеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.12.31 № 589; 2010.09.06 N 442 Бұйрықтарымен.
      9. "Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу" бөлімінде:
      1) 201.00.001 I, 201.00.001 II, 201.00.001 III жолдары салық кезеңінің әрбір айы үшін мәлімделетін кіріс сомаларын көрсетуге арналған.
      Мәлiмделетін табыс жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке кәсiпкер, адвокат, жеке сот орындаушылары және жеке нотариус дербес белгiлейтiн табыс болып табылады.
      201.00.001 IV жолы 201.00.001 I, 201.00.001 II, 201.00.001 III жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi кезеңі үшін мәлiмделетін кірістің қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.001 V жолы салық кезеңінің 201.00.001 IV жолының және ағымдағы жылдың алдыңғы салық кезеңі үшін 201.00.001 V жолының сомасы ретiнде анықталатын жылдың басынан бастап мәлiмделетін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 442 Бұйрығымен.
      2) 201.00.002 I, 201.00.002 II, 201.00.002 III жолдары салық кезеңінің әрбір айы үшін жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсетуге арналған.
      201.00.002 IV жолы 201.00.002 I, 201.00.002 II, 201.00.002 III жолдарының сомасы ретінде анықталатын салық кезеңі үшін міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.002 V жолы салық кезеңінің 201.00.002 IV жолының және ағымдағы жылдың алдыңғы салық кезеңі үшін 201.00.002 V жолының сомасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап міндетті зейнетақы жарналарының сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.002 VI, 201.00.002 VII, 201.00.002 VIII жолдарын 7Е ұяшығын белгілеген тұлғалар толтырады.
      201.00.002 VI, 201.00.002 VII, 201.00.002 VIII жолдары бір жолғы талондар сатып алынған отыз күннің бітетін күнді көрсетуге арналған.
      10. "Әлеуметтік аударымдар" бөлімінде:
      1) 201.00.003 I, 201.00.003 II, 201.00.003 III жолы салық кезеңінің әр айында әлеуметтік аударымдарды есептеу үшін қолданылатын табыс сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.003 IV жолы 201.00.003 I, 201.00.003 II, 201.00.003 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.003 V жолы ағымдағы жылдың салық кезеңінің 201.00.003 IV және алдыңғы салық кезеңінің 201.00.003 V жолдарының сомасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап табыстың қорытынды сомасын көрсетуге арналған;
      2) 201.00.004 I, 201.00.004 II, 201.00.004 III жолдары салық кезеңінің әр айы үшін әлеуметтік аударымдар сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.004 IV жолы 201.00.004 I, 201.00.004 II, 201.00.004 III жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
      201.00.004 V жолы ағымдағы жылдың салық кезеңінің 201.00.004 IV және алдыңғы салық кезеңінің 201.00.004 V жолдарының сомасы ретінде айқындалатын жылдың басынан бастап әлеуметтік аударымдардың қорытынды сомасын көрсетуге арналған.
      11. "Салымшының (төлеушінің) жауапкершiлiгi" бөлімінде:
      1) "Салымшының (төлеушінің) аты-жөні" жолында жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес салымшының (төлеушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;
      2) Есепті беру күні.
      Есепті салық органына берудің күні көрсетіледі;
      3) салық органының коды.
      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен салымшының (төлеушінің) орналасқан (тұрғылықты) орны бойынша салық органының – міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша бенефициарының коды көрсетіледі.
      4) "Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні" жолында Есепті қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
      5) Есепті қабылдау күні.
      Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына және Енгізу туралы заңның 3-бабына сәйкес Есепті тапсыру күні көрсетіледі.
      6) Есептің кіріс нөмірі.
      Есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      7) пошта штемпелінің күні.
      Пошта немесе басқа байланыс ұйымында қойылған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

Міндетті зейнетақы жарналарының  
есептелген, ұсталған (қоса есептелген)
және аударылған сомалары, әлеуметтік
аударымдардың есептелген және    
аударылған сомалары бойынша Есепті 
тапсыру Ережесіне қосымша      

МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫНЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН, ҰСТАЛҒАН (ҚОСА ЕСЕПТЕЛГЕН) ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ; ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫҢ ЕСЕПТЕЛГЕН ЖӘНЕ АУДАРЫЛҒАН СОМАЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП

      Ескерту. Есеп жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.06 N 442 Бұйрығымен.

(Нысанды қағаз мәтінінен қараңыз)