Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 23 қаңтардағы N 25 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 11 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4086. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 603 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрінің 2008.12.23 N 603 Бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" және " Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру нысаны мен ережелері (201.04-нысан) бекітілсін.
      2. "Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалған (есептелген) және аударылған сомалары бойынша есеп тапсыру ережелерін және есеп нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 31 қаңтарда N 3411 тіркелген, "Юридическая газетада" 2005 жылы 21 қыркүйекте N 173 (907) жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Ж.С.Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға қолданылады.

      Төраға

             Келісілген
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау министрі
      2006 жылы 30 қаңтар

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрлiгiнiң 
Салық комитетi Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы 
N 25 бұйрығымен   
бекiтiлген     

Мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған
(есептелген) және аударылған сомалары, әлеуметтiк
аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша
есептi тапсыру ережелерi (201.04-нысан)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (бұдан әрi - Салық кодексi) және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" (бұдан әрi - зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) және " Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы " (бұдан әрi - мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң) Заңдарына сәйкес әзiрлендi және Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң 22-1-бабының 2-тармағында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 қаулысымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (есептеудiң) және мiндеттi зейнетақы қорларына аудару ережесiнiң 5-тармағында, сондай-ақ Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң 14-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiнiң 7-тармағында белгiленген мөлшерлерде жеке кәсiпкерлердiң (шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды және оңайлатылған декларация және патент негізіндегiлердi қоспағанда), адвокаттардың және жеке нотариустардың, сондай-ақ бiр жолғы талонның негiзiндегi салық режимiн қолданатын жеке тұлғалардың өз пайдасына есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есептi тапсыру (бұдан әрi - Есеп) тәртiбiн көздейдi.
      Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      2. Есеп есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiншi күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады.

      3. Есептi жасаған кезде:
      1) қағаз таратушыда шариктi немесе қаламұшты қаламмен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әрiптерiмен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
      2) электрондық таратушыда - Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес толтырылады.

      4. Есептi жасау кезiнде түзетуге, тазартуға және былғауға жол берiлмейдi.

      5. Көрсеткiштер болмағанда Есептiң тиiстi ұяшықтары толтырылмайды.

      6. Есептi ұсынған кезде:
      1) қағаз таратушыда барып тапсыру тәртiбiмен - екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен салымшыға қайтарылады;
      2) хабарламалы тапсырыс хатпен поштамен жiбергенде - салымшы хабарламаны пошта немесе өзге байланыс ұйымы арқылы алады;
      3) электронды түрде барып тапсыру тәртiбiмен, не электронды пошта бойынша жiбергенде Салық кодексiнiң 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес кәсiпкер салық органында не электрондық поштамен Есеп қабылданғаны (жеткiзiлгенi) туралы хабарлама алады.

      7. Есепке қол қойылады және Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес расталады.

      8. Қызметiн»"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер Есептiң тиiстi жолдарын толтырған кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін сомасы, әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн мәлiмделетін сомасы, бiрлескен кәсiпкерлiкке барлық қатысушылар бойынша табыстың жалпы сомасы, сондай-ақ қайта есептелуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомасын көрсетедi.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

2. Есептi жасау (201.04-нысан)

      9. "Салымшы (төлеушi) туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнде салымшы (төлеушi) мынадай деректердi көрсетедi:
      1) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн;
      2) Есеп берiлiп отырған есептi кезең. Есептi беру үшiн есептi кезең тоқсан болып табылады;
      3) салымшының (төлеушiнiң) аты-жөнi;
      4) Есептiң түрi.
      Бұл торкөздер Салық кодексiнiң 69 және 71-баптарына сәйкес белгiленедi. Есеп түрiне қарай тиiстi торкөз белгiленедi.
      "Бастапқы" торкөзi егер Есеп салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн алғаш рет берiлсе белгiленедi.
      Одан кейiнгi Есептер беру кезiнде, "Кезектi" торкөзi белгiленедi.
      Бұрын берiлген Есепке өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу кезiнде, "Қосымша" тор көзi белгiленедi.
      "Хабарлама бойынша" торкөзi, егер салық төлеушiмен Салық кодексiнiң 31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарлама алынса, соның негiзiнде бұрын көрсетiлген Есепке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi қажет ететiн жағдайда белгiленедi. Бұл жағдайда салық төлеушiмен "Хабарлама бойынша" және "Қосымша" тор көздерi бiр уақытта белгiленедi.
      салымшы қызметiн тоқтатқан жағдайда салық органына тапсырған соңғы Есепте "тарату" торкөзi белгiленедi.
      5) хабарламаның нөмiрi мен күнi, хабарлама бойынша қосымша Декларация табыс еткен жағдайда толтырылады;
      6) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жүзеге асырылатын салық режимi.
      Өз қызметiн жалпы белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын салымшы (төлеушi) - жеке кәсiпкер "жалпы бiрдей белгiленген тәртiп" деген ұяшықты көрсетедi.
      Салымшы (төлеушi) - адвокат "адвокаттар үшiн" деген ұяшықты көрсетедi.
      Салымшы (төлеушi) - жеке нотариус "жеке нотариустар үшiн" деген ұяшықты көрсетедi.
      Арнаулы салық тәртiбiн бiржолғы талон негiзiнде қолданатын салымшы (төлеушi) - жеке кәсiпкер "бiржолғы талон негiзiндегi" деген ұяшықты көрсетедi.
      Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық тәртiбiн қолданылатын салымшы (төлеушi) - жеке кәсiпкерлер "кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған" деген ұяшықты көрсетедi.
      Бiр жолғы талонның негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданатын салымшы (төлеушi) - жеке тұлға "бiр жолғы талон негiзiндегi жеке тұлға" ұяшығын көрсетедi.

      10. "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу" бөлiмiнде:
      1) 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдарында есептiк кезең iшiндегі тиiсiнше 1, 2 және 3 айлардағы мәлiмделетін табысы көрсетiледi. Мәлiмделетін табыс жинақтаушы зейнетақы қорларына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке кәсiпкер, адвокат және жеке нотариус дербес белгiлейтiн табыс болып табылады.
      201.04.001D жолда 201.04.001А, 201.04.001В, 201.04.001С жолдардың сомасы ретiнде айқындалатын, есептi кезең үшін мәлiмделетін табысы көрсетiледi.
      201.04.001Е жолда есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001D және осының алдындағы есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.001Е жолдарының сомасы ретiнде анықталатын жылдың басынан бастап мәлiмделетін табысы көрсетiледi;
      2) 201.04.002А, 201.04.002В, 201.04.002С жолдарында мiндеттi зейнетақы жарналарының есептi кезеңнiң тиiстi 1, 2 және 3 айларында жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға жататын сомасы көрсетiледi.
      201.04.002D жолда 201.04.002А, 201.04.002B, 201.04.002С жолдардың сомасы ретiнде анықталатын, жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылуға тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетiледi.
      201.04.002Е жолда есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.002D және осының алдындағы есептi кезеңдегi Есептiң 201.04.002Е жолдарының сомасы ретiнде анықталатын, жылдың басынан бастап жинақтаушы зейнетақы қорына аударылуға тиiстi мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы көрсетiледi;
      3) 201.04.002F, 201.04.002G, 201.04.004Н жолдарында бiр жолғы талондар сатып алынған отыз күннiң бiту күнi көрсетiледi. Осы жолдарды Есептiң "Салымшы (төлеушi) туралы жалпы ақпарат" бөлiмiнiң "6F" ұяшығын белгiлеген тұлғалар толтырады.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .

      11. "Әлеуметтiк аударымдар" бөлiмiнде:
      1) 201.04.003А, 201.04.003В, 201.04.003С жолында есептi кезеңнiң 1, 2 және 3 айларында әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн қабылданатын табыс көрсетiледi;
      2) 201.04.003D жолында 201.04.003А, 201.04.003В, 201.04.003С жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi салық кезеңi үшiн әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн қабылданатын табыс көрсетiледi;
      3) 201.04.003Е жолында есептi кезең Есебiнiң 201.04.003D және алдыңғы есептi кезең үшiн Есептiң 201.04.003Е жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын жылдың басынан бастап әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн қабылданатын табыс көрсетiледi;
      4) 201.04.004А, 201.04.004В, 201.04.004С жолдарында сәйкесiнше есептi кезеңнiң 1, 2 және 3 айлары үшiн Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылуы тиiс әлеуметтiк аударымдардың сомасы көрсетiледi;
      5) 201.04.004D жолында 201.04.004А, 201.04.004В, 201.04.004С жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын есептi кезең үшiн Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылуы тиiс әлеуметтiк аударымдардың сомасы көрсетiледi;
      6) 201.04.004Е жолында есептi кезең Есебiнiң 201.04.004D және алдыңғы есептi кезең үшiн Есептiң 201.04.003Е жолдарының сомасы ретiнде айқындалатын жылдың басынан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударылуы тиiс әлеуметтiк аударымдардың сомасы көрсетiледi.

Нысан 201.04 Бет 01  
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің  
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 23 қаңтардағы
N 25 бұйрығымен бекітілген

Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген,
ұсталған (есептелген) және аударылған сомалары,
әлеуметтік аударымдардың есептелген және
аударылған сомалары бойынша есеп

(Қағаз мәтіннен қараңыз)

      Ескерту: Нысан жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 649 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) бұйрығымен .