"Кедендік бақылау аймақтары туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 200 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 574 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 27 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5377 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 434-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Кедендік бақылау аймақтары туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2285 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 (135) "Ресми газетте" жарияланған ), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кедендік бақылау аймақтарын құру, белгілеу және оған кіру ережесінде:
      10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Адамдарды кедендік бақылау аймағына жіберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшін осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етіледі. " .
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К. Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                         Б. Жәмішев