Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
3-бабының
2-тармағының 11), 15) тармақшаларына,
49-бабына
және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
9-бабының
1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативі белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
1)
Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерді ескеріп, "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 121 қаулысына қосымша
Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі
1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3189 тіркелген).
2. Агенттік Басқармасының
"Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310
қаулысы
қосымшасының 8-тармағы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген).
3.
Агенттік Басқармасының
"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 389
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3941 тіркелген).
4. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 126
қаулысы
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4271 тіркелген).
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының
2008 жылғы 22 тамыздағы
N 121 қаулысына
N 1-қосымша
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі - Ережелер) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - тіркеушілер) орындауына міндетті "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
1-тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативін есептеу тәртібі
1. Тіркеушінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
К = (ӨА - М)/ МКТМ, бұл жерде
ӨА - осы Ереженің 2-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын тіркеушінің өтімді активтері;
М - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес айқындалған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);
МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын тіркеушінің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 8 миллион теңге.
2.
"Standard & Poor's" агенттігінің
рейтингтік бағалардан
басқа уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері)
рейтингтік бағалары
деп танылады.
3. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер қабылданады:
1) ақша, сондай-ақ:
кассадағы ақша, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан жоғары емес;
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшердегі ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-бас банктердің еншілес резидент-банктері болып табылатын банктер;
қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылатын банктер;
3) негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар;
4) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып);
5) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
6) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
7) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, оның ішінде қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілгендер;
8) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
9) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
10) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
11) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
12) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар;
13) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын
депозитарлық қолхаттар;
14) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
15) тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері;
16) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
17) қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп), оның ішінде:
қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп);
қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен, елу пайызға азайтылған, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп);
18) тіркеушінің баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде:
меншіктегі немесе тіркеушінің баланс бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқындағы жер;
ғимараттар және тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі құрылыстар;
машиналар және көлік құралдарын қоспағанда, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі жабдықтар.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтердің есебіне қосылмайды:
тіркеуші оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салынған жағдайда;
тіркеуші автоматты "репо" рыногында оларды қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда;
тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылғанда.
4. Тіркеуші
бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті біріктіріп атқарған жағдайда, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін біріктіріп атқаратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 119
қаулысымен белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу жүзеге асырылады.
5.
Тіркеуші
осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күннiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады.
6. Пруденциалдық норматив тоқсан сайын тіркеуші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес электронды тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге есептілігінің негізінде уәкілетті органмен есептеледі.
2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебін және қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi
7. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебі мен қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
8. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
9. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
10. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
11. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебі екі данада жасалады, оған тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
12. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер
ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
13. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн тіркеушінің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
14. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, тіркеуші бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.
15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.
Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
тізілімдерінің жүйесін жүргізу
жөніндегі қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтерді
есептеу ережесіне қосымша
20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
______________________________________
(тіркеушінің толық атауы)
пруденциалдық нормативтің есебі
(мың теңге)
N |
Көрсеткіштің атауы |
Баланс бойынша сома |
Ескерілетін мөлшер (%) |
Есепке алынатын сома |
1. |
Ақша-барлығы (жол сомасы 1.1.-1.4.), оның ішінде: |
|
100 |
|
1.1 |
кассадағы ақша (5-бағанда тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он пайызынан аспайтын мөлшері есепке алынады) |
|
100 |
|
1.2 |
екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша |
|
100 |
|
1.3 |
бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша |
|
100 |
|
1.4 |
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша |
|
100 |
|
2. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
|
|
100 |
|
3. |
Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген деген талаппен, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
|
80 |
|
4. |
Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген деген талаппен, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
|
70 |
|
5. |
Негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар |
|
100 |
|
6. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
100 |
|
7. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары |
|
100 |
|
8. |
Тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалардың ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялары |
|
70 |
|
9. |
Тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалардың ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген акциялары |
|
50 |
|
10. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
100 |
|
11. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен " В- "-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
80 |
|
12. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
80 |
|
13. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
100 |
|
14. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
100 |
|
15. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
100 |
|
16. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
100 |
|
17. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
70 |
|
18. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
50 |
|
19. |
Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
100 |
|
20. |
Тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері |
|
100 |
|
21. |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары |
|
50 |
|
22. |
Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп) - барлығы (22.1 және 22.2 жолдардың сомасы), оның ішінде |
|
х |
|
22.1 |
қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп) |
|
100 |
|
22.2 |
қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергенде, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге мерзімі өткен, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі |
|
50 |
|
23. |
Тіркеушінің баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары – барлығы ( 23.1-23.3 жолдардың сомасы ), оның ішінде: |
|
х |
|
23.1. |
меншікті немесе тіркеушінің баланс бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқындағы жер |
|
100 |
|
23.2. |
ғимараттар және тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі құрылыстар |
|
100 |
|
23.3. |
машиналар және көлік құралдарын қоспағанда, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі жабдықтар |
|
100 |
|
24. |
Өтімді активтердің жиынтығы (1-23 жолдардың сомасы) – ӨА |
|
х |
|
25. |
Баланс бойынша міндеттемелер |
|
х |
|
26. |
Меншікті капиталының барынша төмен мөлшері (МКТМ) |
х |
х |
|
27. |
К1 "Меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі" ((24-жол-25-жол)/ 26-жол) 1-ден кем емес |
х |
х |
|
Бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға _______ күні _____________
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы _____________ күні _____________
Телефон: ___________
Мөр орны
200__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
_______________________________________
(тіркеушінің атауы)
пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
қосымша мәліметтер
(мың теңге)
Белгінің N |
Көрсеткіштің атауы |
Баланс бойынша сома |
8001 |
Меншіктегі немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жер |
|
8002 |
Меншіктегі үйлер мен ғимараттар |
|
8003 |
Көлік құралдарын коспағанда, меншікті машиналар мен жабдықтар |
|
8004 |
Басқа негізгі қаражаттар |
|
8005 |
Шарттың талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиллиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда) |
|
8006 |
Шарттың талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге кешіктірілген жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда) |
|
8007 |
Басқа дебиторлық қарыз (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда) |
|
8008 |
Тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері |
|
8009 |
Өзге материалдық емес активтер |
|
8010 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
|
|
8011 |
Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
|
8012 |
Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар |
|
8013 |
Негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар |
|
8014 |
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша |
|
8015 |
Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша |
|
8016 |
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша |
|
8017 |
Өзге ақша |
|
8018 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
8019 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары |
|
8020 |
Тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалардың ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген акциялары |
|
8021 |
Тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын заңды тұлғалардың ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген акциялары |
|
8022 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен " В- "-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
8023 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
8024 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып) |
|
8025 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
8026 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
8027 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың елу пайызға азайтылған акциялары |
|
8028 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
8029 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
8030 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
|
8031 |
Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
8032 |
Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) |
|
8033 |
Басқа бағалы қағаздар |
|
Бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға _______ күні _____________
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы _____________ күні _____________
Телефон: ___________
Мөр орны