Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пру

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3189. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 121 Қаулысымен.

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      бюджеттік қаражат есебiнен жүзеге асырылатын тұрғын үй салуға арналған мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде конкурстық комиссиялардың құрамына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдарының, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктердің өкілдерiн енгiзсiн;
      Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың ай сайынғы мониторингiн жүзеге асырсын.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiне ай сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      2.  алынып тасталды
      Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      3. Мемлекеттiк мекемелер - бюджет қаражаты есебiнен салынатын тұрғын үй құрылысының тапсырысшылары мердiгерлiк (бас мердiгерлiк) ұйымдарға ақы төлеудi белгiленген тәртiппен және облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдары растаған орындалған жұмыстардың актісi негiзiнде жүргізсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N  317 өкімімен.

      4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау және iс-қимылды үйлестiру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

       Премьер-Министр