Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 121 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5325 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 49-бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арнап "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативі белгіленсін.
      Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің мәні күн сайын кем дегенде 1 құрауға тиіс.
      2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулы күшіне енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      6. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде енгізілген өзгерістерді ескеріп, "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" автоматтандырылған шағын жүйесін жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      7. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының   
2008 жылғы 22 тамыздағы   
      N 121 қаулысына қосымша   

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық
актілердің тізбесі

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3189 тіркелген).
      2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысы қосымшасының 8-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген).
      3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 389 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3941 тіркелген).
      4. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылардың Тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 265 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 126 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4271 тіркелген).

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттiгi Басқармасының   
2008 жылғы 22 тамыздағы   
N 121 қаулысына       
N 1-қосымша        

Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі

      Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі - Ережелер) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінің жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - тіркеушілер) орындауына міндетті "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
      Осы Ереженің брокер мен дилердің аффилиирленген тұлғалары бөлігінде көзделген нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымның дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде аффилиирленген брокер мен дилер болып табылатын заңды тұлғалары мен оның аффилиирленген тұлғаларына қолданылмайды.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 Қаулысымен.

1-тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативін есептеу тәртібі

      1. Тіркеушінің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
      К = (ӨА - М)/ МКТМ, бұл жерде
      ӨА - осы Ереженің 2-тармағына сәйкес өтімді деп танылатын тіркеушінің өтімді активтері;
      М - тіркеушінің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда әдісімен өткізгенде, міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес айқындалған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы кіреді);
      МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне қабылданатын тіркеушінің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері - 8 миллион теңге.
      2010 жылғы 1 шілдеден бастап МКТМ 90 720 000 (тоқсан миллион жеті жүз жиырма мың) теңгені құрайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 185 Қаулысымен.
       2. "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағалардан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары деп танылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен. 
       2-1. Осы Ереже мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары болып мынадай ұйымдар түсіндіріледі:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азиялық даму банкі;
      Африкалық даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Исламдық даму банкі;
      Еуропалық инвестициялық банкі;
      Еуразиялық даму банкі.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 Қаулысымен.
      3. Тіркеушінің өтімді активтері ретінде келесі активтер қабылданады:
      1) ақша, сондай-ақ:
      кассадағы ақша, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан жоғары емес;
      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      2) осы Ереженің Қосымшасында көрсетілген мөлшердегі ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;
      Қолданушылар назарына!
      2) тармақшаның үшінші абзацының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.
      банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар;
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-бас банктердің еншілес резидент-банктері болып табылатын банктер;
      қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылатын банктер;
      3) негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар;
      4) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып);
      4-1) ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
      5) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      6) ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) немесе екінші (ең жоғарғы) санаттарының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары;
      7) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, оның ішінде қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілгендер;
      8) ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «борыштық бағалы қағаздар» секторының «бірінші шағын санатының рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары;
      8-1) ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы тармақтың 7), 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздарды қоспағанда, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары, мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      қор биржасымен танылған рейтингтік агенттіктер бағаларының болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентін мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін кемінде екі жылда жүзеге асырылды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті қаржылық есептілікті қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards – IFRS) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын қаржылық есептіліктің стандарттарына (General Accepted Accounting Principles – GAAP) сәйкес жасайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігінің аудитін қор биржасымен танылатын аудиторлық ұйымдардың тізбесіне енетін аудиторлық ұйымдардың бірі жүргізеді;
      аудиторлық есеппен расталған борыштық бағалы қағаздар эмитентінің қаржылық есептілігі кемінде аяқталған екі қаржы жылы үшін беріледі;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан көп немесе тең. Сонымен қатар, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      соңғы екі жылдың біреуіндегі борыштық бағалы қағаздар эмитентінің таза пайдасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есепті күнге жасалған қаржылық есептілікке сәйкес, тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      лизингтік ұйымды және кредиттік серіктестікті қоспағанда, борыштық бағалы қағаздар эмитентінің – қаржылық емес ұйымның негізгі қызметі бойынша соңғы екі жылдың әрқайсысындағы сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілік деректері бойынша тиісінше қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі миллион елу мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      борыштық бағалы қағаздар эмитенті акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген корпоративтік басқару кодексінің болуы;
      қор биржасының ресми тізімінде осы бағалы қағаздардың болған уақытында борыштық бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкердің бар болуы;
      борыштық бағалы қағаздар эмитентінің құрылтай құжаттарында және (немесе) эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің оларды иеліктен шығару (беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалар болмайды;
      9) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      10) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      11) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      12) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар;
      13) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар;
      14) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;
      15) тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері;
      16) ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      17) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергенде, тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде);
      18) тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын сомада жылжымайтын мүлік түріндегі тіркеушінің негізгі қаражаты.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5, 2009.08.05. N 185, 2009.12.29 N 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.
       
      4. Тіркеуші бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті біріктіріп атқарған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін біріктіріп атқаратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 215 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5810 тіркелген) белгіленген ерекшеліктерді есепке алып, "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу жүзеге асырылады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Тіркеуші осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күннiң соңындағы жағдай бойынша әрбiр жұмыс күнi пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз тасымалдағыштағы пруденциалдық нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады.
      6. Пруденциалдық норматив тоқсан сайын тіркеуші уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес электронды тасымалдағышта ұсынған қаржылық және өзге есептілігінің негізінде уәкілетті органмен есептеледі.

2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебін және қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

      7. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебі мен қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
      Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
      8. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және тіркеушіде сақталады. Тіркеуші уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
      9. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
      10. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      11. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебі екі данада жасалады, оған тіркеушінің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және тіркеушінің мөрімен куәландырылады.
      12. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
      13. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн тіркеушінің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
      14. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, тіркеуші бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

                                     Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
                                      тізілімдерінің жүйесін жүргізу
                                        жөніндегі қызметті жүзеге
                                       асыратын ұйымдарға арналған
                                       пруденциалдық нормативтерді
                                        есептеу ережесіне қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5, 2009.08.05. N 185, 2009.12.29 N 265 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулыларымен.

20__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
______________________________________
(тіркеушінің толық атауы)
пруденциалдық нормативтің есебі

                                                      (мың теңге)

N

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

Ескерілетін мөлшер (%)

Есепке алынатын сома

1.

Ақша-барлығы (жол сомасы 1.1.-1.4.), оның ішінде:


100


1.1

кассадағы ақша (5-бағанда тіркеушінің балансы бойынша актив сомасының он пайызынан аспайтын мөлшері есепке алынады)


100


1.2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


1.3

бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша


100


1.4

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша


100


2.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-бас банктердің еншілес резидент-банктері болып табылатын банктер


100


2-1

Қолданушылар назарына!
2-1-жолдың қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.

Осы банктерде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


100


3.

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген деген талаппен, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


80


4.

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген деген талаппен, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


70


5.

Негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар


100


6.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


100


6-1.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


7.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


100


8.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары 


70


9.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары 


50


10.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


100


11.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен " В- "-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


80


12.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары 


80


12-1.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы Ереженің 3-тармағының 8-1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


80


13.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


100


14.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


100


15.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


100


16.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар


100


17.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе бірінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар


70


18.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


50


19.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


100


20.

Тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері


100


21.

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары


50


22.

Тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі ұзартылмаған қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешегін шегергендегі тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындарға резервтерді шегергендегі)


100


22.1


Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 265 ( 2010.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


100


22.2

Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 265 ( 2010.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен. 


50


23.

2011.01.01 бастап 23-жол жаңа редакцияда беріледі
Тіркеушінің баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары – барлығы ( 23.1-23.3 жолдардың сомасы ), оның ішінде:


х


23.1.

2011.01.01 бастап 23.1-жол алынып тасталады
меншікті немесе тіркеушінің баланс бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқындағы жер


100


23.2.

2011.01.01 бастап 23.2-жол алынып тасталады
ғимараттар және тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі құрылыстар


100


23.3.

2011.01.01 бастап 23.3-жол алынып тасталады
машиналар және көлік құралдарын қоспағанда, тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде меншігіндегі жабдықтар


100


24.

Өтімді активтердің жиынтығы (1-23 жолдардың сомасы) – ӨА


х


25.

Баланс бойынша міндеттемелер


х


26.

Меншікті капиталының барынша төмен мөлшері (МКТМ)

х

х


27.

К1 "Меншікті капиталының жеткіліктілік нормативі" ((24-жол-25-жол)/ 26-жол) 1-ден кем емес

х

х


Бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға _______ күні _____________
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы     _____________ күні _____________
Телефон:      ___________
Мөр орны

        200__ жылғы "___" ___________ жағдайы бойынша
           _______________________________________
                     (тіркеушінің атауы)
         пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
                      қосымша мәліметтер

                                                     (мың теңге)

Белгінің N

Көрсеткіштің атауы

Баланс бойынша сома

8001

2011.01.01 бастап 8001-жол жаңа редакцияда беріледі
Меншіктегі немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жер


8002

2011.01.01 бастап 8002-жол алынып тасталады
Меншіктегі үйлер мен ғимараттар


8003

2011.01.01 бастап 8003-жол алынып тасталады
Көлік құралдарын коспағанда, меншікті машиналар мен жабдықтар


8004

Басқа негізгі қаражаттар


8005


Тіркеушінің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын сомада шарт талаптары бойынша мерзімі өтпеген жұмыскерлер мен басқа да тұлғалардың дебиторлық қарыздарын шегеріп тастағандағы тіркеушіге қатысты аффиллиирленген тұлғалар болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық қарыздары (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда)


8006


Алып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 265 ( 2010.04.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.


8007

Басқа дебиторлық қарыз (ықтимал шығындардың резервтерін шегеріп тастағанда)


8008

Тазартылған қымбат металдар және металл депозиттері


8009

Өзге материалдық емес активтер


8010

  Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп), мына талаптардың біреуіне сәйкес келгенде:
  "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;
  "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-бас банктердің еншілес резидент-банктері болып табылатын банктер


8010-1

Қолданушылар назарына!
8010-1-жолдың қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.

Осы банктерде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8011

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8012

Осы банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген деген талаппен, ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8013

Негізгі борыштың сомаларын және есептелген сыйақыны ескеріп, ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердегі салымдар


8014

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша


8015

Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша


8016

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді, жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес-банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша


8017

Өзге ақша


8018

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айналымға шығарылғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


8018-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8019

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары


8020

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары


8021

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде, № 77 қаулымен көзделген «акциялар» секторының екінші (ең жоғары) санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын заңды тұлғалардың акциялары 


8022

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен " В- "-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ+"-тен "kzВ-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар, тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


8023

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), № 77 қаулымен көзделген «бірінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар (ең жоғарғы санат)» санатының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


8023-1

Ықтимал шығындарға резервтерді шегергенде (негізгі борыш сомасы мен есептелген сыйақыны ескере отырып), осы Ереженің 3-тармағының 8-1) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, тіркеушіге қатынасы бойынша аффилиирленген тұлғалар болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары


8024

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар тіркеушіге қатысты аффилирленген тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақының сомаларын есепке ала отырып)


8025

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


8026

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


8027

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың елу пайызға азайтылған акциялары


8028

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's" агенттігінің ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар


8029

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, базалық активі болып қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары табылатын депозитарлық қолхаттар


8030

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар


8031

Ықтимал шығындарға резервтерді шегеріп, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып)


8032

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар


8033

Басқа бағалы қағаздар


Бірінші басшы немесе оны ауыстыратын тұлға _______ күні _____________
Бас бухгалтер _____________ күні _____________
Орындаушы     _____________ күні _____________
Телефон:      ___________
Мөр орны