Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5324 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      2003 жылғы 2 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына , 49-бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдары үшін пруденциалдық норматив - "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" белгіленсін.
      Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттің мәні күнделікті 1 кем болмауы тиіс.
      2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күшін жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға мәлімет үшін жіберсін.
      6. Ақпараттық технологиялар Департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қараша дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйенің жетілдіруін қамтамасыз етсін.
      7. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө.Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                     Е.Л. Бахмутова

Қазақстан Республикасы    
Қаржы нарығын және қаржы   
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының    
2008 жылғы 22 тамыздағы    
N 120 қаулысына қосымша    

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік- дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу және олардың орындалғандығы туралы есептерді ұсыну Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3196 тіркелген).
      2. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 27 тамыздағы N 310 қаулысы қосымшасының 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген).
      3. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қазандағы N 386 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3955 тіркелген).
      4. Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жэне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу Ережелерін бекіту туралы" 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4275 тіркелген).

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі 
Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы
N 120 қаулысымен бекітілген   

Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативін есептеу ережесі

      Бағалы қағаздары рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - брокер және дилер) сақтауы міндетті "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
      Осы Ереже екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға, инвестициялық портфельді басқарушыларға, Ұлттық почта операторына, қаржы агенттіктеріне таралмайды.
      Осы Ереженің брокер мен дилердің аффилиирленген тұлғалары бөлігінде көзделген нормалар "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының аталған ұйымның дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан артық пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде аффилиирленген брокер мен дилер болып табылатын заңды тұлғалары мен оның аффилиирленген тұлғаларына қолданылмайды.
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 Қаулысымен.

1-тарау. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" - пруденциалдық нормативін есептеу тәртібі

      1. Брокердің және дилердің меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
      К = (ӨА-М)/МКТМ, бұл жерде
      ӨА – осы Ереженің 3-тармағына сәйкес өтімді болып танылатын брокердің және дилердің өтімді активтері;
      М - брокердің және дилердің жиынтық міндеттемелері ("репо" операциясын ашық сауда-саттық әдісімен өткізгенде міндеттемелерге тек "репо" ашу сәтіне қор биржасының ішкі ережелеріне сәйкес анықталған "репо" объектісінің нарықтық құнының дисконт сомасы ғана кіреді);
      МКТМ - меншікті капиталдың жеткіліктілігінің есебіне кіретін брокердің және дилердің меншікті капиталының ең төменгі мөлшері:
      номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
      клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері - 5 000 000 (бес миллион) теңге;
      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 54 432 000 (елу төрт миллион төрт жүз отыз екі мың) теңгені құрайды;
      клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 46 656 000 (қырық алты миллион алты жүз елу алты мың) теңгені құрайды;
      2010 жылғы 1 шілдеден бастап:
      номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 181 440 000 (бір жүз сексен бір миллион төрт жүз қырық мың) теңгені құрайды;
      клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокердің және дилердің меншікті капиталының барынша төмен мөлшері – 129 600 000 (жүз жиырма тоғыз миллион алты жүз мың) теңгені құрайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 185 Қаулысымен.
       2. Осы Ереженің мақсаттары үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағалауынан басқа уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары да танылады.
      2-1. Осы Ереже мақсаты үшін халықаралық қаржы ұйымдары болып мынадай ұйымдар түсіндіріледі:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкі;
      Америкааралық даму банкі;
      Халықаралық есеп айырысу банкі;
      Азиялық даму банкі;
      Африкалық даму банкі;
      Халықаралық қаржы корпорациясы;
      Исламдық даму банкі;
      Еуропалық инвестициялық банкі;
      Еуразиялық даму банкі.
       Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5 Қаулысымен.
      3. Осы Ереженің қосымшасында көзделген көлемдерде брокердің және дилердің өтімді активтері ретінде мынадай активтер танылады:
      1) ақша, оның ішінде:
      кассадағы ақша, брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде;
      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақша;
      бағалы қағаздар орталық депозитарийінің шоттарындағы ақша;
      "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес - банктер шоттарындағы ақша;
      ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға банктік қызмет көрсететін резидент емес-ұйымдар шоттарындағы ақша;
      2) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген көлемдерде, ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда), мынадай шарттардың біреуіне сәйкес келген жағдайда:
      банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе басқа рейтингтік агенттіктердің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар;
      Қолданушылар назарына!
      2) тармақшаның үшінші абзацының қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.
      банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар;
      банктер "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместің - бас банкінің еншілес резидент - банктері болып табылады;
      банктер қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген эмитент-банктері болып табылады;
      3) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке алғандағы) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша " ВВВ- "-тен төмен емес ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктеріндегі салымдар;
      4) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланғандарды қоса алғанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      4-1) ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып);
      5) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;
      6) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғаларының акциялары;
      7) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы, басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      8) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ бірінші шағын санаттағы борыштық бағалы қағаздар" шағын санатына енгізілген, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескергенде);
      9) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      10) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);
      11) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары;
      12) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      13) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар, немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес рейтингті бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      14) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына енгізілген заңды тұлғалардың акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттар;
      15) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "BBB-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар;
      16) тазартылған қымбат металлдар және металл депозиттері;
      17) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары акционерлері болып табылатын, бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың акциялары;
      18) қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергендегі, брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың дебиторлық берешегі (ықтимал шығындар резервтерін шегергенде), оның ішінде:
      қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергендегі, брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың шарт талаптары бойынша үш күннен аспайтын мерзімге, брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде мерзімі өткен дебиторлық берешек (ықтимал шығындар резервтерін шегергенде);
      қызметкерлердің және басқа тұлғалардың дебиторлық берешектерін шегергендегі, брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға болып табылмайтын ұйымдардың шарт талаптары бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге, брокердің және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде мерзімі өткен, елу пайызға азайтылған дебиторлық берешек (ықтимал шығындар резервтерін шегергенде);
      19) брокердің және дилердің баланстық құны бойынша негізгі құрал-жабдықтары, оның ішінде:
      меншігіндегі немесе брокердің және дилердің баланс бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшерде тұрақты жер пайдалану құқындағы жер;
      брокер және дилердің балансы бойынша активтер сомасының он пайызынан аспайтын мөлшердегі меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар;
      көлік құралдарын қоспағанда, меншігіндегі брокердің және дилердің баланс бойынша активтер сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшердегі машиналар мен жабдықтар.
      Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар мынадай жағдайларда өтімді активтердің есептелуіне қосылмайды:
      брокер және дилер оларды қайта сатып алу шартымен сатқан немесе кепілге берген, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа жолмен ауыртпалық салған жағдайда;
      брокер және дилер автоматты "репо" рыногында оларды қайта сату шартымен бағалы қағаздарды сатып алған жағдайда;
      брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға болып табылатын заңды тұлғалармен шығарылғанда.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5, 2009.08.05. N 185 Қаулыларымен.
      4. Брокер және дилер бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті біріктіріп атқарған жағдайда "меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін" - пруденциалдық нормативті және басқа да нормативтерді есептеу Агенттік Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін біріктіріп атқаратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 қаулысымен, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (әрі қарай – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
      5. Брокер және дилер осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша, осы Ереженiң 10, 11-тармақтарында көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, алдыңғы жұмыс күнiнiң соңындағы жағдайы бойынша әрбiр жұмыс күнiне пруденциалдық нормативтiң есебiн жүргiзедi. Қағаз жазбадағы пруденциалды нормативтiң есебiне бiрiншi басшы немесе оның орнындағы адам, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады және брокер мен дилерде сақталады.
      6. Пруденциалдық норматив тоқсан сайын уәкілетті органмен брокер және дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес электронды тасымалдауышта ұсынған қаржылық және өзге есептілігінің негізінде есептеледі.

2-тарау. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебін және қосымша мәлiметтердi ұсыну тәртiбi

      7. Пруденциалдық нормативтің есебі үшін пруденциалдық нормативтің есебі мен қосымша мәлiметтер (бұдан әрi - қосымша мәлiметтер) осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсанның соңғы жұмыс күні үшін уәкілетті органға осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептік тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады. Пруденциалдық нормативтiң есебі қағаз тасымалдағышта беріледі.
      8. Қосымша мәліметтер қағаз және электрондық тасымалдағышта жасалады және уәкілетті органға электрондық тасымалдағышта беріледі. Қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерге брокердің және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды, мөрмен куәландырылады және брокерде және дилерде сақталады. Брокер және дилер уәкілетті органның талабы бойынша сұраныс түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қағаз тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтерді береді.
      9. Пруденциалдық нормативтiң есебіндегі және қосымша мәлiметтердегi деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.
      10. Пруденциалдық нормативтiң есебін және қосымша мәлiметтердi толтырған кезде пайдаланылатын өлшеу бірлігі мыңдық теңгеде белгіленеді. Бес жүзден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең немесе одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
      11. Уәкілетті органға берілетін пруденциалдық нормативтiң есебіне брокердің және дилердің бірінші басшысы немесе оның орнындағы тұлға, бас бухгалтер қол қояды және брокер мен дилердің мөрімен куәландырылады.
      12. Электрондық тасымалдағыштағы қосымша мәлiметтер ұсынылатын деректердiң құпиялылығын және түзетiлмейтiндiгiн қамтамасыз ететiн криптографиялық қорғау құралдары бар, ақпараттың жеткiзiлуiне кепiлдiк беретiн көлiк жүйесiн пайдалана отырып ұсынылады.
      13. Электрондық тасымалдағышта ұсынылатын деректердiң қағаз тасымалдағыштағы деректермен сәйкестiгiн брокер мен дилердің бiрiншi басшысы немесе оның орнындағы тұлға қамтамасыз етедi.
      14. "Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті" пруденциалдық нормативті бұзған жағдайда, брокер мен дилер бұзушылық болған сәттен бастап үш күнтізбелік күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативті бұзу факті мен себептері туралы, оны жою шараларының жоспарын ұсына отырып, хабарлайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      15. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте шешіледі.

                                        Бағалы қағаздар рыногында
                                         брокерлік және дилерлік
                                         қызметті жүзеге асыратын
                                    ұйымдарға арналған пруденциалдық
                                       нормативін есептеу ережесіне
                                                  қосымша

       Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 5, 2009.08.05. N 185 Қаулыларымен.

        ________________________________________________
           (брокердің және дилердің толық атауы)
       20___ жылғы "___"________________ жағдай бойынша
                пруденциалдық нормативті есептеу

                                                       (мың теңге)

N

Көрсеткіштің атауы

Баланс
бойынша
сомасы

Есепке
алынатын
көлем
(%)

Есеп-
теуге
алынатын сома

1.

ақша - барлығы (1.1.-1.5 жолдарының
сомасы), оның ішінде:


100


1.1

кассадағы ақша (5-бағанында брокер
және дилердің балансы бойынша
активтер сомасының он пайызынан
аспайтын мөлшері есепке алынады)

 

100

 

1.2

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі
ағымдағы шоттарындағы ақша

 

100

 

1.3

Бағалы қағаздар орталық
депозитарийдің шоттарындағы ақша

 

100

 

1.4

"Standard & Poor's"  агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"
санатынан төмен емес ұзақ мерзімді
және/немесе қысқа мерзімді жеке
рейтингі немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің бірінің ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар резидент
емес - банктер шоттарындағы ақша

 

100

 

1.5

ұйымдастырылған бағалы қағаздар
рыногында операцияларды жүзеге асыру
үшін ұйымдарға банктік қызмет
көрсететін резидент емес-ұйымдар
шоттарындағы ақша

 

100

 

2.

Ықтимал шығындарға резервтерді
шегергенде, Қазақстан Республикасы-
ның екінші деңгейдегі банктеріндегі
салымдар (негізгі борыштың сомасын
және есептелген сыйақыны ескеріп),
мына талаптардың біреуіне сәйкес
келгенде:
"Standard & Poor's" агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен
төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік
рейтингі бар немесе басқа рейтингтік
агенттіктерінің бірінің ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
немесе "Standard & Poor's" ұлттық
шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен
емес рейтингтік бағасы бар банктер;
"Standard & Poor's" агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен
төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік
рейтингі бар немесе басқа рейтингтік
агенттіктерінің бірінің ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
резидент емес-бас банктердің еншілес
резидент-банктері болып табылатын
банктер

 

100

 

2-1.

Қолданушылар назарына!
2-1-жолдың қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.

Осы банктерде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар (негізгі борыштың сомасын және есептелген сыйақыны ескеріп)



100


3.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, негізгі борыш және
есептелген сыйақылар сомаларын
ескергендегі, Қазақстан Республика-
сының екінші деңгейдегі банктердегі
салымдар, осы банктердің қор
биржасының ресми тізімінің
"акциялар" секторының бірінші
санатына енгізілу шартымен

 

80

 

4.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, негізгі борыш және
есептелген сыйақылар сомаларын
ескергендегі, Қазақстан Республика-
сының екінші деңгейдегі банктердегі
салымдар, осы банктердің қор
биржасының ресми тізімінің
"акциялар" секторының екінші
санатына енгізілу шартымен

 

70

 

5.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомаларын есепке
алғандағы "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес ұзақ
мерзімді және/немесе қысқа мерзімді
жеке рейтингі бар немесе басқа
рейтингтік агенттіктердің  бірінің
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
резидент емес банктеріндегі
салымдар

 

100

 

6.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, басқа мемлекеттердің
заңнамасына сәйкес эмиссияланғандар-
ды қоса алғанда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы
қағаздары (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомаларын ескере
отырып)

 

100

 

6-1.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


100


7.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВ-"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе
"Standard & Poor's" ұлттық
шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен төмен
емес рейтингтік бағасы бар брокерге
және дилерге аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларының
акциялары;

 

100

 

8.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының
бірінші санатына енгізілген брокерге
және дилерге аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын  заңды
тұлғаларының акциялары

 

80

 

9.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының
екінші санатына енгізілген брокерге
және дилерге аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын  заңды
тұлғаларының акциялары

 

70

 

10.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, брокерге және дилерге
қатысты аффиллирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы-
ның заңды тұлғаларының Қазақстан
Республикасының және басқа
мемлекеттердің заңнамасына сәйкес
шығарылған, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВ-"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы, басқа рейтингтік
агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы, немесе
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша "kzВВ-"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы бар мемлекеттік
емес борыштық бағалы қағаздары
(негізгі борыш пен  есептелген
сыйақы сомаларын ескергенде)

 

100

 

11.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, Қазақстан Республика-
сының және басқа мемлекеттердің
заңнамасына сәйкес шығарылған,
"Standard & Poor's" агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен
бастап "В-"-ке дейінгі рейтингтік
бағасы бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар, немесе
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша  "kzB+"-тен бастап
"kzB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы
бар, брокерге және дилерге қатысты
аффиллирленген тұлға болып
табылмайтын Қазақстан Республикасы-
ның заңды тұлғаларының мемлекеттік
емес борыштық бағалы қағаздары

 

80

 

12.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, Қазақстан Республика-
сының және басқа мемлекеттердің
заңнамасына сәйкес шығарылған, қор
биржасының ресми тізімінің
"рейтингтік бағасы жоқ бірінші шағын
санаттағы борыштық бағалы қағаздар"
шағын санатына енгізілген, брокерге
және дилерге қатысты аффиллирленген
тұлға болып табылмайтын Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларының
мемлекеттік емес борыштық бағалы
қағаздары (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомаларын
ескергенде)

 

70

 

13.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес
тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы бар
шетел мемлекеттерінің бағалы
қағаздары (негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомаларын ескере
отырып)

 

100

 

14.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы бар немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
шетел эмитенттерінің мемлекеттік
емес борыштық бағалы қағаздары
(негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомаларын ескере отырып);

 

100

 

15.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы бар немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
шетел эмитенттерінің акциялары

 

100

 

16.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВВ"-тен төмен емес
рейтингтік бағасы бар немесе басқа
рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
шетел эмитенттерінің акциялары
базалық активі болып табылатын
депозитарлық қолхаттар

 

70

 

17.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі
бойынша "ВВ -"-тен төмен емес бағасы
бар немесе басқа рейтинг агенттік-
терінің бірінің осыған ұқсас
деңгейдегі рейтингтік бағасы бар,
немесе "Standard & Poor's" ұлттық
шәкілі бойынша "kzВВ -"-тен төмен
емес рейтингті бағасы бар Қазақстан
Республикасы заңды тұлғаларының
акциялары базалық активі болып
табылатын депозитарлық қолхаттар

 

100

 

18.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының
бірінші санатына енгізілген заңды
тұлғалардың акциялары базалық активі
болып табылатын депозитарлы қ
қ олхаттар

 

70

 

19.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының
екінші санатына енгізілген заңды
тұлғалардың акциялары базалық активі
болып табылатын депозитарлы қ
қ олхаттар

 

50

 

20.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

 

100

 

21.

Тазартылған қымбат металлдар және
металл депозиттері

 

100

 

22.

Ықтимал шығындар резервтерін
шегергендегі, бағалы қағаздармен
сауда-саттық ұйымдастырушылардың
және бағалы қағаздар рыногының
кәсіби қатысушылары акционерлері
болып табылатын, бағалы қағаздар
рыногы инфрақұрылымының бөлігі болып
табылатын өзге де заңды тұлғалардың
акциялары

 

50

 

23.

Қызметкерлердің және басқа тұлғалар-
дың дебиторлық берешектерін – бар-
лығы (23.1 және 23.2 жолдарының
сомасы) шегергендегі, брокерге және
дилерге қатысты аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын ұйымдардың
дебиторлық берешегі (ықтимал
шығындар резервтерін шегергенде),
оның ішінде:

 

х

 

23.1

қызметкерлердің және басқа тұлғалар-
дың дебиторлық берешектерін шегер-
гендегі, брокерге және дилерге
қатысты аффиллирленген тұлға болып
табылмайтын ұйымдардың шарт талапта-
ры бойынша үш күннен аспайтын
мерзімге, брокердің және дилердің
балансы бойынша активтер сомасының
жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде
мерзімі өткен дебиторлық берешек
(ықтимал шығындар резервтерін
шегергенде)

 

100

 

23.2

қызметкерлердің және басқа тұлғалар-
дың дебиторлық берешектерін шегер-
гендегі, брокерге және дилерге
қатысты аффиллирленген тұлға болып
табылмайтын ұйымдардың шарт
талаптары бойынша тоқсан күннен
аспайтын мерзімге, брокердің және
дилердің балансы бойынша активтер
сомасының он пайызынан аспайтын
мөлшерде мерзімі өткен, дебиторлық
берешек (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)

 

50

 

24.

Брокердің және дилердің баланстық
құны бойынша негізгі
құрал-жабдықтары – барлығы
(24.1-24.3 жолдардың сомасы), оның
ішінде:

 

х

 

24.1.

меншігіндегі немесе брокердің және
дилердің баланс бойынша активтер
сомасының он пайызынан аспайтын
мөлшерде тұрақты жер пайдалану
құқындағы жер

 

100

 

24.2.

брокер және дилердің балансы бойынша
активтер сомасының он пайызынан
аспайтын мөлшердегі меншігіндегі
ғимараттар мен құрылыстар

 

100

 

24.3.

көлік құралдарын қоспағанда,
меншігіндегі брокердің және дилердің
баланс бойынша активтер сомасының
бес пайызынан аспайтын мөлшердегі
машиналар мен жабдықтар

 

100

 

25.

Жиынтығы өтімді активтер (1-24
жолдарының сомасы) – ӨА

 

х

 

26.

Баланс бойынша міндеттемелер

 

х

 

27.

Меншікті капиталдың барынша төмен
мөлшері (МКТМ)

х

х

 

28.

К1 "Меншікті капитал жеткіліктілігі-
нің нормативі" (25-жол – 26-жол)/
27-жол) 1-ден кем емес

х

х

 

         20___ жылғы "___"________________ жағдай бойынша
        ________________________________________________
             (брокердің және дилердің толық атауы)

           пруденциалдық нормативті есептеуге арналған
                       қосымша мәліметтер

                                                    (мың теңге)

Белгінің
N

Көрсеткіштің атауы

Баланс
бойынша
сомасы

8001

Меншігіндегі немесе тұрақты жер пайдалану
құқындағы жер

 

8002

Меншігіндегі ғимараттар мен құрылыстар

 

8003

Көлік құралдарын қоспағанда меншігіндегі
машиналар мен жабдықтар

 

8004

Басқа негізгі құрал-жабдықтар

 

8005

Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың
дебиторлық берешектерін шегергендегі, брокерге
және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын ұйымдардың шарт талаптары
бойынша үш күннен аспайтын мерзімге мерзімі
өткен дебиторлық берешек (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)

 

8006

Қызметкерлердің және басқа тұлғалардың
дебиторлық берешектерін шегергендегі, брокерге
және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын ұйымдардың шарт талаптары
бойынша тоқсан күннен аспайтын мерзімге
мерзімі өткен, дебиторлық берешек (ықтимал
шығындар  резервтерін шегергенде)

 

8007

Басқа дебиторлық берешек (ықтимал шығындар
резервтерін шегергенде)

 

8008

Тазартылған қымбат металлдар және металл
депозиттері

 

8009

Басқа материалдық емес активтер

 

8010

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес
эмиссияланғандарды қоса алғанда Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары
(негізгі борыш пен есептелген сыйақы
сомаларын ескере отырып)

 

8010-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)


8011

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
брокерге және дилерге аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын, "Standard & Poor's"
агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"
-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар немесе
"Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша
"kzВВ -"-тен төмен емес , Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларының акциялары

 

8012

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген
тұлға болып табылмайтын қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының бірінші
санатына енгізілген заңды тұлғаларының
акциялары

 

8013

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген
тұлға болып табылмайтын қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар" секторының екінші
санатына енгізілген заңды тұлғаларының
акциялары

 

8014

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекет-
тердің заңнамасына сәйкес шығарылған,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес рейтингтік
бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктері-
нің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша "kzBВ-"-тен төмен емес рейтингтік
бағасы бар, брокерге және дилерге қатысты
аффиллирленген тұлға болып табылмайтын
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары
(негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын
ескергенде)

 

8015

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекет-
тердің заңнамасына сәйкес шығарылған,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "В+"-тен бастап "В-"-ке дейінгі
рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингі бар, немесе "Standard & Poor's"
ұлттық шәкілі бойынша "kzB+"-тен бастап
"kzB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар,
брокерге және дилерге қатысты аффиллирленген
тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республика-
сының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес
борыштық бағалы қағаздары

 

8016

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекет-
тердің заңнамасына сәйкес шығарылған, қор
биржасының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы
жоқ бірінші шағын санаттағы борыштық бағалы
қағаздар" шағын санатына енгізілген, брокерге
және дилерге қатысты аффиллирленген тұлға
болып табылмайтын Қазақстан Республикасының
заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық
бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомаларын ескергенде)

 

8017

Басқа бағалы қағаздар

 

8018

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша

 

8019

Бағалы қағаздар орталық депозитарийдің
шоттарындағы ақша

 

8020

"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-" санатынан төмен емес
ұзақ мерзімді және/немесе қысқа мерзімді жеке
рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің
бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент
емес – банктердің ағымдағы шоттарындағы ақша

 

8021

Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында
операцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдарға
банктік қызмет көрсететін резидент емес -
ұйымдардың шоттарындағы ақша

 

8022

Басқа ақша

 

8023

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі ,
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі
банктердегі салымдар ( негізгі борыш пен
есептелген сыйақы сомаларын есепке алғанда ),
мынадай шарттардың біреуіне сәйкес келген
жағдайда :
банктердің "Standard & Poor's" агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен
емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі, немесе
басқа рейтингтік агенттіктердің ұқсас
деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard &
Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-"-тен
төмен емес рейтингтік бағасы бар;
банктер "Standard & Poor's" агенттігінің
халықаралық шәкілі бойынша "А-"- тен төмен
емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе
басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған
ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместің
- бас банкінің еншілес резидент - банктері болып табылады

 

8023-1

Қолданушылар назарына!
8023-1-жолдың қолданысы 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралады.

Осы банктерде "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "В+"-тен "В" дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктерінің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-"-тен "kzВ+" дейінгі рейтингтік бағасы бар деген талаппен Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар


8024

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
негізгі борыш және есептелген сыйақылар
сомаларын ескергендегі, Қазақстан Республика-
сының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар,
осы банктердің қор биржасының ресми тізімінің
"акциялар" секторының бірінші санатына
енгізілу шартымен

 

8025

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
негізгі борыш және есептелген сыйақылар
сомаларын ескергендегі, Қазақстан Республика-
сының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар,
осы банктердің қор биржасының ресми тізімінің
"акциялар" секторының екінші санатына енгізілу
шартымен

 

8026

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын
есепке алғандағы "Standard & Poor's" агентті-
гінің халы қ аралы қ ш ә кілі бойынша " ВВВ-" -тен
т ө мен емес ұ за қ мерзімді ж ә не/немесе қ ыс қ а
мерзімді жеке рейтингі бар немесе бас қ а
рейтингтік агенттіктерді ң біріні ң ұқ сас
де ң гейдегі рейтингі бар резидент емес
банктеріндегі салымдар

 

8027

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтинг-
тік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттік-
терінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар
шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес борыштық
бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомаларын ескере отырып)

 

8028

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтинг-
тік бағасы бар немесе басқа рейтингагенттік-
терінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары

 

8029

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастыру-
шылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушылары акционерлері болып табылатын,
бағалы қағаздар рыногы инфрақұрылымының бөлігі
болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың
акциялары

 

8030

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес рейтинг-
тік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттік-
терінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингі бар шетел эмитенттерінің акциялары
базалық активі болып табылатын депозитарлық
қолхаттар

 

8031

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВ -"-тен төмен емес бағасы бар
немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің
осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар,
немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі
бойынша "kzВВ -"-тен төмен емес рейтингті
б ағасы бар Қазақстан Республикасы
эмитенттерінің акциялары базалық активі болып
табылатын депозитарлық қолхаттар

 

8032

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі қор
биржасының ресми тізімінің "акциялар"
секторының бірінші санатына енгізілген заңды
тұлғалардың акциялары базалық активі болып
табылатын депозитарлық қолхаттар

 

8033

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі қор
биржасының ресми тізімінің "акциялар"
секторының екінші санатына енгізілген заңды
тұлғалардың акциялары базалық активі болып
табылатын депозитарлық қолхаттар

 

8034

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі,
"Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық
шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз
рейтингі бар немесе басқа рейтинг
агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі
рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттерінің
бағалы қағаздары (негізгі борыш пен есептелген
сыйақы сомаларын ескере отырып)

 

8035

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар