Бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу, бағалы қағаздардың нарығында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есе

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 264 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 қарашада тіркелді. Тіркеу N 3196. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 120 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзілiмiнде:
      F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң мұражайы".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі