Конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 398 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5293 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны;

      2) конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда N 1944 тіркелген "Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі N 70 бұйрығы ;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 31 наурызда N 4165 тіркелген "Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 70 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16 бұйрығы .

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 398 бұйрығымен  
бекітілген     

Қорытынды басқарушының
қорытынды есебінің нысаны

__________                                     ___________________
  (күні)                                         (жасалған жері)
____________________________________________________________________
                  (конкурстық басқарушының аты-жөні)
____________________________________________________________________
(банкроттың толық және қысқартылған атауы, СТН және (немесе) БСН)
____________________________________________________________________
                  (банкроттың заңды мекен-жайы)

1. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар

      1. Борышкерді банкрот деп тану туралы соттың шешімі:
      200_ жылғы "__"_________шығарылды_________________________
                                            (соттың атауы)
      200__ жылғы "__" ____заңдық күшіне енді (көшірме қоса беріліп отыр).
      ескертпе:

      2. Конкурстық басқарушыны тағайындау туралы 200__ жылғы _____ N ___ бұйрық (көшірме қоса беріліп отыр).

      3. Конкурстық басқарушы қабылдаған бұйрықтар:

      1) 200__ жылғы "___" ________ (көшірме қоса беріліп отыр);

      2) 200__ жылғы "___" ________ (көшірме қоса беріліп отыр);

      3) 200__ жылғы "___" ________ (көшірме қоса беріліп отыр) .

      4. Конкурстық басқарушы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған борышкерді банкрот деп тану, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыру (газеттің шығарылған күні мен атауы: __________________________ 200__ жылғы "___" ________ (көшірме қоса беріліп отыр).

      5. Кредиторлардың еңбек ақы төлеу жөнінде өткізген жиналыстары, онда қабылданған шешімдер:
200__ жылғы "___" ________

2. Банкроттың кредиторлар комитетін құру

      6. Кредиторлар комитетінің құрамы және оған өзгерістер (егер енгізілсе).
      200__ жылғы "___" ________N___бұйрық (көшірме қоса беріліп отыр).
      Құрамы:______________________________________________________.
                      (кредиторлар комитетінің құрамы)

      7. Кредиторлар комитетінің отырысы және онда қабылданған шешімдер (оның ішінде конкурстық басқарушы мен кредиторлар комитетінің арасында жасалған келісімдер, мүлікті түгендеу мен бағалау жүргізуге, конкурстық массаны сату жоспары мен оған енгізілген өзгерістерді бекіту, мамандандырылған ұйымдар тарту және өзгелер жөнінде тиісті мамандармен жасалған шарттар).
      200__ жылғы "___" __________N___хаттама (көшірме қоса беріліп отыр).

3. Кредиторлар талаптарының тізілімін жасау және бекіту

      8. Конкурс жүргізуді қозғау сәтінде бухгалтерлік теңгерім бойынша жалпы кредиторлық берешек __________________________________
                                            (мың теңге)
      оның ішінде:
      жалақы ______________________________________________________;
                                 (мың теңге)
      кепілдік берешек ____________________________________________;
                                          (мың теңге)
      салықтар және бюджетке төленетін өзге де төлемдер____________;
                                                        (мың теңге)
      конкурстық кредиторлардың алдындағы берешек _________________.
                                                     (мың теңге)

      9. Кредиторлардың өтініштері мен талаптарын қарау, кредиторлардың берешектерін есептеудің дұрыстығын, қаржылық және салықтық есептіліктерін тексеру, кредиторлармен өзара салыстыру:
200__ жылғы "___" __________ _____________________________
                                 (кредитордың атауы)

Р/с
N

Өтініш беруші

Сомасы

Туындау жағдайы

Конкурстық
басқарушының
шешімі

Уәкі-
летті
орган-
ның
шешімі

Шағым-
данған
жағ-
дайда-
ғы со-
ттың
шешімі

Ес-
керт-
пе

Таныл-
ған
сома

Таныл-
маған
сома























































        10. Кредиторлар талаптарының тізілімі:
      200__ жылғы "___" __________N___бұйрық (көшірме қоса беріліп отыр).
      Жалпы кредиторлық берешек ______________ мың теңге, оның ішінде кезектер бойынша:
      1-кезек __________________;
                  (мың теңге)
      2-кезек __________________;
                  (мың теңге)
      3-кезек __________________;
                  (мың теңге)
      4-кезек __________________;
                  (мың теңге)
      5-кезек __________________.
                  (мың теңге)

      11. Кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
                     (өзгерістердің мазмұны)
      200__ жылғы "___" __________N___бұйрық (көшірме қоса беріліп отыр).

4. Мүлікті (активтерді) түгендеу, бағалау,
конкурстық массаны қалыптастыру

      12. Құрылтайшылық құжаттар, статистикалық карточка, мөр, бухгалтерлік және өзге де қаржылық құжаттама туралы мәліметтер.

      13. Тарату жүргізу басталғанда теңгерім бойынша активтердің құны (дебиторлық берешексіз қалдық құн) ______________________,
                                             (мың теңге)
      оның ішінде:
      негізгі құралдар ____________________________;
                                (мың теңге)
      аяқталмаған құрылыс _________________________;
                                (мың теңге)
      қосымша материалдар _________________________;
                                (мың теңге)
      аз бағалы мүкәммал __________________________;
                                (мың теңге)
      өндірістік қорлар ___________________________;
                                (мың теңге)
      дайын өнімнің қалдықтары ____________________.
                                (мың теңге)

      14. Борышкердің мүлкіне түгендеу жүргізілді:__________________
___________________________________________________________________.
         (күні, тізімдеме мен түгендеу актісінің нөмірі)

      15. Борышкердің мүлкіне бағалау жүргізілді:
___________________________________________________________________.
    (күні, бағалау қорытындысы актісі және бағалаушының атауы)

      16. Мүліктің қайтарылуына байланысты конкурстық масса құрамындағы өзгерістер:
___________________________________________________________________.
            (конкурстық массаның құрамына енгізілген мүлік)

5. Дебиторлық берешек

      17. Борышкерді банкрот деп таныған сәттегі дебиторлық берешек (бухгалтерлік теңгерім бойынша): _______________ (мың теңге)

      18. Өндіріліп алынған дебиторлық берешек:

Р/с
N

Борышкер-
дің атауы

Заңды
мекен-
жайы

Соттың
атауы және
соттың
шешімі

Берешек
сомасы
(мың
теңге)

Өндірі-
ліп
алынған
сома

Іс
жүзінде
келіп
түскен
сома

      19. Өндіріп алынуы үмітсіз деп танылған берешек___________
(мың теңге):

Р/с N

Борышкердің
атауы

Сома

Үмітсіз деп танудың
негіздемесі

















                 6. Конкурстық массаны сату

      20. Бекітілген және келісілген сату жоспарларының тізбесі (көшірме қоса беріліп отыр).

      21. Аукцион ұйымдастыру мен өткізу туралы ақпарат _____________________________ 200__ ж. "__"______________№N__
    (газеттің атауы)
(көшірме қоса беріліп отыр).

      22. Конкурстық массаны, оның ішінде дебиторлық берешекті сату туралы ақпарат:

Р/с
N

Лот N

Бағалау
құны

Сату
жоспа-
рындағы
бастап-
қы баға

Сату
жоспа-
рындағы
ең аз
баға

Сауда-
саттық
жүргізу
әдісі

Сауда-
саттық
күні

Іс
жүз-
інде
сату
баға-
сы

Сауда-
саттық
нәти-
жесі
































































      7. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
6-тармағында көрсетілген жағдаяттар кезінде борышкер жасаған
    мәмілелерді анықтау жөнінде жүргізілген іс-шаралар және
     оларды жарамсыз деп тану не мүлікті қайтару жөнінде
             қабылданған шаралар туралы ақпарат

       8. Алдын ала жоспарланған және жалған банкроттық
   белгілерінің болуы, қабылданған шаралар туралы ақпарат

   9. Конкурстық масса сатылғаннан кейін кредиторлық берешекті
    өтеу (оның ішінде өтеу нысандары мен әдістері бойынша):

Кредитор-
лар
талаптары-
ның
тізілімі

Сома (мың теңге)

Қредиторлар-
дың қанағат-
тандырылған
талаптарының
пайызы

Тізілімге
сәйкес
кредиторлар-
дың талап-
тары

Кредиторлардың
талаптарын
қанағаттандыру

Ақшалай
түрде

Зат
түрінде

Кредитор-
лық
берешектің
сомасы





1-кезек





2-кезек





3-кезек





4-кезек





5-кезек





       Ескертпе: талаптары қанағаттандырылған және қанағаттандырылмаған кредиторлардың толық тізімі.

                    10. Әкімшілік шығыстар

Р/с
N

Шығындар

Смета
бойынша

Есептел-
гені

Төлен-
гені

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

1

Жалақы төлеу
қоры:




Ведомость, квитанциялар, төлемқұжат-
тары

- жалақы;




- зейнетақы жарналары;




- әлеуметтік аударымдар;




- жеке табыс салығы;




- әлеуметтік салық.




2

Конкурстық басқарушының
сыйақысы,
барлығы




Кредиторлар
комитеті
шешімінің
хаттамасы,
конкурстық
басқарушы мен
кредиторлар
комитеті
арасындағы
келісім.

- ағымдағы;




- қосымша.




3

Қызметкерлер жұмыстан шыққан кездегі
өтемақы




Растаушы құжаттар

4

Іссапар шығыстары




Аванстық есеп

5

Үй-жай үшін жалдау ақысы




Жалға алу шарты

6

Тауарлар сатып
алу, оның
ішінде түрлер бойынша:
(түрлерін
көрсету)




Қызметтер, жұмыстар
ұсынылғанын
растайтын
шарт не құжат









7

Коммуналдық
қызметтерге
төлеу




Төлем
құжаттары,
шот-фактура-
лар, төлем
түбіртектері

- электр энергиясы;




- жылу;




- сумен жабдықтау;




- өзге де.




8

Байланыс
қызметтеріне
төлеу





9

Көлік қызметтеріне төлеу




Тиісті шарттар.

10

Ғимараттарды,
үй-жайларды ұс-
тау, оларға
қызмет көрсету
(жөндеу, жақсар-
ту), жабдықтар
мен басқа да
негізгі құрал-
дарды жөндеу
(қайта құрау)




Тиісті шарттар, орындалған жұмыстардың
актілері.

11

Өзгелері:




Қызметтер
ұсынылғанын
растайтын
шарт не құжат

- ұйым техникасын жалға алу;




Жалға алу шарты

- және т.б.





12

Сыртқы ұйымдар
(тұлғалар)
орындаған
өндірістік
сипаттағы
қызметтер мен
жұмыстарды сатып
алу, оның ішінде:




Қызметтер
ұсынылғанын растайтын шарт не құжат.

- аудит;





- бағалау;





- аукцион.





13

Банк қызметтері




Төлем құжаттары

14

Хабарландырулар жариялау шығындары




түбіртектер

15

Бюджетке аударымдар, оның ішінде түрлер бойынша:




Растайтын құжаттар











16

Басқа да шығыстар




Растайтын құжаттар

      Конкурстық басқарушы ________________ (аты-жөні)
                               (қолы)
      Бас бухгалтер _______________________ (аты-жөні)
                            (қолы)

      Мөрдің орны                       Күні

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 398 бұйрығымен 
бекітілген    

Конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу
ережесі

      1. Осы Конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің (бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлімшелерінің және олардың филиалдарының конкурстық басқарушының конкурс жүргізуді жүзеге асыру кезіндегі оның қызметі туралы қорытынды есебін (бұдан әрі - Есеп) келісу тәртібін белгілейді.

      2. Кредиторлармен есеп айырысу аяқталғаннан кейін конкурстық басқарушы тарату теңгерімін, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепті және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес конкурс жүргізудің қорытындылары бойынша кірістер мен шығыстар туралы анықтаманы қоса бере отырып, бекітілген нысан бойынша есеп жасайды.
      Есепке конкурстық басқарушының қызметін растайтын келесі құжаттардың көшірмелері қажет:

      1) банкрот-ұйымның құжаттамасын, мөрлерін, мөртаңбаларын, мүлкін қабылдап алу-беру актілерінің;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған хабарландырулардың, хабарламалардың, олар шығарған бұйрықтардың;

      3) кредиторлар комитеті шешімдерінің, олардың отырыстары хаттамаларының;

      4) мүлікті түгендеу актілерінің, мүлікті бағалау туралы есептердің, аудиторлық есептің (болған жағдайда);

      5) жалған және алдын ала жоспарланған банкроттық белгілерін анықтау, дебиторлық берешекті өндіріп алу, мәмілелерді жарамсыз деп тану және мүлікті сот тәртібімен қайтару жөніндегі материалдардың;

      6) мүлікті сату, кредиторларға мүлікті заттай беру жөніндегі материалдардың;

      7) борышкердің кредиторларымен жүргізілген есептер жөніндегі құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
      Конкурстық басқарушының есебіне, оған қоса берілген тарату теңгеріміне, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлікті пайдалану туралы есепке конкурстық басқарушы мен бас бухгалтер қол қоюға тиіс.

      3. Конкурстық басқарушы конкурс аяқталған күнге дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтінішті келісуге конкурстық басқарушыны кімнің тағайындағанына байланысты Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе филиалына жібереді.

      4. Комитет, оның аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы Есеп пен оған қоса берілген құжаттарды қарайды және ескертпелер болмаған жағдайда ол ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келіседі.

      5. Егер ұсынылған Есеп бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық емес ақпаратты қамтыса, конкурстық басқарушыға жазбаша дәлелді ескертпелер жіберіледі, оларды ол екі жұмыс күнінің ішінде жоюға және Есепті келісуге қайтадан ұсынуға тиіс.

      6. Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен келісілген Есепті және оған қоса берілген құжаттарды конкурстық басқарушы келісілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа бекітуге ұсынады.

      7. Соттың Есепті бекіту не бекітуден бас тарту туралы анықтамасының көшірмесін конкурстық басқарушы Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе оның филиалына жібереді.

Конкурстық басқарушының   
қорытынды есебін келісу ережесіне
1-қосымша           

Конкурс жүргізудің қорытындылары
бойынша кірістер мен шығыстар
туралы анықтама

      1. Конкурс жүргізудің кірістік бөлігі
      - К жалпы = _____ мың теңге, оның ішінде:
сатылған конкурстық масса
      - К1 = _____ мың теңге;
заттай кредиторлық берешекті өтеу есебіне берілген конкурстық масса -
      К2 = _______ мың теңге;
өндіріп алынған дебиторлық берешек
      - К3 =_____ мың теңге;
борышкердің мүлкін жалға тапсырудан алынған кіріс
      - К4 = _____ мың теңге;
өндірістік қызметтен алынған кіріс
      - К5 = ______ мың теңге;
өзге де кірістер
      - К6 = _____ мың теңге;
меншік иесіне не құрылтайшыларға (қатысушыларға) заттай берілген мүлік
      - К7 = _____ мың теңге.
      К жалпы = К1 + К2 + К3 + К4 + К5 + К6 + К7
      2. Конкурс жүргізудің шығыстық бөлігі
      - Ш жалпы =_______ мың теңге, оның ішінде: кредиторлық берешекті кезектер бойынша өтеу
      - Ш1 =_____ мың теңге;
      конкурс жүргізудің іс жүзіндегі әкімшілік шығыстары
      - Ш2 = _____ мың теңге;
меншік иесіне не оның құрылтайшыларына (қатысушыларға) берілген ақша
      - Ш3 = _____ мың теңге.
      Ш жалпы = Ш1 + Ш2 + Ш3
      3. Конкурс жүргізудің нәтижелері бойынша мынау алынуға тиіс:
      К жалпы = Ш жалпы

      Конкурстық басқарушы
      __________________________________ ___________ ______________
      (банкроттың атауы немесе аты-жөні)    (қолы)     (аты-жөні)

      Бас бухгалтер
      __________________________________ ___________ ______________
      (банкроттың атауы немесе аты-жөні)    (қолы)     (аты-жөні)

Конкурстық басқарушының    
қорытынды есебін келісу ережесіне
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Дәрменсіз 
борышкерлермен жұмыс комитеті
(Өңіраралық департамент немесе
филиал)          

Өтініш

      ________________________сотының 200__жылғы "___"_____шешімімен
________________________________________________________ банкрот деп
         (борышкердің атауы немесе аты-жөні)
танылды және конкурс жүргізу енгізілді.
      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңы 87-бабының 1-тармағына сәйкес
_________________________________________________________қорытынды
       (борышкердің атауы немесе аты-жөні
есебі мен тарату теңгерімін қарау және келісу үшін ұсынамын.

      Қосымша: ____ б.
      1. Қорытынды есеп ___ б.
      2. Конкурс жүргізудің кірістік және шығыстық бөліктері туралы анықтама (2-қосымша) ___ б.
      3. Тарату теңгерімі ___ б.
      4. Өзгелері ___ б.

      Конкурстық басқарушы
      __________________________________ ___________ ______________
      (борышкердің атауы немесе аты-жөні)  (қолы)      (аты-жөні)