"Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті Төрағасының 2002

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 31 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4165. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 398 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 27.04.2015 № 1041 Жарлығымен.

"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" және республикалық 
баспасөзде мазмұны       
жариялануға тиіс        

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласын орнықты дамыту, Астана қаласы экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамытудың халықаралық қағидаттарына сай келетін тыныс-тіршілігі инфрақұрылымын қалыптастыру, сонымен қатар қолайлы қоршаған орта жасау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (бұдан әрі - Стратегиялық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Стратегиялық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Астана қаласының әкімі:
      1) Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі бағыттарын Астана қаласын дамытудың бағдарламалары шеңберінде көздесін;
      2) Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жыл қорытындысы бойынша 15 мамырға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.28 № 442 Жарлығымен.

      4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл қорытындылары бойынша 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Стратегиялық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      Ескерту. Жарлық 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.03.15 № 1170 Жарлығымен, жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.11.28 № 442 Жарлығымен.

      5. Осы Жарлықтың іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

      РҚАО-ның ескертпесі. Жарлыққа Стратегиялық жоспар берілмеген.