Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 70 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 9 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1944. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 398 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.08.12.  N 398  Бұйрығымен.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  10-2-бабының  12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      1) ...
      2) ...
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 9 тамызда N 1944 тіркелген "Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының 2002 ж. 11 шілдедегі N 70  бұйрығы ;
      2) ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

 

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы"  Заңын  іске асыру және құру тәртібі жөніндегі комитеттің өз қызметі шегінде банкроттық рәсімін өткізуге бақылау жүргізуді іске асыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН
      1. Банкроттық рәсімдеріне және борышкерді соттан тыс тарату конкурстық басқарушының қорытынды есебін келісу туралы ереже бекітілсін. 
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет Төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін. 
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді. 

      Төраға 

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитеті төрағасының 
2002 жылғы 11 шілдедегі   
N 70 бұйрығымен бекітілген  

  Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi
соттан тыс тарату конкурсты басқарушының
қорытынды есебiн келісу туралы
ереже  

      1. Осы Банкроттық рәсiмдерiне және борышкердi соттан тыс тарату конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу туралы ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы  Заңына  сәйкес әзірленген (бұдан әрі - Заң). 

      2. Осы ереже Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) мен оның аумақтық органының борышкердi банкроттық және соттан тыс тарату рәсiмдерiнде конкурсты басқарушының қорытынды есебiн келісу тәртібін белгілейді. 

      3. Кредиторлармен есеп айырысқаннан кейін конкурсты басқарушы қорытынды есеп пен тарату балансын жасайды. Банкрот-ұйымның тарату балансымен қоса берілетін қорытынды есепке конкурсты басқарушы және бухгалтер қол қойып және осы ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес ресімделуі тиіс. 

      4. Осы ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттар банкрот-ұйымның кредиторлар комитетінің қарауына ұсынылады. 

      5. Ұсынылған құжаттарды кредиторлар комитеті қарағаннан кейін конкурсты басқарушы Заңның  87-бабының  1-тармағына сәйкес оны Комитетке немесе оның аумақтық органына келісуге жібереді (3-қосымша).
       Ескерту: 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16   бұйрығымен .

      6. Қорытынды есеп мынандай іс-шаралар бойынша әрекеттерді конкурсты басқарушы өткізген мәліметтерді қамтуы тиіс: 
      конкурстық iс жүргiзудi ұйымдастыру (банкрот-ұйымның құжаттамаларын, мөрін, мүлкін, жарияланған хабарландыруларды, хабарламаларды, бұйрықтарды, сондай-ақ басқасын қабылдау-өткізу); 
      кредиторлар комитетін және оның құрамын қалыптастыру (кредиторлар комитетінің шешімдері, оның отырыстарының хаттамалары); 
      банкрот-ұйымның мүлкiне (активтерiне) түгендеу мен бағалау жүргiзу, конкурстық массаны қалыптастыру; 
      кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру және бекіту; 
      банкрот-ұйымның дебиторлық берешегін өндiрiп алу және осы жұмыстың нәтижелері, сауда-саттық жолымен дебиторлық берешектерді сату және дебиторлық берешектерді өндiрiп алу мүмкіндігі жоқтығынан есептен шығарып тастау; 
      борышкермен жасаған мәмiлелердi Заңның  6-бабына  сәйкес жарамсыз деп тану үшін негiздер бар болуын әшкерелеу және осы жұмыстың нәтижелері; 
      банкрот-ұйымның сату, конкурстық массаны iске асыру, негізгі мүлікті сатып алушылар жөніндегі мағұлматтармен, айрықша шарттар мен оларды орындау жоспар жобасын жасайды; 
      кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруды, оның ішінде мүлік түрінде; 
      кезектіліктер кескiнiнде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыра алмағандағы әкiмшiлiк шығыстар мөлшерін айқындау; 
      кредитор талаптарды қанағаттандырудың есебiне қабылдамаған банкрот-ұйымның мүлкін меншiк иесiне немесе қатысушыларына (құрылтайшыларына) беруге; 
      банкрот-ұйымның тиісті құжаттарын мемлекеттік архивке тапсыруға өңдеу және әзірлеуді жүргізу; 
      кредиторлар комитетінің конкурсты басқарушының қорытынды есебі мен банкрот-ұйымның тарату балансын қарауының нәтижесі;
      әкімшілік шығындар сметасын анықтау және оны орындау.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16   бұйрығымен

      7. Комитет немесе оның аумақтық органы өзінің құзыреті шегінде конкурсты басқарушының қорытынды есебіне қоса берген тарату балансын келіседі. Ескертулер мен қарсылықтар болмаған жағдайда оны тапсырған кезден жеті күннен кешіктірмей келіседі. 

      8. Конкурсты басқарушы Комитетпен немесе оның аумақтық органымен келісілген қорытынды есебіне қоса берген тарату балансын сотқа бекітуге, ал соттан тыс соттан тыс тарату рәсiмдерiнде кредиторлар комитетіне ұсынады. 

      9. Сот Заңның  67-бабының  1-тармағына және  87-бабының  2-тармағына сәйкес конкурсты басқарушының есебiн және тарату балансын бекiтедi және олар табыс етiлген кезден бастап он бес күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы ұйғарым шығарады. Соттан тыс тарату рәсімі кезінде Заңның  99-бабының  3-тармағына сәйкес конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы шешімді кредиторлар комитеті қабылдайды. 

      10. Конкурсты басқарушы конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы соттың ұйғарымының көшірмесін Комитетке немесе оның аумақтық органына, ал соттан тыс соттан тыс тарату рәсiмдерiнде - қорытынды есепті және тарату балансын бекіту туралы кредиторлар комитетінің шешімін тапсыруы міндетті. 

      11. Конкурсты басқарушы конкурстық iс жүргiзудi аяқтау туралы соттың ұйғарымының шешімін талаптары қанағаттандырылмаған банкрот-ұйымның кредиторларына, сондай-ақ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға жіберіледі. 

                                        Банкроттық және соттан тыс
                                        тарату конкурстық өндірісін
                                       жүргізу қорытындылары бойынша
                                          конкурстық басқарушының
                                          қорытынды есебін келісу
                                           ережесіне 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16   бұйрығымен .

     Конкурстық өндірісін жүргізу   қорытындылары бойынша
     конкурстық басқарушының қорытынды есебінің нысаны

      ____________                                  _____________
        (күні)                                       (жасау орны)

      ____________________________________________________________________
                  (Конкурстық басқарушының аты-жөні)

____________________________________________________________________
    (Таратылатын мекеменің оның ұйымдастырушылық құқықтық нысаны
               көрсетілген толық және қысқаша аты, СТН)
____________________________________________________________________
                  (борышкердің заңды мекен-жайы)

               1. Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар

1. Соттың конкурстық өндірісті қозғау туралы шешімі (шешім
шығарылған күні және соттың аты):
      200_ жылдың "   «  "  бастап __________________________________
                                          (соттың атауы)

2. Шығарылған бұйрықтар, соның ішінде конкурстық басқарушыға
өкілеттігін беру, алу актілері, мөрлерді, штамптарды беру,
қызметкерлерді қызметтен босату туралы бұйрықтар:
200_ жылдың "     « " _________
3. Конкурстық басқарушының борышкерді банкрот деп тану,
кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртіптері мен мерзімдері туралы
бұқаралық ақпарат құралдарына берген хабарландыруы (шығарылым
нөмірі және газет атауы):
_____________________________       N____»"___"»_________ 200_ жыл
       (газет атауы)

4. Еңбек ұжымының өткізілген жиналыстары, оларда қабылданған
шешімдер:
"___"________200__ жыл

             2. Таратылатын банкрот - ұйымның
            кредиторлар комитетін қалыптастыру

5. Кредиторлар комитетін қалыптастыру тәртібі, оның құрамы және саны:
"___"»________200__ жыл
6. Кредиторлар комитетінің құрамын Комитеттің немесе оның аумақтық
органының бекітуі
"___"»________200__ жыл_____________________________________________
                        (Комитеттің немесе оның аумақтық органы
                                    бұйрығының нөмірі)

7. Конкурстық басқарушының кредиторлар комитетімен жасаған келісімі,
мүлікті түгендеу және бағалауға арналған тиісті мамандармен жасаған 
шарттары:
"___"»________200__ жыл ____________________________________________
                               (хаттамалық шешімдер, шарттар)

8. Кредиторлар комитетінің отырыстары және оларда қабылданған
шешімдер, (соның ішінде конкурстық массаны сату жоспары мен оларға
енгізілген өзгерістерді бекіту, мамандандырылған ұйымдарды
қатыстыру және басқалар бойынша):
"___"»________200__ жыл ____________________________________________
                                    (хаттамалық шешімдер)

               3. Мүлікті (активтерді) түгендеу,
           бағалау, конкурстық массаны қалыптастыру

9. Тарату өндірісінің басталуына баланс бойынша активтердің құны
(қалдық құны) ____________________
                  (мың, теңге)
соның ішінде :
Негізгі қаражат______________________________;
                        (мың. теңге)
Аяқталынбаған құрылыс _______________________;
                        (мың. теңге)
Көмекші материалдар _________________________;
                        (мың. теңге)
Бағасы арзан мәкәммар _______________________;
                        (мың. теңге)
Өндіріс қорлары _____________________________;
                        (мың. теңге)
Дайын өнім қалдықтары _______________________;
                        (мың. теңге)

10. _______________________________________________________________
     (мүлікті түгендеу бойынша актінің және тізімдеменің күні мен
___________________________ борышкердің мүлкін түгендеу жүргізілді.
 номері)

11. _______________________________________________________________
     (қорытынды жасалған күні мен нөмірі және кіммен жүргізілді)
____________________________ борышкердің мүлкін бағалау жүргізілді.

12. Мүлікті қайтаруға байланысты конкурстық масса құрамына
енгізілген өзгерістер: ___________________________________________.
                     (конкурстық массаның құрамына енгізілген мүлік)

              4. Банкрот - ұйымның мүлкін сату
        жоспары және конкурстық массаны жүзеге асыру

13. Конкурстық массаны сату жоспары жобасын қарау және Комитетпен
немесе оның аумақтық органымен келісілуі және оның кредиторлар
комитетімен бекітілуі, сату жоспарына өзгерістер (сауда әдістері,
лот құрылымы, бастапқы және төменгі бағада):
"___"________200__жыл ______________________________________________
                                (хаттамалық шешімдер)

14. Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу, лоттар мазмұны, аукциондар
саны, сауда туралы жариялымдар, олар бойынша нәтижелер және
борышкердің мүлкін (активтерін) басқаша сату:
_____________________________       N____»"___"»_________ 200__ жыл
       (газет атауы)

15. Конкурстық масса жүзеге асырылды
                                                      (мың, теңге)

N

Лоттың атауы

Бағалау
құны

Бастапқы
баға

Сату
әдісі

Жүзеге асырудың
нақты бағасы

1

2

3

4

5

6

         5. Кредиторлар талаптарының тізілімін
                қалыптастыру және бекіту

16. Конкурстық өндірісті жүргізу кезіндегі бухгалтерлік баланс
бойынша жалпы кредиторлық берешек ______________________
                                      (мың, теңге)
Еңбекақы _______________________________________________;
                                      (мың. теңге)
Кепілдік берешек _______________________________________;
                                      (мың. теңге)

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер __________;
                                                       (мың. теңге)
Конкурстық кредиторлар алдындағы қарыз __________________;
                                          (мың. теңге)

17. Кредиторлар өтініштері мен талаптарын қарау, кредиторлар
берешектерін есептеудің, қаржылық және салықтық есептіліктің
нақтылығы тексеру, кредиторлармен өзара салыстыру:
"___"»________200_ жыл _____________________________________________
                                     (кредитор атауы)

18. Кредиторлар талаптарының тізілімі:
___________________________________________________________________
"___" ___________ 200__жыл N_____ ДБКБ бұйрығы

      1 кезек __________________
                (мың. теңге)
      2 кезек __________________
                (мың. теңге)
      3 кезек __________________
                (мың. теңге)
      4 кезек __________________
                (мың. теңге)
      5 кезек __________________
                (мың. теңге)

19. Кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы
мәліметтер: _______________________________________________________

20. Кредиторлар комитетінің келісімі:
N____»"___"___________200__жыл

21. Кредиторлар талаптарының тізіліміне өзгерістер енгізу туралы
ДБЖКБ-ның бұйрығы:
___________________________________________________________________
N_____»"___"»______________200__ жыл

      6. Конкурстық массаны жүзеге асырғаннан соң,
кредиторлық берешекті өтеу (оның ішінде өтеу нысандары мен
әдістері бойынша: ақшалай немесе заттай мәнде, өзара есепке
алу;) ________________________________________________________
____________________________________________________________________

Кредиторлар
талаптарының
тізілімі 

Сома
(мың. теңге)

Кредиторлардың
қанағаттандырылған талаптарының
пайызы

Тізілімге сәйкес кредиторлардың талаптары

Кредиторлардың қанағаттандырылған
талаптары

1 кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

2 кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

3 кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

4 кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

5 кезек, барлығы,
оның ішінде:

  

  

  

             7. Әкімшілік шығындардың жалпы сомасы  

N
р/р

Шығындар

сметамен

есептелді

төленді

1

2

3

4

5

1.

Шикізат, материалдар, сатымдық бұйымдар және шала фабрикаттар барлығы

 

 

 

 

соның ішінде түрлері бойынша:
(түрлерін ашыңыз)

 

 

 

2.

Тараптық ұйымдармен орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар және қызметтер, барлығы    

 

 

 

3.

Қосалқы материалдар, барлығы

 

 

 

3.1

Технологиялық мақсаттарға арналған материалдар, барлығы

 

 

 

3.2.

Отын және ОЖМ, барлығы

 

 

 

 

Оның ішінде:

 

 

 

3.3.

Қуат, барлығы 

 

 

 

4.

ӘБП ұстауы, барлығы

 

 

 

 

соның ішінде түрлері бойынша:

 

 

 

5.

Басқа да жалпы шаруашылық және әкімшілік шығындар, барлығы:

 

 

 

 

Оның ішінде

 

 

 

6.

Жүзеге асыру бойынша шығындар, барлығы

 

 

 

 

соның ішінде

 

 

 

 

(түрлері бойынша)

 

 

 

7.

Пайыздар бойынша шығындар, барлығы:

 

 

 

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

(қарызға алу көздері бойынша)

 

 

 

8.

Негізгі жабдықты жақсарту, барлығы

 

 

 

8.1.

Күрделі салымдар, барлығы

 

 

 

 

соның ішінде, түрлері бойынша:

 

 

 

 

(түрлері бойынша ашып көрсетіңіз)

 

 

 

8.2.

Жөндеуге және пайдалануға арналған ағымдық шығындар

 

 

 

8.3.

Негізгі жабдықты сатып алу, барлығы:

 

 

 

 

соның ішінде түрлері бойынша:
(түрлері бойынша ашып көрсетіңіз)

 

 

 

9.

Регресстік талаптар

 

 

 

10

Бюджеттік аударымдар

 

 

 

 

соның ішінде түрлері бойынша:

 

 

 

 

(түрлері бойынша ашып көрсетіңіз)

 

 

 

11

ЕҚ соның ішінде:

 

 

 

 

ЖЗҚ аударымдар

 

 

 

 

негізгі өндіріске еңбекақы төлеу

 

 

 

 

ӘБП еңбекақы төлеуі

 

 

 

12

Конкурстық басқарушының сыйақысы

 

 

 

13

кредиторлық берешекті өтеуге бағытталған қаражаттар

 

 

 

14

Басқа да шығындар

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

                 8. Борышкердің дебиторлары

22. Конкурстық өндірісті қозғау кезіндегі дебиторлық берешек:
_______________________
    (мың теңге)

соның ішінде:
Нақты өндіріп алуға _________________________
                           (мың теңге)
Өндіріп алуға үміт жоқ: ___________________________________________
             (мың теңге, кредиторлар комитетінің хаттамалық шешімі)

23. Дебиторлық берешекті өндіріп алу бойынша қуыным жұмысы 

N
р/р

Борышкердің
атауы 

Заңды
мекен-жайы 

Талап арызын
берген күні

Берешек
көлемі
(мың теңге)

Өндіріп
алынған
сома

  

  

  

  

  

  

24. Дебиторлық берешекті нақты өндіріп алу _______________________
                                                  (мың. теңге)

9. Жалған және әдейі банкроттық белгілеріне конкурстық өндіріс
қозғалғанға дейін борышкермен жасалған мәмілелерді анықтау
бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат, оның
нәтижелері (жасалған мәмілелер талдауы): ____________________
_____________________________________________________________

Конкурстық басқарушы ___________________ (Фамилиясы, инициалдары)
                         (қолы)
Бас бухгалтер _________________________ (Фамилиясы, инициалдары)
                         (қолы)
      Мөр орны                                    Күні         

Конкурсты басқарушының қорытынды
есебiнің нысаны  

      Конкурсты басқарушының қорытынды есебiнің нысаны мынандай бөлімдерден тұруы тиіс: 
      1. Ұйымдық-құқықтық іс-шаралар: 
      1) жарияланатын бұйрықтарда ұйымды банкрот деп тану жөніндегі сот шешімдері, оның ішінде конкурсты басқарушыға уәкілеттікті. Алып қою актілерін беру, мөрлерді, мөртабандарды беру, қызметкерлерді жұмыстан босату; 
      2) борышкерді банкрот деп тану жөніндегі жарияланымдар, хабарландырулар, кредиторлар талаптары арыздарының тәртібі мен мерзімдері; 
      3) еңбек ұжымдарының өткізген отырыстары, оларда қабылданған шешімдері, оның отырыстарының хаттамалары; 
      4) банкрот-ұйымды таратуға байланысты жұмыстан босатылатын қызметкерлерге және оларды жұмыстан босату, тиісті мемлекеттік органдарға, банкрот-ұйымның кредиторлары мен дебиторларына хабарламалар; 
      5) конкурсты басқарушының кредиторлардың комитетiмен жасасқан келiсiмі, мүліктi түгендеу мен бағалау жүргiзуге тиісті мамандармен келісім-шарттар жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      2. Таратылатын банкрот-ұйымның кредиторлар комитеті: 
      1) кредиторлар комитетін, оның құрамын және санын қалыптастыру; 
      2) Комитеттің немесе оның аумақтық органының кредиторлар комитетінің құрамын бекіту; 
      3) кредиторлар комитетінің отырыстары мен онда қабылданған шешімдер, оның ішінде кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн келісу және бекіту туралы, сату жоспары, оларға өзгерістер, мамандандырылған ұйымдарды тарту және басқалар жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      3. Мүліктi (активтердi) түгендеу, бағалау жүргiзу, конкурстық массаны қалыптастыру: 
      1) таратушылық іс жүргізудің басындағы (банкрот-ұйымның қалдық құны бойынша негiзгi құралдары, аяқталмаған құрылысы, қосалқы материалдары, бағасы төмен заттары, өндірістік қорлары, қалдық өнімдері, тауарлары және басқа активтерi) банкрот-ұйымның активі (баланстық көрсеткіші); 
      2) мүлікті түгендеу және оны рәсімдеу; 
      3) мүлікті бағалау бойынша қорытынды; 
      4) мүлікті қайтаруға байланысты конкурстық массаның құрамында өзгерістер жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      4. Банкрот-ұйымның кредиторлары және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру: 
      1) бухгалтерлік балансының мәліметтері бойынша таратылатын банкрот-ұйымның, оның ішінде банкроттық жөнінде iс қозғалған кездегі еңбекақы төлеу бойынша, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредиторлар берешегі; 
      2) кредиторлардың арыздары мен талаптарын қарау, кредиторлар берешегін, қаржы және салық есептеулерінің дұрыстығын тексеру, кредиторлармен өзара салыстыру; 
      3) жасалған кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн кредиторлар комитетімен келісу және оны Комитеттің немесе оның аумақтық органының бекітуі; 
      4) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi, оның ішінде кезектер бойынша; 
      5) кредиторлар талаптарын кредиторлармен есеп айырысу тәртібіне және кредиторлар берешектерін қанағаттандыру тәртібіне сәйкес өтеу; 
      6) кредиторлар берешегінің сомасы (жалпы сомасы, кезектер бойынша); 
      7) әкімшілік шығындар және олардың негіздемесі жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      5. Дебиторлар, дебиторлық берешегін өндiрiп алу жөніндегі шағым-талап жұмысы және оның нәтижелері: 
      1) конкурстық iс жүргізу басындағы бухгалтерлік балансының мәліметтері бойынша кредиторлар берешегі; 
      2) сыныптамалар: шын, күмәнді және үмітсіз өндіріп алу; 
      3) дебиторлармен шағым-талап жұмысы, сот тәртібімен өтеп алу, нәтижелері, оның ішінде сот бұйрықтарын орындау бойынша; 
      4) кредиторлық берешектi өндіріп алуда конкурстық іс жүргізудің тарату есеп шотына нақты түскен сомасы және кредиторлық берешектi қайтаруға арналған басқа шаралар; 
      5) есептен шығаруды кредиторлар комитеті бекіткен өндiрiп алынуы күмәнді, мүмкін емес сыныпқа жатқызылған дебиторлық берешектiң сомасы жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      6. Банкрот деп тануға дейін борышкермен жасалған мәмiлелердi талдау. Әдейi және жалған банкроттық болуын әшкерелеу, оның нәтижелері: 
      1) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы  Заңының  5, 6 және  70-баптарына  сәйкес мүлікті қайтару бойынша және банкроттық туралы істі қозғауға жасаған мәмілелерді немесе соттан тыс тарату рәсiмдерiнің бастамасына дейінгі екі жыл кезең ішінде борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану, осы жұмыстың нәтижелері жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс. 
      7. Банкрот-ұйымның мүлкін сату, конкурстық массаны өткізу: 
      1) Комитетпен немесе оның аумақтық органымен келісілген және кредиторлар комитетімен бекітілген сату жоспары, сату жоспарына енгізілген өзгерістер (сауда әдісі, лот құрылымы, бастапқы және төменгі баға бойынша); 
      2) аукциондарды ұйымдастыру және өткізу, лоттардың мазмұны, аукциондар саны, сату жөніндегі жарияланым және олар бойынша нәтижелері;
      3) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат сомасы жөніндегі ақпараттардан тұруы тиіс.
      8. Қорытынды ережелер:
      Осы бөлімде банкрот-ұйымның тиісті құжаттарын мемлекеттік архивке тапсыруға өңдеу және әзірлеуді жүргізу жөніндегі ақпараттан тұруы тиіс.

     Конкурстық басқарушы
     _________________________        ___________    ______________
    (банкрот ұйымның атауы)            (қолы)          (аты-жөні)

     Бас бухгалтер 
     ________________________         ___________    _____________ 
     (банкрот ұйымның атауы)            (қолы)         (аты-жөні)

     м.о.

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік кіріс министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс 
жөніндегі комитет төрағасының  
2002 жылғы 11 шілдедегі    
N 70 бұйрығымен бекітілген,  
Банкроттық рәсiмдерiне және  
борышкердi соттан тыс тарату  
конкурсты басқарушының қорытынды
есебiн келісу туралы ереженің 
2-қосымшасы           

       Ескерту: 2-қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы N 16   бұйрығымен .        

Конкурстық іс (соттан тыс тарату рәсімі)
қорытындысы бойынша кіріс және шығыс
бөлігінің анықтамасы

     1. Конкурстық істің (соттан тыс тарату рәсімі) кіріс бөлігі - К жалпы = _____ мың теңге/, оның ішінде:
     сатылған конкурстық масса - К1 = _____ мың теңге;
     заттай кредиторлық берешекті өтеу есебіне берілген конкурстық масса - К2 = _____ мың теңге;
     өндіріліп алынған дебиторлық берешек - К3 = _____ мың теңге;
     жалға борышкердің мүлкін тапсырудан алынған кіріс - К4 = _____ мың теңге;
     өндірістік қызметтен алынған кіріс ("Банкроттық туралы" ҚР Заңының  13-бабы ) - К5 + Д6 = _____ мың теңге;
     өзге де кірістер - К6 = _____ мың теңге.

                    К жалпы = К1 + К2 + К3 + К4 + К5 

     2. Конкурстық істің (соттан тыс тарату рәсімі) шығыс бөлігі - Ш жалпы = _____ мың теңге/, оның ішінде:
     кезектер бойынша кредиторлық берешекті өтеу - Ш1 = _____ мың теңге;
     конкурстық істің нақты әкімшілік шығыстары - Ш2 = _____ мың теңге.

                           Ш жалпы = Ш1 + Ш2

     3. Конкурстық істің (соттан тыс тарату рәсімі) нәтижелері бойынша: 
     К жалпы = Ш жалпы

     Конкурстық басқарушы
     _________________________        ___________    ______________
    (банкрот ұйымның атауы)            (қолы)         (аты-жөні)

     Бас бухгалтер 
     ________________________         ___________    _____________ 
     (банкрот ұйымның атауы)            (қолы)        (аты-жөні)

       м.о.

                                         Қазақстан Республикасы
                                    Мемлекеттік кіріс министрлігінің
                                    Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс
                                     жөніндегі комитет төрағасының
                                        2002 жылғы 11 шілдедегі
                                      N 70 бұйрығымен бекітілген,
                                      Банкроттық рәсiмдерiне және
                                     борышкердi соттан тыс тарату
                                   конкурсты басқарушының қорытынды
                                    есебiн келісу туралы ереженің
                                             3-қосымшасы

                                 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
                                  кіріс министрлігінің Дәрменсіз
                                  борышкерлермен жұмыс жөніндегі
                                  комитетінің ____________________
                                        облысы бойынша басқармасы

                             Өтініш

    ____________________ сотының (Уәкілетті органның) 2002 жылғы "___" _____________ шешімімен ____________________________________ 
                                  (банкрот-ұйымның атауы)
банкрот (соттан тыс тарату енгізілді) танылды және конкурстық іс жүргізу енгізді (бастады).
     "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 маусымдағы Заңның  87-бабының  2-тармағына сәйкес ______________________________ қорытынды есебі мен тарату балансын
 (банкрот-ұйымның атауы)
қарау және келісу үшін ұсынамын.

     Қосымша: _____ б. 
     1. Қорытынды есеп _____ б. 
     2. Конкурстық іс жүргізудің кіріс және шығыс бөлімдері жөніндегі анықтама (3-қосымша) _____ б.
     3. Кредиторлар комитеті отырысының қорытынды хаттамасы _____ б.
     4. Тарату балансы _____ б.
     5. Басқалар _____ б.

     Конкурсты басқарушы 
     _________________________        ___________    ______________
    (банкрот ұйымның атауы)            (қолы)          (аты-жөні)