"Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 811 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 293 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5246 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан қараңыз

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 811  бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізімінде N 3295 тіркелген).
      Айтылған бұйрықпен бекітілген "Медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек сауда арқылы сататын нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы cанитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасында "бөлімдер" деген сөз алынып тасталсын;

      6-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      айтылған санитарлық-эпидемиологиялық ережесімен нормаларына

      1-қосымшасында:
      атауында "(бөлімдерге)" деген сөз алынып тасталсын;
      "Дәріханадағы медициналық бұйымдарды сататын бөлім, м 2" деген бағана алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малгаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік санитарлық бас дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Министрдің міндетін
      атқарушы                                           Ә. Нүсіпова