Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 811 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3295. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 636 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгізiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесiнде:
      1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі