"Эпидемиология бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 15 қарашадағы N 811 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 293 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5246 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 636 Бұйрығымен

        Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз

        БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 583  бұйрығында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5036 тіркелген, 2008 жылғы 1 ақпандағы N 16 (1416) "Заң газетінде" жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
      үшінші тармақтың үшінші абзацында "қызметкері" деген сөзден кейін "(жоғары оқу орындарынан басқа);" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

       Министр                                          Ж. Түймебаев