Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5135 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі бекітілсін.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, N 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, N 31-36, 870-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 бұйрығымен , мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, N 19, 163-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58 бұйрығымен , мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 10 қаңтардағы  
N 8 бұйрығымен бекітілген 

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған азаматтардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін белгілейді.
      Шетелдік білім беру ұйымдары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындары берген білім туралы құжаттар берілген білімінің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу мақсатында азаматтар тану және нострификациялау рәсіміне келуі қажет.

      2. Білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын оның иесіне білім алу және/немесе кәсіби қызметке рұхсат алу мақсатында ("Еуропалық өңiрдегi кәсiптiк жоғары бiлiм беруге жататын бiлiктiлiктi тану туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы , бұдан әрі - Лиссабон Конвенциясы) уәкілетті органның ресми растауы.
      Білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған азаматтарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм.

      3. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
      Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде азаматтардың шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктерді беру білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды сәйкес құжат берумен қатар тану және нострификациялау бойынша мемлекеттік саясатты орындауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) заңнамамен бекітілген тәртіптегі функциясында жүзеге асырады.

      5. Тану және нострификациялау рәсімін жүргізу кезінде өндірістік - шаруашылық қызметтерді "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.

      6. Уәкілетті орган білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы шешімді тиісті бұйрықпен ресімдейді.

      7. Уәкілетті органның төрағасы тану және нострификациялау туралы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөрімен растайды.

      8. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиiстi куәлiктердi беру құжат иесiнiң немесе мүдделi ұйымның (өтiнiш берушiнiң) өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

      9. Негізгі орта білім туралы құжаттары өтініш беруші білім берудің келесі деңгейінде оқуын жалғастырғанда тану және нострификациялау рәсіміне Ұлттық аккредиттеу орталығына облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттері арқылы қабылданады.

      10. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім туралы құжаттар өтініш беруші білім берудің келесі деңгейінде оқуын жалғастырғанда тану және нострификациялау рәсіміне Ұлттық аккредиттеу орталығына оқу орнына қабылдану қорытындысы бойынша орталықтандырылып жоғары оқу орнының/орта оқу орынның қабылдау комиссиясы немесе өтініш берушінің өз арқылы қабылданады.

      11. Білімінің деңгейіне және даярлау бейініне сәйкес Қазақстан Республикасында білім беру және кәсіби қызметке қол жеткізу үшін білім туралы құжаттар Ұлттық аккредиттеу орталығына орталықтандырылып ұйымның басшысы немесе өтініш берушінің өзі арқылы қабылданады.

      12. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлiк қатаң есепке алу бланкiлерi болып табылады, орталықтандырылған баспаханалық әдiспен дайындалады, есепке алу сериясы және нөмiрi болады.

2. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi

      13. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса ұсынады:
      1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
      2) бiлiм туралы құжатқа келесі ақпараттармен: өтiлген оқу пәндері мен практикасының сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстары, басқа да оқу процесiн құрайтын қосымша;
      3) бiлiм туралы құжаттардың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және/немесе орыс тiліндегі аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы: прецедент бойынша тану болған кезде) аударманы құжат беруші аумақтың Қазақстандағы сол мемлекеттің дипломатиялық қызмет органы орындауы мүмкін;
      4) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен;
      5) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің немесе оқу орнының лицензиясының көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасы).
      Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар апостилденуі немесе жарияланған болуы керек.
      Қажет болған жағдайда өтiнiш берушiден тиісті оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдiк ұйымдардан нақтылаушы құжаттамалар сұратылады. Тиісті ақпаратты ұсыну, ондай ақпараттың ұқыптылығын қамтамасыз ету өтiнiш берушiнің міндетіне жатады (Лиссабон Конвенциясы ).

      14. Өтiнiш осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiштерiн тiркейтiн арнайы журналда тiркеледi.

      15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын барлық қажетті ақпарат ұсынылғаннан кейін рәсімнің жүргізілу жайы туралы өтініш беруші хабардар етіліп, алты айдан аспауы керек.

      16. Лиссабон Конвенциясына қатысушы мемлекеттердің білім туралы құжаттары осы ережеде белгіленген тәртіпте куәлік берумен қатар Қазақстан Республикасында танылады.

      17. Білім беру саласындағы уәкілеттік органдардың арасында бекітілген Халықаралық шарттар және мемлекетаралық келісімдер, сондай-ақ, шарттар (келісімдер) негізінде Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп тұрған аккредиттеуден өткен халықаралық және шетелдік оқу орындарының, шетелдік білім беру ұйымының филиалдарының білім туралы құжаттары белгіленген тәртіпте алдын ала сараптамасыз куәлік берумен қатар Қазақстан Республикасында танылады.

      18. Ұлттық аккредиттеу орталығы бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде осы ереженің 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша куәлiк ресімдейді.

      19. Сараптау комиссиясы уәкілетті органға бiлiм туралы құжаттарды тану туралы ұсыныс енгізеді.

      20. Уәкілетті орган танылмаған білім туралы құжаттың дәлелді бас тарту себептерiн көрсетіп өтініш иесіне жазбаша нысанда береді.

      21. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өзіне немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

3. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi

      22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:
      1) бiлiм туралы құжаттың түпнұсқасы;
      2) бiлiм туралы құжатқа келесі ақпараттармен: өтiлген оқу пәндері мен практикасының сағат көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бiтiргендегi бiлiктiлiк жұмыстары, басқа да оқу процесiн құрайтын қосымша;
      3) бiлiм туралы құжаттардың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған мемлекеттiк және/немесе орыс тiліндегі аудармасы. Аударманы куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органы жүзеге асырады. Жекелеген жағдайларда (мысалы: прецедент бойынша тану болған кезде) аударманы құжат беруші аумақтың Қазақстандағы сол мемлекеттің дипломатиялық қызмет органы орындауы мүмкін;
      4) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі аудармасымен;
      5) оқу орнының мөрімен расталған негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда білім туралы құжатты берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің немесе оқу орнының лицензиясының көшірмесі (қажет болған жағдайда мемлекеттік және/немесе ресми тілде нотариалды расталған аудармасы).
      Білім беру ұйымдары берген осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар апостилденуі немесе жарияланған болуы керек.
      Қажет болған жағдайда өтiнiш берушiден тиісті оқу орындарынан, ресми қазақстандық және/немесе шетелдiк ұйымдардан нақтылаушы құжаттамалар сұратылуы мүмкін (өткізілген курстар жазбасы, алдыңғы білімі туралы мәліметтер және тағы басқа бөлшектер).
      Өтініш беруші кәсіби қызметі мен практикадағы тәжірибесінің білім деңгейін растайтын құжатқа қосымша ұсынуға құқылы.

      23. Өтiнiш осы ереженің 3-қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiштерiн тiркейтiн арнайы журналда тiркеледi.

      24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын барлық қажетті ақпарат ұсынылғаннан кейін рәсімнің жүргізілу жайы туралы өтініш беруші хабардар етіліп, алты айдан аспауы керек.

      25. Білім туралы құжатты нострификациялау рәсіміне қорытындылау ресімінің және қабылданған шешімнің негізінде сараптама жүргізу енгізіледі.

      26. Сараптама екi бөлiмнен тұрады:
      1) бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау;
      2) бiлiм беру туралы құжаттардың түпнұсқалығын анықтау жүргізілгеннен кейін шетелде алған бiлiмнің мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының мемлекеттік талаптардың ең төменгі шегі және оқу орнын бітірушілердің дайындық деңгейлерінің сәйкестігін анықтау рәсімі.

      27. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарына сәйкестігін анықтауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

      28. Қаралған келесі өлшемдердің негізінде сараптау қорытындысы қабылданады:
      1) оқу мерзімі;
      2) зерттелген пәндер тізбесі мен көлемі;
      3) бақылау нысаны (емтихандар мен сынақтар);
      4) практиканың бары және жалғасы;
      5) оқу уақытында білім алушының бағасы (нәтижесі);
      6) қорытынды аттестаттың бары және деңгейі;

      29. Сараптау комиссиясының шешімі бойынша өтілген пәндер тізбесіндегі айырмашылық 35 %-дан асқан кезде Ұлттық аккредиттеу орталығы өтініш берушіні айырмашылықты жою және тестілеуден өту үшін оқу орнына жібереді.

      30. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.

      31. Өтініш беруші сараптау материалдарымен танысуға құқылы.

      32. Ұлттық аккредиттеу орталығы уәкілеттік органға:
      1) білім туралы құжаттың түпнұсқалығын растайтын ақпарат;
      2) шетелден алған білім мазмұны қазақстандық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкестігі туралы оң сараптама қорытынды;
      3) білім туралы құжатты берген елдер мен Қазақстандағы білім құрылымының жалпы талаптарының сәйкестігі;
      4) прецедент негізінде мәселенің оң шешімі туралы ұсыныс енгізеді.

      33. Білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы теріс қорытынды қабылданады, егер:
      1) шет мемлекеттердің жалпы нормативтік оқу ұзақтығы (негізгі орта және жалпы орта білім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына қарағанда соңғы өлшемі бойынша бір жылға кем болса;
      2) бiлiм туралы құжат берiлген елде құжат иелерiне Қазақстандағыдан аз академиялық және/немесе кәсiптiк құқық берiлсе (мысалы, ондай бiлiм туралы құжат иелерiнiң жоғары оқу орындарына, магистратураға түсуге, кәсiби iске араласуына құқылары жоқ);

      34. Осы ереженің 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлiкке бiлiм туралы құжат иесiнiң кәсiптiк және/немесе академиялық құқығы шектелгендiгі туралы жазба енгiзiлуi мүмкiн.

      35. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты нострификациялау жөнiндегi ұсынысты Комитетке ұсынады.

      36. Ұлттық аккредиттеу орталығы білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде белгіленген нысан бойынша осы ереженің 4-9 қосымшаларға сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.

      37. Куәлiк өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты арқылы басқа тұлғаға берiледi.

4. Қорытынды ережелер

      38. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтiнiштердi тiркеу журналы қатаң есептiлiк құжаттары болып табылады және 10 жыл мерзiм бойы сақталып, содан соң белгiленген тәртiппен мемлекеттiк мұрағатқа мерзiмсiз сақтауға тапсырылады.

      39. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiктерi осы ереженің 10-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес бiлiм беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлiктер беретiн арнайы журналға тiркеледi. Аталған журналдың парақтары белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.

      40. Егер тұлға өзiнiң бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтып алған жағдайда, куәлiктi тану және нострификациялау туралы дубликаты (бұдан әрi - дубликат) берiледi.

      41. Өтiнiш берушi Комитетке дубликат беру туралы жазбаша өтiнiш бередi. Өтiнiшке жоғалған тану және нострификациялау куәлiгiн жарамсыз деп тану туралы хабарлама берiлген газеттiң бiр данасы, табылған заттар үстелiнен алынған анықтама қоса берiледi.

      42. Жұмыс органы дубликат беру үшiн негiз болатын, оларды куәландыратын құжаттардың барлығын (тиісті бұйрықпен бекiтiлген бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн беру туралы шешiм, тану және нострификациялау куәлiктерiн тiркеу кiтаптарындағы жазуларды) тексередi.
      Куәлiктiң жоғарғы жағындағы "Куәлiк" деген сөздiң астына тиісінше мемлекеттiк және ресми тiлде "дубликат" деп мөртаңба қойылады.

      43. Дубликат өтiнiш берушiнiң жеке өз қолына немесе оның сенiмхаты бойынша басқа тұлғаға берiледi.

      44. Дубликат беру туралы мәлiметтер осы ереженің 11-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы журналға енгiзiледi.

                                 Білім туралы құжаттарды тану және
                                     нострификациялау ережесіне
                                            1-қосымша
                                                            үлгі

       Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді
                        тіркеу журналы

Рет-
тік
тір-
кеу
N

Өтін-
ішті
тіркеу
күні

Өтініш
беруші-
нің тегі,
аты, әке-
сінің аты

Білім
дең-
гейі

Оқыған
мемле-
кеті

Білім
туралы
құжат-
тың
нысаны

Құжат-
тың
сериясы
мен
нөмірі

Кім
және
қашан
берген

Ескерт-
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

                                  Білім туралы құжаттарды тану және
                                      нострификациялау ережесіне
                                               2-қосымша
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

        БТ        N 000001

Осы білім туралы  _______________________________________________
_________________________________________________________________
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
_________________________________________________________________
                    (тегі, аты, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады.

Негіздеме: ______________________________________________________
_________________________________________________________________

Мөрінің орны               Комитет төрағасы ____________________
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________

20____жылғы "______" ________________

                                  Білім туралы құжаттарды тану және
                                     нострификациялау ережесіне
                                              3-қосымша
                                                           Үлгі

         Білім туралы құжаттарды нострификациялау
            туралы өтініштерді тіркеу журналы

Рет-
тік
тір-
кеу
N

Өтініш-
ті тір-
кеу күні

Өтініш
беруші-
нің те-
гі, аты,
әкесі-
нің аты

Білім дең-
гейі

Оқы-
ған
мем-
ле-
кеті

Білім
туралықұжат-
тың
нысаны

Құжат-
тың
сериясы
мен
нөмірі

Кім
және
қашан
берген

Ескерт-
пелер

1

2

3

4

5

6

7

8

9

                                  Білім туралы құжаттарды тану және
                                      нострификациялау ережесіне
                                              4-қосымша
                                                            Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                              КУӘЛІК
            (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
               нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

    ЖБ-ІІ        N 0000012

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                 (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_________________________________________________берген құжат сәйкеc
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
___________________________________________________мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
оқу орнынан кейінгі білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп
куәландырылады.

      Негіздеме: ___________________________________________________
                 ___________________________________________________

Мөрінің орны             Комитет төрағасы   ________________
                                                 (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "_____"________________

                                 Білім туралы құжаттарды тану және
                                    нострификациялау ережесіне
                                             5-қосымша
                                                            Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
            Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
           (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖБ-І      N 0005330

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
              (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_________________________________________________берген құжат сәйкеc
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
___________________________________________________мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________біліктілігі қоса берілген жоғары
білім туралы қазақстандық дипломға баламалы деп куәландырылады.
Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                 Комитет төрағасы ___________________
                                                    (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "_____" ________________ 

                                 Білім туралы құжаттарды тану және
                                     нострификациялау ережесіне
                                             6-қосымша
                                                           Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
           Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                          КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
             нотариалдың расталған аудармасымен нақты)

      ТКБ     N 0001507
      Осы білім туралы ____________________________________________
___________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
___________________________________________________________________
                     (тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
________________________________________________берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен________________________________________________
__________________________________________________мамандығы бойынша
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________біліктілігі қоса берілген
техникалық-кәсіптік білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: ________________________________________________________
___________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                     (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ________________ 

                                 Білім туралы құжаттарды тану және
                                     нострификациялау ережесіне
                                             7-қосымша
                                                         Үлгі

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
             Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
             нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ОБКБ      N 0001507

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                      (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
       (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
________________________________________________ берген құжат сәйкес
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
__________________________________________________ мамандығы бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________біліктілігі қоса берілген орта
білімнен кейінгі білім туралы қазақстандық құжатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________

                                 Білім туралы құжаттарды тану және
                                    нострификациялау ережесіне
                                             8-қосымша
                                                          Үлгі

        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                            КУӘЛІК
         (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
            нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      ЖОБ    N 0000012  

      Осы білім туралы _____________________________________________
____________________________________________________________________
             (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
_______________________________________________________берген құжат
жалпы орта білім туралы қазақстандық аттестатқа баламалы деп
куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________

                                  Білім туралы құжаттарды тану және
                                     нострификациялау ережесіне
                                             9-қосымша
                                                           Үлгі

       Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
          Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

                           КУӘЛІК
          (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
              нотариалдық расталған аудармасымен нақты)

      НОБ     N 000002

      Осы білім туралы  ____________________________________________
____________________________________________________________________
                (құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
____________________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     (білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)

берген құжат негізгі орта білім туралы қазақстандық куәлікке
баламалы деп куәландырылады.

Негіздеме: _________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мөрінің орны                    Комитет төрағасы ________________
                                                      (қолы)

Тіркеу нөмірі N_________
20____жылғы "____" ______________ 

                                  Білім туралы құжаттарды тану және
                                      нострификациялау ережесіне
                                             10-қосымша
                                                           Үлгі

    Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау
            жөніндегі куәліктерді беру журналы

N
N№№

Куә-
лік-
тер-
ді
бер-
ген
күні

Куә-
ліктің
серия-
сы мен
нөмірі

Өтініш беру-
шінің тегі,
аты,
әкесі-
нің
аты

Тану
немесе
ностри-
фикация

Қоса
беріл-
ген
маман-
дық

Қоса
беріл-
ген
білік-
тілігі

Құқық-
тық
теңді-
гімен

Өтініш
беруші-
нің
қолы

Беріл-
гені
туралы
белгі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

                                      Білім туралы құжаттарды тану
                                    және нострификациялау ережесіне
                                              11-қосымша
                                                          Үлгі

   Білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау
      жөніндегі куәліктердің дубликатын беру журналы

N
N

Өтініш беру-
шінің
тегі, аты,
әкесінің аты

Дубли-
каттың
сериясы
мен
нөмірі

Дубли-
катты
берген
күні

Куәліктің
сериясы,
нөмірі
және бер-
ген күні

куәліктің
жоғалғаны
жөнінде
растайтын
құжаттар

өтініш
беруші-
нің қолы
(дубликат-
ты бергені
туралы
белгі)

1

2

3

4

5

6

7