Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 20 қарашадағы
21-бабы
2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.19.
N 116
(қолданысқа енгізілу тәртібін
3-т.
қараңыз) Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысаны бекітілсін.
2. Аудиторлық ұйымдар есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға осы бұйрықпен бекітілген нысан бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы»1 ақпандағы
N 54 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі
200__жылдағы ақпарат
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру туралы деректер |
|||||
р/р
|
Сақтандыру ұйымы-
|
Сақтандыру
|
Сақтан-
|
Сақтан-
|
Сақтандыру сыйлығының
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _______________ ____________________________________
қолы (аты-жөні)
М.О.